Ислам дінінің қоғамда алатын орны

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 16:37, реферат

Описание работы

Әрбір отбасының асыл арманы мен мақсаты - бала өсіріп, жақсы тәрбие беру. Баланы тәрбиелі азамат етіп өсіру - әке-шешенің ең басты міндеті. Өйткені бала әке-шеше үшін бір аманат. Бұл аманатты Алла Тағала оларға сый ретінде берген, сол үшін кейін сауап береді. Ата-ана балаларына жақсы тәлім-тәрбие және білім берсе, Алланың ризалығына бөленеді, ал бала тәрбиесіне көңіл бөлмеген, немқұрайлы қараған ата-ана азапқа душар болады. Өйткені Алла қасиетті

Содержание

1. Ислам дінінің күнделікті тұрмыс-тіршілікте алатын орны
2. Ислам дінінің қоршаған ортаны қорғауға және қоғамдағы теңдік пен бейбітшілікке қосқан үлесі

Работа содержит 1 файл

ислам дінінің қоғамда алатын орны.docx

— 34.39 Кб (Скачать)

2. Ислам дінінің қоршаған  ортаны қорғауға және қоғамдағы  теңдік пен бейбітшілікке қосқан  үлесі

Қоршаған орта қысқаша айтқанда, адамның  өмiр сүрiп жатқан рухани және материалдық ортасы. Қоғамдағы кез-келген адам өзi өмiр сүрiп жатқан қоршаған ортасының тазалығына, көгалдануына көңiл бөлуi қажет. Ислам дiнi – әрбiр мұсылманның өзi өмiр сүрiп жатқан қоғамда , қоршаған ортасына маңыз беруiн бұйырады. Құран Кәрiмде және Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадистерiнде қоршаған ортаның тазалығы, ағаш өсiру, жан-жануарларға қиянат жасамау, экологияны болдырмау жолдары т.б. мәселелердi көп кездестiруге болады.

Ислам діні адамның материалдық және рухани өмірімен тығыз байланысты. Барлық нәрседе болғанындай қоршаған ортаны қорғау мәселесінде де, Құран Кәрім  мұсылмандарға жол көрсеткендігін көреміз. Сондықтан исламның келуімен бірге, адам баласы қоршаған ортаға көңіл  бөле бастаған. Шындығында Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір басшы ретінде,  қоршаған ортамен байланысты жұмыстармен  айналысып, мұсылмандарға бұл жайында  өз үгіт –насихатын айтып отырған.

Қоршаған  ортамыздағы барлық тіршілік атаулының  Алланы еске алып, оған құлдық ететіні  жайында Құран Кәрімде былай  делінген: «Жеті көк және жер, сондай-ақ ондағы болғандар, Алланы пәктейді. Оны пәктеп, мақтамайтын ешнәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың таспихтарын түсіне алмайсыңдар. Шынында Алла өте жұмсақ, аса жарылқаушы».

Имам  Табиридің тәпсірінде айтылғандай, Алла Тағала бұл аятта біздерге жер  жүзіндегі,  барлық жаны бар нәрселердің  өзін ұлықтап, мақтап, пәктейтінін білдіруде. Әрі еш нәрсенің босқа жаратылмағандығын  айтуда. Періштелер, адамдар, жындар, жеті көк аспанда және жер жүзіндегі  барлық жаратылыстар Аллаға тағзым етіп, ұлықтайтындығын жеткізуде. Олардың  біздің тілден басқа бір тілде  таспих ететіндері жайлы айтылған. Жер жүзінде барлық нәрсе Алланы таспих ететіндіктен, біздің қоршаған ортамыздағы ағаштар, өсімдіктер жан-жануарлар  т.б. Алланы ұлықтайтындығы анық. Сондықтан  әрбір мұсылман қоршаған ортадағы барлық жандыларға мейірімммен, қамқорлықпен, жанашырлықпен қарауы қажет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) қоршаған орта жайында былай  дейді: «Кім бұл жерден бір ағаш кесетін болса, оның орнына бір ағаш ексін». Осы хадистен кейін мұсылмандар ағаш егуді бастап, «әл-Ғабе» орманы қайта қалпына келтірілген болатын.

Ади ибн  Зейдтен нақыл етілген хадисте  Абу Дауд былай дейді: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мәдинаның жан-жағынан бір  берид (жер өлшемі: 32 км.) аймақты  қорық аймағы етіп жариялады». Риуаятта айтылған бір беридтік жер ең аз дегенде отыз екі километр қашықтықты қамтиды. Сонда Мәдина қаласының орталығынан алғанда, 32 км. жан-жағы айналдыра қорық болғандығын көрсетеді. 

Ағаш  егу жайында Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай насихат етеді: «Кім ағаш егетін болса, ол ағаштан шыққан өнімнің көлеміндей, Алла сауап жазады».

«Жеті нәрсе бар: адам қабірде болса  да, олардан келген сауап үздіксіз барып тұрады; Үйретілген ілім, халықтың пайдалануы үшін ағызылған су, егілген  ағаш, салынған мешіт, оқылуы үшін берілген Құран және жақсы тәрбиеленген бала». «Қолыңда бір көшет болып, сол сәтте қиямет басталса да, оны егетін уақытыңыз болса, ол көшетті егіңіз».

Бұл хадистерден  Пайғамбарымыз (с.а.у.) ағаш өсіруге  және қоршаған ортаның көгалдануына, тазалығына мән бере отырып, мұсылмандарды  осы іске шақырғанын көреміз. Олай болса Ислам діні біздерді қоршаған ортамызды таза ұстауға шақырады.

«Хақсыз жерде торғайды өлтіргеннен Алла Тағала қиямет күні есеп алады».

Абдуллаһ  ибн Амр нақыл еткен бір  хадисте: «Алланың Елшісі (с.а.у.) бір күні ешкі сауып жатқан адамға жолығып, оған: Ей адам! Сауған кезіңде оның лағына да сүт қалдыр, деді».

Көріп отырғанымыздай, бұл хадистерде Пайғамбарымыз (с.а.у.) жануарлардың және құстардың қорғалуын, оларға қиянат жасалмау керектігін айтқан. Жануарлардың жақсы бағылуы керектігін, оларды жаратылыстарына сай қолдану  керектігін, артық жүк артпау керектігін қатты ескерткен. Аң аулау кезінде,  тек қана көңіл көтеру үшін аулауға  тыйым салған. Қоршаған ортаның қорғалуын, ағын және тұнық судың ластанбауын, жол және ауланың таза ұсталуын хадистерінде көп ескерткен. Бұл жерден біз  Ислам дінінің қоршаған ортаға үлкен  көңіл бөліп, жануарлар мен өсімдіктерді, жәндіктерді, ағаштарды, табиғаттағы  суларды және т.б. қорғауға шақырғанын көреміз.  

Дін - Ислам  философиясының түсіндіруінше, әлемді басқарушы, жаратушы күш - Алланың барлығына, бірлігіне шын жүректен сену. Ал Ислам Алла Тағала тарапынан келген ең соңғы хақ дін. Бұл дінге  сеніп, бұйырылған міндеттерді орындауға  ұмтылу - барша мұсылман атаулының  борышы,  әрі міндеті. Ислам дінінде  мұсылмандардың бір - бірімен сәлемдесіп, амандасқанда, сәлем беруші; «Ассалаумағалейкум» - дейді. Бұл - «Сізге тыныштық, бейбітшілік  тілеймін» - деген сөз. Сәлем алушы  да: «Уағалейкумуссалам» - дейді. Бұл - «сізге де тыныштық, бейбітшілік болсын» -  деген сөз. «Сөз анасы-сәлем» -  десек, сол сәлемнің өзімен, сәлем  арқылы адам баласына тыныштық, береке тілейтін Ислам дінінің қоғамдағы  орны мен ролі ерекше екендігі байқалады.

Мұсылмандардың  өмірдегі тұтынар тағылымы, тиянақ табар тұғыры: имандылық, адамгершілік, әділдік. Осылар арқылы жететін пенделердің  өзара ынтымақ бірлігі қоғамға игі әсерін тигізеді. Ислам діні түрге, тілге, нәсілге бөлінбейді. Алланың бірлігін, пайғамбардың хақтығын мойындаған мұсылман баласының бәрін «бауырым» деп ішке тартады, барымен бөліседі, көмегін аямайды. Сонымен қатар басқа дін өкілдеріне де, құрметпен, сыйластықпен қарайды. Мұны да  жан жүрегімен мойындап, адамгершіліктің ақ жолынан айнымаған, бұрынғы өткен ақыл-ой алыптарының ұрпаққа қалдырған өсиет сөздерінен де анық көруге болады. Ислам дінінің әлемдік деңгейдегі өкілі, қазақ жерінде суфизмның негізін қалаған Қожа Ахмет Иассауи бабамыз:

          Діні бөлек, ол да адам,

          Қиянат оған жасама.

          Хақтың өзі жазалар, 

          Қиянатшылды тұмақта - деген. Бұның  өзі Ислам дініне сеніп, Алланың  әмірлеріне мойынсұнған мұсылмандардың  қоғамдағы жалпы адамзатқа оң  көзқараста екендігін көрсетеді.  Сонымен қатар Ислам діні қоғамдағы  әрбір адамның бір - бірінің  кемшілігін іздемей, дұшпандық  сақтамай, тату-тәтті өмір сүруін  қалайды. Бұл жайында Пайғамбарымыз  (с.а.у.) былай дейді: «Сендерді көзбен көрмеген (анық білмейтін) нәрселерді сөйлеуден тыямын. Өйткені нақты білмеген нәрселер жайында сөйлеу - өтірікке жақын. Бір-бірлеріңнің кемшіліктеріңді іздеуге, естуге тырыспаңдар, жеке және жасырын өмірлеріңді де іздестірмеңдер. Бір-бірлеріңді қызғанбаңдар, бір-бірлеріңнен бет бұрып, менсінбеушілік жасамаңдар, кек сақтамаңдар және де дұшпандық қылмаңдар. Ей Алланың құлдары! Бір-бірлеріңмен бауыр болыңдар».

Бұл хадисте  Пайғамбарымыз (с.а.у.) қоғамымыздың тыныштығын бұзатын дұшпандық, кек сақтау, менсінбеушілік, кемшілік іздеу, сөз тасу сияқты жаман  қасиеттерден аулақ болуымызды бізден талап етуде. Қоғамның тыныштығын сақтау жайында Алла Тағала былай деген: «Және сендерден жеке залым болғандарға ғана кесірі тиып қалмайтын фитнеден (яғни, бүлік шығарудан) сақтаныңдар! Сондай-ақ Алланың қатты азабы бар екенін біліңдер».

Бұл аяттың тәпсірі жөнінде Имам Сабуни былай  дейді: «Фитнеден сақтаныңдар, өйткені  фитне келсе, ол тек фитне шығарған залымдарға ғана кесірін тигізіп  қоймайды, залым болмағандарға да кесірін тигізеді. Өйткені залым  болмағандар зұлымдықты тоқтатпағаны үшін құрдымға ұшырайды». Яғни, Ислам діні бізді қоғамда бүлік шығармай, керісінше бүлік шығарушыларды тоқтатуға шақырады. Осылайша қоғамның бірлігін, татулығын сақтаған болады. Ислам діні - бейбітшілік діні. Сондықтан да қоғамда бүлік шығаруға жол бермейді. Оның орнына бірлік пен татулыққа, ынтымақтастыққа шақырады.  

 


Информация о работе Ислам дінінің қоғамда алатын орны