Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 21:46, реферат
Мемлекеттің қоғамдағы орны мен ролі қай кезеңде болмасын, ойшылдарды ойландырғаны белгілі. Қоғам мемлекет арасындағы байланысты жақсартуға бағытталған ұмтылыстар ежелгі заманнан бері белгілі. Саяси-құқықтық ой тарихында мемлекеттің қоғам үшін қандай роль атқару керектігі мәселесінде әр түрлі пікір-таластың да орын алғаны белгілі. Тарихи тәжірбие көрсетіп отырғандай, сан ғасыр өтсе де, мемлекет қоғам мүшелерінің әл-ауқатын көтеру үшін қоғамда қорғалуды қажет ететін топқа қызмет етуге міндетті екендігін өмір көрсетіп отыр. Сонымен қатар ежелгі грек ойшылдарынан бастап, қазіргі кезеңге дейінгі аралықта қоғамдық белесте мемлекеттің пайда болуы туралы сан түрлі пікірлер айтылды.
Кіріспе
І.Мемлекеттің пайда болу алғы шарттары
1.Мемлекеттің белгілері және оның түсінігі
2. Мемлекеттің пайда болу себептері
3.Мемлекеттің пайда болу ерекшеліктері
ІІ. Мемлекет- саяси жүйенің негізгі буыны
1.. Қоғамдағы мемлекеттің орны мен мәні
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
І.Мемлекеттің пайда болу алғы шарттары
1.Мемлекеттің белгілері және оның түсінігі
2. Мемлекеттің пайда болу себептері
3.Мемлекеттің пайда болу ерекшеліктері
ІІ. Мемлекет- саяси жүйенің негізгі буыны
1.. Қоғамдағы мемлекеттің орны мен мәні
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Мемлекеттің қоғамдағы орны мен
ролі қай кезеңде болмасын, ойшылдарды
ойландырғаны белгілі. Қоғам мемлекет
арасындағы байланысты жақсартуға бағытталған
ұмтылыстар ежелгі заманнан бері белгілі.
Саяси-құқықтық ой тарихында мемлекеттің
қоғам үшін қандай роль атқару керектігі
мәселесінде әр түрлі пікір-таластың
да орын алғаны белгілі. Тарихи тәжірбие
көрсетіп отырғандай, сан ғасыр өтсе
де, мемлекет қоғам мүшелерінің әл-ауқатын
көтеру үшін қоғамда қорғалуды қажет
ететін топқа қызмет етуге міндетті
екендігін өмір көрсетіп отыр. Сонымен
қатар ежелгі грек ойшылдарынан бастап,
қазіргі кезеңге дейінгі
Саяси-құқықтық ой тарихында мемлекеттің қоғамдағы атқаратын ролін, алым-салықты қалай жұмсау мәселесімен көп ойшылдар байланыстырды.
Мемлекеттің пайда болу турасында туындаған ой-пікірлер Ресейдің саяси-құқықтық ой тарихында да белгілі дәрежеде көрініс тапты, оның ішінде Ресейдің зиялы қауымы, бұл мәселені қоғамдық қажеттілікпен де байланыстырады. Саяси-құқықтық ой әлемдік мемлекеттік құқықтық тәжірбиенің дамуының нәтижесін, теориялық негізін көрсетеді, мемлекеттің пайда болуы сол әлемдік өмір тәжірбиесі дәлелдеген қоғамдық келісім мен қажеттіліктің бірі болып табылады. Сонымен қатар мемлекеттің мәніне терең бойлайтын болсақ, мемлекеттің негізгі мақсаты да қоғамдағы әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуге жұмылдырылған қызмет ету тұғырнамасын алға тартады.
Мемлекеттің шығу тегін тап күресінің
аясында ғана қарастыру Маркс
ілімінің ең осал тұсы. Ал түбегейлеп зерттесек,
бұл көзқарас та батыстық, яғни отырықшылық
өркениет туғызған әдістемелік өpic.
Көшпенділер тұрмысында өзара кереғар
әлеуметтік таптардың күресін сипаттау
өзіндік жат құбылыс, бұл қоғамның
өзегі генеологиялық-рулық
Мемлекет дегеніміз — eкi түрлі тап, екі түрлі мәдениет деп тану адамзат баласы туғызған тоқсан тарау тіршіліктің мағынасына қатысты өріс алады.. Батыс Еуропа елдерінің жаңа дәуірдегі тарихының кейбір қырлары қоғамдық тіршіліктің қай саласын қарастырса да мемлекеттің пайда болу тұрғысында еуропалық ілімдер материализмге негізделеді. Бұл Батыс елдерінің даму ерекшеліктері туғызған зандылық. Ф. Энгельс мемлекеттің шығу тарихы мен себептерін қарастыра келе үш кезеңге арнайы тоқталады: Афин, Рим және ежелгі Германдық мемлекеттердің дүниеге келуі. Бұл аталған үш кезеңге де тікелей себеп болған қоғамның iшкі дамуындағы әлeyмeттiк қарама-қайшылықтар. Батыс қоғамы әуел бастан материалдық құндылықтарға тым бағыныштылығымен ерекшеленеді. Tіпті көне демократиялық мемлекеттің ең әдемі үлгісі саналатын Афинның өзі де алғашқы рулық қауымның ыдырауы барысында, оның бүкіл iшкі қарама – қайшылығының асқынуы арқасында дүниеге келді. Ру ішіндегі аристократиялық әулеттердің әлсіз топтарды барынша қанауы, одан кейін құлдануы Ежелгі Грек мемлекеттepiнің құл иеленушілік бағытын анықтап берді. Еңбек бөлінісіндегі осы дәстүр, үстеме пайданы бөлу және оның бip қолға шоғырлануы — Батыс мемлекетінің түпкілікті себептері. Одан бepi бірнеше мың жыл өтсе де iшкі, сыртқы қанау Еуропа мемлекеттік билігінің нақты көpiнici болып келеді.
Мемлекеттің пайда болуы тек материалистік түсінікке яғни марксизммен ғана шектеліп қалмайды. Тіпті көне заманның өзінде Платон сияқты ғұламалардың ілімдерінде де мемлекеттен құл иеленушілік құрылымның тоталитарлық сипаты анық аңғарылады. Платоннан бастап орта ғасырлық Томазо Кампанеллаға дейінгі аралықта Еуропа ойшылдарының қиялынан туған мемлекеттерде үстеме байлыққа, материалдық құндылықтарға иелік жасайтын аристократиялық топтар басшылық жасайды. Т. Кампанелланың «Күн қаласының» Сталин тұсындағы тоталитарлық кеңестік империядан айырмашылығы шамалы. Халықтың бәрі де бip белгілі тәртіппен іс-әрекет етіп, олардың тууы, уйленуі, балалы болуы, дүниеге аттануы — бәpi-бip топ аристократтардың қолында.
Гоббс, Руссо сияқты ағартушылардың шығармаларында материалистік ілімге бағынбайтын көзқарастар бар. Бірақ олардың түпкі ceбeбi ғалымдардың өз шығармаларына Батысты емес, Шығысты, немесе табиғи адамды басты кейіпкер етуі тікелей байланысты.
Егер де адамдар арасында тең дәрежелі және еркін қарым-қатынас қамтамасыз етілсе, меншік түрлеріне және көзқарастарға тиым салынып, қудалауға ұшырамаса, қоғам мемлекеттік басқару жүйесін толық бақылап, жауапқа шақырып отырса, ол қоғам мемлекеттің идеалды үлгісі деп танылады. Қазіргі уақытта саясаттану мұндай қоғамды – азаматтық қоғам деп те атайды. Азаматтық қоғам туралы Батыс елдерінде Т. Гоббс шығармаларынан бастау алады. Адамзат көшін басқарып келе жатқан елдердің арасында осы идеалды талғамға айналдырып келеді.
«Қоғамдық келісім» — мемлекеттің негізгі арқауы. Бұл теория бip жағынан мемлекет қайдан пайда болды деген сұраққа, екінші жағынан мемлекет болашақта қандай болуы керек деген мәселеге жауап береді. Гоббс, Руссо ілімдеріндегі «жеке тұлға», «жеке адам», «табиғи адам» еуропалық елдердің қажеттілігі туғызған түсініктер. Феодалдық қоғамнан капитализмге, рационализмге ұмтылған Еуропаға «тұлға» қажет болды. Осылай бо-ла тұра «тұлға» туралы түсініктердің мемлекеттің пайда болуын зерделеуге де өз көмегі тиеді. Мемлекет белгілі дәрежеде азаматтардың өзара келісімінің нәтижесі. Егер қоғамдық топтар мен олардың өкілдерінің арасында келісім (шартты, не шартсыз) болмаса кез келген мемлекет құлап қалары анық еді. Бұл әcіpece мемлекеттің ерте кезеңіне қатысты болса керек.
Бірақ Руссо алғашқы қоғамдық келісімнен тез арада деспо-тизм өciп шығатынын жасырмайды. Билік иелерінің мемлекетке өз меншігіндей қарауы, ал мемлекеттің халқын қара тобыр есебінде қабылдауы қоғамның ішінде бітіспес кереғарлық барын көрсетсе керек. Қандай да бip қоғам мүддесі материалдық байлықпен байланысты болса, ол жерде теңсіздік epiп жүреді. Бұл қарама-қайшылықтан тек азаматтық құндылықтарға негізделген көшпелілер ғана аман қалады. Көшпелі қазақ қоғамының ішкі дамуына қатысты үйлесім мен адамгершілікті қашан да алға шығады.
Бұнда мемлекеттің пайда болу алғы шарттары жан-жақты қарастырылады. Оның ішінде мемлекеттің белгілері және оның түсінігі тереңнен сарапталып, ондағы мемлекеттің пайда болу себептері мен ерекшеліктері айқындалады. Зерттеушілердің пікірінше мемлекеттің пайда болуына не-гізгі себеп — екі өмір салтының арасындағы айырмашылык,. Осы мәселеге аса көңіл бөлген Л. Фробениуас көшпелі — малшылардың өмip салтына жоғары баға береді: «дала мен шөлдің адамы тіпті басқаша. Оның мәдениеті бойында, дүниетанымы әлеуметтік күштердің тепе-тендігіне, дамылсыз ой-қимылына, білімге негізделген. Олардың арасында жүріп мен өмірімде бірiншi рет орман адамына тән топастықты кездестіргенім жоқ. Аз — көп уақыт өткен соң мен олармен тіл табысатынмын, тілін тапқан уақытта көзі жадырап, не туа біткен, не мұраға қалған, не өзінің бақылауынан туған көсем ойларды түйдек-түйдек шығарады …» Бұл ғылыми жарқын ойлардың соңғы қозғаушысы атақты шығыстанушы В. В. Бартольд болды.
Әр ғылым саласының пәні өзіне ғана тән құбылыстарды зерттеп, мемлекеттің өмірге келуі туралы теориялар негізін ашуды қажет етеді. Бұл дипломдық жұмыста мемлекеттің пайда болуы және оның объективтік заңдары мен мемлекеттің өмірге келуі туралы негізгі теориялар қарастырылады. Қоғамдағы мемлекеттің орны мен мәні және мемлекеттің қоғамдық саясатты орындаудағы ерекшеліктері талданады. Мемлекетке саяси сипат тән, соған қарай ол қоғамның саяси жүйесінің құрамына кіреді. Алайда мемлекет — оның мемлекеттік емес буындарына ұқсас саяси жүйесінің, әдеттегіден тыс бөлігі. Ол — оның белгілі бір мөлшерде ондағы шоғырландырушы және үйлестіруші рольді орындайтын өзегі.
Оның ішінде қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны да ерекше. Қоғам дамуындағы мемлекетті кейіптеу мәселелері де бүгінгі таңда теория жүзінде байыптап зерттеуді қажет етеді. Мұнда қоғам дамуындағы мемлекетті формациялық және мәдениеттілік тұрғысынан кейіптеу негізгі орынға шығады және бүгінгі күннің талабына орайлы айшықты мәселе.
МЕМЛЕКЕТ –
САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ БУЫНЫ
Мемлекеттің негізгі белгілері.
Мемлекет белгілі бір тер¬ритория шеңберіне
халықты ырықсыз көндіру монополиясына
ие, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы
саясатты жүргізіп отыру құқығына ие,
барлық жұртқа міндетті заңдар мен ережелер
шығарудың ерекше құқығына, салық салып
отыру құқығына ие болатын құрылым.
Мемлекеттің белгілері мынандай:
– мемлекеттік өкіметті іске асырушы
органдар мен меке¬мелердің ерекше жүйесінің
болуы;
– мемлекетте белгіленген белгілі бір
нормалар жүйесін нығайтатын құқықтың
болуы;
– сол мемлекет заңдарының күші жүретін
тұтас территория¬ның болуы.
Мемлекеттің өмір сүруі өндірістік қатынастардың
сипатына және тұтастай өндіріс тәсіліне
байланысты. Мемлекет – базистің қондырмасы.
Осы сияқты диалектикалық байланы¬сын,
өзара тәуелсіздігін айқындамайынша,
мемлекеттің шыққан тегін (генезисін),
оның бір тарихи тұрғыдан екінші бір тарихи
тұрғыға өту заңдылығын түсіну мүмкін
емес. Тарихтың барысында мемлекет бірте-бірте
базистен біршама дербестік алды. Оның
қоғам өмірінің негізгі салаларына ықпалы
өте қомақты және ол қоғамдық қатынастардың
дамуына әсер ете алады немесе бөгет болуы
да мүмкін. Қоғамның ұйымдас¬тырылуы күрделенген
сайын мемлекеттің оған ықпал жасау рөлі
арта түседі.
Міне мемлекеттің пайда болуы соған байланысты,
атының, терминінің шығуы, оның мәні мен
белгілері туралы қысқаша түсінік осындай.
Енді мемлекет туралы ілімнің қалыптасуына
біраз зейін аударайық.
Мемлекеттің түрлері және атқаратын қызметі.
Алғашқы рет мемлекет түрлерін жіктеуді
Аристотель жасады. Ол Геродот пен Платонның
ілімдерін басшылыққа ала отырып, мемле¬кетті
монархияға (бір адамның үстемдігі), аристократияға
(элитаның үстемдігі), политияға (тіке
демократия мағы¬насында халықтық үстемдік)
бөлді. Оның ойынша, мемлекеттің бұл үш
түрі де халыққа мансапқорлықсыз, пайдакүнемдіксіз
қызмет ететін болса, олар заңды болып
табылады.
Қайта өрлеу заманынан бастап мемлекетті
үш түрге бөлу қалып, ол енді монархия
және республика деп екі түрге бөлінетін
болды. Ал бұл күнде демократияны оған
қарама-қарсы автократиядан айырып алуға
тура келеді. Бұл жерде демократияның
конституциялық мемлекет түрінде кездесетінін
ескерсек, парламенттік үкімет пен президенттік
басқару жүйесін ажырату да қажет. Қазіргі
дүниеде тағы бір ескеретін жай конституциялық
мемлекеттер түріне жатпайтын, бір мемлекеттік
жүйеге біріктіруге болмайтын толып жатқан
плюралистік тұрғыдағы мемлекеттер бар.
Мәселен, бұрынғы КСРО-ның пролетариат
диктатурасы мемлекеті дегеніміз шын
мәнінде коммунистік партия басшылығының
олигархиясы болды. Ал үшінші әлемнің
көптеген мемлекеттері өздеріне не батыстық,
не шығыстық мемлекеттік үлгіні алса да
оларда бұрынғы ескі басқарушылық түрі
араласып отырды.
Мемлекеттердің түрлеріне келсек, қазір
абсолюттік және конституциялық монархия,
әскери диктатура, автократия, хунталар,
әлеуметтік тап, тайпа басшылығы, отбасылық
қауым дегендерді білеміз. Діннен ажыратылған
(советтік) мемлекет¬тер типіне қарсы
діни мемлекеттер типі бар. Міне осының
бәрі әлі күнге дейін қазіргі мемлекеттерді
дұрыстап жүйеге бөлудің жоқ екендігін
көрсетеді. Конституциялық мемлекеттің
бірнеше антитиптері бар. Оның бірі бір
адамның, не бірнеше адамның үстемдік
етуі түрінде көрінеді. Автократиялық
мемлекеттің өзіндік бір типі – ол авторитарлық
пен тоталитарлық түрлер қосылған тоталитарлық
мемлекет. Мұның үлгілерін Ленин, Сталин,
Гитлер нақты жасап берді. Ол адамды өзінің
идеоло¬гиясын сөзсіз орындауға пайдаланумен,
қоғамдық және жеке адам өмірін саясаттандырумен
сипатталады. Сонымен мемле¬кеттік құрылыстың
сан алуандығына байланысты да олардың
түрлері де әр түрлі болып келеді.
Мемлекеттің типі оның мәнінен, міндеттерінен
туындайды. Яғни мемлекет белгілі бір
таптың, не қоғамдық күштің үстемдік ету
құралы (механизмінің) әлеуметтік бағыты
болып та табылады. Мемлекеттің түрі үстем
өндірістік қаты¬настардың түрімен айқындалады.
Сонымен қатар мемлекеттің өтпелі түрі
де болады. Осындай күйді қазір Қазақстан
басынан кешуде. Қазақстанда құқықтық
мемлекет құру міндетін шешу – мемле¬кетіміздің
ұлттық-демократиялық типін жасауға бағыт
алуда. 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған
еліміздің Ата заңы – Конституцияда: «Қазақстан
Республикасы – демократиялық, зиялы
және біртұтас мемлекет», – деп жария
етіліп, тәуелсіз мемлекет заңды түрде
жарияланды.
Мемлекеттер басқарушылық формасы мен
саяси өкіметтің негізгі институттарының
құрылысына қарай да әр түрлі бола¬ды.
Ал басқарушылық формасы дегеніміз өзінің
заңдан¬дырылған тәртібімен сипатталатын
өкіметті ұйымдастыру болып саналады.
Басқарушылықтың монархиялық формасы
– мемлекеттік өкімет билігін жүргізетін
бір адам – монарх. Ал мемлекеттің республикалық
формасында – заң бойынша өкімет билігін
халықтың көпшілігі жүзеге асырады. Өйткені
онда өкімет билігінің көзі халықтан шығады.
Басқарушылықтың басқа да түрлері бар.
Олар: демократиялық, әміршілдік, т.б.
Мемлекет құрылысы бойынша, унитарлық
біртұтас мемле¬кет және федеративтік
заң бойынша біршама ерікті мемлекет¬тер
одағы – республикалар, штаттар, контондар,
т.б. конфе¬деративтік мемлекеттік-құқықтық
бірлестіктер болып бөлінеді. Әр түрлі
мемлекеттердің маңызы оның ішкі саяси
құрылысына қарай бағаланады. Саяси құрылысы
дегеніміз – бұл мемлекет¬тік өкімет
билігін жүргізу әдістерінің біртұтас
жүйесі, жеке адамдардың демократиялық
құқығы мен бостандығын іске асыру дәрежесі,
өкіметтің өз қызметінің құқықтық негіздеріне
қатысты, ресми конституциялық және құқықтық
нормалардың нақты саяси өмірге сәйкестігі.
Осы кездегі адамзат қоғамында демократиялық,
авторитарлық, диктаторлық, фашистік,
т.б. саяси құрылыстар бар. Саяси даму құрылысынан
қарағанда агрессивтік, бейбітшіл, бейтарап,
консервативтік, либералдық және т.б. мемлекеттерді
ажыратуға болады.
Мемлекеттердің негізгі функциялары ішкі
және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі функциялары
мыналар: өмір сүріп отырған өндіріс тәсілін,
экономикалық және әлеуметтік жүйені
қорғау, экономиканы басқару, шаруашылық
қызметін көрсету, тәртіп пен қоғамдық
тыныштықты сақтау, әлеуметтік қатынас¬тарды
реттеу, мәдени тәртіп және идеологиялық
қызмет. Ал сыртқы функцияларына: халықаралық
қатынас жасағанда өзінің (осы мемлекеттің)
мүддесін қорғау, елдің қорғанысын қамтамасыз
ету, басқа мемлекеттермен дұрыс қарым-қатынас¬тарды
дамыту, жаңа саяси ойлау шеңберінде, бейбіт
қатар өмір сүру принциптері негізінде
өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту
жатады.
Құқықты мемлекет. ХХ ғасырдың соңғы ширегінде
дүние¬нің көптеген елдерінде жаңа, ерекше
белгілері бар құқықты мемлекеттер қалыптаса
бастады. Мемлекет атауында «құқық» деген
сөздің бірінші болып тұруының үлкен мәні
бар. Ол қоғамның саяси-әлеуметтік өмірінде,
оның барлық аясында құқық жоғары орында
тұру керек деген сөз. Ол әрбір елдің Конституциясында
– негізгі заңында бекітіліп, ал басқа
заң¬дары мен жарлықтарында нұсқа болуы
тиіс. Мәселен, Қазақстанның Конституциясында
Республика өзін демократия¬лық, құқықты
мемлекет деп жариялады. Конституцияның
жиырма бабында адамдардың табиғи құқықтары
мен бостандықтарын қорғау жан-жақты қамтылған.
Адамдардың құқығының өрескел бұзылуы
бұрынғы КСРО мемлекетінде кең өріс алды.
КГБ, оның жергілікті органдары адамдардың
ізін бағып, олардың телефонмен сөйлесулеріне
дейін құпия тың¬дап, адамдардың жеке
өмірлерін де бақылап отырды. Мұны сезген
жұрт қорқынышта өмір сүрді.
Құқықты мемлекет адамдардың бостандығы
мен теңдігін кісінің туа біткен қасиеті
деп жариялайды.
Жалпы мемлекет – мемлекеттік құрылыстың
мыңжылдық жемісі. Біз оның алғашқы идеялары
мен жобаларын көне Грекияның, Қытайдың,
ортағасырлық ұлы ойшылдардың мұраларынан
кездестіреміз. Платон, Аристотель, Цицерон,
Мао-цзы тұжырымдарына зер салсақ, заңның
беделі болмаған жерде мемлекет те жойылады.
Заң үстемдігі – қоғамдағы әділеттік
пен тұрақтылықтың тірегі. Ал И. Кант: «Мемлекет
дегеніміз – заңдарға бағынған жеке адамдардың
бірлестігі, жиынтығы», – дейді.
Құқықты мемлекеттің нышандарын қазақ
хандықтарының елді басқару тәсілдерінен
де байқаймыз. Айталық, «Кодекс куманикус»,
«Тас жазу», «Жеті Жарғы», «Қасым мен Есім
хандардың жарлықтары», «Абылайдың ақ
жолы», т.б.
ХХ ғасырдың соңғы жылдарында әлемнің
көптеген ел¬дерінде ерекше белгілері
бар құқықтық мемлекеттер қалып¬тасты.
Оның негізінде АҚШ-тың Конституциясы,
Ұлы Француз революциясының жеке адам
мен азаматтар құқықтары декла¬рациясы,
БҰҰ-ның 1948 жылғы 12 желтоқсанда қабылдаған
жеке адам құқықтары декларациясы, адамзат
қоғамында ежелден қалыптасып келе жатқан
адамзаттық, тарихи, саяси-әлеуметтік
дәстүрлер мен салт-саналар алынды.
Құқықты мемлекеттің негізгі белгілері
мыналар: құқықтың үстемдігі, біртұтастығы
мен бөлінбейтіндігі, құқықтың мүлтіксіз
орындалуын қадағалайтын сот, прокуратура,
конституциялық бақылау органдарының
біртұтас жүйесінің болуы, биліктің үш
тармағының дербестігі (заңдық, атқарушы,
сот билігі), мемле¬кет пен жеке адамның
өзара жауапкершілігі, атқару билігі мен
жарлық шығару, оның орындалуын ұйымдастыру
мен бақы¬лауда президенттік басшылықтың
күшеюі, Президент – мемле¬кеттің басшысы,
әрі сол елдің Ата Заңының бұлжымай жүзеге
асуымен орындалуының кепілі.
Осы тұста ХХ ғасырдың ең әйгілі мемлекет
қайраткері, тамаша ғалым, зерттеуші, публицист,
әдебиетші, ұлт-азаттық қозғалысының басшысы
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов¬тың
рөлі туралы айтпасқа болмайды.
Мемлекет қалпы, жергілікті бостандық
негізі, құқық, дін ісі, билік пен сот, ел
қорғау, салық, жұмысшылар, ғылым-білім
үйрету, жер мәселесі деген он түрлі қоғамдық
мәселе туралы нақты шартты мақсат – болашақты,
нақты тұжырым-тұғырна¬маны демократиялық,
еуропалық үлгіде көрсетіп берген, әсіресе
қазақ жерінің автономиясын жариялаған,
елді президенттің билеуін мойындаған,
жердің сатылмайтынын әйгілеген «Алаш»
партиясы бағдарламасының жобасын жасаушылардың
кеуде тұсында Әлихан Бөкейханов тұр.
Бұл құжат қазақ елінің ішкі-сыртқы дұшпандардың
қорлық-зорлығын көре жүріп, ғасырлар
бойы мойымай, бостандық, әділет, туысқандық
үшін күрес жолында небір асылдарын құрбан
етіп, ата даналығы, ер қайраты, оқыған
білімін ұштас¬тырып, ұлт топырағындағы
ізгілікті дәстүр, салт-сана мен озық елдер
тәжірибесін ұластыра отырып жасаған
мемлекет құрылысы, адам құқығы, тіршілік
қалыбы жөніндегі мақсат-арманының жобасы
еді.
Сонымен құқықты мемлекет елді жалпыға
белгілі заң арқылы басқарады. Ал заңдар
әділ болса ғана әділетті шаралар іске
асырылып отырады. Осы мақсатпен өкімет
билігін бөліп жүргізу принципі іске асырылады.
Енді сол принцип бойынша құқықты мемлекеттерден
заңдандырылған өкімет билігінің үш тармағына
тоқталайық. Бұл – өкіметті мемлекеттің
заң шығару, атқару және сот билігін жүргізу
органдарына бөлу.
Ал енді өкіметтің осы үш тармағында алға
шығуға тырысу¬шылықты, үстемдік үшін
таласқа түсуді болдырмау үшін солар¬дың
біріне құқықтық мемлекетте жоғары мәртебе
берілуі қажет. Ондай мәртебе заң шығарушы
өкіметке берілген. Өйткені сол ғана ішкі
және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына
заңдылық негіз, күш береді, қоғамда заңның
үстем болуын қамтамасыз етіп отырады.
Барлық құқықтық мемлекеттерде заңдық
өкіметте парламенттер формалары әр түрлі
болып келеді, өйткені парламент – өкілетті,
сайланбалы орган. АҚШ сияқты елдерде
парламент екі палатадан, ал демократия
жолына жаңа түсе бастаған кейбір мемлекеттерде
Жоғарғы Кеңес түріндегі парламенттер
бір палатадан тұрады.
Барлық құқықтық мемлекеттерде заңдардың
конституция¬лығын бақылап отырған Конституциялық
соттар құрылған. Мәселен, Қазақстан Республикасының
Конституциялық Соты¬ның азамат Т.Г. Квятковскаяның
талабы бойынша, 1995 жыл¬дың 6 наурызындағы
қабылдаған қаулысына сәйкес кезінде
сайланған Жоғарғы Кеңесті заңсыз деп
тануы соның дәлелі.
Осындай өте сирек кездесетін қателіктер
мен ағаттықтарға қарамастан, құқықты
мемлекетте адамның қоғамдық дамуға қайшы
келетін процестерді ауыздықтап, бостандыққа,
әділ¬дікке, демократияға тоқтаусыз ұмтыла
беретінін көрсетіп берді
Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына,
бағытталуы мен ерекшеліктсріне сәйкес,
нысандарын қажет етпеген және мемлекет
болғанға дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып
келген алғашқы қауымдық қоғамның даму
кезеңдері тікелей ізашар болып отыр.
Экономика мен басқа да тіршілік ету салаларының
өте төмен деңгейімен ерекшеленетін алғашқы
қауымдық қоғам алдын ала қоғамдық өмірдің
жабайы сатысынан объектитві түрде өтіп,
мемлекеттік деңгейіне дейін "өсуі"
керек. Ол жануарлар әлемінен енді ғана
бөлініп шыққан, өзінің өткен өмірінің
ашық та анық таңбасы бар адамның көп жағдайда
табиғаттың дүлей де соқыр күштерінің
адында дәрменсіз болып қалатындығымен,
жағдайды бірден бағдарлай алмайтындығымен,
өзінің іс-әрекеті мен қылыптының аяғы
неге апарып соғатындытын болжай алмайтындығымен
сипатталатын. Ол тамақ, киім және басқа
тіршілікке қажетті заттарды табудын
жетілмеген, дерекі құралдарын пайдаланды,
соған қарай қоғамда еңбек өнімділігі
табыстың жинақталып, осынша қалып қалуына
мүмкіндік жасай алмады ол қалдықсыз пайдаланылды.
Мемлекет дегеніміз бұл — адамзат қоғамы
дамуының маңызды кезеңдері тән саяси
ұйым.
а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың,
топтардың,
және басқа да әлеуметтік субъектілердің
қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың
бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;
б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген
кеңтармақты органдар жүйесі және биліктің
ұйымдастырушылық күш құралдары бар;
в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық
өмірдің барлық суъбектілері қамтамасыз
ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі
берілген.
Мемлекет функциясының сипаттамасы түрлі
негіздер бойынша топтастыруға болады.
Фунмкцияларды қоғамдық өмірдің салаларына
байланысты топтастыру неғұрлым кең тараған.
Адамдардың өндіріс, орналастыру және
алмастыру саласындағы қатынастарын қамтитын
мемлекеттің экономикалық функциясы жетекші
орындардың бірін алады. Экономикалық
функцияның көлемі, масштабы және өрісі
түрлі мемлекеттерде әр түрлі болады.
Алайда қандай жағдайда да мемлекет мына
төмендегі жағдайларға ықпал ете алады
және әдетте, ықпал етеді де:
1) экономиканы дамытудың сара жолын талдау
(мысалы, нарықтық, ди-рективалық жоспарлы
немесе аралас экономиканы таңдау); 2) мемлекеттік
реттеу дәрежесі, оның жетекші салаларын
ынталандыру және қолдау;
3) экономикалық дамудың неғұрлым перспективалы
бағыттары үшін жайлы жағдай тудыру; 4)
жеке меншіктің түрлі нысандары мен шаруашылық
қызметінің түрлі субъектілерінің мәртебесін
анықтау; 5) экономикалық инфрақұрылым
құралдарын (шаруашылық басқарудың қаржы
ақша құралдары, несие беру, заем беру,
инвестициялық саясат) пайдалану. Салық
саясаты экономикалық функцияның айырықша
компоненті болып табылады, өйткені мемлекет
бюджетінің құралуы, мемлекеттің кірістері
мен шығыстарының балансталуы осыған
тікелей байланысты. Мемлекет функцияларын
түрлі негіздер бойынша топтастыруға
болады. Функцияларды қоғамдық өмірдің
салаларына байланысты топтастыру неғұрлым
кең тараған. Егер мұндай саланы ең ірі
түрінде (қоғам мен мемлекеттің ішкі және
сыртқы саладағы өмір тіршілігі) алатын
болсақ, онда мұндай жағдайда мемлекеттің
барлық функцияларын ішкі және сыртқы
деп топтастыруға болады.
Мемлекеттің ішкі функциядарына қоғамның
ішкі өмірінің ірі салаларына мемлекетгік
ықпал ету немесе мемлекетгік басқару
бағыттарың жатқызуға болады. Бұл функцияның
мақсаты — халықтың арасында мемлекеттің
саясатын түсіндіру, осы азаматтардың
көпшілік тобының қолдауы мен мақұлдауын
қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарын,
ғылыми-білім беру, мәдени-ағарту және
мекемелердің басқа да идеолгиялық бағытын
аталған міңдеттерді шешуте жұмылдыр.
Сыртқы функциялар халықаралық қатынастар
сапасына қатынасты және оның сыртқы саяси
міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін
мемлекет қызметінің бағыттарын қамтиды.
Ішкі функциямен салыстырғанда олар, әдетте,
басымдық таныта алмайды; керісінше, ақыр
соңында біріншісінен туындайды, олардың
табысты жүзеге асырыуы үшін қолайлы жағдайлар
жасауға бейім түрады.
Тарихқа көз жүгіртіп қарасақ Конституция
ұғымын ерте заманда сонау Грецияда Аристотель
қалыптастырған болатын. Ол кезде "конституция"
деген сөз "саяси құрылыс" ұғымын
білдіретін. Конституцияның ерекше белгілерін
айқындай отырып, құқықтанушылар, оны
ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда
қоғам мен мемлекетте жоғары заңдық (күші
бар, бір жа-
ғынан адам мен коғамның, екінші жағынан
адам мен мемлекеттің арасындағы қатынастар
негізін, қоғамдық және конституциялық
құрылыстың негіздерін, адам азаматгың
негізгі құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін,
мемлекеттің құрылысын, ел басының екілетгілігін,
өкіметтің заң шығарушы, атқарушы және
сот органдарын, сондай-ақ жергілікті
өзін-өзі басқару буындарын ұйымдастыру
және олардың қызметі қағидаларын бекітушілері
реттеуші. Негізгі Заң ретінде тұжырымдайды.
Оның басты мақсаты-азамат-
тардың құқықтары мен бостандықтарын
сақтауды, конституциялық құрылыстын
мызғымайтындығын, еліміздің экономикалық
және әлеуметтік дамуын оның халықаралық
қатынастарын қамтамасыз ету болып табылады.
Сондықтан Конституцияны орындау талабы
бүкіл Қазақстаи үшін де, әрі оның әкімшілік-аумақтық
қүрылымдары үшін де қажет. Тек осы мақсаттар
ғана Конституцияның жоғарлылығын, ең
жоғары заңдылық күші барын және
оның нормаларының Республиканың бүкіл
аумағында тікелей қолдана тындығын нақтылай
түседі.
Қазақстан Республикасының қазіргі Ата
Заңы 1995 жылға 30 тамызда республикалық
бүкілхалықтылық дауыс беру (референдум)
арқылы қабылданды. Ата Заң қабылданған
күн демалыс мелекеттік мереке - Қазақстан
Республикасының Конституциясы күні дей
жарияланды. Ата Заңды қабылдау әдісінің
орасан зор маңызы бар, өйткені оның мазмұнын
сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұдайды.
Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы
кіріспеден (преамбуладан), негізгі мәтіннен,
қорытынды және өтпелі ережелерден тұрады.
Кіріспеде, едетте, Ата Заңның мақсаты
баяндалып, оны қабылдаудың тарихи жағдайы,
кейде құқықтар мен бостандықтары немесе
мемлекеттік саясатта басшылыққа алатын
негіздер көрсетіледі. Қазақстан Республикасы
Конституциясының кіріспесі Ата Завды
қабылдаудың себептері мен мақсаттарын
былай түсіндірген. "Біз, ортақ тарихи
тағдыр бірілген Қазақстан халқы, байырғы
қазақ жерінде мемлекетті құра отырып,
өзімізді еркіндік, теңдік және татулық
мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық
қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік
қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей
отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар
алдындағы тарихи жауапкершілігімізді
сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды
негізге ала отырып, осы Конституцияны
қабылдаймыз.
Ата Заңның негізгі белігіне азаматтардың
құқықтары, бостандықтары мен міндеттері
туралы, конституциялық құрылысы жайлы,
мемлекеттік нысандар жөнінде, мемлекеттік
буындардың жүйесі мен мәртебесі туралы
(Президент, Парламент, Үкімет, Конституциялық
Кеңес, соттар және сот төрелігі, жергілікті
мелекетгік басқару және өзін-өзі басқару
туралы) нормалар енген. Яғни, бұл нормалар
Қазақстан Республикасы Конституциясының
І-ҮІІІ бөлімдерінде баяндалған. Қорытынды
және өтпелі ережелер бандалған ақырғы
IX белімде Ата Заңға өзгерістер мен толық-тырулар
енгізу төртібі туралы, конституциялық
заңдар мен өзге де заңдарды кабылдау
рәсімі мен басқалар жайлы сөз болады.
Cонымен қатар, мүліктік қатынастар байлянысы
жоқ мүліктік емес жеке қатынастар да
азаматтық зандармсн реттеледі, өйткені
олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген,
не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен
туыңдамайды.
Жоғарыда көріп отырганымыздай, азаматтық
құқығымен реттелінетін коғамдық қатынастардың
негізгісі болып табылатыны - мүліктік
қатынастар. Сондықтан да айтып кеткен
жөн болар, кез келген мүліктік қатынастар
емес, қоғамның негізін қалайтын тауар-ақша
қатынастары, яғни азаматтық құқық субъектілерінің
кез келгенінің қатысуымен және әр түрлі
көріністерде (мүлік беру, жұмыс, қызмет)
байқалатын мүліктік қатынастар.
Мүліктік қатынастарға негізінен, қоғамдағы
өңдіріс құрал-жабдықтарына, мүліктік
игілігіне және басқа да материалдық құндылықтарға
байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар
жатады.
Мүліктік емес жеке қатынастар, муліктік
қатынастарға тығыз байлаиысты мүліктік
емес жеке қатынастар және мүліктік қатыиастарға
байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар
болып екі топқа бөлінеді. Азаматтық заңдармен
реттелетін мүліктік қатынастарға байланысты
мүліктік емес жеке қатынастарға құндық
маңызы жоқ қатысушылардың қоғамдық сипатын
белгілейтін материалдық емес құндылықтар
жатады. Мәселен, әдеби шығармамен, ғылыми
еңбекпен айналысушылар немесе өнертапқыш
өзінің авторлығын анықтау арқылы мәселе
қойса, өзінің жекелігін қорғай отырып,
бұл мәселе бойынша қоғамдық дербес қатынасқа
түседі. Бұл қатынас мүліктік болып табылмаса
да, мүлікпен тығыз байланыеты, өйткені
өнертабыс иесінің өнер-табысын пайдаланғаны
үшін онда авторлық сый ақы алу қүқығы
пайда болады.
1. Қуандық
Есенғазы Слямғазыұлы,
Астана, 2000
2. Болат – Канал, Демократ – ақиқат, 1995
3. Жамбылов
Д. Саясаттану негіздері,
4. Әбсаттаров
Р. Билікпен бедел, Қазақ
5. Ұлықпан Сыдықов, Саясаттану. Алматы 1996
6.С.Ж.Кенжебаев,
С.Ж.Омаров,Д.С.Раев,
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Тақырыбы: «Мемлекет-саяси жүйенің негізгі буыны»
Орындаған: 01203тобының студенті
Кубаева.А.Ж
Тексерген: Аменов. А.Ж
Орал 2012