Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 19:15, доклад
Адамзаттың шығу тегі мен жер шарында таралуы. Жер шарында адамзаттың пайда болған орны мен мерзімі жөніндегі мәселе ғалымдар арасында әлі күнге дейін талас тудырып келеді. Адамның шығу тегі мен даму ерекшеліктерін зерттейтін антропология ғылымында адамзаттың тегі туралы қарама-қайшы көзқарас қалыптасқан. Осыған сәйкес, антропологияда бүкіл адамзаттың ататегі ортақ деп есептейтін "моногенизм" бағыты және керісшше, әр нәсіл дербес ататектен тарағандығы туралы пікірді үстанатын "полигенизм" бағыты бар.
Дүние жүзінің халқы
Дүниежүзі халқының саны және ұдайы
өсуі.
Адамзаттың шығу тегі мен жер шарында
таралуы. Жер шарында
адамзаттың пайда болған орны мен мерзімі
жөніндегі мәселе ғалымдар арасында әлі
күнге дейін талас тудырып келеді. Адамның
шығу тегі мен даму ерекшеліктерін зерттейтін
антропология ғылымында адамзаттың тегі
туралы қарама-қайшы көзқарас қалыптасқан.
Осыған сәйкес, антропологияда бүкіл адамзаттың
ататегі ортақ деп есептейтін "моногенизм"
бағыты және керісшше, әр нәсіл дербес
ататектен тарағандығы туралы пікірді
үстанатын "полигенизм" бағыты бар.
Көпшілік ғалымдардың пікірінше, алғашқы
адамдар Шығыс Африкадағы Ұлы жарықтар маңында пайда
болған. XX ғасырдың 70-жылдарында Кения азаматтары болып есептелетін
әйгілі ғалымдар Луис және Мэри Лики Танзанияның
солтүстігіндегі Олдувай шатқалынан өздері
зинджантроп деп атаған ежелгі адамның
қаңқасын тапты. Оның жасы шамамен, 1,7 млн
жыл деп анықталды. Кейінгі археологиялық
қазба жұмыстары барысында Рудольф көлінің
шығыс жағалауынан табылған қаңқалар
адамның ата- тегінің одан да ерте (шамамен
5 млн жыл бұрын) пайда болғанын дәлелдеді.
Осы зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар
адамзаттың пайда болған орны Шығыс Африка
болған деген қорытындыға келді. Дегенмен
полигенизм бағытын ұстанған ғалымдар
адамзаттың әр нәсілдің жеке дүние бөлігінде
дербес пайда болып, дамығаны туралы болжамдар
келтіреді. Саналы адам (Homo sapiens) осыдан,
шамамен, 50—100 мың жылдай бұрын пайда болған.
(Адамның ататегінің даму сатылары туралы
биология сабақтарынан алған білімдеріңді
еске түсіріңдер.) Ғалымдардың көпшілігі
алғашқы адамдар палеолиттің соңында
Африкадан алдымен Еуропа мен Азияға,
кейіннен Азиядан Америка мен Аустралияға,
одан соң Мұхит аралдарына
таралған деп есептейді Уақыт өте келе,
қоршаған орта жағдайларына бейімделу
нөтижесінде дүние бөліктерінде тіршілік
ететін адамдар әзіндік антропологиялық
ерекшеліктерге ие болды.
Халық санағы
Халық саны туралы нақты ақпарат
ұйымдасқан түрде жүргізілетін халық
санақтары нәтижесінде ғана белгілі
болатындықтан, ерте кезеңдердегі ғана
емес, тіпті орта ғасырлардағы адам
саны жөніндегі мәліметтер де тек
шамамен алынады. Ғалымдар 15 мың
жыл бұрын ғаламшарымыздың
Мемлекеттің әскери және салық саясатына орай, алғашқы халық санақтары б.з.д. III мыңжылдықта Ежелгі Қытайда және Египетте жүргізілген. Жан-жақты сипат алған халық санақтары XVIII ғасырдан бастап жекелеген мемлекеттерде (Австрия-Венгрия, Скандинавия елдері, АҚШ) жүргізіле бастады. Ал XIX ғасырда еуропалық елдер мен Ресей империясының, Үндістан мен Латын Америкасындағы кейбір елдердің халық саны жөнінде ресми мәліметтер алынды. XX ғасырда барлық елдерде дерлік халық санағы жүргізілді: көптеген Азия елдерінде алғашқы санақтар Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өткізілді. 1950 жылы дүниежүзі халқының шамамен 80%-ы халық санағына қамтылды. Африка елдерінде халық санағы 1950 жылдарда халықаралық ұйымдар арнайы бөлген қаржының көмегімен жүзеге асты. Қаржы тапшылығынан мешеу елдердің кейбірінде сол кезеңнен бері санақ жүргізілмеген. Мысалы, алғашқы халық санағы Ауғанстанда 1979 жылы, Оманда 1993 жылы өткізілген. Соның нәтижесінде XX ғасырдың соңына қарай Жер шары халқы түгелімен дерлік ресми халық санағына қамтылған. БҰҰ ел ішінде халық санағын әрбір он жыл сайын өткізіп тұруды ұсынды, бірақ бұл шараны аталған мерзімде қаржы қоры жеткілікті елдер ғана жүзеге асыра алады. Қазақстанда халық санағы Кеңес дәуірінде әрбір он жыл сайын өткізіліп тұрған, еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі халық санағы 1999 жылы өтті. Кезекті халық санағы 2009 жылы өткізілді. 2009 жылғы хальық санағы бойынша еліміздегі халық саны 16 млн 196 мың 180 адамға жетті. Жалпы алғанда, дамушы елдерде қаржының жетіспеуі, елдін ішкері аудандарында жол қатынасының қиындығы, жергілікті халықтың сауатсыздығы бұл елдердегі халық саны жөнінде нақты мәліметтер жинақтауға бөгет болады. Сонымен қатар дамушы елдер де ресми мәліметтердің іс жүзіндегі халық санынан улкен ауытқушылық жасауы да жиі ұшырасады.
Дуниежүзі халқының саны
"Дүние жүзі халқы 1800-2100"
Демографиялық көрсеткіштер. Жер шары
халқы алғашында өте баяу өскен.
Мұны адамның табиғат апаттарына
тәелділігімен , жиі болған соғыстармен
және жұқпалы аурулардың кең таралуымен
түсіндіруге болады. Мысалы, XIV ғасырда
Еуропаны жайлаған оба дертінен халықтың
шамамен 20%-ға жуығы қырылған. Өндірістің
жетілуі, адамдардың тұрмыс жағдайының
жақсаруы және медицинаның алға басуы
нәтижесінде дүниежүзі халқы
жылдам қарқынмен өсе бастады. Әсіресе
XX ғасырда халық санының айрықша
жылдам артуы байқалды. Мысалы, 1930 жылы
Жер шары халқы 2 млрд адам болса, 1962
жылы — 3 млрд, 1976 жылы — 4 млрд, 1987 жылы
— 5 млрд, ал 1999 жылы 6 млрд адамға жетті.
Халық санының мұндай күрт өсуі демографиялық
жарылыс деп аталады. Бұл құбылысты
адамның өмір жасының ұзаруы, сәбилер
өлімінің азаюы жағдайында туу көрсеткішінің
өзгеріссіз қалуымен түсіндіруге болады.
Дегенмен 1980 жылдардың ортасына қарай
халық санының өсуі баяулай бастады. Бұл
туу көрсеткішінің күрт кемуімен байланысты
болды. Дамыған елдердің көпшілігінде
халық санының өсуі тұрақтанып, кейбір
елдерде табиғи өсу мүлде тоқтады. Дүниежүзіндегі
халық саны көп елдер. Дүниежүзі аймақтарындағы,
жеке елдердегі демографиялық жағдайды
сипаттау үшін абсолюттік және салыстырмалы
демографиялық көрсеткіштер пайдаланылады.
Абсолютті көрсеткіштер қатарына табиғи
өсу (туу мен өлудің арақатынасы) мен механикалық
өсу (иммигранттар мен эмигранттар саны
арасындағы айырма) жатады. Туу мен өлім көрсеткіштері әлеуметтік-экономикалық
жағдайларға, мемлекеттің демографиялық
саясатына тікелей байланысты болса, халықтың
көшіп-қонуына экономикалық және саяси
алғышарттар, экологиялық ахуал себепші
болады. Туу мен иммиграция көрсеткішінің
жоғарылауы халық санын арттырса, өлім
мен эмиграция халық санын кемітеді.
Адамның өмір жасының орташа ұзақтығына
елдегі экономикалық көрсеткіш, әлеуметтік
тұрақтылық, экологиялық жағдай және
денсаулық сақтау жүйесінің қызметі
тікелей әсер етеді. Бұл көрсеткіш
тарихи кезеңдерде үлкен өзгерістерге
ұшырап отырған.
Жеке елдердегі адамның өмір
жасынын орташа ұзақтығы 25—30 жыл
өмір сүрсе, XX ғасырдың орта шенінде
дүниежүзі бойынша бұл
Халық санының ұдайы өсуі
Демографиялық саясат. Адамзаттың үздіксіз жаңарып, ауысып отыруын қамтамасыз ететін туу мен өлу және табиғи өсу көрсеткіштерітң жиынтығын халықтың ұдайы өсуі деп атайды.
Ұдайы өсудің дәстүрлі типі тән болатын мешеу елдерде өлім көрсеткішінің жоғары болуы халықтың тұрмыс жағдайының нашарлығымен, жқұпалы аурулардың кең тарауымен түсіндіріледі. Бұл елдерде табиғат апаттары мен апштық нәтижесінде халық санының күрт қысқаруы да байқалады. Мысалы, 1984—1985 жылдарда болған құрғақшылық нәтижесінде Эфиопияда аштықтан миллиондаған адам қайтыс болды. Өтпелі тип тән болатын елдерде соңғы жылдары халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына байланысты өлім азайған, бірақ туу жоғары деңгейде қалып отыр. Ұдайы өсудің үшінші — казіргі типі демографиялық көрсеткіштердің төмендігімен сипатталады. Германия мен Швецияда өлгендер саны туғандар санынан артық, халық санының аздап өсуі тек сырттан келгендер есебінен өсуде]