Автор: k***********@ranepa.ru, 28 Ноября 2011 в 18:41, научная работа
Тақырыптың өзектілігі: тақырыптың өзектілігі, біріншіден, Қазақстанда кедейшілік көрсеткішінің ұлғайып келуі. 2005 жылы Біріккен ұлттар ұйымының кедейшілікті азайту бағдарламасының үйлестірушісі Малин Бергрен Қазақстанда тұрғындардың 20 пайызы кедейлерге жатқызылса, кедей болуға жақын тұрғандар саны бұдан екі есе көп екендігін айтады. 2007 жылы Қазақстанда тұрғындардың әлеуметтік өмірін оңалтуға бағытталған шаралардың жемісті болуына қарамастан кедейшілік мәселесі әлі де болса проблема болып қалуда. Бұл әсіресе еліміздің тұрғындарының 40 пайызын қамтитын ауылдық аймақтарда өзекті болып тұр.
Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы
Тақырыбы: Қазақстандағы кедейшіліктің деңгейі, себептері және оларды шешу жолдары
Орындаушы: Кульмагамбетова Айнұр ШФ 31
Жетекшісі: Смағамбет Б.Ж.
Тақырыптың өзектілігі: тақырыптың өзектілігі, біріншіден, Қазақстанда кедейшілік көрсеткішінің ұлғайып келуі. 2005 жылы Біріккен ұлттар ұйымының кедейшілікті азайту бағдарламасының үйлестірушісі Малин Бергрен Қазақстанда тұрғындардың 20 пайызы кедейлерге жатқызылса, кедей болуға жақын тұрғандар саны бұдан екі есе көп екендігін айтады. 2007 жылы Қазақстанда тұрғындардың әлеуметтік өмірін оңалтуға бағытталған шаралардың жемісті болуына қарамастан кедейшілік мәселесі әлі де болса проблема болып қалуда. Бұл әсіресе еліміздің тұрғындарының 40 пайызын қамтитын ауылдық аймақтарда өзекті болып тұр.
Елімізде
халықтың белгілі бір бөлігі әлі
күнге кедейшілік тауқыметін тартып
отыр. Премьер-Министр Кәрім
Атаулы әлеуметтік көмек енгізілген 2002-ші
жылдан бастап елімізде кедейшілік деңгейі
біршама төмендегенін жеткізген министр:
«Дейтұрғанмен, республикамыздың түрлі
өңірлерінде кедейшілік деңгейі бойынша
айтарлықтай айырмашылықтар бар. Тұрмысы
төмендердің басым бөлігін көпбалалы
отбасылар, жалғызбасты аналар, бала тәрбиесінде
отырғандар, жұмыссыздар және өзін-өзі
жұмыспен қамтитындар құрайды», деді.
Ірі зерттеулер: кедейшіліктің жоғары деңгейі — даусыз факт. Чарли Бут пен Сиб Раугари Ұлыбританиядағы кедейшілікті зерттеген классикалық жұмыстарыңда да күнкөріс қаражаты негіз болған кедейшілік анықтамаларын қолданылғаны көп нәрсені аңғартады. Олар кедейшіліктің деңгейі әлем елдеріндегідей болмағанымен, бұл елде де едәуір жоғары екендігін көрсетті. Өздерінің он жеті томдық еңбектерінде олар кедейшілікті көрсеткіш ретінде пайдаланды. Кедейшілік ұғымын енгізіп, одан төмен болған жағдайда отбасылар күнкөріс үшін кажет қаражат таба алмайтынын көрсетіп, Бут Лондон жұртынын үштен біріне жуығы кедейшілікте тұратынын айғақтайтын мәліметтер берді. Раунтридің жаңа ғасыр табалдырығындағы кедейшілікті зерттейтін жұмысыңда да күнкөріс каражаты жоқ болған жағдайдағы кедейшілік анықтамасы пайдаланылды. Алайда ол қару үшін қажет тамақтанудың негізгі мерзімін анықтау, содан кейін киім мен баспанаға жұмсалатын шығындарды ескере отырып, сол мерзімді қамтамасыз ету үшін қажет болатын кірісті есептеп шығаруға тырысып, неғұрлым кеңірек анықтама енгізді. Оның мәліметтері Нью-Йорк жұртының 15 пайызға жуығы кіріс негізгі кажеттерін қанағаттандыруға жетпейінше бастапқы кедейшілік жағдайында өмір сүретінін көрсетті. Табыс басқа нәрселерге жұмсалып кететін екінші деңгейден кедейшілікті қосканда халықтың 28 пайыздан астамы анық мұқтаждық немесе қайыршылық жағдайында күн көрген.
Алпысыншы жылдары (ХХ ғасыр) кедейшілік қайтадан кең зерттеле бастады. Ұлыбританияда Брайан Абель Смит пен Питер ТаунСеңц секілді авторлар былай пайымдады: Раунтри секілді зерттеушілер пайдаланған көрсеткіштер, кезінде дұрыс түзетілмеген, өйткені уақыт өте келе сатып алу қабілеті өзгеретіні ескерілмеген, сөйтіп күнкөріс қаражаты терминіне анықталған кедейшілік деген қате бағаланған. Олар сондай-ақ кедейшілікті абсолютті мәндерде емес, салыстырмалы мәнде қарастырған абзал деп санады.
Отбасы күнкөріс үшін жеткілікті қаржы табуы мүмкін. Бірақ бұл олардың жылы баспанада тұруға немесе барған сайын қажет болып отырған, үзақ пайдаланылатын теледидар немесе тоңазытқыш секілді тұтынушылық тауарлар алуға, яғни қоғамдық қызметке қатысуға немесе бос уақытын басқалар секілді қанағат алатындай өткізуге жеткілікті қаржысы бар деген сөз емес. Олар "қоғамдастықтың әдеттегі әлеуметтік өмірінен бірте-бірте шеттеп қала берді. Абель-Смит пен Таун-Сенд салыстырмалы кедейшіліктің көрсеткіші ретінде отбасының жағдайын әлеуметтік қорғау (әлеуметтік жәрдем төлемдері) дегенмен салыстырып, жұрттың 15 пайызы кедейшілікте тұратынын ашты. Таун-Сеңдтің 1978 жылы жарық көрген іргелі еңбегі секілді кейінгі зерттеулерде кедейшілік көрсеткіштері жетілдіріліп, кедейшілік пайызы айтарлықтай екені байқалды, бұл пайыз әлеуметтік жәрдем берудегі теңсіздіктің өсуіне және оның қысқартылуына байланысты арта түсті. Соңғы мәліметтер Ұлыбританияның әрбір бесінші түрғыны кедейшілікте өмір сүреді деген сөз, дегенмен бұл пікірталас тақырыбы бола алады, өйткені бұл мәліметтер іс жүзінде өнеркәсібі дамыған барлық елдерге тән.
Кедейшіліктің тікелей себептері уақыт өте келе заман циклі барысында өзгеріп отырады. Бут пен Раунтри кедейшіліктің негізгі себебі тұраксыз кіріс деп санаған болатын. Алайда Раунтри 1936 жылы жүргізген зерттеуде жұмыссыздық пен қартандық бұрын көрсетілгендермен салыстырғанда әлдеқайда елеулі себептер деп топшыланды. Таун-Сеңдтің зерттеуі жарыққа шыққан тұста кедейшіліктің негізгі тікелей себептері аз жалақы, отбасының асыраушысынан айырылуы, денсаулықтың нашар болуы. Кедейшіліктің негізгі топтары қарт адамдар, жалғыз басты ата-ана, әйелдер әртүрлі науқастар мен мүгедектер, аз жалақылы қызметкерлер мен жұмыссыздар болды.
Кедейшілік деңгейі (статистикасы): Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ІІ-ші тоқсанға кедейшілік деңгейін анықтады. Ведомство басшысы Гүлбаршын Әбдіхалықованың тиісті бұйрығы бейсенбі күні ресми басылымдарда жарияланды. «2011-ші жылдың ІІ-ші тоқсанындағы Қазақстандағы кедейшілік деңгейін ҚР статистика агенттігі өткен тоқсан үшін есептеген күнкөріс шегінің 40% деңгейі деп анықталсын», – делінген бұйрықта.
Бұл бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді және 2011-ші жылдың 1-ші сәуірінен бастап туындайтын қатынастарға таралады. ҚР статистика агенттігінің мәліметтерінше, негізгі азық-түліктің ең төменгі нормаларынан есептелген адам басына шаққандағы ең төменгі күн көріс шегі 2011-ші жылғы наурызға Т15609 болды.
Агенттік мәліметтерінше, 2011-ші жылдың наурызында күн көріс шегінің мөлшері ақпан айымен салыстырғанда 1,8%, ал 2010-шы жылғы наурызбен салыстырғанда – 22,8%-ға өсті. Оның құрамында ет пен балық сатып алуға кететін шығын үлесі 19,6%, сүт, май, тоң май, жұмыртқаға – 16,1%, жемістер мен көкөністерге – 13,4%, нан мен дарма өнімдеріне – 8,1%, қант, шәй мен дәмдеуіштерге – 2,8%.
2002 жылғы көрсеткіш бойынша елдің жұмысқа қабілетті халқының 57% кедей, олардың айлық төлемақысы төмен. Ал Қазақстанның солтүстігіне қарағанда оңтүстікте кедейшңлңк басым.Кедейшіліктің деңгейі тұрғындардың тұрып жатқан аймақтарына байланысты болып тұр. Мысалы Астана қаласында кедей азаматтардың саны республиканың өзге аймақтарына қарағанда, өте аз. Ал кедейшілік әсіресе оңтүстік өңірде басым.Нефтегаздық сектордың халық тұрмысына әсері. Қазақстан территориясында қалалар ішінде ең жоғарғы кедейшілік деңгей Атырау облысында болса, ауыл тұрғындарының арасында Маңғыстау облысының ауылдары ең жоғарғы кедейшілік деңгейін көрсетіп отыр.
Зерттеудің объектісі: Қазақстан халқының тұрмыс-жағдайы, кедейшілік деңгейі, кедейшіліктің себептері және шешу жолдары.
Зерттеудің мақсаты: Менің жағымнан, атаулы бағдарламам, қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі - кедейшілікпен күреске арналған. Халықтың өмір сүру деңгейі мен әл-аухатын арттыру жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
● қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын анықтау;
● халықтың кедейшілік деңгейіне деген көзқарасын анықтап, өмір деңгейі жайында ақпарат алу;
● Қазақстандағы кедейшілікті толығымен жою мүмкіндігін, кедейшілік себептерін бағалау;
● кедейшілік деңгейін салыстырып, шешу жолдарын қарастыру.
Зерттеу
пәні:
Зерттеудің болжамы (гипотеза):
● кедейшілік –науқастылық.
● кедейшілік себебі адамның бойындағы жеке қасиеттеріне байланысты.
● кедейшілік
себептері универсалды емес,
● Кедейшілік төмен интелектуалдық дамумен бірге жүреді, ғалымдардың айтуынша кедейшілік балалардың жаман оқуына, дамуына әсер етеді.
кедейшіліктің деңгейі тұрғындардың тұрып жатқан аймақтарына байланысты болып тұр. Мысалы Астана қаласында кедей азаматтардың саны республиканың өзге аймақтарына қарағанда, өте аз. Ал кедейшілік әсіресе оңтүстік өңірде басым.
Нефтегаздық сектордың халық тұрмысына әсері. Қазақстан территориясында қалалар ішінде ең жоғарғы кедейшілік деңгей Атырау облысында болса, ауыл тұрғындарының арасында Маңғыстау облысының ауылдары ең жоғарғы кедейшілік деңгейін көрсетіп отыр.
Шешу жолдары: кедейшілік проблемасын ішкі жалпы өнімнің көлемін арттыру, өндіріс пен технологияларда прогресті құрылымдық өзгерістер енгізу, өндірісті оңтайлы орналастыру, кәсіпкерлік белсенділікті жоғарылату және әлеуметтік бағдарламаларды орнықты қаржыландыру арқылы шешуге болады. Осы мәселені реттеу үшін, үкіметтің шикізат саласынан басқа да салаларға көңіл бөлуі керек. Кәсіподақ өкілдері жұмыссыздық мәселесі шешілсе, кедейлер санын күрт азайтуға болады деген пікірде. Ал еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова мұның жуық арада шешілуі екіталай екендігін айтып отыр.
Малин Бергреннің пікірінше, көптеген адамдардың айлық табысы ең төменгі күнкөріс шегіне жеткенімен тамағынан артылмайды. Халықаралық ұйымдардың көбісі Қазақстандағы кедейлер санын еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша есептейді. Халықаралық еңбек ұйымының сарапшысы Светлана Мисихинаның айтуынша, Қазақстанда ішкі жалпы өнім өсуінің көрсеткіштері жақсы және кедейшілік шынымен азайып келеді.
2015
жылға қарай Қазақстанда кедейшілік деңгейі
6 пайызға дейін төмендетіледі, ал жұмыссыздық
деңгейі 5,5 пайыздан аспайтын болады. Бұл
туралы бүгін Үкімет отырысында Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Гүлшара Әбдіхалықова мәлім етті.
«2015 жылға қарай жаңа бағдарлама бойынша
1,5 миллион адамды еңбекпен қамту көзделіп
отыр. Оны жүзеге асыру кедейшілік деңгейін
8,2 пайыздан 6 пайызға дейін төмендетеді,
ал жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайыздан аспайтын
болады», деді министр өз сөзінде.