Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 19:50, реферат
Мұхтар Шаханов - аса көрнекті қазақ ақыны, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы. Қазақтың тілі мен ділі, ұлттық қалып-қасиеті жайлы, адамгершілік ізгіліктер жайлы танбай жазып келе жатқан ақын үлкеннің де, кішінің де сүйіктісіне айналғаны белгілі.
Мұхтар Шахановтың әлеуметтік саясаты.
Мұхтар Шаханов - аса көрнекті қазақ ақыны, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы. Қазақтың тілі мен ділі, ұлттық қалып-қасиеті жайлы, адамгершілік ізгіліктер жайлы танбай жазып келе жатқан ақын үлкеннің де, кішінің де сүйіктісіне айналғаны белгілі.
Мұхтар Шахановтың халыққа деп өткізілген қоғамдық жұмыстың маңызы өте зор. Айта кетсек, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі аясында қазақ халқына «ұлтшыл» деп кінә таққан КОКП Орталық комитеті Саяси Бюросының қаулысына қарсы және сол Желтоқсан кезіндегі шындықты қалыптастыру жөнінде тұңғыш рет Қазақстан Жазушылар Одағының Пленумында (1988), КСРО халық депутаттарының І-ші съезінде (Кремль, 1989) батыл мінез көрсетті. Қазақ халқының тағдырында 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі мүлде өзгеше сипат алғаны белгілі. Кезінде бұл жөнінде айтуға, жазуға тыйым салынды. Тіпті күні бүгінге дейін біздің билік Желтоқсан шындығын көтеруді «Ресейдің, яғни орыс ағайындардың көңіліне тию» деп ұғынатын сияқты. Бұл ащы қасіретті Мұхтар ағамыз алғаш рет 1988 жылы 2-қыркүйекте, Қазақстан Жазушылар Одағының Пленумында, сосын 1989 жылы 6-маусымда, Кремльдің Съездер Сарайында, басыңа төнген қауіпке қарамай, бүкіл әлемнің назарына аудартты. Шаханов осы сұрақты көтермегенде, Желтоқсан шындығы «жабулы қазан жабулы күйінде» қалуы әбден мүмкін еді. Еліміздің өнегелі қариясы, Халық қаһарманы, марқұм Қасым Қайсенов Мұхтар Шаханов туралы бір пікірінде: «Елдік мазмұндағы ерен істері үшін бұл дара азаматқа дұрыстап алғыс та айтпаппыз-ау», - деп налып еді. Бірақ Шаханов: «Мұның бәрі күнделікті азаматтық борышым», - деп өз еңбегің бағалануына өзі қарсы тұрды. Билік тарапынан берілмекші болған марапаттардан бас тартты. Мұхтар Шахановтың көмегімен құрылған комиссияның арқасында Желтоқсан оқиғасының қатысушылары ақталды.
1926 жылы Кеңес Үкіметі Наурызды мейрамың ислам дінінің қалдығы деген желеумен тойлауға тыйым салғаны мәлім. Содан бастап осы бір ұлық мереке елімізде аттай 62 жыл аталып өтпеді. Әйтсе де ықылым заманнан бері келе жатқан ұлттық мереке мемлекеттік, халықтық деңгейде тойланбаса да, кей жерлерде, әр отбасында жасырын аталып өтіп жүрді. Ал 1988 жылы Мұхтар Шаханов Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Г.Колбинге Наурыз мерекесін өткізу туралы хат жазды. Бірақ Колбин хатты Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті бюро мүшелерінің талқысына салды. Бюро мүшелерінің ішінде Шахановты екі-ақ адам қолдады. Оның бірі – сол кездегі Министрлер Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, екіншісі – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің идеологиялық хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков. Қалған бюро мүшелерінің бәрі қарсы шығады. Сонда Колбин «бюро мүшелері қарсы, сондықтан Наурыз мерекесін тойлай алмаймыз» деп кесіп айтады. Осы кезде Мұхтар Шаханов Колбинге : «Желтоқсан оқиғасы екі ұлттың: орыс пен қазақтың арасына сына қақты. Өзіңізге де жұрттың көзқарасы оң емес. Егер сіз халықтың көзқарасын өзгертем десеңіз, Наурыз мерекесін тірілтесіз. Сонда жұрт сізге басқаша қарайды» дейді. Осы оқиғадан кейін Колбин сол кездегі КСРО басшысы Михаил Горбачевті көндіретін болып келіседі. Бірақ ол биыл кеш болып қалғанын айтып, Наурызды тойлауды келесі жылға қалдыруды ұсынады. Әйтсе де Шаханов бірінші хатшыны онда да көндіріп, ақыры мереке дәл сол жылы өткізіледі.Сол кезден бері осы мереке жыл сайын елімізде тойланып келеді. Міне, ағамыздың қосқан үлесінің бірі. Жалпы, Наурыз мейрамының халыққа қалай қайтып оралғанын ел әркез есінде ұстағаны жөн. Өйткені ол – ұлт тарихындағы жеңісті сәттердің жарқын белесі.
1989 жылдың 22 қарашасында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінде қазақ нигилистері мен космополиттерінің қарсылығына қарамай қазақ тілінің мемлекеттік дәреже алуы үшін ат салысады. Осы күні өткен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінде депутаттар орыс және қазақ тілдеріне бірдей мемлекеттік дәреже берген заңды қабылдап, тіпті оған дүркірете қол соғып қойғанда, Мұхтар Шаханов шығып сөйлеп, депутаттарды қазақ тілін жеке мемлекеттік тіл жасауға үндеді және қабылданған заңның үлкен зардабы болатынын ескертті. М.Шахановтың ұсынысы Президенттің қолдауымен дауысқа қайта салынып қазақ тілі жекедара мемлекеттік мәртебе иеленді.
Жалпы, Мұхтар ағамыздың мемлекеттік тілге әрқашанда жаны ашты. 2006 жылы сол кездегі республикамыздың премьер министрі Даниал Ахметовке ашық хат жазады. Сол хаттың ішінде елімізге мемлекеттік тіл туралы заң қажет екенін айтады. Және де тілі жойылған ұлттың өзі де жойылатынын, ұлттық рухы мүлдем келмеске кететінін ескертіп кетеді.Ұзақ жылдар бойына жүргізіліп келген ұлтсыздық саясаттың арқасында, қазіргі таңда, қазақ халқының шамамен 60 пайызы, жоғарғы билік басындағы қазақтардың шамамен 80-90 пайызы өз жанұясында, көшеде орыс тілінде әңгімелесетіні тұралы айтады. Қазақ тілі соңғы 300 жылдан бері, патшалық Ресей дәуірі кезінде, Кеңестік тоталитарлық жүйе тұсында адам айтқысыз зорлық пен зомбылықты басынан өткізгенін де айтып кетеді. Осы тіл мәселесіне мұрындық болуды Елбасыдан және премьер-министрден өтінеді.
Соңымен қатар, М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды. Комитеттің арқасында Арал теңізінің мәселесі қаралып, керекті шаралар қабылданды.
1992 жылы М.Шаханов Олжас
М.Шахановтың «Өркениеттің адасуы», «Жазагер
жады космоформуласы» (Шыңғыс ханның пенделік
құпиясы) атты романдары ЮНЕСКО шеңберінде
қаралып, әлемдік деңгейде қызу пікірталас
тудырды. Оның шығармалары дүниежүзінің
50-ден астам тілдеріне
Ақын өз елінің мемлекеттік дәрежедегі сыйлықтарынан, «Халық қаһарманы» атағынан, орден, медалдарынан жүйелі түрде бас тартты. Ол оны былай түсіндіреді: «Отан біздің ең үлкен анамыз. Әркім өз анасына еткен қызметі үшін жылу дәметпеуі керек. Отан да өзінің дараланған перзенттерін марапаттап отыруы шарт. Бірақ ол өте әділетті түрде шешім табуы тиіс. Қазір елімізде кез-келген заңдастырылған немесе заңдастырылмаған ұрылардың ең кемі екі орден, үш медалі бар. Солардың қатарында болғым келмейді. Ал шет мемлекеттер ұсынған сыйлықтарды алатын себебім, ел перзентіне көрсетілген, есепке құрылмаған риясыз құрмет сәл де болса республикамыздың рухани мәртебесін өсіреді».
Осының барлығын ескере отырып, Мұхтар Шахановтың саясаты туралы, жалпы, тұлға ретінде қандай екенін қалай айтуға болады? Мұхтар Шаханов - ұлт жанашыры, ел мұраты мен мүддесі жолында талмай күресіп келе жатқан ақын, қоғам қайраткері.