Әлеуметтік институт

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 18:08, реферат

Описание работы

Әлеуметтік институттар алғашқы қауымдық қоғамнан қазіргі заманға дейінгі кез келген қоғамда болған. Оларсыз қоғам өзін құрайтын адамдарға қатысты өзінің негізгі функцияларын - біріктіру, қорғау, қамтамасыз ету, тұлғаны әлеуметтендіру, рухани және мәдени даму, т.б. орындай алмас еді.

Работа содержит 1 файл

Әлеуметтік институт.docx

— 31.91 Кб (Скачать)

Институттардың қоғамдық рөлін терең талдаған алғашқы социологтардың бірі Т.Веблен атап өткендей, әлеуметтік институттар қоғамның өмір сүру тәсілі ретінде өзгермейтін нәрсе емес. Әлеуметтік құрылысының эволюциясы айналасына неғұрлым лайықталған алуан түрлі институттардың “табиғи іріктелу” процесі ретінде орын алады. Институттардың өзгеруі өз кезегінде мінез-құлқы қоршаған ортаға неғұрлым лайықталған және көп бейімделген жеке адамдардың одан әрі іріктелінуіне әкеп соғады.

Әлеуметтік институттардың дамуы эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) факторлардың ықпалымен жүреді. Сыртқы факторларға күнделікті тыныс-тіршіліктің өзгерістері, жаңа құндылықтардың, мәдениеттің дамуы, адамзаттың жаңа білімдерді жинақтауы жатады. Әлеуметтік институттар қоғамдық өзгерістерге бастама көтерген көрнекті тұлғалардың ықпалымен де қатты өзгеруі мүмкін. Мысалы, Лютер идеяларының әсерімен шіркеудің реформалануын айтуға болады.

Өзгерістер тудыратын ішкі факторларға жеке институттардың өзінің қоғамдық функцияларын тиімді орындау, белгілі бір әлеуметтік топтардың қажеттіліктері мен мүдделерін жүзеге асыру қабілеттері жатады. Егер де институт қызмет көрсететін әлеуметтік қажеттілік елеусіз болып қалса немесе жоқ болса, онда бұл институттың өмір сүруі мағынасыз болып қалады және біртіндеп жоғалады. Сондықтан да институттар өзгеріп жатқан әлеуметтік шынайылыққа сәйкес келетін қайта жаңғыртуды, мамандандырылуын тереңдетуді, жаңа нормалар, құндылықтар, ережелер жасауды қажет етеді.

Мысалы, әлеуметтік шығыстарға арналған бюджетті қысқарту жағдайында Қазақстанда әлеуметтік қорғау институты қайта құрылды. Бұрын ол әлеуметтік қауіп-қатерден халықтың барлық топтарын қорғауға бағытталған болатын, алайда өтпелі экономикадағы мемлекетте оның әлеуметтік міндеттемелерді толығымен орындау мүмкіндігі де, қаражаты да жоқ. Сондықтан 2000 - 2001 жылдары атаулы әлеуметтік көмек институты болып өзгертілді. Бұл халықтың неғұрлым кедей және мұқтаж топтарына тиімді әлеуметтік қолдау көрсетуіне мүмкіндік береді және де адамдардың өздерінің материалдық жағдайын жақсартуына деген жеке белсенділігі ынталандырылады.

Қоғамның дамуына қарай бір әлеуметтік институттар басқа институттарға өзінің негізгі функцияларын береді немесе бөліседі.

Егер де дәстүрлі қоғамда балалар тәрбиесін отбасы өз мойнына алған болса, ал индустриалдық қоғамда бұл функцияларын дін институттарымен ғана емес, мемлекетпен, мектепке дейінгі және мектептегі білім берумен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және басқалармен де бөліседі.

Социологияда социологиялық зерттеулердің жеке бағыты қалыптасқан, онда институттарды орнықты әлеуметтік қатынастар ретінде зерттеу адамзаттың әлеуметтік қызметінің ішкі механизмдерін айқындауға мүмкіндік береді. ªазіргі заманғы экономика, саясат, мәдениет, күнделікті өмір саласындағы институттану нысандарын зерттеулер социологиялық білімнің дамуына маңызды үлес қосуда [43]. Микродеңгейдегі зерттеулер қалыптасып отырған әлеуметтік практикаларды бөліп қарауға және сипаттауға мүмкіндік береді, олар одан әрі институттандырылады және әлеуметтік шектеулердің және мүмкіндіктердің жаңа кеңістігін қалыптастыра бастайды. Мысалы, желілік маркетингке адамдарды барған сайын көп жұмылдыру адамдардың жаңа тұтыну мүдделерін қалыптастырады, сән көрсетудегі, жарнамаланатын тауарларды тұтыну мәдениетін таратады.

Макродеңгейдегі зерттеулер қоғамның социетальді табиғат беретін және тікелей экономикалық, саяси және әлеуметтік қызмет процесінде институттанулық түрленулер шеңберін қалыптастыратын базалық институттарды бөліп қарайды. Нарықтық институттардың қалыптасуы адамдардың еңбек құндылықтарының өзгеруіне ықпал етеді.

Зерттеулердің макро- және микродеңгейлері жүріп жатқан өзгерістер тереңдігін түсінуге мүмкіндік береді. Мысалы, нарықтық еңбек қатынастары институттануының нақты әлеуметтік социологиялық зерттеулері қоғамның социалистіктен нарықтыққа шын мәнінде өзгерген бе, жұмыс берушілер мен жалданушы қызметкерлердің өзара қарым-қатынастарының жаңа ресми ережелері жұмыс істейді ме, бұл нормалар екі жақтың да мүдделерін қамтамасыз етеді ме, міне осыларды көрсетеді [44].

Осылайша, “әлеуметтік институт” социологиялық танымда белсенді пайдаланылатын базалық санаттардың бірі болып табылады. Бұл ұғымның социологиялық түсінігін басқа ғылымдардың әлеуметтік институттар мен қоғамдық өмірді зерттеуі толықтыра түседі.

 


Информация о работе Әлеуметтік институт