Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың статусы. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 01:54, лекция

Описание работы

Дәріс жоспары:
1. Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.
2. Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.
3. Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.
4. Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен арақатынасы.

Работа содержит 1 файл

Лек. 1 ҚДС.doc

— 63.50 Кб (Скачать)


       Тақырыбы: Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың статусы. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы.

       Мақсаты: студенттерді әлеуметтанудың пәнімен, объектісімен, негізгі ұғымдық ақпараттарымен таныстыру. Олардың арасындағы байланысты түсіндіру. әлеуметтанудың міндеттері мен қызметтеріне, әлеуметтанудың гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар жүйесіндегі орнына аса назар аудару қажет екенін түсіндіру. Оларды әлеуметтанудың даму тарихымен таныстыру, сонымен қатар Қазақстанның әлеуметтік жағдайын талдау.

 

       Дәріс жоспары:

1.       Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.

2.       Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.

3.       Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.

4.       Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен арақатынасы.

 

Дәріс тезистері:

«Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады. Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің , ұйым, мекемелердің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану ұғымын ХIХ ғасырдың ортасында атақты француз әлеуметтанушысы О. Конт енгізді. Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын. Тек қана кейіннен, әлеуметтану пәнінің осы ғасыр ішінде бірнеше рет ауысуына байланысты ол өзінің дұрыс, дәл атын тапты. Ендігі жерде біз әлеуметтанудың  объектісі мен пәнінің орындарын алмастырып алмауымыз керек. Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, олардың айырмашылығы бар.

Объект дегеніміз – бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар, мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Бұлар зерттелетін объекті болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады. Осыдан әлеуметтану пәні шығады.

Әлеуметтану пәнінің байланыс, қатынастар жиынтығы «әлеуметтік» қоғамның біртұтас жүйесін құрайтын нақтылы ұғымдарға кіреді. Олар әрбір объектіде, құбылыста, процесте ерекше ұйымдастырылған белгілі бір әлеуметтік жүйе ретінде болады. Ал, әлеуметтану пәнінің қалыптасуы объектінің қасиеті мен зерттеушінің алдына қойған мәселелерінің мақсаты мен сипатына,  оның ғылыми білімінің деңгейіне және өз дүниетанымында қолданатын құрал – тәсілдеріне байланысты. Зерттеу пәні әр уақытта зерттеу объектісін қажет етеді, бірақ, оған кірмейді, онымен тең емес, өйткені бір ғана әлеуметтік объект өмірдің алуан түрлі мәселелерін шешу үшін зерттелуі мүмкін. Осыған орай әлеуметтанудың пәні зерттелетін объектінің  шекарасын белгілейді. Сондықтан әлеуметтану пәнінің басты міндеті - әлеуметтік жүйелерді типологизациялау (яғни, ортақ белгілеріне қарай жіктеу, топтау), әрбір әлеуметтік объектінің байланысы мен қатынастарын заңдар деңгейінде зерттеу – бұл заңдылықтар дың әрбір әлеуметтік жүйесін басқару, оның тәртібін реттеу, оның іс - әрекет, қызмет ету тетіктерін анықтау болып табылады. Сонымен, әлеуметтілік - әлеуметтік байланыс пен қатынастарды ұйымдастырудың негізгі бастамасы ретінде болса, ал, әлеуметтік заңдылықтар бұлардың мәні мен мазмұнын түсінудің негізі болып есептеледі.

«Әлеуметтік» дегеніміз, нақтылы қоғамдағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Бұл қатынастардың жиынтығы жеке тұлғалар мен олардың белгілі бір тобының белгілі бір кеңістікте, уақытта іс - әрекетінде атқарған қызметтерінде байқалады.

Қандай да бір қоғамдық қатынастардың жүйесі әр уақытта адамдардың өзара қарым-  қатынасынан және қоғамға қатынасынан көрінеді. Сондықтан әрбір қоғамдық жүйенің әлеуметтік жағы болады.

Қорыта айтқанда, әлеуметтік - әр түрлі жеке тұлғалардың бірігіп істеген қызметінің жемісі, нәтижесі. Бұл олардың бір – бірімен байланыс – қатынастарынан тікелей көрінеді. Ал, олардың қоғамдық құрылымындағы алатын орны, атқаратын рөлі және әр түрлі жағдайлары бір – бірінен өзгеше қоғамдық үрдістерге қатынасынан көрінеді.

Єлеуметтану пєнініњ ќалыптасуы єруаќытта оныњ категориялары арќылы ж‰зеге асырылады. Категориялар µмірдіњ наќтылы шындыѓын, єлеуметтік ќ±рылымныњ дамуындаѓы мањызды жаќтарды, ондаѓы ќатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Олар осы қатынас, байланыстардың тұрақты, қайталанатын, маңызды түрлерін және құбылыстар мен процестердің өзара іс – қимылын көрсетеді. Бұл категориялар бір – бірімен тығыз байланыста, қатынаста болады, олар ешуақытта бір – бірінен бөлек, оқшау тұрмайды.

Категориялардың негізінде әлеуметтанудың заңдары қалыптасады. Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі болады. Бұған адам қоғамына тән қасиеттердің бәрі кіреді.

Негізінде әлеуметтану екі үлкен категорияға басты назар аударады. Ол – қоғам және тұлға. Ал, қоғам туралы әлеуметтану мәселесі қозғалғанда төмендегі категориялар арқылы зерттеу жүргізеді. Ол – «әлеуметтік бірлік». Бұл адамдардың арасындағы әр түрлі қарым – қатынастар. Осы қарым – қатынас, байланыстардың негізінде олардың күнделікті өмірі мен іс - әрекетінің мұң – мұқтажын, талап – тілектерінің бірлігі жатыр.

Әлеуметтік бірлестіктер қоғамды қайта құру, өзгерту субъектісі болып саналады және бұл - әлеуметтік субъектінің өзін - өзі ұйымдастыруының тұрақты түрі. Әлеуметтік бірлестіктің түрлеріне: отбасы, адамдардың әлеуметтік – таптық, топтық, әлеуметтік – демографиялық, ұлттық, территориялық, мемлекеттік және бүкіл адамзаттық қоғам бірліктері, қозғалыстары, т.б. жатады.

Әлеуметтануда әлеуметтік құбылыстар мен процестердің бес негізгі заңы тұжырымдалған:

1.       Әлеуметтік құбылыстардың қатар өмір сүру заңы. Мысалы, егер «А» құбылысы болса, ол әруақытта «Б» құбылысын қажет етеді.

2.       Әлеуметтік құбылыстардың даму тенденцияларын анықтайтын заң. Мысалы, өндіргіш күштердің өзгеруі өндірістік қатынастардың өзгеруін талап етеді.

3.       Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі байланыстарды, қатынастарды анықтау заңы. Бұл заң іс – қимыл, атқаратын қызмет деп те аталады. Ол әлеуметтік объектінің әрбір элементінің, бөлігінің арасындағы байланыс, қатынасын бейнелейді.

4.       Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы себепті байланыстарды бейнелейтін заң. Мысалы, әлеуметтік бірліктің негізгі, қажетті шарты – ол қоғамдық және жеке мүддені сәйкестендіру, үйлестіру болып саналады.

5.       Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы байланыстардың  болу мүмкіндігін білдіретін ықтималдық заңы.

Әлеуметтік құбылыстар мен процестерді және олардың арасындағы байланыстарды,    қатынастарды біліп – тануда әлеуметтану жалпы теориялық ғылыми зерттеу әдістеріне  сүйенеді.     

Єлеуметтанудыњ басќа ќоѓамдыќ жєне гуманитарлыќ ѓылымдардан ењ басты айырмашылыѓы – оныњ µзіне ѓана тєн єлеуметтік – экономикалыќ, саяси, рухани, ќ±былыс, процестерді зерттейтін арнаулы єдістерініњ болуында.

Єлеуметтанудыњ арнаулы єдістері: с±рыптау, баќылау, с±рау, ќ±жаттарды талдау, сараптау, модель (‰лгілеу), тест, т.б.

Жоѓарыда кµрсетілген алуан т‰рлі єдістерді кењінен ќолдана отырып, єлеуметтану білімніњ жања ќайнар кµздерін ашып, єрбір адамныњ ќоѓамдыќ ќ±былыстар, процестер туралы танымын, білімін толыќтырып отырады. М±ндай танудыњ, білімніњ µзгеше ќ±рылымы, т‰рі жєне дењгейлері болады.

Єлеуметтанудыњ ќ±рылымына, оныњ таным, білім дењгейлеріне аныќтама беру ‰шін алдымен «ќ±рылым» , «дењгей» деген ±ѓымдарѓа аныќтама берген жµн. Ќ±рылым дегеніміз – бірт±тас єлеуметтік ќ±былыстар мен поцестердіњ элементтері мен бµліктерініњ іштей µзара орналасуын айтамыз.

Єлеуметтік білім – теория мен практиканыњ бірлігінде ќалыптасады.

Теориялыќ зерттеулер єлеуметтік болмысты, µмірді жалпы жєне арнаулы баѓыттардыњ дењгейінде т‰сіндіріп, оныњ дамуын жєне ќандай ќызмет атќаратынын аныќтайды. Оныњ одан єрі даму зањдарыныњ баѓытын, кµрінісін белгілеп отырады. Ал, эмпирикалыќ єлеуметтік зерттеулер – наќтылы ќ±былыстар мен процестер туралы жања маѓл±мат, хабарларды алумен байланысты.Ал, б±л маѓл±мат, хабарлар статистикалыќ талдау, наќты єлеуметтік єдістерді ќолдану арќылы іске асырылады.  Ал теориялық зерттеулер абстрактілі философиялық әдістері арқылы іске асырлады.

Әлеуметтік білімнің құрлымы  деп қоғамның әлеуметтік жүйесінің серпінді дамуы, іс- әрекет, қызмет жүргізілуі туралы әр түрлі жиналған фактілерді, ақпараттарды, хабар – мәліметтерді ғылыми дұрыс түсіндіруді және ғылыми ұғымдардың жиынтығының реттелуінің, тәртіпке келітірілуін айтамыз. Әлеуметтік білімнің негізгі құрлымы, тұжырымы, қағида, бағыттары мынылар: 1. Қоға біртұтас әлеуметтік жүйе. Бұл тұжырым өзінің зерттеу объектісінде қоғамдық қатынастар жүйесін, олардың мазмұның зерттейді.

2. Қоғамның жеке салаларының дамуын, атқаратын қызметі туралы түсініктердің байланысын – экономикалық, саяси, рухани, т. б. салаларын, әр бір салада жеке тұлғаның немесе әлеуметтік топтардың қызметінің әлеуметтік қалыптасу мүмкіндігін зерттейді.

3. Қоғамның әлеуметтік құрылымы немесе жалпы әлеуметтік құрылым туралы білімді қалыптастыру үшін әлеуметтік топтардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани қатынастар жүйесінде алатын орны мен байланысы туралы білімдер болу керек.

4. Саяси әлеуметтануға кіретің алуан түрлі ғылми түсініктер, ой пікірлер, теориялар. Бұған жататың зерттеу объектілері:

а)   әлеуметтік топтардың саяси қатынастар жүйесіндегі алатын орны;

ә) қоғам субъектілерінің әлеуметтік – саяси құқық және бостандықты, тәуелсіздікті алудың жолдары мен тәсілдері туралы;

б)   қоғамның саяси жүйесінің құрлымы, қызметі және фукциясы туралы;

5. Әлеуметтік институттардың қызметтері туралы ғылыми түсініктер мен қорытындылар;

6. Жеке салаларының және кішігірім жүйесінің қызметтері туралы теория. Оны мынандай объектілерді зерттеу арқылы түсінуге болады: өндірістік ұжымдар, ресми емес топтар мен ұйымдар, адамдар арасындағы кішігірім топтар, жеке тұлғалар, т.б. кіреді.

Әлеуметтік білімнің деңгейлері қоғамдағы құбылыстар мен процестерді терең талдап, кең қорытынды жасау арқылы анықталады. Жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтік білімнің үш негізгі деңгейі бар:

а) жалпы әлеуметтану теориясы;

ә) эмперикалық әлеуметтану;

б) орта деңгей теориялары.

Осыларға сәйкес әлеуметтік зерттеулерді теориялық және эмперикалық зерттеулер деп екіге бөледі.

Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясын атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әруақытта жаңа білімнің, көкжиегін кеңейтіп, оның деңгейі мен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын, болашағын ашып береді. Әрине, бағытта іргелі және қолданбалы эмпириканың зерттеу теориялары, тұжырымдамалары оған барынша қызмет етеді.

Әлеуметтанудың атқаратын қызметінің бір ерекшелігі мұнда тұжырым мен іс әруақытта бірлікте болады. Осыдан барып әлеуметтік теория мен тұжырымдамалар көбіне  тәжірибелік мәселелерді шешуге бағытталады. Бұл тұрғыдан қарағанда әлеуметтанудың тәжірибелік қызметі алдыңғы қатарға шығып, атқарылатын қызметтің басқа жаңа түрлері белгіленеді. Нақтылы әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің үстінен әлеуметтік бақылауды күшейтуде жаңа ақпараттардың маңызы зор. Ол болмаса әлеуметтік қысым, әлеуметтік дағдарыс және катаклизмдер көбейіп кетуі мүмкін. Көптеген елдерде атқарушы мекемелер мен билік өкілдері, саяси партиялар және алуна түрлі бірліктер өздерінің мақсатты саясаттарын жүргізуде әлеуметтанудың барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып отырады. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану әлеуметтік бақылау функциясын атқарады. 

Әлеуметтанудың тәжірибелік бағыты – оның әлеуметтік құбылыстар мен процестердің болашақ дамуының бағытын анықтауында. Бұл жерде біз әлеуметтанудың болжайтын қызметін байқаймыз. Еліміздің жаңа,нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты болуы мүмкін кері құдылыстар мен апаттардың болашаққа болжам жасап отыру арқылы ғана алдын алуға болады. Мысалы,  

Әлеуметтану қоғамның қай саласында болмасын әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады. Ал, аймақтық, аудандық, тіпті еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын жасағанда, ол нақтылы әлеуметтік зерттеуден алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес – ұсыныстарды, т.б. кеңінен пайдаланады.

Әлеуметтану қоғамда идеологиялық функцияны да атқарады. Нақты әлеуметтік зерттеуден алынған нәтижелер қоғамдағы белгілі бір жік немесе топтардың талап – тілегіне, мұң – мұқтажын шешуге, сөйтіп, олардың белгілі бір әлеуметтік мақсатқа жеткізу, сендіру үшін пайдаланылады. Әлеуметтану адамдардың арасындағы қарым – қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіріп, олардың сана – сезімдерін, мінез – құлықтарын, тәртібін жақсартады. Сөйтіп ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік функцияны да атқарады.

Әлеуметтануды басқа ғылымдармен байланыстыратын негізгі нәрсе – ол қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму заңдарын ашып тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенеді.

Әлеуметтану дың басқа ғылымдармен байланысының екінші түрі, ол адам туралы, оның іс - әрекетін, қызметін оқып үйренудің, оны жан – жақты талдаудың, өлшеудің әдістері мен техникасын тұжырымдап қалыптастырды. Бұлар нақтылы қоғамдық және гуманистік ғылымдарда кеңінен қолданылады.

Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысының үшінші негізгі түрі – ол нақтылы ғылымдармен тығыз жақындасып, байланысу арқылы, ғылыми арнайы тұжырымдық база қалыптастырады. Мысалы, экономика ғылымымен тығыз байланыста болып, экономикалық құбылыс пен процестерге бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде әлеуметтік экономиканың арнаулы теориясы жасалды. Құқық ғылымымен бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде – құқықтық әлеуметтану; саяси теориямен біріге отырып, саяси әлеуметтану; педагогикамен біріге отырып, педагогикалық әлеуметтану, тәрбие әлеуметтануы; әдебиет, тіл, көркем өнер ғылымдарымен біріге отырып, әдебиет әлеуметтануы, тіл әлеуметтануы, көркемөнер әлеуметтануы, т.б. әлеуметтанудың арнаулы теориялары пайда болды.

Бұл ғылымдардың арнаулы теориялары, басқаша айтқанда, әлеуметтік теориялар немесе орта деңгейдегі теориялар деп аталады. Басқа ғылымдардың әлеуметтанумен тығыз байланысын олардың әрқайсысының әлеуметтанудың ғылыми категорияларын, қағидаларын, заңдарын, нақтылы әдістерін кеңінен пайдалануынан байқаймыз.

Информация о работе Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың статусы. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы