Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 22:09, реферат
Әлеуметтік теорияның біршама айқын элементтері ежелгі Грецияда қалыптаса бастады. Мәселен, әлеуметтік пікірдің кейбір элементтерін Гомер мен Гесиодтың шығармаларынан кездестіруге болады. Алайда, ежелгі Грек философтарының арасында қоғамға және коғамдық институттарға ерекше көңіл бөлгендер софистер болды. Оларға дейінгілер көбінесе табиғатқа баса назар аударса, софистер адам мен коғамға басты назар аударады. Өйткені, сол кездегі ежелгі Грециядағы саяси жағдай философтарды адам мен қоғам мәселесіне көңіл аударуға мәжбүр еткен болатын. (кастаға) бөледі: жоғарғы билеуші топ, қолөнершілер және құлдар.
Бірақ М.Вебер анықтағандай идеалды тип шындығында жүзеге аспайды. Ол ұйымдардың тиімісіз қызмет атқаруының бейнесін суреттеп, кеңесшіл – ережелердің бәрін қатал ұстанатын, жауапкершіліктен қашатын, қағаз жұмысын кешіктіріп, созып орындайтын шенеуніктің бейнесі деп есептеді.
Жалпы айтқанда, идеалды тип – құрылымды, тарихи дамып жатқан ілім. Белгілі бір жағдайдағы адамның тікелей индивидуалды уайымы, өмірлік тәжірибесі «идеалды тип» конструциясына тізбектелінеді, осыдан идеалды типтің өзі жекенің сана компонентіне айналатынын көруге болады.
М.Вебердің «идеалды тип» теориясы бізге қозғалыстағы жүйенің тілін, бағалығын, ережесін, сонымен қатар осы жүйенің институттарының және оның психологиясын түсіндіреді. Бұл тип мінез-құлық және мотивация кестелерін, ұйымдастырушылық формаларын және саяси басқару жүйесін қамтиды. Қалай дегенмен де, идеалды типтер рухани және басқа да құндылықтар жүйесінің өзара байланысын көрсетумен қатар, маңызды әлеуметтік құбылыстар ретінде байқалады.
Қорытынды
ХІХ ғасырдың ортасына таман социология жеке ғылым ретінде қалыптасты. Социологиялық білім фактілерге сүйенген, эмпирикалық және аналитикалық социологиялық зерттеулер білімі ретінде анықталды. Бұл социологияны абстрактылы құрылымнан кетуге мүмкіндік берді, жаратылыстануға жақын білім болуға, шынайы ғылымның әдістерін қолданатын және қоғамдық өмір мәселелерін шеше алатын ғылым болды.
Социологияны білім жүйесі ретінде қарап, классикалық социология мен заманауи социологияны салыстырып қарайтын болсақ, екеуінің арасында үлкен айырмашылық бар екенін есепке алуымыз керек. Классикалық социология әлемнің сырттан қарауға тырысты. Оның мақсаты субъекттің маңыздылығына қарамай, объектті жазып, маңыздылығын ашу. Заманауи социология объект пен субъекттің, теория мен практиканың, танымдық және әлемді бағалау қарым-қатынасы теңдігін қарастырады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Информация о работе Әлемдік социологияның дамуындағы классикалық кезең