Әлеуметтану инситут

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 13:48, доклад

Описание работы

Әлеуметтік институт қандай да бір салада қызмет ететін адамдардың жиынтығы және нақты заңдар, басқару шешімдері және практикалық кешендер жүйесі болып табылады. Әлеуметтік институттар индивидтің, топтардың, тұтас қоғамның сұраныстарын, қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. Әлеуметтік институтты біздің түсінуімізге батыс социологтарының анықтамалары қайшы келмейді.

Работа содержит 1 файл

Әлеуметтік институт қандай да бір салада қызмет ететін адамдардың жиынтығы және нақты заңдар.docx

— 11.88 Кб (Скачать)

Әлеуметтік институт қандай да бір салада қызмет ететін адамдардың жиынтығы және нақты заңдар, басқару шешімдері және практикалық  кешендер жүйесі болып табылады. Әлеуметтік институттар индивидтің, топтардың, тұтас қоғамның сұраныстарын, қажеттіліктерін  қанағаттандыруға бағытталады. Әлеуметтік институтты біздің түсінуімізге батыс социологтарының анықтамалары қайшы келмейді. Әлеуметтік институттың социологиялық сипаттамасы американдық А. және Дж. Теодорсондардың «Қазіргі социологиялық сөздігінде» берілген. Онда ол маңызды әлеуметтік қажеттіліктер мен функцияларды қамтамасыз ету үшін қалыптастырылған және қызмет ететін әлеуметтік рольдер мен нормалардың өзара байланысты жүйесі ретінде қарастырылады. Әлеуметтану бойынша ағылшын сөздігінде «институт» термині әлеуметтік нормалар арқылы тұрақты қайталанатын және санкцияланатын әлеуметтік тәжірибені бейнелеу үшін пайдаланатындығы аталып өтілген. Ол әлеуметтік құрылымда маңызды орынға ие болады.                  Әлеуметтік институттардың әртүрлісіне қарамастан, олар ортақ     типологиялық сипаттарға және ең алдымен іс-әрекетінің мақсатына ие. Мақсатты әлеуметтік институттар атқаратын функциялар анықтайды. Институттар монофункционалды (яғни 1 функция атқаратын) және полифункционалды (яғни бірқатар негізгі және негізгі емес) болуы мүмкін.   Институттың қоғамдық ортамен өзара қарым-қатынасының негізі болып оның негізгі функциясының – нақты әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін барлық жағдай туғызуды жүзеге асыру табылады.  
Әлеуметтану үшін ғылым ретінде әлеуметтік қажеттіліктер институттың іс-әрекетінде бейнеленбейтін, яғни институт қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес келмейтін жағдайды талдау маңызды. Әлеуметтік институттар пайда болатын қарама-қайшылықтың бастауларын, көріну формаларын және оларды шешу жолдарын табады. 

 


Информация о работе Әлеуметтану инситут