Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 14:28, лекция
Мақсаты: студенттерді әлеуметтану тарихының негізгі бағыттарымен таныстыру. Әлеуметтану ғылымының пайда болуы мен қалыптасуының басты себептрін түсіндіру. Студенттерді әлеуметтанудың қалыптасуының негізгі кезеңдерңмен таныстыру, әлемдік әлеуметтанудың институционализациялануын түсіндіру.
Тақырыбы: Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. XX ғасыр әлеуметтануы.
Мақсаты: студенттерді әлеуметтану тарихының негізгі бағыттарымен таныстыру. Әлеуметтану ғылымының пайда болуы мен қалыптасуының басты себептрін түсіндіру. Студенттерді әлеуметтанудың қалыптасуының негізгі кезеңдерңмен таныстыру, әлемдік әлеуметтанудың институционализациялануын түсіндіру.
Дәріс жоспары:
Әлеуметтанудың қалыптасуының негізгі кезеңдері.
О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы.
Г.Спенсер және эволюцияның натуралистік концепциясы.
Э.Дюркгеймнің әлеуметтануы.
5. М.Вебердің әлеуметтануы.
Т. Парсонстың әлеуметтануы .
П. Сорокиннің әлеуметтануы.
Дәріс тезистері:
Әлеуметтану қалай пайда болды, оның алғы шарттары, шығу себептері қандай, оның ғылым болып қалыптасуына қандай қозғаушы күштер түрткі болды?
Бұл сұрақтарға бірден жауап беру оңай емес. Өйткені әлеуметтанудың шығуының түп – тамыры көне заманға ұласады. Қоғам, қоғамдық өмірдің болғанын біз антикалық философиядан, біздің жыл санауымыздан бұрынғы IY ғасырда өмір сүрген гректің ұлы ойшылдары Платонның, «Заңдар», «Мемлекет туралы» еңбектері мен Аристотельдің «Саясат», т.б. еңбектерінен кездестіреміз. Бұл мәселелер жаңа дәуірде Макиавелли, Руссо, Гоббс, т.б. еңбектерінде де өткір тұжырымдалған.
Қоғамды ғылыми негізінде зерттеу қажеттілігі - әлеуметтану ғылымының пайда болуының және қалыптасуының басты себебі болып.
Өзінің даму кезеңінде әлеуметтану төрт негізгі кезеңнен өтті.
1-кезең. Әлеуметтану XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 20 – 30 – жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды баяндау сипатында болады. Бұл кезеңде әлеуметтану философиядан бөлініп шығады, қоғамды зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады.
Әлеуметтану дамуының алғашқы кезеңінің өзінде – ақ осы ғылымның пайда болуын, дамуын түсіндірмекші болған бірнеше мектептер, бағыттар, ілімдер қалыптасты. Бұл кезеңде әлеуметтанудың қолданбалы саласы қалыптаса бастады.
2- кезең. Қолданбалы әлеуметтану XX ғасырдың 30-60 жылдарын қамитды. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппартын дайындау басталды., әлеуметтану эксперементальды (практикалық ) ғылымға айналды.Оның әртүрлі ақпарат құралдары қалыптасып, математикалық аппаратты кенінен қолдана бастады.
3- кезең. ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтиды. Бұл кезенде әлекуметтану өткен кездегі әлеуметтанудың теорияларын алуан түрлі ой-тұжырымдарын өмірде қолдана бастады. Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламентті және президенттің сайлаулардың қарсанында нақтылы әлеументтік зерттеулер жүргізіліп, саяси серіктестіктердің сайлауын қамтамасыз етіп отырады.
4-кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болды.
Әлеуметтану тарихына үңілсек, бұдан мыңдаған жылдар бұрын грек ойшылдары Сократ, Платон, Аристотель, т.б. әлеуметтануға қатысты мәселелермен айналысқанынбайқаймыз.
Әлеуметтану XIX ғасырдың 30 -40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Жоғарыда көрсетілгендей, оның негізін салушы француз оқымыстысы Огюст Конт (1798 – 1857 ж.ж.) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.
Жалпы, О. Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл – сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О. Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл – ойының, санасының бір ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.
Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысы жоқ ғажайып, абстрактілі ұғымдарды қолданады.
Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялық ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.
Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процестердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырады.
О. Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену қажет. Нақтылы фактілер – бұл әлеуметтік құбылыстар мен процестер.
Ғылымдардың дамуы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады, бірақ, ол бір уақытта болмайды. Бұл арада басшылыққа алатын бір қағида – ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай даму тән. Объект қарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік (яғни, оң, жағымды – А.И.) білім жеңілірек, тезірек болады. Осыған орай позитивтік әдіс алғаш рет математика, физика, астрономия, химия, биология ғылымдарында қолданған. Ал, әлеуметтану жағымды, оң білімнің ең жоғарғы шыңы, өйткені ол құбылыстарды, процестерді зерттегенде «позитивтік» әдістерге сүйенеді. Позитивтік әдіс теориялық әлеуметтік талдауларда бақылау, салыстыру, эксперимент, т.б. арқылы алынған эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) факторларға сүйенеді.
О. Конттың ой – пікірлерін, идеясын одан әрі дамытқан ағылшын әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820 – 1903 ж.ж.) болды. Оның көзқарасына қысқаша тоқталсақ, Г. Спенсердің әлеуметтану теориясы негізгі екі мәселеден тұрады. Бұл екі ой – пікір, идея Ч. Дарвиннің биологиялық түрлердің пайда болу теориясының негізінде пайда болған.
1) Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау;
2) Әлеуметтік эволюция идеясы.
Адам қоғамы тірі организмге ұқсас, сондықтан оған биологиялық заңдар тән. Ч. Дарвиннің биологиялық заңына сәйкес табиғаттағы жыртқыш жануарлардың тіршілік үшін күрес заңына қоғамдағы таптардың күресі ұқсас. Г. Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемлекеттік басқару мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Г. Спенсер қоғам мен организм арасында кейбір ерекшіліктер туралы ой – пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам (индивид) қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады, ал организмнің бөліктері мен элементтері оның тұтастығын құрайды, оған тәуелді. Қоғамда, керсінше, тұтастық өзінің бөліктерінің, игілігі үшін өмір сүреді. Г. Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір жүйе деп қарауға мүмкіндік беретіндей жол ашты.
Г. Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкеледі. Олар: 1) қолдаушы, 2) материалдық игілікті өндеу көзіне (экономикаға), 3) қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау, қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп тұрушы және жеке бөліктердің тұтасқа бағынуын реттеу (мемлекеттік өкімет) болады.
Г. Спенсер қоғамның әлеуметтік құрылымын талдай келе, әлеуметтік институттардың 6 тұрпатын атап көрсеткен. Оларға туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік тұрпаттар жатады. Өзінің еңбектерінде (социология как предмет изучения. СПБ, 1986; Основные начала, СПБ, 1897, Основание социологии, СПБ, 1906г.) әлеуметтік институттардың эволюциясын зерттеген.
Г. Спенсер әлеуметтанушылардың ішінен бірінші болып, осы ғылымға жаңа ұғым, терминдерді қосты. Олар: әлеуметтік жүйе, әлеуметтік институт, әлеуметтік бақылау, құрылым және функция, т.б. Бірақ, ол бұларды өзінше түсінді.
Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі – Эмиль Дюркгейм (1858 – 1917 ж. ж.). Қазіргі әлеуметтану көбіне Э. Дюркгеймнің классикалық мұрасына сүйенеді. Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударады. Ал, бұл методология «социологизм» деп аталады. Социологизмнің мәні мен мазмұны әлеуметтілікте. Тек әлеуметтілік арқылы зерттеу, басқаша айтқанда, қандай да бір әлеуметтік құбылысты, процесті алмайық, олардың бәрі әлеуметтік ортамен байланысты өмір сүреді. Қоғам – ерекше құбылыс, оны табиғатпен, психикамен шатастырып, алмастыруға болмайды. Әлеуметтанудың методологиясы (яғни, әдістемелері) жаратылыстану ғылымдарына ұқсас болуы қажет, әлеуметтану өз алдына ғылымға айналу үшін оған белгілі бір жағдайлар қажет, осылардың ішінде оның тек қана өзі зерттейтін, өзіне ғана тән пәні мен таным әдістемелері болуы керек. Э. Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуі керек.
Ежелгі қоғамдар өміріне үңіле отырып және этнографиялық материалдардың негізінде Э. Дюркгейм діннің ерекше әлеуметтік тұжырымын да жасады. Ол дінді қоғамның өзі, қоғам барлық киеліктің, қасиеттіліктің шығатын көзі деп есептеді. Осыған орай әлеуметтік бірлікте дін шешуші рөл атқарады. Қоғам дінсіз өмір сүре алмайды. Дін қоғамдағы ең құнды, бағалы қасиеттерді бейнелейді.
Макс Вебер (1864 – 1920 ж.ж.) – батыстың ірі әлеуметтанушысы. Қазіргі әлеуметтану ғылымы М. Вебердің ой – тұжырымдарымен көп санасады. М. Вебердің әлеуметтану теориясы позитивистік теорияға қарсы шығу кезеңінде пайда болды. Позитивизмге қарсы шығу дәуірінде ол әлеуметтанудың өзгешелігін жақтай отырып, адам іс - әрекетін, қимылын «түсіну, ұғыну» теориясын қалыптастырады.
М. Вебердің пікірінше, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік – тарихи құбылыстарының субъективтік (яғни, адамның санасына, ойлануына байланысты) жақтарын, нақтылы айтсақ, адамның іс - әрекетінде, қызметінде оның мұң – мұқтажын, талап – тілегін, қажеттілігін, мақсатын, т.б. әр уақытта ескеріп отыру керек. Осыған қосымша, әлеуметтану оны объективтілік пен эмпирикалық жағынан бақылап, тексеру жақтарын жоққа шығармауы керек. Оның басты міндеті – адамдардың іс - әрекетінің, қимылының мәнін, мағынасын, мазмұнын терең түсіну, ұғыну болып табылады. Осыларды еске ала отырып, қоғамның даму заңдарының себебін ашуға болады.
М. Вебер өзінің әлеуметтану зерттеулерінде түсіну, ұғыну әдістеріне көп көңіл аударуына байланысты, оның әлеуметтану теориясы «түсіну, ұғыну теориясы» деп аталады.
Осыған орай ол нақтылы өмірге сәйкес методолгиялық, логикалық жалпы ұғымдарды қалыптастырады. Бұл оның «идеалды типтері» әдісінде жақсы көрінеді. М. Вебердің пікірінше, идеалды тип (яғни, адалдықтың үлгісі шығармашылық қиял, елес жемісі). Ол зерттелетің маңызды құбылыстарды адамның ой – пікірі мен идеализациясы (яғни, асыра дәріптеушілік, шындыққа теориялық бейнелеу – А. И.) негізінде жасалады.
Идеалды тип дегеніміз, ол объективтік эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) шындықты бейнелеу емес, бұл зерттеуші ғалымның ойлануының, ой – пікірінің жемісінің теориялық құрылымы (яғни, идеясы). Идеалды тип зерттеушілірінің нақты материалды жүйелеп реттеудің бейне – кестесі. Идеалды типтік құрылымдар – бұл қажетті құбылыстар мен процестердің жалпы түйінді ұғымдары. Мысалы, «капитализм», «экономикалық адам», «дін», «христиандық», т.б.
М. Вебер әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясының негізін салды. Веберлік әлеуметтік стратификацияның өлшемі бойынша жалғыз ғана экономикалық факторлар, яғни меншік формасына ғана емес, сонымен бірге оған саяси (өкімет) және статус, престиж (қадір, бедел, мәртебе), өлшемдері қолданылады. Осыған сәйкес әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясы көп өлшемді болуы мүмкін деп тұжырымдайды.
Иллюстративті құрал: -
· Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Современные западные исследования социологической классики. - М.: Наука, 1992.
2. Ядов В.А. Методология и методика социологического исследования. - М.: Наука. 2002.
3. Добреньков В. И., Кравченко А. И. Социология. В 3-х томах. - М.: Наука, 2000.
4. Габдуллина К.Г. и др., Социология. Учебник для студентов высших технических
учебных заведений.- Алматы: Санат, 1997.
5. Аитов Н.А., Биекенов К.У. Социология. Алматы: Қазақ университеті, 2002.
6. Тажин М., Аяган Б.Социология негіздері. Алматы, 1992.
7. Әбсаттаров Р.Б., Дакенов Н. Әлеуметтану. Алматы: Ғылым, 2004.
Қосымша:
1. Конт О. Дух позитивной философии: Слово о положительном мышлении.
СПб, 1910.
2. Дюркгейм Э. О разделении общественного труда. Метод социологии. – М-, 1991.
3. Арон Р. Этапы развития социологической мысли. – М., 1992.
4. Сорокин П.Человек. Цивилизация. Общество. – М., 1992.
5. Вебер М. Избранные произведения. – М, 1990.
6. Структурно-функциональный анализ в современной социологии. – М., 1968.
7. Большой толковый социологический словарь. Дэвид жерри, Джулия жерри. Т. 1,2.,
1999.
8. Габдуллина К.Г. Общества прогресс и регресс. А., 2003.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
Әлеуметтану пайда болуының алғашқы кезеңі?
Әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең?
О. Конттың әлеуметтануы?
Ф Спенсердің әлеуметтануы?
Э. Дюркгейімнің әлеуметтануы?
М. Вебердің әлеуметтануы?
А. Құнанбаевтың әлеуметтануы?
Ы. Алтынсариннің әлеуметтануы?
Т. Парсонстың әлеуметтануын қалай түсінесіздер?
Әлеуметтік іс - әрекет теориясының ең негізгі ұғымы?
Р. Мертонның әлеуметтік теориялары?
П. Сорокиннің әлеуметтануының негізі?
Ш. Уалихановтың әдлеуметтік ой – пікірлері қандай?
А. Байтұрсыновтың әлеуметтануы?
Ә. Бөкейхановтың әлеуметтік ойлары?
Информация о работе Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. XX ғасыр әлеуметтануы