Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 06:37, реферат
Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы. Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді. Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында (Э.Дюркгейм). Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды.
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
а) Девиантты мінез – құлық туралы жалпы түсінік
б) Девиация типтері
с) Девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторлары
ІІІ.Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
а) Девиантты мінез – құлық туралы жалпы түсінік
б) Девиация типтері
с) Девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторлары
ІІІ.Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Девиантты мінез – құлық туралы жалпы түсінік
Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы. Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді. Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында (Э.Дюркгейм). Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды.
Әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық
тұжырымдамасын қалыптастырған француз
әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік
девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын
ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен
аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал,
Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының
себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен
оған жетудің әлеуметтік мақұлданған
жолдарының арасындағы үйлеспеушілік
деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың
сыртқы физикалық жағдайларына климаттық,
геофизикалық, экологиялық факторларды
енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс,
таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті
және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың
көрінуінің бір себебі болады. Сонымен
бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз
ықпалын тигізеді:
• қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық
жағдай, мемлекеттік саясат, салт дәстүр,
бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
• тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі
(этникалық құрылым, әлеуметтік мәртебе,
референтті топ,);
• микроәлеуметтік орта (отбасының өмір
стилі және деңгейлері, отбасындағы өзара
қарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие
стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).
2.Девиация
типтері
Девиация бірнеше
типтен тұрады: девиантты, делинквентті
және криминалды мінез-құлық. Девиантты
мінез-құлық — әлеуметтік нормалар мен
ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты
айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір
түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық»
деп те атайды. Девиантты мінез-құлықтың
көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация,
оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету,
алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар,
жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
Девиацияның екінші түрі — делинквентті
мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді.
Оның мынадай типтері бар:
1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық.
Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік,
төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз
іс-әрекеттерде көрініс береді.
2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение):
майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік
ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке
байланысты жат мінез-құлық.
3. Наша сату және тарату.
Криминалды мінез-құлық заң
бұзушылық болып табылады. Балалар сот
үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына
байланысты жазаланады. Девиацияның негативті
формалары әлеуметтік патология болып
табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық,
жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және
қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы
адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен
зиян келтіреді.
3.Девиантты мінез-құлықтың
Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар
девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын
түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды
екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар
деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
• жанұяда берекенің болмауы;
• ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;
• тәрбие берудегі кемшіліктер;
• өмірде кездесетін қиыншылықтар мен
күйзелістерді жеңе алмау;
• өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы
адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа
түсе алмауы;
• сырттан келген қысымға төтеп бере алмау,
өз бетінше шешім қабылдай алмау,
сынаушылық ойды дамыта алмау;
• психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
• агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
• мектептерде психологиялық көмек көрсету
қызметінің нашар дамуы;
• балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының
проблемалары,- деп көрсетсе, үшіншілері
оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады.
Оларды жекеше қарастыратын болсақ:
1. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік
бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық
және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер.
Оларға мыналар жатады:
- ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың
жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарап,
нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі
тартуы, ананың физикалық, психикалық
т.б. сырқаттары себеп болатын генетикалық
факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту,
көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан
пайда болған денедегі кемшіліктер.
- психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық
күш, дау-жанжал, келіспеушілік жағдайлар,
адам организмдеріне кері әсер ететін,
қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық,
аллергиялық, токсикалық ауруларға душар
ететін энергетикалық технологияның жаңа
түрлері;
- физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері,
адам бойындағы соматикалық кемшіліктер.
Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға,
жеке адамдарға деген жағымсыз қарым-қатынасын
тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім
мен танымдық деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары
арасында, ұжымда еркін сезіне алмайды,
қатынасы бұзылады.
2. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы
психопатологиялар мен мінездегі кейбір
қасиеттердің басым болуы т.б. жатады.
Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық
ауруларда, психопатияда, неврастенияда
т.б. көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы
мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады.
Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық
реабилитация, сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған
тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек.
Баланың әрбір даму сатысында, олардың
психикалық қасиеттері, тұлғалық және
мінездегі ерекшеліктері қалыптасып,
дамып отырады. Бала даму барысында әлеуметтік
ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей,
жатсынып кетуі мүмкін.
Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты,
ықыласы жетіспесе, онда, ол ата-анасынан
шеттеніп кетеді. Шеттену — невротикалық
реакциялар, қоршаған ортамен қатынастың
бұзылуы, сезімдік (эмоциалық) тепе-теңсіздік
және суықтық, ашуланшақтық, психикалық
аурулар және психологиялық патологиялар
сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда
болуына жол ашады. Егер, балада адамгершілік
құндылықтар қалыптаспаса, онда, ол пайдакүнемдік,
қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік
т.б. сияқты жағымсыз қасиеттерге бейім
тұрады.
3. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар.
Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі
кемшіліктердің нәтижесінде, баланың
оқудағы үлгермеушілігіне байланысты.
Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы
жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына
және бағаларға парықсыз қарайтындар.
Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін
көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің
(дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан
өтеді:
- оқудағы декомпенсация – баланың жалпы
мектепке деген қызығушылығы жоғары, бірақ
бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға
тап болуынан;
- мектептік бейімсіздік (дезадаптация)
– бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның
мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен
қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы
көбейеді немесе мектептен біртіндеп
қол үзе бастайды;
- әлеуметтік бейімсіздік – баланың оқуға,
мектепке, ұжымға деген қызығушылығы жойылады,
асоциалдық топтармен араласып, алкогольге,
нашақорлыққа қызыға бастайды;
- криминалдылық – кейбір отбасындағы
әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы,
балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік
теңсіздікке әкеледі, ал мектеп оқушысы,
жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды,
содан барып олар қылмысты іс-әрекеттрмен
айналыса бастайды.
Баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың
негізгі факторы — ата-ана. Баланың бойындағы
асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын
отбасы қатынасының бірнеше жағымсыз
стилдері бар:
- дисгармонды стиль — бір жағынан ата-ана
баланың барлық тілектерін орындайды,
үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан
конфликті жағдайларға баланы итермелейді;
- тұрақсыз, конфликті стиль – толық емес
отбасындағы, ажырасу кезіндегі, ата-ана
мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік
кемшіліктерден туындайды;
- асоциалды стиль — ата-ананың арақ ішуі,
нашақор заттарды пайдалануы, криминалды
іс-әрекет, аморальді өмір сүру жағдайы,
отбасылық қаттыгездік, зорлаушылық жатады.
Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа
жататындар: қинаушылық, физикалық, эмоционалды,
жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік
үйде, далада, мектепте, балалар үйлерінде,
ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай
іс-әрекетке душар болған балалар қалыпты
түрде даму көрмей, қоршаған ортаға бейімделе
алмай қалады. Соның әсерінен, бала өзін
жаман, керексізбін деп сезінеді. Баланың
қаттыгездікке жауап беру түрі баланың
жасына, тұлғалық ерекшелігіне, әлеуметтік
тәжірибесіне байланысты. Психикалық
реакциялардан басқа (қорқыныш, үрей, ұйқының
бұзылуы, тәбеттің болмауы т.б.) балалардың
мінез-құлқы да өзгереді: агрессия жоғарылайды,
төбелескіш, өзіне сенімсіз, ұялшақ, өзіне
деген бағасы өте төмен болады. Зерттеулерге
қарағанда, зорлық-зомбылықты көп көрген
балалар өскенде зорлаушы рөлінде болуды
қалайды.
4. Әлеуметтік-экономикалық факторлар.
Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей
және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі,
жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу,
т.б.
5. Моралді-этикалық факторлар. Қазіргі
қоғамның адамгершілік қасиеттерінің
деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың
бұзылуы.
Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету
күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны
іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік
қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік,
педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып
жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы
тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай
шарттарды орындау қажеттігі туады:
• балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен
қарау;
• оның жағымды қасиеттеріне сүйену;
• оның адамгершілік күшіне, потенциалды
мүмкіндіктеріне сену;
• оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру
үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды
тиімді пайдалану;
• салауатты өмір салтын қалыптастыруға,
қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған
тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра
пайдалану;
• девиантты мінезге ие балалардың білім
алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен
өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді
бағдарламалар құру;
Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкідік жасалады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6