Әлеуметтану

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 15:35, реферат

Описание работы

Әлеуметтану — қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін калаған француз ғалымы Огюст Конт (1798—1857) еді. Бұған дейін қоғамның өмір сүруі мен дамуы жөнінде түрлі ілімдер Шығыс және Батыс ойшылдарының жалпы философиялық көзқарастарының құрамды бөлімі іспетті қарастырылып келген еді. Қоғамның дамуында ғасырлар бойы өзіндік ерекше, бірегей көзкарастар қалыптасып, ол туралы, әсіресе, саясат, мораль, ғылым, дін, өнер мәселелері көне Үнді, көне Қытай, көне Грек философтарының, Еуроазияның орта ғасырлық және жаңа заман ойшылдарының еңбектерінде баяндалған болатын.

Работа содержит 1 файл

Әлеуметтану.doc

— 126.00 Кб (Скачать)

     Әлеуметтанудың мазмұны жағынан терең, әрі кең мынадай категориялары бар: әлеуметтік жүйе, әлеуметтік құрылым, өлеуметтік институт, әлеуметтік ұйым, әлеуметтік топ, әлеуметтік әрекет, әлеуметтік мінез-кұлық, т.б, Бұлардың әрқайсысы, өз кезегінде өте маңызды, алайда жалпыламалығы төмен категорияларды да осы айтылғандардан бөліп шығарады. Айталық, әлеуметгік топ категориясы мынадай жеке ұғымдарды: тап, әлеуметтік топ, халық, ұлт, отбасы, т.б., ал әлеуметтік әрекет категориясн — алеуметтік мүдде, әлеуметтік мақсат, елеуметтік норма, әлеуметтік құндылық және т.б. ұғымдарды қамтиды. Әлеуметтанудың маңызды категорияларының қатарына әлеуметтік теңдік (немесе теңсіздік), әлеуметтік әдлеттілік, әлеуметтік еркіндік, тағы басқа да ұғымдарды жатқызуға болады. Сөйтіп, әлеуметтанудың категориялары осы ғылым объектісінің мәнді жақтарын, белгілерін, қасиеттерін көрсетеді.

     Әлеуметтануда өз категорияларымен қатар басқа ғылымдардан енген категориялар да қолданылады. Мысалы, философиядан әлеуметтануға "қоғам, адам, кұқық, индивид, прогресс, даму", т.б. категориялар ауысты, ал театр өнерінен — "рөл", заң ғылымынан — "статус" ұғымдары енген. Бұндай ұғымдарды әлеуметтану аясында қолдану ол ұғымдарды жаңа мазмұнмен байыта түседі.

     Егер  әлеуметтану категориялары объектінің мәнді жақтарын, белгілерін, қасиеттерін анықтайтын болса, әлеуметтанудың заңдары солардан туындайтын тұрақты қарым-қатьтнастар мен байланыстарды ашып көрсетеді.

     Әлеуметтік  заңдар адам қызметінің барлық саласын  қамтиды және таралу аясына сөйкес өзіндік өзгешеліктері де болады. Айталык, шағын топқа, белгілі әлеуметтік жікке немесе тапка, жалпы қоғамға әрекет ететін заңдар бар. Басқаша айтсақ заңдар жалпы қоғам немесе оның бөлімдері арасында колданылып, осыларды қамтиды.

     Барлық ғылыми зандар сияқты әлеуметтік заңдардың мынандай негізгі белгілері бар: 1. Белгілі бір жағдай болғанда, яғни сол уақытта ғана әрекет ететін заң; 2. Осы жағдайларға орай әрдайым әрекет ететін заң; 3. Толығымен смес, жартылай және шамамен жүзеге асатын жағдайда әрекет ететін заң. Бұл белгілердің зерттеушілер үшін маңызы өте зор. Заңның әрекетіне талдау жасағанда және оның мазмұнын тұжырымдағанда зерттеуші сол әрекетті іске асыратын шарттарды мүмкіндігінше ескеруі керек. Сондыктан "индивидтер әр кезде әлеуметтік топтар құруға тырысады" деген тұрғыдағы тұжырымдар әлеуметтік заң болып саналмайды, ойткені онда заңның әрекет ететін шарты айтылмаған. Керісінше, "ұйымдағы істер, конструктивтік әлеуметтік шиеленіс, егерде оған сыртқы факторлар әсер етпесе және ұйым ішінде ресурстарды қайта бөлу жүргізілмесе", оның пайда болу себептерін жойғаннан соң кез-келген уақытта шешіледі, деген үлгідегі әлеуметтік заңның әрекеті баяндалған, ойткені оның шарты нақты ескертілген. Әрине, ұйым сыртқы факторлардың ықпалынан біржола айырыла алмауы мүмкін және материалдық ресурстардың, ақпараттың ұйымнын ішінде ірге теуіп, қозғалысқа түсуін тоқтатуға да қол жеткізу оңайға соқпас. Алайда, қайсыбір ұйымдарда заңның әрекет ету жағдайының мүлде тоқтатылуы кездеседі. Егер ұйымдағы шиеленіскен жағдай өзін тудырған себептерді жойғаннан кейін де шешілмесе, онда бұл заңның шартын тұжырымдаудағы ескертудің орындалмағанын білдіреді. Тағы бір мысал келтірейік. Егер бір мекемеде, адамға екінші мекемеге қарағанда сондай келемдегі жұмысына артық жалақы төлесе, онда ол адам соның біріншісіне жұмысқа тұрады, тек жалақы айырмашылығы болмаса, оған бұл мекемедегі жұмыс ештеңесімен өзгешеленбейді. Мұнда әлеуметтік заң келесі бір түрде байкалып түр. Кейде қызметкер жалақыны аз төлейтін мекемені таңдауы мүмкін, оның себебі мекеме үйіне жақын орналаскан немесе еңбек жағдайы жақсы болуы ықтимал. Бұл жағдайда заң әрекетінің шарты орындалмай отыр. Жалақыдан басқа, абсолютті жұмыс жағдайы бірдей мекеме болуы мүмкін емес, бірақ оларды бір-біріне жақьтндатуға әбден болады.

     Әлеуметтік  зандар мен адамдар арасында тұрақты түрде байланыс орнатылады және ол талаптарға не бағынады, немесе олардан қашқақтайды, болмаса өзінің мінезқұлқын әлеуметтік заңдарға бейімдейді, немесе оларға карсылық көрсетеді. Әлеуметтанушы әлеуметтік заңды ашқаны мен, әлі ешкім білмейтін құбылыстардың, белгісіздіктердің бет пердесін аша алған жоқ. Керісінше, адамдар әлеуметтік. заңдардан өздерінің кунделікті өмірдегі белгілерін көреді, әрқашан сол заңдардың көріністерін өз тәжірибелерімен салыстырып отырады.

     Әлеуметтік заңдарды іздеп табу және зерттеу өте қиын. Бұл көптеген жағдайлардың болуымен, олардың күрделілігімен, бір-біріне жақындығымен, ұштасып жатуымен байланысты. Сондықтан да әлеуметтік топтарда адамдардың мінез-құлқы қайталанады, ал өз кезегінде бұл детальдардың көп болуына орай әлеуметтік зандардың әрекетін жеке-дара бөліп алу өте қиын.

     Әлеуметтік  заңдарды зерттегенде есте ұстайтын ерекше жағдайлар бар. Олар бұл жүмысты мейлінше жеңілдетеді. Әлеуметтік заңдар адамдардың бірбіріне қатысты мінез-құлкын, жүріс-тұрысын зерттеп реттейтін, адам санасынан тәуелеіз өмір сүретін объективтік ережелер жиынтығы болып табылады және олардың негізін тарихи қалыптасқан мотивтер, мүдделер мен адамдардың тіршілік жағдайын қанағаттандыруға ұмтылыстары, қауіпсіздіктері, езін-өзі көрсетулері және т.б. қалыптастырады. Сондықтан, әлеуметтік заңдарды зерттегенде ең алдымен әлеуметтік топтың, жіктің, таптың немесе бүкіл қоғамды құрастыратын индивидтердің қажеттіліктерін (мұқтажын) анықтау керек және осы мұқтаждықтарды негізге ала отырып, индивидтердің мінез-кұлқындағы қайталанатын әрекеттерді іздестіру кажет, осындай қайталанатын көріністерді тудыратын жағдайларды анықтау және қоғамда жүріп жаткан әлеуметтік процестерді табысты басқару үшін қажетті білімділік, әлеуметтік заңдар тұжырымдалуы тиіс.

     Әлеуметтік  заңдардың қоғамдық құбылыстарды зерттеудегі, әлеуметтік процестерді басқарудағы маңызы өте зор. Әлеуметтік заңдардың қалыптасып, орнығуы мен әрекет етуі әлеуметтануда ғылыми тәсілдерді қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

     Қоғамның  өмір сүру процесі барысында орныққан әлеуметтік байланыстар белгілі бір зандар мен зандылықтардың негізінде пайда болып, әрекет етеді. Өз кезегінде бұл заңдар әлеуметтік құбылыстар мен процестердің ерекшелікті жақтарын да айқындап отырады. Әлеуметтануда әлеуметтік заңдарды анықтауда бірлестік қатынастар маңызды рол атқарады. Жалпы бірлестік катынастарға әлеуметтік топтар, қоғам мен ұйымдардың, т.б. арасында қалыптасқан қатынастар жатады.

     Әлеуметтік  заңдар оқиғаның барысында адамның ырқынан тыс калыптасып, адам өміріне ықпал етеді. Бірақ адам сол әлеуметтік заңдарды басшылыққа алып, өзіне қажетті жағдайды жасай алады. Өйткені адам рухани және материалдык, құндылықтарды өндіруге, өндірілген игіліктерді тұтыну мен болу, т.б. үрдістерге қатысады. Бұлар адамдардың қоғамдық бірлікте өмір сүруінде маңызды рөл атқарады.

     Әлеуметтік  заңдар адамдарды және олардың мінез-құлқын реттеп. отырады, тұлғалардың арасындағы қатынастарды, олардың қауымдастықтарындағы қатынастарды анықтайды және адамдардың қызметі мен бірлестіктерінен көрініс табады. Әлеуметтік заңдардың қатарына, мысалы, әлеуметтік дифференциацияны және интеграцияны, әлеуметтік мобильділікті, қоғамдық емірдің интернационализациялануын, индивидтің әлеуметтендірілуін (социализация), қоғам урбанизациясын, т.б. жатқызуға болады.

     Әлеуметтанудың  заңдарын классификациялау түрлі негіздерге сүйеніп жасалады. Заңдардың жалпылық (ортақтық) дәрежесіне сәйкес олар жалпы заңдар және ерекше заңдар болып бөлінеді. Жалпы заңдар қоғамның, социумның, тұтас әлеуметтік жүйенің дамуын анықтайды. Ал, ерекше заңдар — әлеуметтік жүйенің жеке элементтеріне, қоғамның бөлімдеріне тән.Өзінің сипаты, көрініс табу тәсілі жағынан әлеуметтану заңдары динамикалық және статистикалық болып та бөлінеді. Динамикалық заңдар нақты жағдайдағы оқиғалардың желісі арасындағы қатаң да бір мағыналы байланысты көрсетеді. Ал, статистикалық заңдар әлеуметтік құбылыстарды қатаң белгілеп, анықтайды, әрі ықтимал дәрежеде де белгілейді; бұлар әлеуметтік тұтастық шеңберінде болған әлеуметтік өзгерістердің негізгі бағыттары мен тенденцияларын керсетеді.

     Әлеуметтік зандарды бүгінде бірнеше топтарға бөлеміз, атап айтсак, біріншіден, инвариантты өмір сүретін әлеуметтік немесе сонымен байланыскан құбылыстарды байқататын заңдар. Бұл зандар бойынша, егерде А деген құбылыс болатын болса, онда Б деген де құбылыс болуы тиіс. Екіншіден, даму тенденциясын көрсететін заңдар. Аталмыш заңдар әлеуметтік нысан құрылымының динамикасына себепші болатын өзара карым-қатынастың бір түрінен келесісіне өту зандары болып табылады. Қайсыбір әлеуметтік жүйе құрылымындағы элементтер мен тәсілдердің ретгелген байланыстарының кеңістікте өзгеруі бүған дейінгі қалыпты жағдаймен анықталады. Құрылымның бұрынғы калпының келесісіне осылай ықпал етуі даму заңының сипаты болып саналады. Үшіншіден, әлеуметтік кұбылыстар арасында функционалдық тәуелділікті орнататын немесе коварнация-калыптастыратын заңдар. Даму заңдарымен салыстырғанда функционалдық заңдар қайсыбір әлеуметтік жүйенің салыстырмалы түрдегі тұрактылығын сақтауды қамтамасыз етеді. Мұнда жүйенің элементтері қоз-ғалыста болғанымен, олар кұрылымды мәнді қзгеріске түсіре алмайды. Егерде даму зандары әлеуметтік объектінің бір сападан келесі сапаға өтуіне себепші болса, функңионалдық заңдар осы өтулер үшін алғышарттар жасайды. Төртіншіден, әлеуметтік кұбылыстар арасындағы байланыстарды белгілейтін заңдар. "Функционалды" және "себепті" байланыстарды белгілейтін әр түрлі заңдардың болуы функионалдык. себептің түрі бола алмайды деген еш емес. Функционалдық байланыс себепті көрсетуі де мүмкін, көрсетпеуі де мүмкін. Бұл ұғымдар жарым-жартылай сәйкес келеді. Функционалдық тәуелділіктің болуы әлі де болса мәнді себептік қатынастарды көрсетпейді. Бесіншіден, әлеуметтік құбылыстар арасындағы ықтимал байланыстарды орнататын зандар. Адамдардың статусын белгілейтін де зандар бар.

      Әлеуметтік зандар әлеуметтанудың қоғамда атқаратын міндеттерін жүзеге асыруға үлкен ықпал етеді.

3. Әлеуметтанудың атқаратын  қызметтері және  онын қоғамдық  ғылымдар жүйесінде  алатын орны

 

     Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану  ғылымының қоғам алдында орындайтын, атқаратын міндеттері бар. Оның танымдық қызметі — әлеуметтік кұбылыстарды зерттеу арқылы олардың мәні мен мазмұны жөніндегі тұжырымдардан, басқа кұбылыстармен байланысынан, даму заңдары мен олардың сипаты жөнінде жаңа ғылыми түсінік алуға талпыну мақсатынан тұрады. Әлеуметтану әр түрлі субъектілер арасында қалыптасатын қоғамдық қатынастарға, олардың қызметінің объективті және субъективті жақтарын талдауға, сонымен қатар әлеуметтік институттардың өмір сүруін сараптауға басқаларға қарағанда аса жоғары маңыз береді.

     Жоғарыда  аталған әлеуметтану білімі деңгейлеріңде  әлеуметтік про-цестер жоніндегі түсініктер мен ұғымдар жүйесі белгіленіп, қалыптасады. Олардың әрқайсысында бұл процестер  әрқилы деңгейлер дәрежесінде байқалады. Арнайы әлеуметтанулық теориялармен салыстырғанда, жалпыәлеуметтану теориялары деңгейінде ауқымы кең ғылыми қорытындылар жасалады. Нақты әлеуметтанулық зерттеулер функциясына адамдардың күнделікті практикасын сипаттайтын бастапқы мәліметтерді жинау және оларға эмпириккалық талдау жасау жатады.

     Әлеуметтанудың  танымдық қызметі, сонымен қатар  алеуметтік процестерді талдау негізінде  қоғам өмірінің материалдық, саяси  немесе рухаии салаларында олардың  одан әрі дамуына ғылыми болжам (прогноз) жасауды қамтиды. Мұндай болжамдар  ұзақ мерзімдік немесе ағымдық сипатта болады: мұндағы мақсат — жалпыәлеуметтанулық теориялар деңгейінде таяу және алыс болашақтағы қоғам дамуының тенденцияларын терең көре білу десек те, арнайы әлеуметтанулық теориялар шеңберінде пайдалы болжамдар жасалатын болады.

     Қорыта  айтқанда, әлеуметтанудың танымдық функциясы  қоғамның мәні, оның кұрылымы, өмір сүруі  мен дамуының заңдылықтары, негізгі  бағыттары мен теиденциялары, жолдары, формалары мен механизмдері туралы нақтылы және кең көлемді білім  берумен анықталады.

     Әлеуметтік  құбылыстар мен процестерге эмпирикалық  және теориялық талдау жасау негізінде, айталық материалідық өндіріс саласында  адамдардың қызметін ынталандыру мен  тиімділігін арттыруды күшейту, экономикалық және саяси қатынастарды, әлеуметтік институттардың кызметтерін жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстар әзірлеу әлеуметтанудың практикалық қызметіне жатады.

     Түптеп  келгенде, бұл ұсыныстар әлеуметтік басқару механизмін жақсартуға, оның тиімділігін ұтымды басқарудан бастап, қоғамдық істерді басқаруға дейінгі барлық деңгейде жетекшілік етудің сапасын арттыруға бағытталған. Бұны үлкенді-кішілі дәрежеде қазіргі бүкіл қоғам, әсіресе өркениетті елдер колданады. Олардың бірде-біреуі экономиканың, әлеуметтік таптардың және ұлт қатынастарының, коғамның саяси жүйесінің дамуын басқарусыз қалдырып, өз бетінше жалғасуына жол бермейді. Олардың дамуы белгілі бір басқару құрылымының ықпалымен жүзеге асады. Ол құрылымның қызметі ғылыммен тығыз байланысып, соны жүзеге асырады. Қоғамның күрделенуі және олардың экономикалық, экологиялық, саяси және тағы басқа да дамуы, қазіргі таңдағы жағдайлары әлеуметтік процестерге мақсатты, бағытты түрде ықпал жасау қажеттілігін талап етеді. Дәл осы тұста әлеуметтану өзінің алдындағы міндеттерін ғылыми негізге сүйене отырып орыңдауы тиіс. Әлеуметтану коғамның өмір сүруін жан-жақты саралап өлшейді және бастапкы әлеуметтанулық ақпарат алғаннан бастап, ғылыми дәлелденген қорытындылар мен ұсыныстар жасауға дейінгі ауқымда сан қилы жұмыстар атқарады.

     Қоғамның  таяудағы және алыс болашағына қатысты әлеуметганулық болжам жасаудың, қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани салаларының дамуын ғылыми тұрғыда алдын ала көре білудің мейлінше практикалық маңызы зор.

     Әлеуметтанудың  келесі бір атқаратын қызметі - идеологиялық міндеттер болып табылады. Өйткені әлеуметтану қайсыбір формада болмасын, белгілі бір алеуметтік топтардың, таптардың, саиси партиялар мен қозғалыстардың мүдделерін білдіреді. Бұдан айналып өту тіптен де мүмкін емес. Нақты әлеуметтанулық зерттеулер мен арнайы әлеуметтанулық және жалпыәлеуметтанулық теориялардан туындаған ережелерді идеологиялық тұрғыдан талдауға ұшыраспай алып қалу өте қиын. Себебі әлеуметтанушының өзі белгілі бір өлеуметтік-таптықтың құрамында, яғни көбінесе қайсыбір саяси партияға мүше де болады. Ол өзі зерттейтін әлеуметтік процестерді, қоғамдық кдтынастарды және әр түрлі субъектілердің қызметін белгілі бір дүниетаным ұстанымымен пайымдайды. Ал, оның дүниетанымының қалыптасуы әлеуметтанушының шыққан ортасымен, әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты.

     Қоғамдық өмірдің қайсыбір жақтарына қатысты әлеуметтанушы жа-сайтын қорытындылар тек өзі жататын әлеуметтік топтың мүддесіне тиесілі болып қана қоймай, басқа да әлеуметгік топтардың, соның ішінде таптардың мүдделерін де қамтитыны рас. Сойтіп, осы корытындылар калыптаса келе идеологиялық мазмұнға, өзіндік реңге ие болады.

Информация о работе Әлеуметтану