Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 11:16, реферат
«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасыры ұсынған.
Таяудағы кездің өзінде жібектің ойлап табылуы және онымен сауда жасау б. з. б. I мыңжылдық кезіне жатады деп саналып келген еді. Алайда Тайху көліне жақын жерде, Чжецзян провинциясында қазба жұмыстарын жүргізген қытай археологтары неолит дәуіріне жататын жібек маталар, белдік пен тота тапты.
Ұлы Жібек Жолының Қазақстандағы сілемі.
«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасыры ұсынған.
Таяудағы кездің өзінде жібектің ойлап табылуы және онымен сауда жасау б. з. б. I мыңжылдық кезіне жатады деп саналып келген еді. Алайда Тайху көліне жақын жерде, Чжецзян провинциясында қазба жұмыстарын жүргізген қытай археологтары неолит дәуіріне жататын жібек маталар, белдік пен тота тапты. Матаның мезгілі — б. з. б. 2750 100 жж. Отан жасалғтан талдау сол кезге қарай-ақ, яғни осыдан бес мың жылдай бұрын жібек тоқу қарапайым сатыдан шықанын дәлелдейді. Б. з. б. VI — V ғасырларда қытай жібегі басқа елдерге, соның ішінде Батысқа да шығарыла бастаған. Алтайдаты Пазырық «патшалық» обаларының б. з. б. V ғасырдағы деп саналатын біреуін қазған кезде феникс кестеленген жібек көрпе табылды. Оңтүстік және Батыс Еуропа аудандарында б. з. б. VI—V ғасырлардаты қабірлерден жүннен жасалтан бұйымдарға тігілген жібек маталар мен шашақтар шықты.
Қымбат тұратын жібектердің таралуына сақтар мен скифтердің көошпелі тайпалары қатысқан, сол кездегі ғажайып тауар Орталық Азия мен Жерорта теңізі өңіріне солар арқылы жеткен. Алайда VI—IV ғасырлардағы Жібек жолы туралы айтуға бола қоймас, қымбат тауарлар дала өңірі арқылы жеткізілген, ол 40-параллель маңынан өткен және Хуанхэ өзенінің үлкен иіндерінен басталып, Алтайдың шығыс және солтүстік сілемдерін, Қазақстан мен Қара теңіз өңірі далаларын кесіп өткен де, гректер мен этрускілер жеріне жеткен деп шамалау дұрысырақ болады.
Жібек Үндістанға сол кезде барған, «сина патто» — «кытай жібегі» деген сөз дәлелдейді. Б. з. б. I ғасырдың ортасында ғана «Жібек жолы» тұрақты дишгоматиялық және сауда жолы ретінде пайдаланыла бастайды. Ал бәрі 138 жылы, император Уди Батыстың беймәлім елдеріне жіберген Чжан-Цзянға ерген елші керуені Хань астанасынан шыққан кезде басталтан еді. Чжан-Цзян 13 жылдан кейін қайтып оралды. Ол қазіргі Ауғанстан аудандарына дейін жетіп, Қытайдың ішкі аудандарынан Орталық Азияға бірінші болып тура жолмен жүріп өтті. Осының ізінше Батысқа — жібек артқан керуендер аттанып, ал Қытайта Жерорта теңізі жағасынан, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан тауарлар әкеліне бастады.
Көп кешікпей халықаралық
сауда Орта
Азиядаты Зеравшан және Қашқада
VI—VII ғасырларда, Ферғана арқылы өтетін бұрынғы жол төте және қолайлы болғанымен, Қытайдан батысқа Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жол мейлінше жандана түседі. Жолдың ауыстырылуын мынадай себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда түрік қағандарының ордалары болды, Орта Азия арқылы өтетін сауда жолдарын солар бақылап отырды. Екіншіден, Ферғана арқылы өтетін жол өзара қырқыс салдарынан VII ғасырда қауіпті болды. Үшіншіден, түріктердін бай қағандары мен олардың төңірегіндегілер теңіздің арғы жағының тауарларын ірі мөлшерде тұтынушылар болатын.
САУДА ЖӘНЕ ТАУАР АЛМАСУ
Жібек жолы бастапқыда
қытай жібегін Батыс елдеріне
шытаруға қызмет етті. Өз кезегінде, онымен Римнен, Византиядан, Үн
Отырар алқабындағы Мардан қорымын қазған кезде қабірлердің біреуінен қытайдың біздің заманымыздағы I — IV ғасырларға жататын жеті «У- шу» теңгесі шықты. Бұл теңгелердің князь Чжан-Цзянның жолымен Батысқа, соның ішінде Кангюй мемлекетінің орталығы орналасқан Сырда- рияның орта тұсына бет алған сауда керуендерімен байланысы болғанына дау жоқ. Қытай деректемелерінде ол кездер туралы былай делінген:«.. .жуырдаты кездің өзінде шетелдік иеленушілермен қатынастар орнатуды күткен және бәрінен бұрын алыс шет аймақтарда белгілі болу даңқын қымбат тұтқан Қытай сарайы Кангюймен байланысын үзбеді».
Батыспен байланысты
қымбат түратын заттар арасынан Жетісудан
табылтан күміс құмыраларды атап
өту керек, онда византиялық үлгіге
еліктеп крестер түрінде
МӘДЕНИЕТТЕРДІҢ ӨЗАРА ӘСЕРІ
Орта ғасырлардың
бас кезінде Азияда дүниенің кең-байтақ
аймақтары мен елдерді
Бұл тұжырымдаманың көрінісі Самарқанға жақын жердегі Кушан қонысындағы үйдің қабырталарына салынтан әшекей суреттер болып табылады; онда біреуінде — қытай императорлары, екіншісінде — түрік хандары мен үнді брахмандары, үшіншісінде парсы патшалары мен рим императорлары бейнеленген.
Әрбір халықтын бір нәрсесімен атақты да даңкты екенін ақындар былайша суреттейді: Біліп қойғын, арабтардан өленде ешкім озбайды, Ал ежелгі гректердің ұлдарына көрінсең, Емдомымен жан-дүниенді козғайды. Сауық-сайран үнділердің мекені, Есеп-қисап, ән-әуенде Римнен кім өтеді, Сурет салса Қытай өзар өрнегімен, әрімен, Ал жалғанда хас шебері Бағдаттың Қашан да артық бәрінен.
Талас аңғарындағы Жамукат деп саналатын Қостөбе қала жұртынан аршылған VIII — IX ғасырлардағы ғибадатхана қабырғаларының қалың сылақ қабатының оймыштап безендірілуін нақ осымен түсіндіруге болады. Қабырғалық беттерге піскен жемістер шоғы, салбырап тұрған жүзім сабақтары, қызғалдақтар, жапырақтар, пальметталар, ромб белдеулері, меандрлардың көмкермелері, өсімдік бумалары бейнеленген. Оймыш- тау сарындарында, өрнектердің жеке элементтерінде, стильде Афрасиаб пен Варахша, сондай-ақ Саммара мен Фустат сарайларының қабырғалары сәнделген оймыштарға мейлінше жақын ұқсастық бар. Мұның өзі Бағдат шеберлері талғамдары мен халифат астанасының астаналық стиль сәнінің қалалық мұсылман ойкуменінің шетін қамтып, Жібек жолымен қалай таралғанын айқын көрсетеді.
Сол бір алыста қалған оқиғалардың
замандастары болған түрлі елдердің
авторлары белгілі бір
Қолданбалы өнерде, сәулет өңерінде, қабырғалардағы кескіндемеде тауарлардың, мәдени үлгілер мен өлшемдердің Шығыс және Батыс елдеріне таралуымен қатар музыка мен би өнері, қызықты ойын-сауықтар, орта ғасырлардаты өзінше бір «эстрада» өріс алды. Қызықты ойын- сауықтар, музыканттар мен бишілердің, жабайы аңдарды үйретушілердің, акробаттар мен сайқымазақтардың, фокусшы-сиқыршылардың өнер көрсетуі ерекше таралды. Бұл өнерге тілмаш керек болмады, кезбе труппалар үшін тіл кедергісі болған жоқ — «дене кимылдарымен түсінісетіндерді жұрттың бәрі бірдей ұтады», — деп жазды Эразм Роттердамский. Грек василевсіне де, Киев князіне де, Түрік қағанына да, қытай императорына да ұқсас нөмірлер көрсетілген.
Сарай маңындағы қызметкерлер құрамы шетелдік оркестрлермен толықтырылып отырған. Олар «сарайдағы салтанатты рәсімдерде де, сарайдаты ресми емес салтанаттарда да» ойнаған. Мысалы, патшаның әнді құрмет тұтатын аксүйектерінің бірі Сюань-цзуньның 30 мың музыкант ұстағаны белгілі. Түрік қағанының Суябка жақын жердегі өз ордасында елшілер қабылдауының суреттелуі сақталған. «Қатан, - деп жазады осы рәсімді көзімен керген буддалық тауап етуші Суань-Цзян, — шарап қойып, музыка бастаута әмір берді... Осы уакыттың бәрінде жаңғырыққан металл әуені сүйемелдеген жатжерлік музыка қалықтап тұрды. Бұл тағылардың музыкасы болғанымен, ол да құлаққа жағып, жүрек пен ойды қуанышқа беледі». Тан Қытайында ең көп таралғаны Батыстың — Шығыс Түркістан мен Орта Азия қалаларының музыкасы болтаны мәлім. Кучаның, Қаштардың, Бұхара мен Самарқанның, Отырар мен Тараздың музыкалық дәстүрлері ресми қамқорлық арқылы қытайдың музыкасымен және музыкалықдәстүрімен үштасып кетті. Иран, соғды және түрік актерлері Қытайдың хореографиялық мәдениетіне көп үлес қосты. Барлық артистерден бишілер — жасөспірімдер мен қыздар мейлінше әйтілі болды. «Батыстың секіргіш билерін» әдетте Ташкенттен келген, иран үлтілі кең көйлек және төбесі сүйір, моншақпен әдіптелген биік бөрік киген балалар орындаған. Олар ұзын мата белбеу буынған, олардың ұштары би қимылдарын орындаған кезде желбіреп тұратын. «Шаш биін» алуан түсті кестемен әшекейленген торғын шапан киіп, күміс белдік буынған екі жас қыз орындаған. Олардың кигендері жеңдері тар көйлек пен кішкене алтын қоңыраулар тағылған төбесі сүйір бөрік, ал аяқтарында зерлі қызыл туфли киген. Биші қыздар «құйындай ұйтқыған Батыс қыздары» биін де орындады, онда алқызыл көйлектер мен жасыл шалбар, аяқтарына қызыл күдеріден тігілген етіктер киген соғды қыздары секіре қозғалып, шыр айналып, шар үстінде тұрып, қалықтап жүрді».
Мысалы, Константинопольге Шығыс артистерінің «гастрольге» жиі шыгып жүргені мәлім. Мәселен, ақсүйектер қонакасында Византия императрицасы орыс княгинясы Ольганың көңілін сайқымазақтар мен эквилибристикашылар көтерген, ал салжүқ сұлтаны II Арсланның құрметіне I Мануил жасаған мерекеде түрік акробаты қатерлі сальто орындаған. Бетперде киіп те ойындар көрсетілген. Бұл дәстур мұсылман елдерінде неғұрлым кейінгі кезде де сақталған. Бағдатта Наурызды мейрамдау кезінде тіпті халифтің өзінің алдында да бетперде киіп ойын көрсетілгені мәлім. Жібек жолы бойындагы ескерткіштерді қазған кезде түрлі жерлерде музыка және театр мәдениеті саласындаты өзара байланыстың дамығанына көптеген материалдық айғақтар табылды. Бұлар — Тан заманының биші жігіттері мен қыздары, бетперде киген актерлер, түйе үстіне сыйып кететін музыкалық ансамбльдер бейнеленген терракоталар жиынтығы. Бұл артистер көпшілігінің бет әлпеті Орта Азия халықтарының өкілдерін көрсетеді. Пенджикенттің, Варахшаның, Афрасиабтың, Топырақ қаланың салтанат залдарында және Шығыс Түркістан қалаларында сақталған қабырға суреттерінде бетперде киген музыканттар, актерлер бейнеленген. Пенджикентте — биші қыздың ағаштан жасалған тамаша мүсіні, Сырдария бойындагы Кедер қаласын қазтан кезде X — XI ғасыр- лардағы артистің саздан жасалған бетпердесі табылды.