Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2012 в 09:59, реферат
Этносаяси жанжалдарға этностар, ұлттар арасындағы даудамайлар, шиеленістер жатады. Басқа саяси-әлеуметтік егес, дау-шарларға қарағанда ол өте күрделі және шешілу жолы қиын мәселе.
Этносаяси жанжалдар
Этносаяси жанжалдарға этностар, ұлттар
арасындағы даудамайлар, шиеленістер
жатады. Басқа саяси-әлеуметтік егес, дау-шарларға
қарағанда ол өте күрделі және шешілу
жолы қиын мәселе.
Саяси жанжалдар көпұлтты мемлекетте
әр түрлі тілде сөйлейтіндердің (Бельгия,
Швейцарияда), әр түрлі дінге сенетіндердің
(Индиядағы сикхтар, мұсылмандар, индустар;
Ливанда христиандар мен мұсылмандар),
әртүрлі ұлттар (бұрынғы Кеңестер Одағында),
әртүрлі нәсілдер (Оңтүстік Африка елдерінде)
арасында болуы мүмкін. Әдетте мұндай
кақтығыс әртүрлі этникалық топтардың
арасындағы елеулі экономикалық теңсіздіктен
туады. Өз ұлтының екілдері езгіге, қысымшылыққа
түсіп отыр деп ұққан этнос халқының арасында
үгіт жүргізіп, ұлттық ынтымақтастық білдіре
бастайды.
Кейде бір этникалық топтың өкілдері әлеуметтік-таптық
сатына жоғары денгейде тұрады да өздерінен
басқа этнос өкілдерімен салыстырғанда
артықшылықтармен, жеңілдіктермен пайдаланады.
Мұндай жағдай, сөз жоқ этносаралық қақтығыстарға,
ұлта- ралық жанжалдарға жол ашады.
Этносаяси жанжал тудыратын мәселенің
бірі – этникалық ұлтшылдық. Мұнда біраз
ұлттың өкілдері өз алдына автономия алу,
тұтастығын және өзгешелігін сақтау мақсатын
қояды. Ол идеология немесе қозғалыс ретінде
көрініс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі
үш мақсатты алға қояды:
— автономия мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз
ету;
— белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету
құқығын алу;
— өз мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен
бірдей мәртебеге жеткізу.
Этностық ұлтшылдықтың басты саяси мүддесі
— түптеп келгенде езінің мемлекеттігін
орнату. Мұндай ұлтаралык кақтығыстар
қазіргі таңда жеткілікті. Мысалы, Солтүстік
Ирландия мен Англия, фузиндер мен абхаздықтар,
осетиндер мен ингуштар арасындағы, Таулы
Карабахтағы, Молдавадағы және т.с.с. жанжалдар.
Олардың негізінде жергілікті халықтан
басқа ұлт өкілдерінің саяси және азаматтық
құқықтарының қысымшылық көруі, ұлттық
егемендік, ұлттық-мемлекеттік құрылым
мәселелерінің және т.б. жатыр.
Этносаяси шиеленістердің пайда болуына
түрткі болатын себептің бірі — этностың
өз тілі, мәдениеті, діні, әдет-ғұрпының
тағдырына қалыптан тыс, асыра қауіптенушілік.
Оның болашағы қалай болады деп мазасыздану.
Мысалы, біздің республикамызда 90 жылдардың
орта кезінде орыс тілділер орыс тілінің
мәртебесі женінде бірталай әңгіме көтерді.
Оларға "Лад", "Русская община"
ұйымдары, казактар дем беріп, кикілжің
тудырды. Тіліміз, әдет-ғұрпымыз қысым
көруде, орыстарды басқарушы қызметтерге
аз алуда, олардың арасында жұмыссыздық
көбеюде, соларға байланысты олар Қазақстаннан
жаппай көшуге мәжбүр болуда деп байбалам
салды. Шын мәнінде, Қазақстан Республикасының
Конституциясында көрсетілгендей, мемлекеттік
ұйымдарда, жергілікті өзін-өзі басқару
органдарында мемлекеттік қазақ тілі
мен орыс тілінің тең қолданылатындығы,
өтпелі кезеңдегі жұмыссыздықтың көбеюі
барлык ұлт өкілдеріне бірдей әсер етіп
отырғандығы, басқарушы органдарға қызметке
ұлтына, нәсіліне қарамай, тең қабылдануы
және т.б. олардың қауіптерінің орынсыз
екендігін дәлелдеді.
Әдетте ұлттық идеяны көтеріп, этносаяси
жанжалдарға әкелетіндер билікке таласушы
топтар мен олардың басшылары. Олар өз
саяси мақсаттарына жету үшін ұлттық факторды
пайдаланады. Сол үшін жылдар бойы жиналған
кемшіліктерді дабыра етіп, аз ұлттардың
сезімдерінде ойнап, наразылық тудырады.
Қалай болғанда да ұлтаралық жанжалды
өрістетпей, мәселені дер кезінде шешу
қажет. Өйткені мұндай шиеленістер ұлғайып
кетуге бейім келеді және ұзақ сипат алған
дау-жанжалды тоқтату оңайға түспейді.
Ол үшін мемлекет ұлтаралық саясатты ешқашан
назардан тыс қалдырмауы тиіс. Бұл салада
біздің елімізде бірталай іс істелуде.
1995 жылдың 1 наурызында Н.Ә. Назарбаевтың
Жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы
құрылды. Ол республикадағы барлық ұлттық-мәдени
орталыктарды қамтиды. Ассамблея елімізде
ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты
сақтау, қоғамды біріктіру, нығайтуды
қамтамасыз ету бағытында практикалық
ұсыныстар жасайды. Ұлттық саясат саласындағы
жаңа заң жобаларына қоғамдық сараптау
жасайды. Мысалы, "Қоғамдық бірлестіктер
туралы", "Мәдениет туралы", "Қазақстан
Республикасындағы тілдер туралы" және
т.б. заң жобаларына қорытынды дайындап,
Парламентке жіберді.
Алайда экстремистік пиғылдағылар елімізде
кездеседі. Мысалы, 1999 жылы Казимарчук
деген содыр өз жақгастарымен Өскеменде
төңкеріс ұйымдастырмақ болды. Оның сұрқия
жоспарын қазақстандык арнаулы органдары
дер кезінде ашып, ойындағысын жүзеге
асыртпады. Егер бұл әрекет жүзеге аса
қалса, Шығыс Қазақстандағы, тіпті еліміздің
басқа өңірлеріндегі жағдай тұрақсызданатыны
сөзсіз еді. Сондықтан барлық жұртшылық
болып ондай әрекеттерге жол бермей, қазақстандық
патриотизмді, ұлтжандылықты, отансүйгіштікті
республика тұрғындарының бойларына сіңіріп,
жеріміздің тұтастығын, еліміздің тыныштығын
көздің қарашығындай сақтап, оның гүлденіп,
көркеюі үшін оқуды үздік оқып, аянбай
озық еңбек етуіміз керек.
Біздің елдің болсын,
шетелдердің қоғамтану
Ал, шын мәнінде, бұл дұрыс түсінік емес еді. Себебі, қоғамда әр түрлі топтар, таптар, жіктер болатындығы туралы өткен тарауларда айтқан болатынбыз. Олардың өзіндік мақсат-мүдделері, талап-тілектері, арман-аңсарлары, мұқтаж-қажеттіктері болады. Олар, сөз жоқ, сәйкес келе бермейді. Осыдан келіп араларында айырмашылықтар пайда болады. Олар дер кезінде шешілмесе, шиеленістерге, жанжалдарға айналады. Шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтады.
Шиеленіске адамзат өте ертеден-ақ көңіл аударған. Мысалы, б. з. б. VII—VI ғасырларда қытай фәлсафашылары дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс көзі оң (ян) және теріс (инь) бастаулардан тұрады деп есептеді. Ежелгі грек фәлсафашысы Герак- лит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама-қарсылықтардың күресінен туады деді. Макиавелли қоғамдық процестердің дамуыңда қайшылықтардың пайдалылығын атап көрсетті. Гегель қарама-қарсылықтардың қайшылықтары мен күресін жоғары бағалады.
Саяси шиеленістер теориясына әсіресе көп көңіл бөлген — марксизм. Маркс пен Энгельс "Коммунистік партияның манифесінде": "Ерікті мен құл, патриций мен плебей, помещик пен крепостной, мастер мен кіші мастер, қысқасы, езуші мен езілуші бірімен-бірі ылғи антатонист болып, бірде жасырын, бірде айқын түрде үздіксіз күресіп келді, бұл күрес әрқашан бүкіл қоғам тұрмысын революциялық түрде қайта құрумен немесе күресуші таптардың жалпы жойылуымен тынып отыратын" деген. Олар тап күресі таптық қоғамдардың дамуының зандылығы және қозғаушы күші деп есептеді.
Осы ғасырдың 50 жылдарында
американдық Льюис Козер
60 жылдары немістің
әлеуметтанушысы Ральф
Американың әлеуметтанушысы Кеннет Баулдинг "шиеленістің жалпы теориясын" жасады. Оның ойынша, әлеуметтік шиеленістің мәні адамның қалыптық реакциясына байланысты. Қандай кикілжің болмасын, тітіркендіргіштер, қоздырғыштардың әрекеттері арқылы реакцияларды, құндылықтарды, жеке адамдардың құштарлықтарын өзгертуге болады. Соның арқасында қоғамдық құрылыс түбірімен өзгеріске ұшырайды.
Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістер көптеген ғалымдардың назарын аударуда. Сондықтан осы мәселемен арнайы айналысатын конфликтология деген ғылым пайда болды. Ол мейірімсіздікке, төзімсіздікке, озбырлыққа әкелетін, қоғамды бүліндіріп, тығырық қатірейтін саяси шиеленістердің шығу зандылықтарын біліп, реттеу жолдарын іздестіріп, оның алдын алуға бағытталады. Соған орай, ол саяси және қоғамдық қатынастарды жетілдіруді де қарастырады.
Әлеуметтік шиеленістердің бірнеше себептері бар. Ең бірінші, жалпы себебіне адамдардың теңсіздігі жатады. Себебі әркімнің қоғамдағы мәртебесі, қызметі, билікке қатынасы әр-түрлі. Біреулер билік етеді, екіншілері оларға бағынады, дегендерін істейді. Дарендорф: "Бұл қайшылық әрқашан болған және бола бермек, сондықтан Маркстің коммунистік қоғамда таптар, дау-дамайлар болмайды деуі бекер сөз" дейді.
Шиеленістің екінші себебіне кажеттілік, мұктаждыктың, талап-тілектің өтелмеуі немесе канағатгандырғысыз өтелуі жатады.
Үшіншіден, адамдар
өздерін белгілі бір
Батыстың көптеген саясатшылары шиеленістер (төртінші) себебін адамның санасынан іздейді. Мысалы, жеке адам мен қоғамдық құндылықтар туралы түсініктері сәйкес келмеуі, өмірден адам бір нәтижені күтуі, шындығында басқаша шығуы, адамдардың өзара түсініспеушілігі, олардың ішкі сезімдерінің жетілмегендігі, т. т. с
Шиеленістер қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік бақылауға алынған шиеленіс адамдар, топтар арасында пайда болған дау-дамайлардьі уақытында ушықтырмай, асқындырмай шешуге септігін тигізеді.
Әлеуметтік шиеленістер сан алуан келеді. Олар мемлекеттер, ұлттар, ұйымдар, жұмысшылар мен әкімшілік басшылары, ері мен әйелі және т. с. с. арасында кездеседі. Олар әр түрлі топтастырылады, жіктеледі. Мысалы, оларға қатынасатын субъектілерге байланысты мемлекеттер, ұлттар, діндер, нәсілдер арасындағы; қатынасатын жақтарға байланысты саяси, экономикалық, идеологиялық, экологиялық, сауда, қаржы, әскери, мәдени; қамтыған шеңберіне қарай халықаралық, аумақтық, жергілікті болып бөлінеді. Оларды антагонистік және антагонистік емес, негізгі және негізгі емес, шындыққа жататын және жатпайтын, ұзақ уақыттық және қыска мерзімді, т. т. етіп те бөліп жүр.
Саяси шиеленістер
өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден
өтеді. Алғашқы кезеңінде
Біраз жағдайда билік басындағылар қайшылықты байқаса да байқамаған сыңай білдіреді. Ондайда кикілжің бықсып, жанып өрістеуі, тіпті өртке айналуы мүмкін. Соңдықтан шиеленісті шешу керек. Бұрын одан екі жолмен құтылғысы келетін. Біріншісі, қоғамның "таза" даму қисынына сәйкес келмегенді өз арасынан аластап, сыртқа ығыстырып шығару арқылы құтылғысы келді. Екіншісінде, керексіз жағдайды, құрылымды тура басып-жаншып құрту, жою арқылы құтылғысы келді. Екеуінде де қайшылық шешілген сияқты алдамшы түсінік туады. Ал, шын мәнінде, бұл ауруды ішке тыққанмен бірдей.
Сондықтан қазір көбінде
шиеленістерді дер кезінде
1. Шиеленісті мәмілеге
келу арқылы бейбіт жолмен
шешу. Мәміле деп дау-жанжалға
қатысушы жақтардың өзара
2. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.
Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі — келіссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың пікірі, дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады, келісімнің шарттары анықталады. Дағдарыс жағдайынан шығу үшін оның мәнін, ерекшеліктерін, әлеуметтік негізін және т.б. зерттеп білген жөн.
Қоғамдағы саяси шиеленіс көбіне занды оппозицияның бар жоғына да байланысты. Бұрынғы Кеңес заманында көппартиялық пен оппозицияға қалыпты жағдайдан тыс, ерсі нәрсе сияқты қарайтын. Ал демократиялық елдерге олар қажетті шарт. Олар болмаса, билік органдарына сенімсіздік туады, олар бюрократияланады. Оппозицияда әр топтың талап-тілектері, көзқарастары ескеріледі. Соңдықтан ағылшын фәлсафашысы Джон Милль демократиядан оппозицияны алып тастаса, диктатура калады деп тегін айтпаған.
Дегенмен, шиеленіс болған соң одан қайткен күнде де шығу керек. Ол азаматтық келісім негізінде шешілуге тиіс. Оның екі жолы бар. Біріншісі — араздық, жаулық, күдіктілік қалпын бұзып, сенім жағдайын туғызу. Екіншісі — барлық деңгейде адамдардың қарым-қатынас тетіктерін қалыптастыру. Зорлық зорлықты тудырады. Сондықтан одан аулақ болып, өркениетті жол іздеген абзал.
Америкалық саясатшы Г. Райфф әрбір есі дұрыс адам ортақ мүдделер тауып, шиеленістерді реттей, жөнге келтіре білуі керек деген. Батыстың тәжірибесі жеке адамның еркіндігіне, коғамның ашықтығына, заңның билігіне негізделеді. Біз үшін олардың бәрін толық орындай қою әлі қиын. Бірақ соған тырысқан жөн. Себебі, олар ел тағдыры үшін маңызды шарттар.
Сонымен саяси шиеленістер
қоғамның дамуына тән қасиет. Олардың
жекелеген түрі ғана қиратып, бүлдіруге
әкеледі. Олай болмау үшін өсіп келе жатқан
дау-дамай, кикілжіңдерді дер кезінде
ашып, реттеген, одан да жақсысы олардың
алдын алған ләзім. Оған саяси және қоғамдық
өмірдің демократиялық жағдайында ғана
қол жеткізуге болады. Сондықган америкалык
саясатшы Сеймур Липсет (1922 жылы туған)
тұрақтылық пен демократияны медальдің
екі жағы деп өте дұрыс санайды.