Мәдениет әлеуметтануы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 16:41, реферат

Описание работы

Мәдениет социологиясы ғылылми-танымдық, білім беру және тәжірибелік, тағыда басқа қызметтер атқарады. Ұлы танымдық қызмет арқылы Мәдениет социологиясы мәдени процестердің өзгерісіне, нәтижесіне әсер ететін әлеум. факторлар мен механизмдер, мәдени динамика заңдылықтарының өзіндік ерекшелігі туралы шынайы білімді қалыптастырады. Мәдениет социологиясының білім беру қызметі қоғам мүшелері арасында тиісті білім таратуға бағытталған. Тәжірибелік қызметтің мақсаты мәдени өзгерістер мен мәдени саясат бағыттарының ғылыми негізін әзірлеу болып табылады.

Содержание

Кіріспе
1. Мәдениетті дамытудағы әлеуметтік міндеттер
2. Мәдениет әлеуметтанудың негізгі мәселесі
3. Мәдениеттің негізгі элементтері

Работа содержит 1 файл

мад.алеум.docx

— 29.16 Кб (Скачать)

 

Мәдени  әлеуметунуы қоғамдағы алуан түрлі әлеуметтік-демографиялық топтардың, бірліктердің мәдениетке қатынасын, олардың мәдениетке қандай талғамы барын, талап-тілегін қоятынын, мәдени ошақтардың тек өндіріс жағдайында ғана емес, жалпы мәдениетке тартылуы, қосылуы, арласуы қандай, бұл іс-жұмыстарда театр, кино, музей, кітапханалар, стадиондардың, т.б. жұмыс жәрежелері қалай, олар не істеп жүр, адамдардың, олардың алуан топтардың талап-тілектерін қанағаттандыра ала ма немесе қанағаттандыра алмай ма, т.б., міне осы тәрізді мәселелерді қамтиды.

 

Мысалы, қазіргі уақытта театрларға көптеген адам бармайды, өйткені қойылымдар адамдарды тартпайды. Бұған қоса театр басқармалары ұйымдастыру  жұмысын дұрыс жолға қоя алмаған.

 

Театр туралы айтылған осы пікіріміз кітапханаға  да, денешынықтыру мекемелерінде  де(әсіресе, стадион) қатысты.

 

3. Мәдениеттің негізгі элементтері

Мәдениеттің мәні мен мазмұны оның құрылымымен  тығыз байланысты. Ал, оның құрылымы күрделі болғандықтан әр түрлі элементтерден, бөліктерден тұрады. Мәдениеттің негізгі элементтерінің ең бастысы және осыған сәйкес басты атқаратын қызметі таным, яғни таңба-символдық элемент болып саналады. Халықта «күш-білімде» деп босқа айтылмаған.

Білім әр уақытта белгілі бір ұғымдар, түсініктер, т.б. арқылы қалыптасып, тілде  көрініс тауып, анықталады. Тіл-адамзаттың білімі мен тәжрибені сақтап, оны  ұрпақтарға жеткізу құралы. Ол адамның  ой-пікірін және адамдардың бір-бірімен  байланыстыратын құрал. Танымды  білдіретін әрбір таңба, символдың, элементтің өзінше маңызы бар. Олардың  әрқайсысы жоқ объектілердің  қарама-қатынастары болған уақытта  қолданылып отыратын бейнесі (суреті) болып саналады.

Осы таңбаларды, символдарды адам оқу, тәрбие прцестерінде біліп ұүйренеді, сонан кейін  оларды жаңа мәлімет, хабар арқылы сақтауға, өзгертуге, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа  мирас етіп қалдырып, жалғастырып  отыру үшін қолданады.

Мәдениеттің екінші элементі-ол құндылық, танымдылық жүйесі. Құндылық деп, әрбір қоғамдағы  әлеуметтік субъектінің (адамдардың немесе әлеуметтік алуан түрлі топтар мен  жіктердің, бірлікткрдің) мұң-мұқтажын, мүддесін, талап-тілектерін, қажеттілігін қанағаттандырытын құбылыс, процестердің, т.б. қасиеттерін айтамыз.

Әрбір құндылық әлеуметтік субъектінің мұң-мұқтажын, талап-тілегін, қажеттілігінбілу негізінде  және оларды сыртқы дүниедегі басқа  заттармен, құбылыстармен салыстыру  арқылы қалыптасады. Керісінше де солай. Бұл құндылық қатынастар әр уақытта  даму, өзгеру бағыттарын, әрекеттердің алуан түрлі байланыс, қатынастарын қалыптастыруда қажеттіэлемент болып  есептеледі. Бұл құндылық баруда қажетті  элемент болып есептеледі. Бұл  құндылық бағыттары, әрекеттері, қатынастар нұсқау, ереже, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар, арман, мұрат, т.б. толып жатқан құбылыстар мен процестер ретінде көрінеді. Бұл аталғандар адамдардың алдын  ала жасалатын іс-әрекетінің, бір-бірімен  қатынас, байланысының, еңбек пен  қызметінің, тәртібі мен адамгершілік қасиетінің, белсенділігі мен жауапкершілігінің, т.б. бағдарламасы болып саналады.

 

Осыларға  сәйкес қазіргі кезеңде мәдени әлеуметтану  бұрын болмаған көптеген мәдени құбылыстарды, процестерді, басқа да мәселелерді  жан-жақты, кеңінен зерттеуде. Олардың  басты бағыттары мыналар:

Мәдениеттің материалдық саласы: еңбек мәдениетін оқып білу, зерттеу(оның ішінде еңбек, еңбек процесі, өндірісті басқару  және әр түрлі еңбекшілер тобының  мәдени-техникалық дәрежелердің көтерілу жағдайлары ); тұрмыстық- материалдық  мәдениеті, оның ішінде тұрмыстық еңбекті, заттың ортаға қатынасы, әрбір халықтың, ұлттың мәдени тұрмыстық әдет-ғұрпы, салты; өткен уақыттағы құндылықтарды  сақтау жөнінде бұқара халықтың ой-пікірін, қозғалысын ұйымдастыру, еліміздің  территориясын мекендейтін халықтардың  экономикалық мәдениетін оқып, біліп  зерттеу, әр жынысты адамдардың өндірістегі  мәдени қатынастарын, т.с.с. кеңінен  зерттеу.

Мәдениеттің саяси (оған құқықты мәдениетті кіргізе отырып) саласында: қоғамның барлық салалрында еңбекшілердің қоғамды, өндірісті басқаруға белсенді қатынасуын, демократияның барлық түрлерін дамыту, адамдардың алуан түрлі топтарының, жіктерінің саяси және экономикалық білімін көтеру, олардың саяси белсенділігін арттыру, т.б. (Бұл жерде мәдени әлеуметтану саяси әлеуметтанумен тығыз байланысты).

Экономикалық мәдениет саласында нарықтық жағдайдағы еңбекшілердің экономикалық білімдерін, олардың нарықтық қатынастардың принциптерін толық игеріп, меңгеруі басты мәселе ретінде зерттеледі.

Мәдениеттің рухани саласында: Ел-жұрттың әрбір топтарының мәдени іс-қызметі және мәдени дәрежесінің көтерілуін; аймақтық (терроториялық) бірліктердегі (қала, село) рухани мәдениеттің жағдайы мен дамуын; рухани мәдениеттің әр түрлерін (білім, ғылым, эстетикалық және көркем әдебиет, адамгершілік); мәдени мекемелердің, олардың қызметкерлерінің (клуб, театр, музей, кітапхана, т.б.) іс-қызметін; ел-жұрттың әр түрлі мәдени өқызметін (оқу, мамандырылған емес техникалық және көркемдік шығармашылықпен ұштастырып терең, жан-жақты зерттеу; қала мен ауыл-селолардың, облыстардың, жалпы республиканың мәдени дамуының әлеуметтік және болжам жоспарларын зерттеу, т.б. жатады).

 

Жалпы алғанда, мәдени салалрдағы осы зерттеулердің  басты мақсаты- ол еңбекші бұқара халықтың әлеуметтік белсенділігін, олардың  адамдық факторларының белсенділігін  арттыру және ойлау, іс-әрекет, қызмет жасауды қалыптастыру көзделген.

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыты  келгенде, мәдениет социологиясы— қоғам мәдениетінің дамуы мен қызмет ету заңдылықтарын зерттейтін социология ғылымының саласы. Социологияда мәдениет, ең алдымен, әлеуметтік тұрғыдан, яғни әлеуметтік өзара іс-қимылдардың нәтижелері мен процестеріне көзқарас тұрғысынан қарастырылады. Ол мәдениет саласындағы шығармашылық мақсаттарда процеске әсер ететін материалдық, әлеуметтік және саяси факторларды талдайды. Мәдениет социологиясы мәдениетті жасаушы әрі оны тұтынушы ретіндегі халықтың әлеуметтік-демографиялық, тағыда басқа сипаттамаларын, оның қызығушылықтары мен талғамдарын, бейімделу мотивтерін, сондай-ақ мәдени ұйымдарды, мәдени іс-шаралар мен мәдени өмірдегі оқиғаларды зерттейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

1. Әбсаттаров  р., Дәкенов М. «Әлеуметтану» Б.294-308

2. Интернет  желісі

1. http://kk.wikipedia.org/wiki

2. http://www.testent.ru/load/sociologija/


Информация о работе Мәдениет әлеуметтануы