Әлеуметтік қызметкердің тұлға ретінде қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 07:36, реферат

Описание работы

Әлеуметтік жұмыс адамдарға көмек көрсету және олардың мәселелерін шешумен айналысады. Сондықтан ол адамгершіліктік (гуманды) мамандықтар қатарына кіреді. Тұлғаны ауруынан жазылту мақсаты болып табылатын медицина, жеке тұлғаны қалыптастыруды мақсат ететін педагогика секілді әлеуметтік жұмыс қоғамда алдына ең үлкен құндылық етіп қоятын адамгершілік (гуманизм) қағидасының (принцип) тәжірибелік көрінісі болып табылады. Адамгершілік (гуманность) әлеуметтік қызметкердің клиентке деген қарым-қатынасын сипаттайтын моральдық сапаларын көрсетеді.

Работа содержит 1 файл

Әлеуметтік қызметкердің тұлға ретінде қалыптасуы.docx

— 20.28 Кб (Скачать)

 
Әлеуметтік қызметкердің тұлға ретінде  қалыптасуы 

Әлеуметтік  жұмыс адамдарға көмек көрсету  және олардың мәселелерін шешумен  айналысады. Сондықтан ол адамгершіліктік (гуманды) мамандықтар қатарына кіреді. Тұлғаны ауруынан жазылту мақсаты  болып табылатын медицина, жеке тұлғаны  қалыптастыруды мақсат ететін педагогика секілді әлеуметтік жұмыс қоғамда  алдына ең үлкен құндылық етіп қоятын адамгершілік (гуманизм) қағидасының (принцип) тәжірибелік көрінісі болып табылады. Адамгершілік (гуманность) әлеуметтік қызметкердің клиентке деген қарым-қатынасын  сипаттайтын моральдық сапаларын  көрсетеді.

Моральдық сапа ретінде қарастырылып отырған адамгершілік әлеуметтік жұмыстың түп-негізінен шығып келеді. Яғни, әлеуметтік жұмыстың мінездемесіне жатады.

Әлеуметтік  қызметкер өзінің клиентімен адамгершіліктік  қатынас орнатуы керек. Ол жеке әлеуметтік қызметкерге моральдық талап  ретінде қойылады. Әлеуметтік жұмыстағы  адамгершілік әр түрлі формада көрініс  табады. Оның ішінде ең белгілісі альтруизм  болып табылады.

Альтруизм – бұл өзінің мүдделерін өзге адамдардың игілігі үшін құрбан етуге дайындығын сипаттайтын, адамның моральдық сапасы. Яғни ол эгоизмге тікелей қарама-қарсы.

Альтруизмнің  қалыптасуы туралы сұрақтарының әртүрлілігіне  қарамастан, барлық философтар оның мәнін  бірдей түсінді: О.Конттың ізін жалғастыра отырып, олар өзін сүюден айырылған  іс-әрекетті сипаттады. Альтруизм тұлғаның мінез-құлығында көрінетін мінездің ерекшелігі ретінде, яғни жағымды іс-ірекетінің жиынтығы. Бұл қасиет, әсіресе, адамдарға  көмек берумен айналысатын (көмектесушілер) кәсіп иелеріне өте қажет.

Мазмұны басқа адамдардың мүдделерін қарастыра  отырып, альтруизм адамгершілікті көрсететін ең белгілі форма болып табылады. «Өзге адамдар үшін өмір сүру», - осы жалпы ережеде оның мәні өте  анық байқалады. Өзге адамдарға қатынасын  көрсете тұрып, альтруизм, кейде  абстрактты болып келеді. Сондықтан  ол күнделікті өмірдегі әртүрлі ахуалдардың  ерекшелігін есепке алмайды. Сол  арада бұл ахуалдар әр түрлі: біріншісі, мысалы, бақытсыздыққа ұшыраған адамдарға  қатынас болса, екіншісі – жеңілген жауға қатынас. Бірінші жағдайда адамгершіліктің табиғи формасы  ниет білдіру болса, ал екіншісінде  – қайырымдылық.

Басқа сөзбен айтқанда, адамгершілікті нақтырақ бейнелейтін  басқа да түрлері бар. Әлеуметтік жұмыс және басқа да көмек көрсетуші  мамандықтарда маңызды рөл ойнайтын түрлердің бірі ниеттестік (немесе жанашырлық).

Ниеттестік  деп өзгелердің жан-дүниесін ұғыну, оларға моральдық көмек беру, сонымен  қатар оларға көмек ұшын беретініне сендіруді сипаттайтын басқа  адамдарға қарым-қатынастың түрі. Ниеттестік өзге адамның орнына өзін қоюға бейім  моральдық сезім болғандықтан, ол табиғи негізге ие эгоизмді шектейді.  Шынында, ол адамдарды өзімен ұқсас  етіп қарайтын, адамның өзге адамдарға деген қатынасы. Сондықтан ниеттестік адамдар бір-бірімен тең және бір әкеден, яғни Құдайдан жаралған деп ұғынатын христиандықта мағызды рөл атқарады. Христиандық бойынша, жалпылай махаббатқа негізделген, адамдардың бір-біріне жанашырлық байланысы (немесе қайырымдылық) адамды Құдайға алып баратын жол болып саналады.

Альтруизм секілді, ниеттестік те әлеуметтік жұмыстың қажетті шарты болып есептелінеді. Егер әлеуметтік қызметкер өз клиентімен байланыста оны түсінбесе, өзі үшін де оның қызығушылықтарын бірінші деңгейлі етіп қарастыра алмайды. Керісінше  алдындағы мәселені шешуге жоғары дәрежеде күш-жігерін жұмсамайды. Басқа жағынан, бұл жағдайда клиентте сенім орнату әлеуметтік қызметкер үшін қиын болады. Олардың қызметінде тиімді көмек  көрсету тәжірибелі түрде нақты  болмайды. Сондықтан, әлеуметтік қызметкердің кәсібі альтруизмге негізделе отырып, сонымен бірге ниеттестік секілді  моральдық сапасының болуын талап  етеді деп айтуға да болады.

Кез келген басқа ғылымдар сияқты, әлеуметтік жұмыс та нақты қоғамдық шарттарда  қалыптасатын, субъект пен объектінің өзара байланысын (яғны әлеуметтік қызметкер мен клиент) ұсынады. Осы  шарт бойынша, әлеуметтік қызметкер  мен клиент оларға берілген шартты қаншалықты қанағаттандырып жатқанын анықтауға болады. Әлеуметтік қызметкер  өз аумағында білікті маман болуы  керек, сонымен қоса оның адамгершілігін бейнелейтін моральдық сапалары да болуы қажет. Ал клиентке оралатын болсақ, ол тек өзінің жеке мәселесін  шешуге шынайы ниет білдіріп қана қоймай, сонымен бірге әлеуметтік қызметкерге  сенім артуы шарт. Басқа сөзбен айтқанда, әлеуметтік қызметкер мен  клиент арасында сенімді байланыс орнауы қажет.

Ниеттестік  пен сенімділікке негізделген әлеуметтік қызметкер мен клиент арасындағы байланыс көбінесе достық қатынасқа  ұқсас. Достық сияқты, ол тұлғааралық  қатынас балып саналады. Яғни адамдар  арасындағы жеке байланыстарды қалыптастыруға бағытталған. Достық, кейде, әлеуметтік қызметкер мен клиент арасындағы байланыс тең болмаған жағдайда теңдікті орнатуды қадағалайды. Шынында, бұл  байланыс клиенттің әлеуметтік қызметкерге  емес, әлеуметтік қызметкердің клиентке көмегін бейнелейді. Әлеуметтік қызметкерге  сенім арта отырып, клиент оның мәселесін  шешуде көмек көрсететініне сенеді. Оның сенімділігі әлеуметтік жұмыстың тиімділігіне әсер етуші психиологиялық фактор балып табылады.

Әлеуметтік жұмыскердің адамгершілік санасы. Әлеуметтік қызметкердің тұлғалық сапалары қалыптасатын іргетасы оның адамгершілік сапасын құрайды. Әлеуметтік қызметкердің адамгершілік сапасы әлеуметтік қызметкердің этикалық құндылықтарымен тығыз байланысты: адамның ар-ұяты мен төзімділігі; әлеуметтік әділеттілік пен адам сүйгіштік (гуманизм); біліктілік (компетенттілік); әлеуметтік белсенділік және икемділік. Адамгершілік (әлеуметтік қызметкердің тұлғалық іргетасы) – адамның  этика заңдары мен моральға сәйкес өзгелерге жақсылық жасау, игілік алып келу мүмкіндігін сипаттайтын ішкі және рухани-интеллектуалдық сапасы. 

Әлеуметтік  қызметкердің адамгершілік сапасы адамгершілік санасымен қамсыздандырылады. Адамгершілік санасы өз қатарына мынадай құрылымдарды енгізеді: адамгершілік білімі, адамгершілік наным-сенім және адамгершілік қажеттілік. Наным-сенімнен туындайтын адамгершілік сана күнделікті әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік іс-әрекеттің этикалылығына адами-этикалық өзін-өзі бақылауын қамтамасыз етуге жол береді. Бірақ адамгершілік сана адамгершілік білім негізінде тіректенеді. Адамгершілік білім – қоғамда әрекет етуші, қоғамның адами-этикалық тірегін қамтамасыз етуші этика және адамгершілік туралы білімдер жиынтығы. Адамгершілік сана жалпы этика сияқты кәсіби этиканы да үйрену процесінде қалыптасады. Бұл күнделікті жұмыста қолданылатын қажетті этикалық ережелерді меңгеруге жол береді. Әлеуметтік жұмыскер этика, мораль туралы түсініктерді орта, жоғары білім беру мекемелері, квалификацияны жоғарылату факультеттерінде, курстарда алады. Оқу барысында болашақ маман адамгершіліктің мағынасын, оның қоғамдағы мазмұны мен әрекет етуі, орнатылған нормалардан ауытқулар болған жағдайда қолданылатын санкциялар мен шарттар туралы мәлімет алады, өзінің адамгершілік нормативтерін профессионалдық, әлеуметтік маңызы бар нормалармен салыстыра отырып, өзінің адамгершілік позициясын реттейді.  Профессионалдық дайындық курстарынан өтпеген практикалық әлеуметтік жұмыскер жұмыс орнында интуитивті өзінің практика барысында жинаған тұлғалық адамгершілік қасиеттеріне сүйенеді, көп жағдайда олар профессионалдық этика талаптарына сай болуы мүмкін, алайда, сәйкес келмеуі де мүмкін.

          Әлеуметтік жұмыскердің моральдық  нормаларды білуі, оның мінез-құлқы  абсолютті моральді екенін білдірмейді,  мораль туралы білімдерді қолдануы  да, қолданбауы да мүмкін, сондықтан  профессионалдық тәжірибелік іс-әрекетте  білімдер дербес қасиетке ие.  Осыған орай біз «екі қырлы моральді тұлғамен» кездесуіміз мүмкін, демек, тұлға адамгершілік, мораль теориясында еркін бағдар ұстайды, бірақ та тәжірибиеге келгенде сол мораль принциптерін қолдануды тиіс деп ескермейді.

        Жоғары адамгершілікті қалыптастыру  мен оның дамуы, оны тұлғаның  ажырамас қасиеті қылып ұстау  маманнан тек білімнің болуы  ғана емес, өз үстіне өмірбойылық  жұмысты талап етеді.

Ақпараттық  технологиялар ғасырында білім  игеру әлі онымен пайдалану керек  екендігін білдірмейді. Қоғамда  қос мораль, қос стандарт, қос  түп, қос келбет және сол сияқты түсініктер кеңінен таралған. Сондықтан, әлеуметтік сана құрылымында әлеуметтік наным-сенім  екінші элемент болып саналады.

        Адамгершілік  наны-сенім – әлеуметтік жұмыскердің білімдер мен тәжірибе негізінде қалыптасқан профессионалдық мораль талаптарының әділеттілігіне  сенімділігі. Егер білімді бірінші деңгей деп санайтын болсақ, онда адамгершілік наным-сенімді адамгершілік сананың екінші деңгейі десек те болады. Адамгершілік наным-сенім маман тұлғасы дамуының жоғары сатысы, себебі тұлғаға таныс моральдік нормалардың терең және жан-жақты зерттеулеріне, өмірлік және профессионалдық тәжірибеге, оларды іштей қолдау және жалғыз дұрыс және мүмкін деп тануға  негізделген. Адамгершілік ұстанымдар маманнан өз еңбегіне іс мүддесі жағынан қарауын, қоғамға әкелетін пайдасы мен міндетті пайданың қатынасын анықтауды талап етеді. Адамгершілік сенім маманның профессионалдық іс-әрекетке теориялық және практикалық әзірлігін анықтайды, әлеуметтік жұмыс практикасында өз мінез-құлығы мен қимылдарына саналы түрде қарауына негіздеме болады. Олар тұлғаның еріктік сапалары мен қоршаған ақиқатқа моральдық елеудің тұрақты формаларының қалыптасуына қатынасады.

          Алайда адамгершілік наным-сенім салыстырмалы дербестікке ие, себебі күнделікті өмірде тұлға өз наным-сеніміне қарсы келетін жағдайлар болады, өйткені өзінің сенімінен маңыздырақ себептер пайда болуы мүмкін. Осы жағдайда тұлға өзімен, наным-сенімімен араздықта болады. Осы сияқты адамгершіліктік шегіністерден адамгершілік сананың үшінші жоғары деңгейлі – этикалық іс-әрекеттегі адамгершілік қажеттілік арқылы қаша аламыз.

      Адамгершілік қажеттілік – әлеуметтік жұмыскердің саналылығының ең жоғары деңгейі. Ол профессионалдық талартарды орындау моральдық қажеттілігімен сипатталады. Профессионалдық этика талаптарын орындау адамның ішкі қажеттілігіне айналғанда, адам этикалық принциптерге сәйкес өзінің еріктік және эмоционалдық қасиеттерін ұйымдастырады, бар ынтасын этикалық жағынан қиын мәселелерді адамгершілік көзқарасынан шешуге тырысады. Нағыз маман адамгершілік қажеттіліктеріне бағына отырып, оның көзқарасы бойынша теріс болатын әрекеттерді ешқашан жасамайды. Әлеуметтік жұмыскердің тұлға ретіндегі адамгершілік қасиеті берілген еңбек ұжымында қалыптасқан моральдық мінез-құлықтын әсеріне ұшырайды, ол тек қана берілген этикалық идеалды меңгере ғана қоймай, оны ақиқи шыңдықпен, моральдық қатынастардың күнделікті тәжірибиесімен үнемі салыстырып отырады. Осы жалпылаулар профессионалдық моральдың мазмұнына әсер ете отырып, оны түзейді.

       Әлеуметтік жұмыскердің адамгершілік  дағдыларының, ұстанымдарының, қажеттіліктерінің  қалыптасуында профессионалдық  моральдің маңызы зор. Олар  практикалық іс-әрекетпен тығыз  байланысты, бірақ әрқалай шарттайды.  Ең қатаң әрі тұрақты байланыс  әлеуметтік жұмыскерде адамгершілік қажеттіліктің қалыптасуында байқалады.

       Әлеуметтік жұмыскер абстактілі  нұсқамалардың шегінен шығу жағдайы.  Осы жағдай моральдық мәселелерді  шешуде шығармашылық келісті талап етеді, соған байланысты әрдайым адамгершілік жасау, қимылдарын адамгершілік нормалары мен меңгерілген құндылықтар жүйесі арқылы реттеу теория мен практиканың анализі мен синтезінің ерекше формасы болып тиісті іс-әрекет немесе қылық уәжға әкеледі. Бұл ретте адамгершілік қажеттілік пен адамгершілік уәж әлеуметтік жұмыскерді тұлға ретінде сипаттайды. Әлеуметтік жұмыскердің іс-әрекет мотивтері оның тұлғалық қасиеттерін сипаттайды.

Сонымен, адамгершілік сананың  білім, наным-сенім, қажеттілік кезеңдері (фаза) бойынша  қалыптасуы әлеуметтік жұмыс бойынша  маманның этикалық дамыған кәсіпкер болып қалыптасуының маңызды  жолы болып саналады. Дәл осындай  мамандардың болуы клиент арқылы қоғамдағы адамгершіліктің қалыптасуына, халықтың білімділігіне және нағыз, өзаққа жететін адамгершілік құндылықтар  негізінде халықты әлеуметтік қорғау туралы заң шығарушы және нормативтік іс-қағаздардың шығарылуына себеп болады.

Әлеуметтік  жұмыс бойынша маманның этикалық санасы жылдам, жеңіл, ешқандай күшсіз қалыптаспайды. Әлеуметтік қызметкердің этикалық санасы – кәсіби іс-әрекет процесінде жетілетін және көрініс  табатын, оның әлеуметтік болмысы мен  іс-әрекетінің көрінісі. Әлеуметтік жұмыстағы  этикалық қарым-қатынас – кәсіби этикалық іс-әрекет прцесінде пайда  болатын тәуелділік пен байланыстар  жиынтығы. Олар қоғам мен дербес игіліктің әлеуметтік қызмет орнататын  «адам – орта» жүйесіндегі  өзгерістер жолымен болған жетістіктермен қорытындыланады.

 


Информация о работе Әлеуметтік қызметкердің тұлға ретінде қалыптасуы