Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың орны мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2014 в 10:54, статья

Описание работы

Қазақстан мемлекеттiк қалыптасуы кезеңiнде елеулi экономикалық құлдырауға ұшырап, әлеуметтiк салада, соның iшiнде кеңес уақытында құрылған және негiзiнен жұмыстың сандық көрсеткiштерiне бағдарланған медициналық ұйымдардың икемсiз жүйесiнен тұратын денсаулық сақтау жүйесiнде елеулi оңтайландыру жүргiздi.
Соңғы жылдары Қазақстан едәуiр экономикалық өсуге қол жеткiздi, осының нәтижесiнде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру елеулi өстi (соңғы үш жылда екi рет), сондай-ақ олардың одан әрi дамуының перспективалары жасалды. Әлеуметтiк бағдарлана отырып мемлекет бұдан әрi де саланың дамуына елеулi түрде көңiл бөлуге ниеттенедi.

Работа содержит 1 файл

Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың орны мен маңызы.docx

— 20.21 Кб (Скачать)

Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың орны мен маңызы.

1 курс магистраны  – Шымырбекова Айнур Шакировна

Ғылыми жетекші: әлеуметтік ғылым докторы, профессор Тынышбаева Ане Арзиевна

Халық денсаулығының жай-күйi қоғамның әлеуметтiк бағдарлылығының, мемлекеттiң өз азаматтарының алдындағы жауапкершiлiк дәрежесiн сипаттайтын әлеуметтiк кепiлдiктерiнiң интегралды көрсеткiшi болып табылады. 
      Қазақстан мемлекеттiк қалыптасуы кезеңiнде елеулi экономикалық құлдырауға ұшырап, әлеуметтiк салада, соның iшiнде кеңес уақытында құрылған және негiзiнен жұмыстың сандық көрсеткiштерiне бағдарланған медициналық ұйымдардың икемсiз жүйесiнен тұратын денсаулық сақтау жүйесiнде елеулi оңтайландыру жүргiздi. 
      Соңғы жылдары Қазақстан едәуiр экономикалық өсуге қол жеткiздi, осының нәтижесiнде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру елеулi өстi (соңғы үш жылда екi рет), сондай-ақ олардың одан әрi дамуының перспективалары жасалды. Әлеуметтiк бағдарлана отырып мемлекет бұдан әрi де саланың дамуына елеулi түрде көңiл бөлуге ниеттенедi. 
      Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрi - ДДҰ) дерегi бойынша азамат денсаулығының тек 8-10 %-ы ғана денсаулық сақтау жүйесiнiң жұмысына байланысты екендiгiне қарамастан, мемлекеттiң қоғамдық денсаулық сақтау жөнiндегi күш-жiгерi экономикалық және әлеуметтiк прогреске қарай өсе түсуге тиiс. 
      Осыған байланысты денсаулық сақтауға азаматтардың өздерiн, жұмыс берушiлердi тарту және денсаулық сақтау саласында iс-шаралар жүргiзудi сектораралық үйлестiрудi күшейту маңызды [1. 3 бет].

Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстанның 2030 жылғы кезеңге дейiнгi Даму стратегиясын, Президенттiң "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн!" атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру мақсатында әзiрленген. 
      Бағдарламада Қазақстан Республикасында қолжетімді, сапалы, әлеуметтiк бағдар ұстанған және экономикалық тиiмдi денсаулық сақтау жүйесiн дамытуға бағытталған қажеттi экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдастырушылық және басқа да шаралардың жиынтығы белгiленген.

Қазақстан Республикасы халқы денсаулығының жай-күйі, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және денсаулық сақтау жүйесiнiң дамуы соңғы онжылдықта оң үрдiстермен де, сол сияқты терiс үрдiстермен де сипатталды. 
      Соңғы жылдары негiзгi медициналық көрсеткiштердi - тууды, өлiм-жiтiмдi, өмiр сүрудің орташа ұзақтығын тұрақтандыруға қол жеткiзiлдi. Жұқпалы аурулармен ауыру төмендедi. Денсаулық сақтау саласында бiрқатар реформалар жүргiзiлді, олардың бір бөлiгi табысты iске асырылды, басқалары өзiнiң қисынды жалғасына жетпеді. Соңғыларына денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс мамандығының енгізілуін жатқызуға болады [1. 8 бет].

 

       Әлеуметтік жұмыс - жеке адамдардың әлеуметтік мәселелерін, ең алдымен әлеуметтік жәбір шеккен жеке тұлғалар мен коғамдық топтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, азаматтардың әлеуметтік кепілдігі бар құқықтары мен қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, әлеуметтік қызметін атқару қабілетін қалпына келтіруге немесе көтеруге қолайлық туғызатын жағдайлар жасауға бағытталған кәсіптік іс-әрекеттің ерекше, бірлестірілген, пәнаралық түрі [2. 6 бет].

     Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыстың орын алғанына аздаған уақыт болса да, қазіргі кезде еліміздің бірнеше қалаларында тұрғындарға медициналық-алдын алушылық қызмет көрсететін емханаларда әлеуметтік қызметкерлер жұмыс атқарады. Қалалық емханаларда әлеуметтік қызметкерлерге арналып штат бөлінген. Әлеуметтік қызметкерлер Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметкердің қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқауды бекіту туралы» 2011 жылдың 20-шы желтоқсанындағы №907 бұйрығына сәйкес қызмет атқарады. Әлеуметтік қызметкер көрсететін арнайы әлеуметтік қызметтің түрі мен көлемі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен «Десаулық сақтау саласындағы арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандартын бекіту туралы» 2009 жылдың 30 қазанындағы №630 бұйырыққа сәйкес ұсынылады. Арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлердің іс-әрекеті аймақтық қағида бойынша жүзеге асырылады. Әр әлеуметтік қызметкер 4-5 аймақтық участкеге бекітілген. Бекітілген участкелеріндегі әлеуметтік жағдайлары нашар, жалғызбасты, мүгедек, өмір жолында дұрыс жолдан адасып, нашақорлыққа, маскүнемдікке салынған  әлеуметтік қолдауды қажет ететін жандармен тікелей қызмет етеді [4. 5 бет].

     Әрбір әлеуметтік қызметкер әлеуметтік мәселелерді жақсы білу, әлеуметтік жұмыс теориясын, әдістерін, технологияларын білу, адам психологияларын жақсы білу және адамды түсіну сияқты қабілеті болуы тиіс.

     Әлеуметтік қызметкерлердің негізгі мақсаттық обьектілері: әлеуметтік жағдайы нашар, аз қамтылған отбасылар, жұмыссыздар, 70-тен асқан қарт кісілер және қарттығына байланысты өзіне қызмет көрсете алмайтын жалғыз басты қарт адамдар, психикалық ауытқулары бар, онкологиялық ауруларға ұшыраған науқастар, кәмелетке толмаған, жалғыз басты аналар, көп балалы отбасылар, девианттық жүріс-тұрыстағы балалар мен жасөспірімдер, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандар, алкоголизм және нашақорлыққа душар болған адамдар және мүмкіндігі шектеулі кісілер. Әлеуметтік қызметкерлер  тұрғындар ішінен бастарына түскен қиындықтары бар, жан күйзелісіне ұшыраған, әлеуметтік кері әсері бар нашар жағдайға душар болған жандарды анықтап, осы жағдайлардан шығуларына  көмек көрсетуге ұмтылады. Оның негізгі тапсырмасы жоғарыда көрсетілген жайттарды туғызатын қоғам факторларын анықтау [3. 110, 111 бет].

     Емханадағы әлеуметтік қызметкрелердің негізгі міндеттері:

  • Клиенттің мәселесін, қажеттіліктерін кешендік бағалау, қорғау мен тәуекел факторларының деңгейін зерттеу, әлеуметтік бағдарламаларды жоспарлау;
  • Медициналық қызметкерлермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, науқастың әлеуметтік-медициналық қажеттілігін қанағаттандыру;
  • Салауатты өмір салтын насихаттау, отбасын жоспарлау бойынша алдын алу жұмыстарын жүзеге асыру;
  • Халықты әлеуметтік маңызы бар аурулар түрімен ақпараттандыру;
  • Медициналық қызметкерлерді және қаралушыларды адам құқығын реттейтін нормативтік құжаттармен таныстыру;
  • Өз-өзіне көмек топтарын, клубтарын құру;
  • Әлеуметтік ұйымдар мен науқас арасында делдалдық қызмет атқару;
  • Қаралушылардың арнайы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін үйіне бақылап бару арқылы бағалау [4. 6 бет].

Емханадағы әлеуметтік қызметтің маңызы өте зор. Еліміздің әрбір азаматының денсаулығының жақсы болуы, оның тек физиологиялық жағдайына ғана байланысты емес, сонымен қатар әлеуметтік-психологиялық жағдайы ескерілуі қажет. Осы мәселені шешуде әлеуметтік қызметкер үлкен үлес қосады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 1438 Жарлығы;
  2. Кравченко А.И. Социальная работа: учеб. – М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2008 – 416 с.
  3. Кабалова Л.П. О практике предоставления социально-медицинских услуг на дому и в полустационарных учреждениях государственного и муниципального секторов социального обслуживания граждан пожилого возраста и инвалидов// Материалы консультации международного семинара. М.: МЗМП РФ, 1995. 
  4. Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметкердің қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқауды бекіту туралы» 2011 жылдың 20-шы желтоқсанындағы №907 бұйрығы.

 

 

 


Информация о работе Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың орны мен маңызы