Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 07:41, реферат
Еңбекті қорғаудың маңызды белгілерін анықтау үшін «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» ұғымының тек құқықтық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік тұрғыдағы мазмұнын анықтап алу дұрыс болады. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың әлеуметтік құбылыс екендігі ғылыми әдебиетте бірнеше мәрте атап өтілген және оны әлеуметтік жүйе ретінде қарастыру еңбекті қорғау ұғымының заңдық аспектіде дамуына және оны тереңірек түсінуге септігін тигізетіндігі ешқандай күмән туғызбайды.
Еңбек құқығы өзінің табиғаты бойынша тек азаматтық құқықтың ғана емес, сонымен қатар әкімшілік құқықтың да принциптері мен әдістеріне негізделеді. Мәселе ұжымдық өндірістің қызметкердің әкімшілік билігіне бағынуын, тәртіпті, еңбек ету барысында оның еркіндігінің шектелуін әділ талап ететіндігінде, сондықтан өркениеттік тәсіл әкімшілік-құқықтық (ұйымдастырушылық, басқарушылық) тәсілмен толықтырылды [17].
О.В.Смирновтың атап
көрсеткеніндей, еңбек және әкімшілік
құқықтардың шектес сипаты, біріншіден,
реттеу тақырыбының ұқсастығынан (еңбек
құқығында – еңбек саласындағы
ұйымдастырушылық-басқарушылық қатынастар;
әкімшілік құқықта –
Шындығында, еңбек заңнамасын бақылау мен қадағалау жөніндегі қатынастар екіұшты сипатқа ие, ол бақылаудың субъектілері мен деңгейіне байланысты болады. Салалық тұрғыдан ұйым ішіндегі қадағалау мен бақылау жөніндегі қатынастар еңбек құқығына жататындығы күмән тудырмайды. Мұндай қатынастар ұжым ішінде, мысалы, бір жағынан, қызметкер немесе қызметкерлер және, екінші жағынан, жұмыс беруші (жұмыс берушінің өкілі) немесе кәсіподақ арасында еңбекті қорғау нормалары мен ережелерінің сақталуын кәсіподақтың бақылауы кезінде қалыптасады. Еңбек заңнамасын сақтауды мемлекеттік қадағалау және бақылау жөніндегі қатынастарға келетін болсақ, бұл қатынастар әкімшілік-құқықтық болып келеді.
ҚР Еңбек кодексі
еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау
және бақылау қатынастарын ұжым аясында
шектемейді. Онда еңбек құқығының
зерттеу тақырыбын құрайтын еңбек
заңнамасының сақталуын қадағалау
және бақылау жөніндегі
Еңбекті қорғауды
жоғарғы органдардың жоспарлауы
мен ұйымдастыруы жөніндегі қатынастар
ұйымдастырушылық-басқарушылық қатынастар
болып табылады, яғни, әкімшілік
құқық саласына да жатады. Мұндай нормалардың
мазмұнына ұйым әкімшілігінің еңбекті
қорғау жөніндегі шараларды
Жоғарыда көрсетілген құқық нормалары 2 түрлі болуы мүмкін: 1) еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарды жалпы сипатта реттейтін нормалар (олар нақты еңбек және әкімшілік қатынастарының пайда болуының алғышарты ретінде бой көрсетеді); 2) еңбекті қорғау жөніндегі нақты шараларды өткізу міндетін тікелей қарастыратын нормалар. Әкімшілік құқыққа да, еңбек құқығына да сондай-ақ министрліктер мен оларға есеп беруге міндетті ұйымдардың қауіпсіздік қызметі органдарының (қауіпсіздік техникасы жөніндегі бөлімдерінің) еңбекті қорғауды ұйымдастыруларын реттейтін нормалар жатады.
«Еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау» институтының
кешенділігі туралы мәселені зерттеу
барысында еңбек
Сондай-ақ еңбекті қорғау институты мен әкімшілік құқық нормалары еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік (әкімшілік) тұрғысынан да түйіседі.
«Еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау» институты
нормаларын реттеудің негізгі зерттеу
тақырыбы қызметкердің денсаулығы мен
өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз
ету жөніндегі қатынастар болып
табылса, онда әлеуметтік қорғау құқығы
азаматтардың қандай да бір себептермен
жұмысқа қабілеттілігін жоғалтқанда
(уақытша немесе тұрақты) немесе зейнеткерлік
жасқа келгенде, оларды материалдық
қамтамасыздандыру барысында
Еңбек қатынастарында
азаматтар еңбек етуге
Сондай-ақ еңбекті қорғау институты азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті түрде сақтандыру мәселелерін реттеу тұрғысынан сақтандыру құқығымен байланысты. «Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы № 30 Заңы жұмыс берушіні қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар ұйыммен сақтандыру келісім-шартын жасасуға міндеттейді [20]. Өз жауапкершілігін сақтандыра отырып, жұмыс беруші денсаулығын қалпына келтіруге қажетті немесе тиісті сомаларға құқықтары бар адамдар үшін қажетті ақша қаражаттарын өтеуді кепілдейді.
Бұл сақтандырудың негізгі мақсаты сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы өздерінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде өмірлері мен денсаулықтарына зиян келтірілуі мүмкін қызметкерлердің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады, және біздің республикамызда қарастырылған халықты әлеуметтік қорғаудың 3-ші және соңғы деңгейі болып табылады.
Жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі қатынастардың өздері, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қатынастар сияқты, азаматтық және еңбек құқығы сияқты салалардың реттеу тақырыбы болып табылады. Құқықтың қандай да бір саласының нормалары сақтандыру төлемдеріне құқықтың жүзеге асырылу кезеңіне байланысты әрекет етеді. Мәселен, азаматтық құқық нормалары сақтандыру және зиянның орнын толтыру туралы жалпы ережелерді реттейді, еңбек құқығы нормалары, атап айтқанда, еңбекті қорғау институтының нормалары сақтандыру оқиғасының орын алуының негіздерін анықтайды, яғни, жұмыс берушінің еңбекті қорғау жөніндегі қандай да бір ережелерді бұзуы қызметкерге келтірілген зиянның орнын толтыру үшін негіз бола алады.
Еңбекті қорғау институтының салааралық сипаты еңбек қызметін зерттейтін психологиялық ғылымның бағыты, соңғы кезде зерттеу салаларының өзектілерінің бірі – эргономикамен байланысынан да көрінеді.
«Эргономика» терминін (грекше ergos – жұмыс, nomos – заң) Англияда 1949 жылы Эргономикалық зерттеу қоғамын құрған бір топ ағылшын ғалымдары қабылдаған. Америкада зерттеулердің бұл бағыты «адам инженериясы», ал ГФР-да «антропотехника» деген атауға ие болды [21]. Эргономика, адамның еңбек қызметін психология, физиология, әлеуметтану, сондай-ақ заң ғылымдары тұрғысынан зерттейтін кешенді құрылым бола отырып, еңбекті қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін де айтарлықтай маңызға ие.
Республикалық деңгейдегі еңбекті қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру қаржылық құқықтың ғана емес, сонымен бірге еңбек құқығының да реттеу тақырыбы болып табылады.
Осылайша, еңбекті қорғау құқықтық институты салааралық құрылым болып табылады, себебі қызметкерге келтірілген зиянның орнын толтыру, әлеуметтік сақтандыру мәселелерін реттеу кезінде түйісетін құқықтың көптеген салаларымен және олардың институттарымен, конституциялық құқықтармен және бостандықтармен, еңбекті қорғау жөніндегі шаралардың әкімшілік жоспарлануымен және ұйымдастырылуымен және т.б. байланысты. Осы қатынастардың барлығы бірнеше институттың нормаларының реттеу тақырыбы болып табылады.
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы киiм - қызметкердi зиянды және қауiптi өндiрiстiк факторлардан қорғауға арналған киiм, аяқ киiм, бас киiм, қолғап;
2) ауыр қол еңбегi - ауыр заттарды қолмен көтеруге немесе орнын ауыстыруға байланысты қызмет
түрлерi
не 360 ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсалатын басқа да жұмыстар;
3) еңбек
гигиенасы - қызметкерлердiң денсаулығын сақтау, өндiрiстiк ортаның және еңбек процесiнiң қолайсыз әсерiнiң алдын алу жөнiндегi санитарлық-гигиеналық шаралар мен құралдар кешенi;
4) еңбек қауiпсiздiгi
- еңбек қызметi
процесiнде қызметкерлерге зиянды және қауiптi әсердi болдырмайтын iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз
етiлген қызметкердiң қорғалу жай-күйi;
5) еңбек қауiпсiздiгi
және
еңбектi қорғау жөнiндегi
уәкiлеттi
мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - еңбек қатынастары саласындағы өкiлеттiктi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) еңбек қауiпсiздiгi
және
еңбектi қорғау жөнiндегi
уәкiлеттi
мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - аумақтық бөлiмшелер) - еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде еңбек қатынастары саласындағы өкiлеттiктi жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерi;
7) еңбек қауiпсiздiгi
мен еңбектi қорғау мониторингi
- өндiрiстегi
еңбек қауiпсiздiгi
мен еңбектi қорғаудың жай-күйiн қадағалау
жүйесi,
сондай-ақ республикадағы еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғаудың жай-күйiн бағалау және болжау;
8) еңбек қауiпсiздiгiнiң жағдайлары
- еңбек
процесiнде қызметкердiң жұмысқа қабiлеттiлiгi мен денсаулығына әсер ететiн өндiрiстiк орта мен еңбек процесi факторларының жиынтығы;
9) еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын
алу, оңалту
және өзге
де iс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе;
10) еңбектi қорғау жөнiндегi қоғамдық инспектор
- ұйымның кәсiподақ органы,
ал ол болмаған кезде қызметкерлердiң жалпы жиналысы тағайындайтын, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлер өкiлi;
11) еңбектiң қауiпсiз
жағдайлары
- қызметкерге
зиянды және қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерi жоқ не олардың әсерiнiң деңгейi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген қауiпсiздiк нормаларынан аспайтын,
жұмыс
берушi жасаған еңбек жағдайлары;
12) жеке қорғану құралдары - қызметкердi зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен қорғауға арналған құралдар;
13) жұмыс
орны - қызметкердiң еңбек қызметi
процесiнде өзiнiң еңбек мiндеттерiн орындау кезiндегi
тұрақты немесе
уақытша
болатын орны;
14) зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайы - белгiлi бiр өндiрiстiк факторлардың әсерi қызметкердiң еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне немесе сырқаттануына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;
15) зиянды өндiрiстiк фактор - оның әсерi қызметкердiң сырқаттануына немесе еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор;
16) кәсiби
ауру - қызметкердiң еңбек
(қызмет)
мiндеттерiн орындауымен байланысты оған зиянды өндiрiстiк
факторлардың әсер етуiнен туындаған созылмалы немесе қатты ауруы;
17) қауiпсiздiк
нормалары - қызметкерлердiң еңбек қызметi процесiнде олардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдық, техникалық, санитарлық-гигиеналық биологиялық және өзге де нормаларды, ережелердi, рәсiмдер
мен өлшемдердi қамтамасыз
ету тұрғысынан өндiрiс
жағдайларын, өндiрiс
және
еңбек
процесiн сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткiштер;
18) қауiптi
(ерекше қауiптi) еңбек жағдайлары - еңбектi қорғау ережелерi сақталмаған жағдайда белгiлi бiр өндiрiстiк факторлардың әсерiн тигiзуi қызметкер денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе жарақаттануына
не өлiмiне әкеп
соқтыратын
еңбек
жағдайлары;
19) қауiптi өндiрiстiк
фактор - әсерiн тигiзуi қызметкердiң еңбекке қабiлеттiлiгiнен уақытша немесе мүлдем айрылуына (еңбек жарақатына немесе кәсiби ауруына) немесе өлiмiне әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор;
20) қызметкерлер өкiлдерi
- қызметкерлерi
уәкiлеттiк
берген кәсiптiк одақтардың және олардың бiрлестiктерiнiң органдары, ал олар болмағанда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрылған өзге де өкiлдер немесе ұйымдар;
21) өндiрiстегi
жазатайым оқиға - өзiнiң еңбек (қызмет) мiндеттерiн немесе жұмыс берушiнiң тапсырмаларын орындау кезiнде қызметкердiң жарақаттануы,
денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы
салдарынан оның еңбекке қабiлеттiлiгiнен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсiби ауруға шалдығуына не өлiмiне әкеп соқтырған өндiрiстiк фактордың әсерi;
22) өндiрiстiк
жабдық
- машиналар, тетiктер, аппараттар мен өзге
де техникалық құралдар;
23) өндiрiстiк
жабдықтың қауiпсiздiгi
- өндiрiстiк
жабдықтың өз функцияларын
орындауы кезiнде нормативтiк-техникалық және жобалау құжаттамасында
белгiленген жағдайларда еңбек қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкестiгi;
24) өндiрiстiк
объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау - өндiрiстiк
объектiлердi, цехтарды, учаскелердi, жұмыс
орындарын оларда орындалатын жұмыстардың қауiпсiздiгiнiң, зияндылығының, ауырлығының, қауырттылығының жай-күйiн, еңбек гигиенасын айқындау және өндiрiстiк орта жағдайларының еңбектiң қауiпсiз жағдайларына нормативтерiне сәйкестiгiн айқындау мақсатында оларды бағалау жөнiндегi қызмет;
25) өндiрiстiк
процестiң қауiпсiздiгi - өндiрiстiк процестiң нормативтiк-техникалық құжаттамада белгiленген жағдайларда еңбек қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкестiгi;
26) өндiрiстiк
санитария - зиянды өндiрiстiк факторлардың қызметкерлерге әсерiн болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру
ic-шаралары мен техникалық құралдар жүйесi;
27) өнеркәсiп қауiпсiздiгi
саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты берiлген өкiлеттiк
шегiнде iске асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
28) ұжымдық қорғану құралдары
- жұмыс
iстейтiн екi және одан да көп адамды зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен бiр мезгiлде қорғауға арналған техникалық құралдар.
Информация о работе Еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалар