Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 17:38, реферат

Описание работы

Әлеуметтанудың алғышарттары қоғамның өзіндік әлеуметтік үрдістері жөнінде объективті ғылыми білім алу сұранысынан белгіленеді. Әлеуметтанудың түп-тамыры жалпы өркениеттің табиғатын айқындайды. Бұл әлемдік нарықтың біртіндеп қалыптасуы, ұқсас саяси құрылымның пайда болуы мен әр түрлі мәдениет өзара байланысының қалыптасу үрдісі белгіленеді. Білім мен тұтас әлеуметтік әлемді біліп, тану қоғам жөнінде ерекше ғылымды талап етті. Әлеуметтану тарихын бірқатар кезеңдерге бөледі.

Работа содержит 1 файл

Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдері.doc

— 103.50 Кб (Скачать)

Батыс социологиясының дамуында сонымен қатар, веберлік дін әлеуметтенуы үлкен рөл ойнады. Оның пәні болып батыс еуропалық капитализмнің құрылуында протестанттық шаруашылық этиканы зерттеу болады.

Түсінетін социологияның идеяларына неміс социологы Георг Зиммельдің (1858-1918) ойлары жақын болды. Ол әлеуметтік әдістерді қолданылатын табиғат жөнінде ғылымдардың, қоғам жөнінде ғылымдардың ерекшелігін айғақтады. Әлеуметтік ғылымдардың методологиясы ретінде Зиммель таным пәнін зерттеуде түсініспеушілікті, яғни «сезімталдықты» бекітті.

ХХ ғасыр басында Батыс Еуропа мен АҚШ-та социологияның дамуы эмпирикалық социологияның күрт өсуімен ерекшеленді. Бұл дегеніміз – арнаулы әдістерді қолданумен өмірдің нақты факторларын жинау мен анализіне бағытталған әлеуметтік зерттеулер жиынтығы. Бұл үрдіс, ең алдымен, қоғамның тез және қарама-қайшы әлеуметтік-экономикалық дамуының шарттарымен белгіленеді, әсіресе, американдық. Эмпирикалық социологияның тарихи көздері ХІХ ғасырдың ерте эмпирикалық зерттеулерінде жатыр, әлеуметтік статистика мен әлеуметтік гигиенаның мағлұматтары мен әдістерінде белгіленеді. Статистиканың А.Кетле, Ч.Бут, А.Левенштайн сияқты ғалымдары бұл зертеулерді эмпирикалық әлеуметтанудың арсеналына кейін кірген әдістерді пайдалану арқылы өткізді. Бұл әдістерге: құжаттар анализі, анкеталық сұрау, енгізілген бақылау.

Қазіргі заманда эмпирикалық әлеуметтану ғылыми білім саласында сандық өзгерістермен байланысты болды. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында алғаш рет АҚШ-та құрылып, бірте-бірте басқа елдерге кең тарады. Әлеуметтанушылар эмпириктер кәсіпті әрекеттің жаңа түрін қалыптастырды. Бұл эмпирикалық әлеуметтану саласынан социологиялық қағидаларды ығыстырудың басталуына әкелді. Осы уақытта социологиялық қағидалық ойдың карқында даму кезеңі өтті. Дәл осы кезеңде әлеуметтануда теориялық және эмпирикалық зерттеудің деңгейлері –макро және микроәлеуметтану арасында қарама-қайшылық туындады.

1918-1920 ж.ж. жарық көрген Ф.Знанецкий мен У.Томастың «Польский крестьянин в Европе и Америке» деген еңбегі әлеуметтануда эмпирикалық әдістердің дамуы мен бекітілуінде үлкен рөл атқарды. Дәл осы жолы алғаш рет жеке бас құжаттар анализінің әдісі өңделген және негізделген. Осы әдісте белгілі бір қиындықты шешу үшін адамның әлеуметтік оқиғаларға қатысын көрсететін материалдарды жинайды және жалпылайды. Осы құжаттар негізінде, әр түрлі әлеуметтік топтар сипатталады, топта болатын белгілі әлеуметтік-психологиялық үрдістер ойластырылады.

Мәдени құндылықтар мен жеке тұлғалар арасындағы қатынасты, жеке тұлғалардың әлеуметтік жағдайларға бейімделу үрдісі мен механизмін білу үшін, Знанецкий мен Томас АҚШ-қа кеткен және Отанында қалған жанұялардың арасындағы корреспонденцияны және эмигранттардың өмірбаянын талдады.

Фунционализм  тарихының маңызды кезеңіне американдық нұсқауы (П. Парсонс, Р.Мертон және т.б.) айналды, олар әдістемені дамытып, әлеуметтанудың барлық бөлімдеріне таратты.

Американ социологы  Роберт Мертон (т.ж. 1910) құрылымдық функционализм теориясы мен әдістемесінің құрастыруына елеулі үлес қосты.

Құрылымдық тәсіл негізінде күрделі объект (қоғам және оның жағдайы, әлеуметтік институт немесе үрдіс) оның құрамына кіретін бірліктердің аналитикалық есептеуін жүргізеді. Шығарылған статистикалық жағдай әлеуметтік өзгеріс үрдісінің анализі үшін бастама бол алады.

Қоғамды көптеген элементтерден тұратын күрделі, статистикалық жүйе ретінде қарастыратын құрылымдық тәсілден ерекше функциональді тәсілді біртұтас және тәсіл тұлғалардың функциональді тәртіптері, әр түрлі деңгейдегі ұйымдар мен жүйелер жөніндегі көріністерге негізделеді. Функционализм бойынша қоғам өзара тығыз байланыста болатын компоненттерден тұрады.

Мертон бойынша, функция деп берілген жүйенің реттелуі мен оның ортаға бейімделуіне қызмет ететін бақылауларды есептеу керек, ал дисфункция кері үрдіс.

Осы құрастырулар негізінде, ол өзінің атақты «орташа деңгей» идеясын қалыптастырды, ол кіші жұмыс гипотезалары мен кең теоретикалық спекуляциялар арасындағы делдалдық рөлін атқарды. Социологиялық зерттеудің қағидалық және эмпирикалық деңгейлерін байланыстырып, оның «таза» эмпиризм тенденциясына қарама-қайшылығын айқындады.

Американ әлеуметтанушы-теоретигі (1902-1979) Толкотт Парсонс американдық әлеуметтанудың және жалпы әлеуметтанудың дамуына тигізген еңбегі зор болды.

Әлеуметтанудағы іс-әрекет қағида мен құрылымдық-функциональдылық мектептің негізін қалаушысы Парсонс, адам шындығын оның барлық ерекшелігінде толығымен қамтитын, жалпы аналитикалық логико-дедуктивті жалпы қағидалық жүйені құруға тырысты. Нәтижесінде Парсонс құрамына мәдени, әлеуметтік, органикалық және жеке басты жүйелерді кіргізетін, өзара айырбас қатынасына түсетін іс-әрекет жүйесінің комплексті қалыптасқан моделін құрды. Осы модельді құру үшін, Парсонс ортамен қатынасты жүзеге асыруда белгілі бір мүмкіндіктерге ие болған іс-әрекет субъектісінің құрылымын қарастырған. Әлеуметтік іс-әрекеттердің құрылымы әрекет етуші адамнан, белгілі бір жағдайдан, шарттан тұрады.

Парсонстың бүкіл әлеуметтік іс-әрекеттердің жүйесі қоғамның жүйе құрылысы негізінде негізделеді, бұл әр жүйенің 4 негізгі қызмет атқаруын білдіреді (икемдеу, мақсатқа жету, бірігу және үлгілерге сай келу).

Индустриялды  социология – АҚШ-тағы әлеуметтік ғылымдардың қолданбалы саласы. Оның өкілдері өнеркәсіптегі адамдардың еңбек қатынастарын зерттеумен және өңдірістің тиімділігін арттыру үшін ұсынылған тәжірибелік ұсыныстарды өңдеумен айналысады. Индустриялды социологияның теориялық – әдістемелік негізінің қызметін тейлоризм Э. Мейо, Д. Макгрегор және т.б. концепциялары құрайды.

Индустриялды  социология шеңберінде өткізілетін, белгілі социологиялық зерттеулер, тек жеке жұмыс орнында ғана емес, басқарудың бүкіл жүйесі – менеджментке де қатысты.

Американ социологы  және психологы Элтон Мейо (1880-1949) американдық индустриалды социологияның және «адамгершілік қатынастар» доктринасының негізін қалаушылардың бірі.

Мейонның теориялық концепциясының негізіне келесі принциптер жатыр:

1) адам «әлеуметтік жануар» ретінде, топтық тәртіптің контекстіне енгізілуін мен бағытталуын белгілейді;

2) бағынудың қатал иерархиясы мен бюрократтық ұйыдастыруы адам табиғаты мен оның бостандығымен сай келмейді;

3) өнеркәсіп жетекшілері өнімдерге емес, көбінесе адамдарға бағытталуы керек.

Мейо бойынша, бұл принциптер қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын мен индивидтердің өз жұмыстарына қанағаттануын қамтамасыз етуі керек.

Питирим Александрович Сорокиннің (1889-1968) өмірі ерекше өтті. Дарынды ғалым сол кезде Ресейде тұрып-ақ эсерлер партиясының өкілі ретінде саяси күреске көп күш-жігер жұмсады. 1922 жылы ол Ресейден қуылып, АҚШ-та орнықты. Өзінің концепциясының негізгі бөлігін Ресейде жасады да, АҚШ-та өңдеп шығарды.

Сорокин АҚШ-тағы эмпирикалық тенденцияны сынға алып, мәдениет кең түсінігінің барлық социологиялық аспектілерін қамтитын «интегралды әлеуметтану» жөніндегі оқытуларын дамытты. Өз дүниетанымының басынан оған гуманитарлық білімді өз уақытындағы тұтас, унифициалды жүйемен байланыстыру талпынысы тән болды.

Социомәдениет жүйесі динамикасының маңызды факторы әрқайсысы меншікті көзқарасы бар доминантты мәдениетті жүйенің құлдырауы болды. Сорокин олардың ішінен келесілерді белгілейді:

1) «сезімді»  супержүйе (шындық белгілі сезімдер негізінде қабылданады);

2) «ойша» (шындық интуиция көмегімен танылады);

3) «идеалистік» (екі алдыңғының комбинациясы ретінде қарастырылады).

Батыс әлеуметтануында, Сорокинның ерте кезде-ақ айналыса бастаған әлеуметтік мобильділік пен стратификация концепциясы мен эмпирикалық зерттеулері өте жоғары бағаланады. Әлеуметтік мобильділік – қоғамның тарихтан тыс, қалыпты жағдайы және өзіне тек индивид пен топтардың жылжуын ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік объектілердің, яғни адам әрекеті негізінде құрылған және жетілдірілгендердің бәрі, бір әлеуметтік жағдайдан екіншісіне өту үрдісінде пайда болатын. Тігінен жүргізілетін мобильность қоғам стратификациясының бірдей деңгейдегі әлеуметтік топтардың бірінен екнішісіне өтуін көрсетеді. Көлденең мобильділік қоғамдық стратификацияның бір деңгейінде орналасқан, индивидтердің бір әлеуметтік топтан екіншіге өтуін айқындайды. Көлденен мобильділік (кәсіптік, саяси және экономикалық) –индивидтің бір сатыдан екінші сатыға жылжуын белгілейді, оның екі түрі ажыратылады: өсуші және кемуші, яғни әлеуметтік өсу мен әлеуметтік кему. Мобильді қозғалыстың субъектісіне тек тұлғаны ғана емес, әлеуметтік топты да жатқызуға болады.

Қазіргі батыс әлеуметтануының қазіргі социологиялық жағдайын түсіну және оның даму перспективасын айқындау үшін парадигма түсінігі қолданылады. «Парадигма» түсінігі белгілі уақыт барысында ғылыми қауымдастыққа мәселелерді айқындау мен оларды шешуде моделін ұсынады және бәрімен танылған ғылыми жетістіктерді білдіреді. Барлық ғылымдардың дамуы бұрынғы парадигмалардың жаңалармен алмастырудың революциялық үрдісін белгілейді.

Американ зерттеушісі  Джордж Ритцер қазіргі батыс әлеуметтанудың үш негізгі парадигмасын белгілейді:

Құрамына құрылымдық функционализм мен әлеуметтік шиеленістердің концепциялары кіретін фактуалистік парадигма.

Дефиционистік парадигманы, оған символикалық интеракционизм, феноменологиялық социология, этнометодология.

Бихевиоризмнің әлеуметтік парадигмасын (әлеуметтік айырбас концепциясы және бихевиористік социология).

Бірінші парадигма («әлеуметтік фактілердің» парадигмасы) әлеуметтік шындықты әлеуметтік фактілердің екі тобына – әлеуметтік құрылымдарына және әлеуметтік институттарға түйістіреді.

Екінші парадигма –  «әлеуметтік дифференциялардың» парадигмасы – әлеуметтік фактілерді оқуға емес, оларды анықтайтын тәсілдерді оқуға негізделген. Зерттеу объектісі болып ішкі және субъектаралық және әрекет нәтижесі ретінде болып табылады. .

Үшінші парадигма – «әлеуметтік тәртіп» парадигмасы. Әлеуметтік бихевиористер ойынша, алғашқы екі парадигмалар метафизикалық болып келеді. Өйткені олар жалғыз әлеуметтік шындықты көрсететін адам тәртібін байқамайды.

Екі кезеңнің келесі парадигмастикалық ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады. Марксті, Дюркгеймді, Веберді және т.б. біріктірген классикалық социологиялық көзқарас, ол «экономикалық адам» түсінігіне, яғни еңбек адамына және тұтынушы адамға негізделген. Қазіргі батыстық социологиялық ойлау «ақпаратты адамды», «постиндустриялық қоғамды», яғни еңбек пен тұтыну құныдылықтары орнына, басты мәдениет құндылықтары болған адамдарды оқуға негізделген.

Қазіргі теоретикалық жағдайдың ішіндегі бағыттарына келесі социологиялық бағыттарды жатқызуға болады: неомарксизм (Т. Адорно, Г.Маркузс, Ю.Хабермас), әлеуметтік қайшылықтардың теориялары (Т.Дарендорф, Я.Озер және т.б.), символикалық интеракционизм (Джордж Мид), этнометодологияны (Г.Гарфинкель), постмодернизм (Э.Гидденс және т.б.


Информация о работе Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдері