Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 21:46, реферат

Описание работы

1. Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
2. Осы Стандарт өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге (бұдан әрі – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер) қатысты.

Содержание

Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсету стандарты;
Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер;
Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

денсаулык.docx

— 26.34 Кб (Скачать)

 

Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс 
 

Жоспар

  1. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік 
    қызметтер көрсету стандарты; 
  2. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер; 
  3. Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік 
қызметтер көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер     

1. Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген. 
      2. Осы Стандарт өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге (бұдан әрі – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер) қатысты. 
      3. Осы Стандартта денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің бірегейлендірілген талаптары мен жалпы қағидаттары, түрі, нысаны және оларды көрсету шарттары белгіленген.  
      4. Көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасы осы Стандартқа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мониторингін жүргізу арқылы жүзеге асырылады. 

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін денсаулық  сақтау субъектілері 
     

 5. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді денсаулық сақтау субъектілері – денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ, жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар көрсетеді. 
      6. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді мынадай денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді: 
      1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар; 
      2) стационарлық көмек көрсететін ұйымдар; 
      3) қайтадан қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту ұйымдары; 
      4) паллиативтік көмек және мейірбике күтімі ұйымдар; 
      5) АИТВ/ЖИТС алдын алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары. 
      7. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің бұл тізімі жеткілікті емес. 
      8. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді денсаулық сақтау жүйесінің әлеуметтік қызметкерлері көрсетеді.

3. Денсаулық сақтау  саласындағы арнаулы әлеуметтік  қызметтердің негізгі түрлері  мен нысандары

 

 

 

 

 

 

 

 

Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер

 
      1) өмірдегі қиын жағдайға  душар болған тұлғаның (отбасының)  өмір сүру сапасын жақсарту  мен арттыру, басқа азаматтармен  бірге қоғам өміріне қатысудың  тең мүмкіндігін туғызу мақсатында  өз денсаулығына өздерінің жауапкершілігін  арттыру арқылы жақындарымен  қоса пациенттердің өздерін белсенді  қатыстырып, медициналық-әлеуметтік  технологияларды қолдану арқылы  аурулардың алдын алуға, денсаулығын  қалпына келтіруге, сақтауға және  нығайтуға бағытталған әлеуметтік-медициналық  қызметтер; 
      2) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаны (отбасын) әлеуметтік-психологиялық бейімдеу әрі қоғамда оңалту мақсатында психологиялық ағарту, психологиялық профилактика, психодиагностика, түзету жұмыстарын жүргізу, консультациялық және ақпараттық көмек көрсету арқылы әлеуметтік-психологиялық қолдауды көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтер; 
      3) физикалық мүмкіншіліктері мен ақыл қабілеттерін ескере отырып, қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаны (отбасын) педагогикалық түзетуге және оқытуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтер; 
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) тиісті деңгейде өмір сүруін қолдау мен жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық қызметтер; 
      5) денсаулық сақтау саласында медициналық қызметтер көрсету мен құқық мәселелері бойынша құқықтық ағартуды, ақпараттық-құқықтық көмек көрсетуді, консультация беруді және әлеуметтік-құқықтық қорғауды көздейтін әлуметтік-құқықтық қызметтер; 
      6) жеке мұқтаждықтан туындайтын қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) тұрмыс-тіршілік әрекетін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер; 
      7) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғалардың (отбасылардың) еңбек дағдысын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтері; 
      8) бос уақытты ұйымдастыруға, әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізу және оларға өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаларды (отбасыларды) тартуға бағытталған әлеуметтік-мәдени қызметтер. 
      10. Өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылады және адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін қолжетімді, арнаулы әлеуметтік қызметтер мыналарды қамтиды: 
      1) консультация беру (жеке және топтық); 
      2) үйге жиі бару, белсенді көмек көрсету және бақылау (патронаж бен әлеуметтік сүйемелдеу); 
      3) "сенім телефоны" бойынша көмек (консультация беру) көрсету; 
      4) қолдау топтарын құру, тренинг өткізу, ынталы топтармен, өзіне-өзі көмек көрсету және өзара көмек көрсету топтарымен жұмыс жүргізу. 
      11. Өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну қоса денсаулық жағдайын, жас және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып одан әрі жеке және кешенді жоспар құру арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтерге деген қажеттілігін бағалау мен белгілеу негізінде жүзеге асырылады. 
      12. Өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде әлеуметтік жұмысқа волонтерлер, қоғамдық, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері тартылады. 
      13. Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметкерлер өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсеткенде медициналық ұйымдар арасында сабақтастық сақталу керек. 
      14. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізеді.

4. Амбулаторлық-емханалық  көмек көрсететін ұйымдардың  деңгейіндегі және АИТВ/ЖИТС алдын  алу саласындағы қызметті жүзеге  асыратын денсаулық сақтау ұйымдары  арнаулы әлеуметтік  қызметтердің көлемі      

15. Әлеуметтік-медициналық  қызметтер: 
      1) қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) әлеуметтік-терапиялық жұмысты ұйымдастыру (бағалау, проблемаларды белгілеу, кешенді жоспар құру, жасын ескере отырып көмек көрсету және жағдайдың позитивті жаққа өзгеру мониторингі); 
      2) тұрмыста және қоғамдық жерлерде өзіне-өзі қызмет ету, мінез-құлық, қарым-қатынас, өзін-өзі және өзара қолдау дағдыларын қалыптастыру; 
      3) қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) үй жағдайында денсаулығын оңалту іс-шараларын жүргізу үшін медициналық-психологиялық және әлеуметтік-құқықтық білім негіздеріне үйрету; 
      4) ауыр науқастардың, жалғыз басты қарт адамдардың, мүгедектердің, мүмкіндіктері шектелген тұлғалардың үйіне жиі барып көмек көрсету және үй жағдайында бақылау (патронаж бен әлеуметтік сүйемелдеу); 
      5) пациенттерді әлеуметтік орталықтарға және қызметтерге жолдау үшін құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету; 
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік кепілдіктер бойынша консультация беру және ақпараттандыру (жеңілдіктер, әлеуметтік төлеулер, жәрдемақы, өтемақы, алименттер алу, тұрғын үй жағдайын және басқа да жағдайларын жақсарту); 
      7) қамқоршы және қамқоршылық жасау органдарына әлеуметтік оңалтуды қажет ететін кәмелетке толмағандарды орналастыруға, асырап алуға, қамқорлыққа, отбасында асырап алуға көмек көрсету; 
      8) жұмысқа орналасу мәселелеріне көмек көрсету, емдеу және басқа да мекемелерге көмек көрсету; 
      9) еріктілерді ауыр науқастарға, жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге, мүмкіндіктері шектелген тұлғаларға медициналық-әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуге даярлау және үйрету. 
      16. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер: 
      1) психологиялық диагностика және түзету жұмыстарын жүргізу; 
      2) қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) жеке және топтық қолдау көрсетуге жағдай жасау; 
      3) жеке әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету және әлеуметтік-психологиялық тренингтер жүргізу, интерактивті әдістер қолдану. 
      17. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер: 
      1) әлеуметтік және шығармашылық бастамаларын қолдауды топшылайтын ұйымдастыру қызметтері, қоғамдық-құнды қызметті ұйымдастыруға көмек көрсету; 
      2) медициналық-әлеуметтік-педагогикалық әлеуметтендіруді қамтамасыз ететін әлеуметтік-тәрбиелік қызметтер. 
      18. Әлеуметтік-экономикалық қызметтер: 
      1) әлеуметтік-экономикалық және басқа да мәселелерді айқындау мақсатында әлеуметтік-экономикалық жағдайларды диагностикалау; 
      2) әлеуметтік-экономикалық патронаж және қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік беру. 
      19. Әлеуметтік-құқықтық қызметтер: 
      1) денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызмет көрсету және пациенттердің құқығын қорғаудың құқықтық, әлеуметтік-құқықтық мәселелері бойынша пациенттерге тегін консультация беруге көмек көрсету; 
      2) медициналық қызмет көрсетудің әлеуметтік-құқықтық мәселелері бойынша, денсаулық сақтау саласындағы құқықтар бойынша түрлі құжаттарды жазуға және ресімдеуге көмек көрсету; 
      3) денсаулық сақтау саласында құқықтық мәдениетті арттыру, халықты құқықтық ағарту бойынша бағдарламалар мен іс-шараларды іске асыруға көмек көрсету; 
      4) әлеуметтік, құқықтық және басқа да қоғамдық маңызы бар проблемаларды шешуге бағытталған пациенттердің азаматтық бастамаларын қолдау. 
      20. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер: 
      1) пациенттің өмірлік жағдайын әлеуметтік диагностикалау, әлеуметтік-тұрмыстық өмір жағдайын зерделеу; 
      2) қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) тұрмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша санитариялық-гигиеналық ағарту және консультация беру. 
      21. Өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғалардың (отбасылардың) еңбек дағдысын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтері. 
      22. Бос уақытты ұйымдастыру, әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізу және оларға өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаларды (отбасыларды) тарту.

5. Стационарлық  көмек көрсететін денсаулық сақтау, қайтадан қалпына келтіріп емдеу  және медициналық оңалту, паллиативтік  көмек және мейірбике күтімі  ұйымдарының деңгейіндегі арнаулы  әлеуметтік қызметтердің көлемі      

23. Әлеуметтік-медициналық  қызметтер: 
      1) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаны, жағдайын ескере келе, күтуді қамтамасыз етуге көмек көрсету, соның ішінде санитариялық-гигиеналық қызмет (сүртіп алу, жуып алу, гигиеналық шомылдыру, тырнақтарын алу, шашын тарау) көрсету; 
      2) санаторийлік және оңалту іс-шараларын алуға көмек көрсету; 
      3) қамқоршы және қамқоршылық жасау органдарына әлеуметтік оңалтуды қажет ететін кәмелетке толмағандарды орналастыруға, асырап алуға, қамқорлыққа, отбасында асырап алуға көмек көрсету; 
      24. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер: 
      1) психологиялық диагностика жүргізу және жеке немесе топтық әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету; 
      2) үй жағдайында денсаулығын оңалту іс-шараларын жүргізуге арналған әлеуметтік-психологиялық білім негіздеріне үйрету, тұрмыста және қоғамдық орындарда өзіне-өзі қызмет ету, мінез-құлыққа дағдыландыру, қарым-қатынас, өзін-өзі және өзара қолдау дағдыларына үйрету; 
      3) пациенттерді тіршілік әрекетінің түрлі салаларында медициналық қызмет көрсетуде, тұлғалық және әлеуметтік бейімделуде әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу; 
      4) өзін-өзі сақтау мінез-құлқына үйрету мақсатында әлеуметтік-психологиялық тренингтер өткізу; 
      5) халықтың түрлі топтарының психологиялық құзыретін жоғарылату мақсатында БАҚ, буклеттер, үндеухаттар шығару арқылы жарияланатын ақпараттық және білім беру іс-шараларын жүргізу. 
      25. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер: 
      1) тұлғаның өзінің мүмкіндіктерін, тәрбиелік әлеуетін пайдалана отырып, өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаны (отбасын) әлеуметтендіруді қамтамасыз ететін әлеуметтік-педагогикалық диагностикалау және әлеуметтік-тәрбиелік қызметтер; 
      2) пациенттерде мүмкін болатын психологиялық-педагогикалық проблемаларын алдын алу; 
      3) қандай да бір себеппен қоғамдық байланыс пен қарым-қатынастарын, әлеуметтік және жеке басының маңызы бар сипатын, қасиеті мен мүмкіншіліктерін жойған не жоғалтқан пациенттерді қалпына келтіру; 
      4) мүмкіншіліктері шектелген, сондай-ақ, әлжуаз топтар мен дұрыс жолдан адасқан пациенттер тобын әлеуметтік ортаға әлеуметтік-педагогикалық бейімдеу. 
      26. Әлеуметтік-экономикалық қызметтер: 
      1) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаны (отбасы) өмірінің әлеуметтік-экономикалық және басқа да жағдайларының мәселесін айқындау; 
      2) әлеуметтік-экономикалық көмек мәселелері бойынша консультацияларға қолжетімділікке көмек көрсету. 
      27. Әлеуметтік-құқықтық қызметтер: 
      1) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) әлеуметтік-құқықтық мәселелерін айқындау; 
      2) денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызмет көрсету, құқықтарын қорғау бойынша заңды қызметтер мен құқықтық консультацияларға қолжетімділікке көмек көрсету; 
      3) медициналық қызмет көрсету мен денсаулық сақтаудың әлеуметтік-құқықтық мәселелері бойынша түрлі құжаттарды жазуға және ресімдеуге, заңнамамен көзделген жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, кепілдіктерді алуға көмек көрсету; 
      4) медициналық қызмет көрсетуге байланысты заң бұзушылықтың әлеуметтік түрде алдын алуға заңды мекемелер мен ұйымдарға көмек көрсету; 
      5) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) құқықтық мәдениетін жоғарылату бойынша құқықтық ағарту бағдарламалары мен іс-шараларын іске асыруға көмек көрсету. 
      28. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер: 
      1) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) өмірінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын зерделеу, консультация беру және жеке қызмет көрсету мен гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету; 
      2) ауыр науқастардың, мүгедектердің, мүмкіншілігі шектеулі тұлғалардың және де басқалардың тұрмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша санитариялық-гигиеналық ағарту. 
      29. Өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғалардың (отбасылардың) еңбек дағдысын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтері. 
      30. Бос уақытты ұйымдастыруға, әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізуге және оларға өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаларды (отбасыларды) тартуға бағытталған әлеуметтік-мәдени қызметтер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек саласындағы  қызметтің негізгі көлемін (94,3%) мемлекеттік  мекемелер жүзеге асырады.  
2011 жылдың 2-тоқсанында Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындарға 75 ұйым медициналық көмек көрсетті, оның 30-ы – аурухана. Әлеуметтік көмекпен 18 ұйым айналысты. Денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек көрсету ұйымдарының қызметтерінің негізгі түрі бойынша орындаған жұмыстарының көлемі 4 253,0 млн. теңгені құрады.  
Денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек көрсету саласындағы қызметке ақы төлеуді негізінен, бұрынғысынша, бюджет қаражаты атқарып келеді, ол көрсетілген қызметтің 91,8%-ын құрайды. Тұрғындар төлеген қызметтің үлесі 5,2%, қалған бөлігі (3,0%) кәсіпорындар қаражаты есебінен. 
Қызметтің негізгі бөлігі аурухана ұйымдары қызметі есебінен қалыптасып отыр, олар 2 914,0 млн. теңгенің қызметін көрсетті (68,5%). Әлеуметтік көмек көрсететін ұйымдар 497,6 млн. теңгенің (11,7%) қызметін жасады, жалпы дәрігерлік тәжірибемен айналысатын ұйымдар – 357,3 млн. теңге (8,4), адамның денсаулығын қорғау бойынша басқа қызметтермен айналысатын ұйымдар – 237,4 млн. теңге (5,6%).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс