Әлеуметтану

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 14:45, реферат

Описание работы

Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Социология әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.

Работа содержит 1 файл

социо.docx

— 27.61 Кб (Скачать)

Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Социология әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.

Тарихы

Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау мен топтастырып жіктеудің алғашқы әрекетгері біз үшін Платонның "Республикасы" мен "Заңдарында" және Аристотельдің "Саясатында" сақталып қалды, бірақ олардың бәрі тек алғашқы талпыныстар болған еді.Алайда, осынау шығармаларда тұтас алғанда коғам азаматтық қауымға немесе мемлекетке ұйымдасу ретінде қарастырылады, ал Рим империясы заманында, орта ғасырларда және Ағартушылық ғасырларында әлеуметтік құбылыстарды барлық ғылыми зерттеулер тым узік-узік болды. Бұл зерттеулердің кебіреулері экономикалық, енді біреулері - заңгерлік, үшіншілері - шіркеулік, төр-тіншілері - саяси сипатта болды. Ешкім де ассоциация мен әлеуметік ұйымды толық күйінде сипаттауға талпынған жоқ; ешкім де нақты емір тұтастығын түсінуге ми қатырған жоқ. Тек ағымдағы ғасырда ғана ғылыми әдістер бұл ауқымды міндетті шешуге жуйелі қолданыла бастады, және де ол колданылғанан кейін зерттеуде басқа салаларындағы секілді, қоғамды зерттеуде, ол әдістер өзін білімнің ортақ жиынтығына елеулі үлесімен молынан марапаттады.Қазіргі кезде біздің қолымызда әлеуметтік қатынастар жөнінде сыннан өткен және ой елегінен өткен, тез ұлғайып келе жатқан білім қоры бар. Енді біздің қолымызда тұтас күйінде қарастырылған қоғамды суреттеу және түсіндіру деп анықтама беруге болатын әлеуметтану бар деп кесіп айту тым қауіпті емес. Ол әлеуметтік құбылыстар туралы ортақ ғылым.

"Әлеуметтану" сөзін тұнғыш рет Огюст Конт озінің "Позитивтік философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ре­тінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да кажетті элементтерді бір уғымға біріктірді. Платон мен Аристотель саясатты этикадан немесе саясат ғылы-мын саясат өнеріен ешқашан ажыратқан емес. XVIII ға­сырда саясат ғылымы революциялық рухпен біржола бытыстырылып жіберілді. Гоббс та, Монтескье де, экономистер де қоғамды оның барлык түрлерінде зерттеген жоқ, жэне, Конт: барышна қарыздар Юмның ықпалына қарамастан, оның себептілік уғымындағы ақиқат атаулы әлеуметтік түсіндірмелері әлі едәуір дәрежеде теологиялық және метафизикалық болып қала берді.

Сонымен, Конт бірінші болып осынау кемшіліктегре ұтымдылық сәүлесін септі, қоғам тұтас организм ретінде қарастырылуға тиіс деп кесіп айтып, және барлық байланыстарындағы әлеуметтікк құбылыстар туралы ғылымның фактыларды кеңінен байқап-бақылауға негізделген және саяси өнер мен революциялық мақсаттардан біржола арылған позитивтік ғы­лымның негізін қалауға тырысты. Әлеуметтану, Конт түсінігінде, әлеуметтік физикаға әбден сәйкес болуға тиіс, өйткені, әлеуметтанудың міндеті коғамның жаратылыстық себептреі мен жаратылыстық заңдарын ашу және тарихтан, саясат пен экономикадан метафизикалық және жаратылыстан тыс іздерді олар астрономия мен химиядан қалай қуылса, солай қуып тастау болуға тиіс. Конт, позитивтік әдіске сүйене отырып, әлеуметтану жеткілікті дәрежеде болашақты болжап, прогресс барысын көрсете алатын ғылым бола алады деп білді.[1]

Аугуст Конт

Конттан кейін әлеуметтану негізіен ғылыми ой барысын күрт өзгерткен ілімнің бүкіл қуатын әбден сезіне білген кісілер еңбегінің арқасында дамыды. Жаратылыстық дүниені эволюциялық түсіндіру білімінің

барлық салаларына бойлады. Жаратылыстық сұрыптау заңы және өмірді организмнің қоршаған ортаға бейімделу процесі ретінде түсіну осы заманғы биология мен психологияның өзегіне айналды. Эволюциялық философия сөзсіз кеңейіп, адам омірінің әлеуметтік құбылыстарын да қамтуға тиіс болатын. Тіршілікті протоплазмадан адамға дейін ізерлеп шыққан ғылым оның ішкі құрылысын тусіндірумен шектеле алмайтын еді. Ол оның толып жатқан сыртқы қатынастарымен, этностық топтармен, адамдардың жаратылыстық қоғамдарымен және оларда байқалатын барлық қубылыстармен танысып, сондайақ соның бәрі бүкіләлемдік эволюцияның нетижесі емес не деген мәселелерін зерттеуге тиіс болатын. Сондықтан әлеуметтік қатынастарды эволюция ықпалымен түсіндіруге ишараны біз тек Герберт Спенсердің алғашқы шығармаларынан ғана емес, Дарвин мен Геккель туындыларынан да табамыз. Бұл ишаралардың өздері әлі әлеуметтануды құрамайтын, өйткені ол үшін тікелей әлеуметтік қубылыстардан индукциялық жолмен алынған өзге факторлар кажет еді. Бірақ мұндай ишаралар жаңа ғылымның туғырлары қайда жатқанын жеткілікті көрсететін; сонымен бірге олар әлеуметтанудың негізгі ұғымдарының кейббіреулерін жеткілікті айқындап, әлеуметтанушы тек тарихшы, экономист, статист қана емес, биолог және психолог болуға тиіс екендігін дәлелдеп берді. Осылайша, эволюциялық негізде және эволюцияшыл ойшылдар еңбектерінің арқасында осы заманғы әлеуметтану қалыптасты. Ол адамдар қоғамын жаратылыстық себептілік арқылы тәпсірлеу болып табылады. Ол адамзатты ғарыштық процестерден тыс тұқрған және өзі үшін өзінің ерекше заңына ие тіршілік иесі деп қараудан бас тартады. Әлеуметтану коғамның пайда болуын, өсуін, құрылысы мен кызметін эволюция процесінде қосыла карекет жасайтын тәндәк, өмірлік және психикалық себептердің карекеті деп түсіндіру болып табылады.

Осының бәрі тек әлеуметтік пошымдар мен метамарфозалардың физикалық түсіндірмелері екендігі айдан анық. Спенсердің өзі немесе оның ықпалымен басқа жазушылар тұжырымдаса да бәрібір,тұтас күйінде алғанда спенсерлік әлеуметтану,биологиялық және психологиялық деректер кеңінен пайдаланылғанына қарамастан, белгілі бір дәрежеге дейін қоғамның физикалық философиясы болып табылады.

Дегенмен, мұндай физикалық тәпсір әлі бүкіл эволюциялық әлеуметтануды құрамайды. Шынында да, әлеуметтану арнайы әлеуметтану ғылымдары зерттейтін әрқилы қоғамдардың негізінде жатқан бірлікті мойындауды талап етіп қана қоймайды, сондай-ақ ол әлеуметтік құбылыстарды түсіндірудің объективті немесе физикалық, субъективті немесе ырықтық негіздерінде бір негізгі қисын жатуға тиіс дегенді кесіп айтады. Осынау екі түсіндірме де бірнеше ғасырлар бойы экономикалық және саяси философия саласында бір бірімен күресіп келді. Аристотельдің "Саясатынан" бастап Боден, Монтескье және физиократтар нәсілдің, топырақтың, климаттың, тұқым қуалаудың және тарихи жағдайлардың объективті тәпсірленуін дамытты. Гроций, Гоббс, Локк, Юм, Бентам, Беркли, Кант және Гегель адам табиғатының, пайдалылықтың, этикалық императивтер мен мұраттардың субъективті тәпсірлерін жасады. Бірақ, осы екі тәпсір әлі ешқашан бетпе-бет қақтығысқан емес. Ой шектері ешқашан қоғамның өзінің бірлігін зерттеу әрекеттерімен де, тәпсір бірлігіне жету жөніндегі шын ғылыми әрекетпен де ой көкжиегін бұзған емес. Борк өзінің саяси шығармаларында, арнайы болмаса да, шынында да осы бірлікке бәрінен көбірек жақындады.

Әлеуметтанушылар туралы қысқаша мәліметтер

Огюст Конт (1798-1857) франция әлеуметтанушысы және философ. "Әлеуметтану" сөзін тұнғыш рет Огюст Конт өзінің "Позитивтік философия курсында" позитивтік философияның бір бөлігін қурайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ретінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін қөлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да кажетті элементтерді бір уғымға біріктірді.

Герберт Спенсер (1820-1903) англиялық философ және әлеуметтанушы. Әлеуметтік қатынастарды эволюция ықпалымен түсіндіруге ишараны біз тек Герберт Спенсердің алғашқы шығармаларынанғана емес,Дарвин мен Геккель туындыларынан да табамыз. Бұл ишаралардың өздері әлі әлеуметтануды құрамайтын, өйткені ол ушін тіклей әлеуметтік құбылыстардан индукциялық жолмен алынған өзге факторлар қажет еді. Бірақ мұндай ишаралар жаңа ғылымның туғырлары қайда жатқанын жеткілікті көрсететін; сонымен бірге олар әлеуметтанудың негізгі ұғымдарының кейбіреулерін жеткілікті айқындап, әлеуметтанушы тек тарихшы, экономист, статист қана емес, биолог жене психолог болуға тиіс екендігін дәлелдеп берді Осылайша, [эволюция|эволюциялық негізде және эволюцияшыл ойшылдар еңбегінің арқасында осы заманғы әлеуметтану қалыптасты. Ол адамдар коғамын жаратылыстык себептілік арқылы тәпсірлеу болып табылады. Ол адамзатты ғарыштык процестерден тыс турған және өзі үшін өзінің ерекше заңына ие тіршілік иесі деп қараудан бас тартады. Әлеуметтану қоғамның пайда болуын, өсуін, құрылысы мен кызметін эволюция процесінде қосыла карекет жасайтын тәндік,, омірлік және психикалық себептердің карекеті деп түсіндіру әрекеті болып табылады.

Франклин Гиддингс (1855- 1931) [америка|американ әлеуметтанушысы. Герберт Спенсердің эволюциялық идеяларын салыстырмалы және тарихи талдау саласында колданған алгашқы американ әлеумет-танушыларының бірі. Оның бастсапқы еңбектері психологиялық эволюционизм мәселелеріне арналған болатын. Он тоғызыншы ғасырдың соңы мен жиырмасыншы ғасырдың алғашқы ширегінде жазылған оның еңбектері американ әлеуметтануының дамуындағы бірнеше сипатты бағытты, соның ішінде психология саласындағы теорияларға ынта қойғанын көрсетеді. Кеиінгі еңбектерінде бихевиоризм мәселелерін құлшына зерттеп, бұл жұмыс американ неопозитивизмін дамыту ушін елеулі турткі болды.


Информация о работе Әлеуметтану