Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 16:32, реферат
Адамдардың әлеуметтік өзара байланыстары мен қарым-қатынастары мінез-құлықтың жалпы ережелері мен қоғамдық мүддеге және жеке адамдардың мүддесіне қол жеткізудің қалыптасқан, рұқсат етілген тәсілдерінің негізінде құрылады. Ең алғашқы институттардың бірі жыныстық қатынастарды, қандас туыстар мен тайпаластар арасындағы қолдау көрсету мен өзара көмектесуді реттеген, мәдени сабақтастықты, әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беру нормаларын баянды еткен отбасы және неке институты болып табылады.
Әлеуметтік институттар
Адамдардың әлеуметтік өзара байланыстары
мен қарым-қатынастары мінез-
Социологтар “институт” ұғымын
құқықтанушылардан бай
Ағылшын социологі Г.Спенсер “әлеуметтік институт” терминін алғаш ұсынған адам. Кез келген мекеме (әлеуметтік институт) әлеуметтік әрекеттердің орнықты құрылымы ретінде қалыптасады [38]. Ол институттар қоғам өмірін реттеу мен жайластыру және адамдардың мінез-құлқына ықпал ету ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен. Ол әлеуметтік институттардың алты түрін сипаттап, талдаған: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, әдет-ғұрыптық, шіркеулік, үй.
Латын тілінен іnstіtutum - орнату, жайластыру деп тәржімаланады. “Институция” термині орнату, қоғамда қалыптасқан әдет-ғұрып, тәртіп дегенді білдіреді. “Институт” ұғымы әдет-ғұрыптар мен тәртіптердің заң немесе мекеме түрінде бекітілуін білдіреді. Әлеуметтік институт әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін қоғамдық байланыстар мен қатынастардың кез келген тәртіптелуі, ресмиленуі дегенді білдіреді.
Әлеуметтік құрылғы ретінде институт адам қызметінің әр түрлі салаларын реттейтін ресми және бейресми ережелердің, принциптердің, нормалардың, ұстанымдардың орнықты кешенін білдіреді. Олардың негізінде топтар мен адамдардың қарым-қатынас жасау жүйесіндегі орнын, функцияларын, мінез-құлқын анықтайтын әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер жүйесі ұйымдастырылады.
Әлеуметтік институттың жеке адамнан гөрі жоғары сипаты, өзіндік аса қатаң құрылымы бар, жүйелілік сапасы болады. Құндылықтар, үлгілер және нормалар жүйе ретінде жеке адамдардың қандай да бір әлеуметтік қауымдастық шеңберіндегі міндетті мінез-құлықтарын реттеп отырады.
Әлеуметтік институттар-жеке адамдар мен топтардың әрекет ету тәсілдерінің жүйесін, әлеуметтік бақылау құралдары мен топтардың әрекетін, қоғам мүшелерінің әлеуметтік өмірін реттеп, қамтамасыз ететін жүйесін білдіреді.
Мазмұны жағынан әлеуметтік
институттар-бұл жеке
Әлеуметтік институттарды
шешілетін жаттығуларына
Саяси институттар-билікке
күресумен оны іске асырумен,
бөлумен айналысатын мекемелер.
Көптеген халықтар әлеуметтік
институттар арқылы жоғарғы
а) құралған әлеуметтік
б) Институализденген
Мазмұны жағынан әлеуметтік
институттар-бұл жеке
Әлеуметтік институттарды
шешілетін жаттығуларына
Саяси институттар-билікке
күресумен оны іске асырумен,
бөлумен айналысатын мекемелер.
Социологияның негізін
салушы О.Конт қоғамды зерттеу
үшін, алдымен, отбасына көңіл
бөлу керек деп есептеді.Ол
қоғамды индивид бағыну мен
басқаруға үйренетін кішкене
қоғам деп есептеді. Отбасы, О.Конттың
пікірінше, оның үлгісі
Әлеуметтік институт деп көбінесе адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан орнықты нысандарын айтады. Институттардың негізігі мақсаты - жеке адамдардың, топтардың және жалпы қоғамның іргелі қажеттіліктерін қанағаттандыру. Олардың сәтті қызмет атқаруы адамдар қауымдастығының өмірін сақтауға мүмкіндік береді, оларды топтар мен қоғамға біріктіреді, олардың өмірін тұрақты етеді. Дәл осы әлеуметтік институттар ұйымдардағы бірлескен корпоративтік қызметті үйлестіреді, әлеуметтік қатынастар сипатын анықтайды және оларды сақтап отырады.
Әрбір институт:
- белгілі бір қызмет аясын;
- белгіленген құқықтар мен міндеттер негізінде қоғамдық, ұйымдық немесе басқару функцияларын орындауға өкілетті адамдар тобын;
- ресми тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың ұйымдық нормалары мен принциптерін;
- қойылған міндеттерді шешуге қажетті материалдық құралдарды (қоғамдық ғимараттар, құрал-жабдықтар және т.б.) қамтиды.
Мысалы, әділет органдары (юстиция) әлеуметтік институт ретінде құқықтық қатынастар мен оларды реттеу саласын білдіреді. Оған жататындар белгілі бір адамдар тобы (прокурорлар, соттар, адвокаттар); қабылданған ресми заңдар мен басқа да заңнамалық актілер, сондай-ақ құқықтық өкілетті тұлғалардың мінез-құлықтарының бейресми стандартталған үлгілері (соттың, прокурордың, адвокаттың және т.б. рөлдері); мекемелер (прокуратуралар, соттар, тұтқындау орындары және т.б.) және әділетті қаржыландыруға арналған ел бюджетінен бөлінетін қаражат.
Қоғамдық байланыстар мен қарым-қатынастарды тәртіпке келтіру, ресмилендіру және стандарттау процесі институционалдандыру деп аталады. Қоғамның белгілі бір байланыстардың әлеуметтік ұйымдастыруға қажеттілігін ұғынуы барысында сол қажеттілікті қанағаттандыра алатын әлеуметтік нормалар, ережелер, мәртебелер мен рөлдер бекиді. Әлеуметтік институттың қызмет атқаруына жәрдемдесетін жалпы мақсаттар, топтар және ұйымдар қалыптасады, институттың барлық мүшелерін қамтитын нормалар мен санкцияларды қолдану ресімдері, мәртебелер мен рөлдер жүйелері құрылады.
Неғұрлым маңызды
- бала туу, өсуі (отбасы және неке институты);
- қауіпсіздік және әлеуметтік тәртіп (саяси институттар, мемлекет);
- тұрмыстық құрал-жабдықтар өндіру (экономикалық институттар, өндіріс);
- білімді беру, өскелең ұрпақты әлеуметтендіру, кадрлар даярлау (білім беру, ғылыми және мәдени институттар);
- рухани мәселелер, тіршілік мағынасын шешетін қажеттіліктер (дін институты).
Әрбір институттың қанағаттандыратын қажеттіліктеріне тәуелді ерекше қасиеттері бар. Бұл ұстанымдар мен мінез-құлық үлгілері; символикалық мәдени белгілер; утилитарлық мәдени белгілер; ауызша және жазбаша кодекс; идеология. Бұл институционалдық белгілер әлеуметтік қатынастарды реттеудің негізгі механизмдерін шоғырландырған: нормативтік элементтер, түсініктер, үлгілер, санкциялар, мәдени бейнелер, қоғамдық идеялар арқылы (1-кестені қараңыз). Барлық институттар бірдей белгілердің толық жинақталымына ие бола бермейді, бұл олардың жеткілікті дами қоймағанын немесе төмендегенін көрсетеді.
1-кесте
Қоғамның басты институттарының белгілері [40]
Отбасы |
Мемлекет |
Бизнес |
Білім беру |
Дін |
1. Ұстанымдар мен мінез-құқық үлгілері | ||||
Үйреністік Түзу ниет Жауапкершілік Құрмет |
Құлақ асу Түзу ниет Субординация |
Өнімділік Үнемділік Табыс алу |
Білімге деген құштарлық Сабаққа қатысу |
Қошеметтеушілік Түзу ниет Табыну |
2. Символикалық мәдени белгілер | ||||
Неке жүзігі Некелік ритуал |
Ту Мөр Герб Ұлттық гимн |
Фабрика маркасы Патент белгісі |
Мектеп эмблемасы Мектеп әндері |
Крест Иконалар Әулиелер Гимн |
3. Утилитарлық мәдени белгілер | ||||
Үй Пәтер Жиһаз |
Қоғамдық ғимараттар Қоғамдық жұмыстар Бланктер мен нысандар |
Дүкен, фабрика Жабдық Бланктер мен нысандар |
Сыныптар Кітапханалар Стадиондар |
Шіркеу ғимараттары Шіркеу реквизиті Әдебиет |
4. Ауызша және жазбаша кодекс | ||||
Отбасылық тыйымдар мен рұқсаттар |
Конституция Заңдар |
Келісім-шарттар Лицензиялар |
Оқушылар ережелері |
Сенім Шіркеу тыйымдары |
5. Идеология | ||||
Романтикалық махаббат Сыйысушылық Дарашылдық |
Мемлекеттік құқық Демократия Ұлтшылдық |
Монополиялар Еркін сауда Еңбек ету құқығы |
Академиялық бостандық Прогрессивтік білім беру Оқытудағы теңдік |
Православие Баптизм Протестантизм |
Осылайша әлеуметтік институттар маңызды қоғамдық құндылықтар мен әлеуметтік байланыстардың орнықты нысандары арқылы әлеуметтік құрылымдар мен қоғамдағы тәртіпті ұстап тұрады. Оларды қоғам мүшелері орындайтын әлеуметтік құндылықтар, нормалар және мінез-құлық үлгілері беретін өздерінің әлеуметтік рөлдері негізінде мақсатқа бірлесе қол жеткізуді қамтамасыз ететін белгілі бір әлеуметтік маңызды функцияларды орындайтын адамдардың ұйымдасқан бірлестіктері ретінде алып қарауға болады .
Әр түрлі бағыттағы социологтар қоғамдағы әлеуметтік институттардың реттелген жүйесін беруге тырысқан.
Социологиядағы
Экономикалық институттар (меншік, алмасу, ақша, банктер, шаруашылық ұйымдар) қоғамдық байлық өндірісін және бөлінісін қамтамасыз етеді, экономикалық өмірді басқа әлеуметтік салалармен біріктіреді. Саяси институттар (мемлекет, партия, қоғамдық ұйымдар, кәсіподақтар) саяси биліктің белгілі бір нысандарын орнатуға және ұстап тұруға бағытталған. Әлеуметтік мәдени және тәрбие институттары мәдени және әлеуметтік құндылықтарды ұдайы өндіруді, жеке адамдардың әлеуметтік мәдени стандарттарды меңгеруін қамтамасыз етеді. Нормативтік-бағдарлаушы институттар жеке адамдардың мінез-құлқын моральдік нормативтер негізінде реттейді. Нормативтік-санкциялаушы институттар жеке адамдар мен топтардың белгілі бір мінез-құлқын заң актілерінде бекітілген нормалар, ережелер мен санкциялар негізінде алдын ала ұйғарып отырады. Рәсімдік-символикалық және жағдайлық-конвенционалдық институттар топтық және топаралық мінез-құлықтың әр алуан актілерін реттейтін ұзақ күнделікті байланысулар барысында жасалған нормалар мен ұйғарымдарды қамтиды.
Институттардың мойындалған
Өзінің базалық қоғамдық функциясын жүзеге асыру үшін әрбір әлеуметтік институт қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатымен адамдардың бірлескен қызметін қамтамасыз ететін функцияларды атқарады. Ең алдымен, институт қоғамдық қатынастарды бекітеді және ұдайы өндіреді. Бұл институттың әрбір мүшесінің қызмет ететін шеңберлерді белгілейтін мінез-құлықтың ережелері мен стандарттық нормалары жүйесінің арқасында мүмкін болады. Әлеуметтік институттардың қызмет атқаруы қоғам мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынасты рөлдік талап-күтулер арқылы реттеуді қамтамасыз етеді. Әлеуметтік бақылау қоғамда белгіленген және қалыптасқан мінез-құлық үлгісін сақтауды қамтамасыз етеді.