Әлеуметтік камсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 09:49, реферат

Описание работы

Бұл кай орган және қандай мәселелер бойынша оларды қабылдағанына қарай ажыратылатын нормативтік құқықтық актілер. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түсінігі тура мағынада әлеуметтік қамсыздандыру құқығының нормаларына бастау беретін-әлеуметтік қамсыздандыру туралы құқықтық нормалардың мазмұнын анықтайтын қасиетті білдіреді, сол себепті әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерін әлеуметтік қамсыздандыру құқығының нормаларынан тұратын, кұзыретті органдардың жазбаша актілері ретінде сипаттауға болады.

Работа содержит 1 файл

__ЛЕУМЕТТ-К __АМСЫЗДАНДЫРУ.doc

— 66.00 Кб (Скачать)

ӘЛЕУМЕТТІК  ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ

Әлеуметтік камсыздандыру құқығының қайнар

көздерінің түсінігі

Бұл кай орган және қандай мәселелер бойынша оларды қабылдағанына қарай ажыратылатын нормативтік құқықтық актілер. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түсінігі тура мағынада әлеуметтік қамсыздандыру құқығының нормаларына бастау беретін-әлеуметтік қамсыздандыру туралы құқықтық нормалардың мазмұнын анықтайтын қасиетті білдіреді, сол себепті әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерін әлеуметтік қамсыздандыру құқығының нормаларынан тұратын, кұзыретті органдардың жазбаша актілері ретінде сипаттауға болады.

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі бұл нормаларды, жүріс-тұрыс ережелерін мемлекеттің арнайы органдары анықтайды. Яғни, әлеуметтік қамсыздандыру құқығы кайнар көздерінің түсінігі мемлекеттің уәкілетті органдарының құқықты қалыптастыруға, оған заңдар, жарлықтар, қаулылар және өзге де нормативтік құқықтық актілер нысанын беруге байланысты тікелей қызметімен байланысты. Бұл жерде біз құқық қайнар көздері түсінігінің формальды немесе заңды мағынасын байқаймыз.

Сонымен, әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері ретінде мемлекеттің кұзыретті органдарының зейнетақы және өзге де қоғамдык қатынастарды реттеу саласындағы құқық шығармашылық қызметінің нәтижелерін түсінуге болады. Басқаша айтар болсақ, әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері - бұл әлеуметтік қамсыздандыруды реттейтін нормативтік құқықттық актілер.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері осы саланың нормаларынан тұрады, оларды осы нормаларды қолдану актісімен шатастыруға болмайды. Мысалы, ҚР «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы еңбекке жарамсыз азаматтарды зейнетақылармен немесе жәрдемақылармен қамтамасыз ету туралы нормалардан тұратын құқық кайнар көзі болып табылады, ал ұйым басшысының қызметкерді зейнетке шығуына байланысты жұмыстан босату туралы бұйрығы құқық қолдану актісі болып табылады.

Әлеуметтік  қамсыздандыру құқығының барлық қайнар көздері өз жиынтығында қайнар көздер жүйесін құрайды, мұнда олар өз мәні, бағыныстылығы бойынша ҚР Конституциясынан бастап, республиканың өзге де заңға сәйкес актілеріне (ҚР Президентінің жарлыктары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қаулылары және өзге де министрліктер мен ведомстволардың нормативтік бұйрыктары) дейін белгілі бір кезектілікте орналаскан.

 

 

 

Әлеуметтік камсыздандыру құқығы қайнар көздерінің түрлері

 

Нормативтік құқықтық актілер  негізгі және туынды болып бөлінеді.

Еңбек заңнамасы саласындағы  негізгі нормативтік құқықтық актілерге ҚР Конституциясы, конституциялық заңдар, еңбек туралы жекелеген заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлыктары, ҚР Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соттың каулылары, министрліктердің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары, еңбек мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттердің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары, мәслихаттар мен әкімдердің еңбекті ұйымдастырудьң жергілкті мәселелері жөніндегі нормативтік шешімдері жатады.

Еңбек заңнамасы саласындағы туынды нормативтік құқықтық актілерге әртүрлі ережелер, нұсқаулар, ұсыныстар және т.б. жатады. Туынды актілер негізгі нормативтік құқықтық актілердің негізінде қабылданады және олармен бірге біртұтас жүйені кұрайды.

ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңының 4-бабына сәйкес, Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтік-құқықтық актілердің заң күшінің арақатынасы мынадай төмендей беретін деңгейлерге сәйкес болады:

Қазакстандық  құқықтың, соның ішінде, еңбек құқығының кайнар көздерінің арасында ерекше орынды Қазақстан Республикасының Конституциясы иеленген. Конституцияның ең жоғары зандық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Қазакстан Республикасында қабылданатын заңдар мен өзге де құқыктық актілер ҚР Конституциясына қайшы келмеуі тиіс.

Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы саясаты  адамның жақсы өмірі мен еркін  дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар  жасауға бағытталған саясатқа ие әлеуметтік мемлекет больш табылады.

Қазақстан Республикасында адамдардың еңбегі мен денсаулығы қор-ғалады, отбасың, балаларды және аналарды, мүгедектерді және қарт адамдарды мемлекеттік қолдау қамтамасыз етіледі, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі дамып жатыр, мемлекеттік зейнетақылар, жәрдемақылар және әлеуметтік қорғаудың өзге де кепілдіктері белгіленеді. Соған қоса, азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтары ҚР Конституциясының жекелеген баптарында белгіленген (28, 29, 30-баптары). Конституцияның жоғары заңды күші мынадай көрініс табады.

1) Конституция  зандар мен заңға сәйкес актілерге қарағанда артық-шылық рөлге ие;

2) Конституция тиісті мемлекеттік органдардың зандар мен заңға сәйкес актілерді қабылдау тәртібін белгілейді.

Басқаша айтар  болсақ, конституциялық нормалар заңдар мен өзге де нормативтік құқыктық актілерді қабылдау үшін қайнар көз болып табылады.                    

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы ағымдағы заңнама үшін негізгі база, құқыктың басты қайнар көзі болып табылады. Ол жалпы құқық, соның ішінде, еңбек құқығының қайнар көздеріне қатысты бірқатар жаңа ережелер бекітті.

Конституциялық  нормалардың мазмұны еңбек туралы заңдарда және заңға сәйкес актілерде  сипатталады.

Әлеуметтік  қамсыздандыру туралы заңдар жүйесінде заң шығарушы актілердің маңызы ерекше. ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік кұкықтық актілер туралы» заңына сәйкес заң шығарушы актілерге мыналар жатады:

• ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар;

• констиуциялық зандар; ҚР Президентінің конституциялық заң күшіне ие жарлықтары;

• Қазақстан Республикасының кодекстері; заңдар; ҚР Президентінің заң күшіне ие жарлықтары;

• Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары;

• ҚР Парламентінің нормативтік қаулылары;

• министрлердің нормативтік бұйрықтары; нормативтік қаулылары; орталық мемлекеттік органдардың нормативтік бұйрықтары және қаулылары;

• мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері.

Төменгі деңгейде тұрған нормативтік актілердің ешбірі жоғары дең-гейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы болмауы тиіс.

ҚР Конституциялық Кеңесінің, ҚР Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық сайлау комиссиясының  нормативтік қаулылары жоғарыдағы иерархиядан тыс тұрады.

Заңның өзге заңға сәйкес актілерге қарағанда жоғары күші болады. Бұл заңдылық қағидасының мәнінен де байқалады. Заңдар еңбекті пайдалану саласындағы барлық маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді, жұмыс берушілер мен азаматтардың еңбек қабілеттігі мәселелері жөніндегі негізгі қағидалар мен нормаларды бекітеді, еңбек жағдайы, әлеуметтік қорғау, еңбекті қорғау сияқты маңызды мәселелерді анықтайды. Бұдан өзге қатынастардың барлығы заңға сәйкес актілермен реттеледі.

 

Әлеуметтік  қамсыздандыру құқығы қайнар көздерінің жүйесі

 

Әлеуметтік  қамсыздандыру құқығы қайнар көздері өз жүйесіне ие, ол әлеуметтік қамсыздандыру құқығының барлық заңдарының біртұтас кешенде орналасу құрамын, өзара байланысын және кезектілігін білдіреді.

Әлеуметтік  қамсыздандыру құқығының қайнар көздерін былайша түрлерге бөлуге болады:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (28,29,30-баптары);

2. Халықаралық-құқықтық актілер - халықаралық конвенциялар, дек-ларациялар, ТМД елдерінің арасындағы келісімдер;

3. Қазақстан Республикасының заңдары:

- ҚР «ҚР еңбек туралы» заңы;

-  ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы;            

- ҚР «ҚР-дағы қаржы полициясының органдары туралы» заңы;

- ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңы;

- ҚР «Отбасылық типтегі балалар ауылдары және жастар үйлері туралы» заңы;     

- ҚР «Өмір сүру деңгейінің төменгі мөлшері туралы» заңы;

- ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы;

- ҚР «ҚР-дағы арнайы мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңы;

- ҚР «Әлеуметтік кепілдіктерді реттеуге қатысты шаралар туралы» заңы;

- ҚР «Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» заңы;

-  ҚР «Әскери қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» заңы;

- ҚР «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заңы;

- ҚР «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық полигондардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік корғау туралы» заңы;

- ҚР «Арал теңізіндегі экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңы және т.б.

4.  заңға сәйкес актілер (ҚР Президентінің жарлыктары және ҚР Үкіметінің қаулылары);

5. ведомстволық актілер (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің актілері және т.б.);

6. жергілікті өзін-өзі басқару органдарының актілері (мысалы, Алматы қаласының);

7. локальдық актілер (келісімдер, ұжымдық шарттар). Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының маңызды қайнар көздері болып Қазақстан Республикасының заңдары табылады.

ҚР Конституциясына  және ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңына сәйкес заңдардың келесі түрлерін атап өтуге болады:

А) ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар. Олар ҚР Конституциясында (62-б. 3-т.) белгіленген тәртіппен қабылданады. Мысалы: мемлекеттік қызметшілердің жасына қойылатын талапты жойған ҚР 1998 жылғы 7 қазандағы «ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы (ЗЗ-б. 4-т.);

Ә) ҚР конституциялық заңдары. Конституциялық заң ретінде ҚР Конституциясында осылай танылған және Конституцияда белгіленген тәртіпте қабылданған заң танылады. Мысалы, ҚР 1991 жылғы 16 қазандағы «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңы;

Б) жай заңдар. Мысалы, ҚР «ҚР халқын жұмыспен қамту туралы» заңы, ҚР «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы, ҚР «Қазакстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңы және т.б.

Әлеуметтік  қамсыздандыру құқығының қайнар көздеріне әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңға сәйкес актілер де жатады.

Заңға сәйкес актілерге заң шығарушы болып табылмайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер жатады. Бұл - ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары, ҚР Парламентінің және Үкіметінің нормативтік қаулылары, министрлердің нормативтік бұйрықтары, мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері.

Заңға сәйкес нормативтік актілер 2-і белгімен сипатталады:

1) заңға сәйкес нормативтік актілер заңдарға қайшы келмеуі және шегінен шықпауы тиіс;

2) олар заңдарды орындауды ұйымдастыруға бағытталған.

ҚР Конституциясына сәйкес (62-бабы), Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды. Республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді. Республиканың зандары, Парламент пен оның Палаталарының қаулылары Конституцияға қайшы келмеуге тиіс. Парламент пен оның Палаталарының қаулылары заңдарға қайшы келмеуі тиіс.

Заңға сәйкес актілердің ішінен ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары жоғары заңды күшке ие. Олар ҚР Парламенті мен оның Пала-таларының құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша қабылданады. Мысалы, ҚР Президентінің 1990 жылғы 29 мамырдағы «Мемлекеттік және еңбек тәртібін нығайту бойынша шұғыл шаралар туралы» жарлығы.

Еңбек туралы нормативтік құқықтық актілердің басым көпшілігін Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары құрайды. Олар жалпы мемлекеттік сипатқа ие. ҚР Конституциясына (69-бабы) сәйкес Үкімет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулы, ал Премьерминистр өкімдер шығарады. Бұл актілер бүкіл республика аумағында міндетті сипатқа ие.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерінің жүйесінде ҚР «Қазакстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы аса маңызды орынға ие. Бұл акт әлеуметтік камсыздандыру

 

 

 


Информация о работе Әлеуметтік камсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түсінігі