Қазақстандағы әлеуметтанудың дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 22:14, реферат

Описание работы

Қазақстандағы әлеуметтік ой-пікірінің дамуы (ХІХ ғасыр – ХХ ғасырдың бірінші жартысы).
ХІХ ғ.60-шы ж.ж патшалық Ресей қазақ даласын толығымен отарлауды іске асырған. Ол жүргізілген отарлау саясаты қазақ халқының әлеуметтік–экономикалық, мәдени-құқықтық және тағы да басқа өмір салаларына ай –
тарлықтай ықпал етті.Сол тұста қазақ даласына демократиялық көзқарас -тағы орыс ойшылдары әр түрлі себептермен келе бастаған. Солардың қа –тарында А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин және т.б болған. Қазақ ағартушылары өздері өмір сүрген тұстағы қоғамның тыныс – тіршілігін зерттеп, оның әлеуметтік мән-мазмұнын ашып тағы да басқа мәселелерін терең пайымдаулардан өткізді.

Содержание

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
“Зар заман” мектебінің өкілдері.
“Ағартушы” кезеңі өкілдері.
“Ш.Уалихановтың” әлеуметтік ой-пікірлері.
Ы.Алтынсариннің” әлеуметтік ой-пікірлері.
“А.Құнанбаевтың” әлеуметтік ой-пікірлері.
“А.Байтурсыновтың” әлеуметтік ой-пікірлері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Абылхаятова Г..doc

— 180.50 Кб (Скачать)

      Ресей  бодандығынан босау қазақ халқының  ғасырлар бойғы арманы екенін  білетін Абай, бұғаудағы қазақтардың  жағдайын  «Осы мен өзім – қазақпын» деп басталатын «Тоғызыншы қара сөзінде» баяндайды: «Мен өзім тірі болсам да, анық тірі есемпі... Сыртым сау болса да, өліп қалыпты. Ашулансам -  ызалана алмаймын. Күлсем – қуана алмаймын. Сөйлегенім өз сөзім емес, күлгенім өз күлкім емес, бәрі де әлдекімдікі. Сол себептен

 

 

бір жүрген қуыс кеудемін...» Ол патриархиалдық-рулық құрылыстың сақталуына қынжылды.

           Қазақ халқының әлеуметтік  дамуын еңбекпен байланыстырады. Еңбектің терең әлеуметтік мәнін түсіндіреді. “Сондықтан ол адам баласын заман өсіреді,кімде кім жаман болса,замандасының бәрі виноват” деген ой түйіндеген.Бұл жерде Абай адамның қоғаммен қарым-қатынасын байланысын терең сараптай келіп,оны қоғамды құраушы элемент және белгілі бір рөлді атқарушы  етіп көрсеткен.

 

       Абай ел билеушілерін сайлаудың оң құбылыс екенін түсіндірді. Алайда, оның да ел шырқын бұзатын келеңсіз жактары бар екенін айта келіп, одан ел бірлігіне нұқсан келтіретін мотивті көре білді. Ғұлама Абай өзінің «Болды да партия»,  «Мәз болады болысың», «Болыс болдым, мінеки , «Бөтен елде бар болса» атты өлеңдерінде аталмыш мәселені үлкен әлеуметтік проблема ретінде көтереді.

 

                     Орыс айтты өзіне ерік берем  деп,

                     Кімді сүйіп сайласаң, бек көрем  деп,

                     Бұзылмаса, оған ел түзелген  жок, 

                     Ұлық жүр бұл ісіңді кек  көрем деп?

 

        Сөйтіп, империялық «бөліп ал да, билей бер» саясатынан шыққан билікке сайлаудың себеп пен салдарын бағамдайды.

        Абайдың ойынша, мемлекет атқарушы  билікті күшейтуі қажет. Ол  үшін жүктелген функцияларды  ұтымды атқара алатын, халқының  сеніміне ие болған, арнайы басқару білімі, тәжірибесі мол тұлғалар атқарушы билікті жүргізу керек.

        Данышпан Абайдың шығармалырын  жарыққа шығаруда А. Байтұрсынов  пен Ә. Бөкейханов елеулі еңбек  сіңірді.

 

         Алаш қозғалысының көшбасшысы А.Байтұрсынов.Қазақстандағы ой-пікірдің даму тарихында өзіндік тарихы бар біртума алып тұлға.Саяси көзқарасының қалыптасуыҚарқаралы жерінен басталады.Өзінің әлеуметтік саяси көзқарастарын бірнеше еңбектерінде жариялады.

 

     А. Байтұрсынов – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. 1902-ші жылдан бастап ашылған «ауыл мектебі» деп аталатын үш жылдық бастауыш оқу орнының өзінде шәкірттер сауатын орыс тілінде ашатын, кейбір пәндердің тілі қазақша болғанымен, оны оқытуға арналған, ресми түрде қабылданған кесте жоқ болатын, әр мұғалім өз ыңғайына қарай орыс, не арабжазуларын пайдаланатын.

 

 

 

 

 

 

                              

А. Байтұрсынов пен  өзге де бір топ қазақ оқығандары қазақ даласында оқу-ағарту ісінің дұрыс жолға қойылуын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашулары керектігін, оқудың ана тілінде жүргізілуін үкіметтен талап етеді. Осы талаптың жүзеге асырылуы үшін қазақша сауат ашатын тұңғыш әліппені – «Оқу құралын» жазған адам - А. Байтұрсынов. Ол бұл құралды 1912-ші жылыОрынборда жарыққа шығарады. Ол кейін бірнеше рет басылады. 1926-ші жылы автор «әліпбидің» жаңа түрін жазып ұсынады, бұл осы күнгідей суреттермен берілген әліппе кітабы болатын. Сонымен бірге ол ересекретдің де сауатын ашуға арналған «Әліп-би» жазды, ол Орынборда, Семейде басылды.

       Қазақ халқына білім мен ғылымның аса қажеттелігін әлеуметтік – экономикалық және техникалық даму мәселелерімен тығыз байланыстырды.Саяси лидер ретінде өз мұраттарын жүзеге асырды.Алайда Ресейде саяси ахуал оларды іске асыруда қиыншылықтыр туғызды.

Оқу мәселесін 1 орынға қойды.Ол қоғам дамуын революциямен іске асыруды  мойындамады.

Ахмет Байтұрсынов демократтық-ағартушылық  қызметті өзінің азаматтық борышы және ұстаған жолының негізі деп санаған. Ол білім-ғылымнан кенже қалған, малын  бғып, марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан, сол марғаулықтан маса болып ызындап оятуды өмірінің мақсаты етіп қояды. Бұл мақсатын, әсіресе, өлеңдерінде ашық өрнектейді: 

 

Баяғы қалпы,

Баяғы салты

Бұ неткен жұрт ұйқышыл?

 

 

Болсын кедей, болсын бай

Жатыр бейқам жым-жырт жай – деп күңіренсе, тағы бір тұста:

 

Емшегін еміп,

Анаға сеніп

Бала ұйықтайды жастықпен,

Қымызға қанып,

Қызарып жанып,

Бай ұйықтайды мастықпен.

Шалап ішкен кедей  мас,

Мына дұрттың түрі оңбас!

 

деп, бала мен байдың ұйқысы жастық пен мастықтан болсын, ал, кедей жұртына не жоқ, шалапқа мас болып ұыйқтау қалың сор, дегенді айтады.

 

 Сондықтан:

 

Жөн көрсеттім қазақ  деген намысқа,

Дол сілтедім жақын емес, алысқа.

Өзге жұрттар өрге қадам басқанда,

Дедім сен де қатарыңнан қалыспа! – дейді.

 

Ал, публицистік мақалаларында бұл ойын бұдан өткірірек тілмен батыра айтады: «Надандық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандақ кесапаты».

          А. Байтұрсынов 1917-ші жылғы Ақпан революциясын, монархияны құлатып, халықтарға азаттық әкелді деп шын көңілмен қарсы алды. Осы азаттықты нығайту саясатымен патшаның қол астында болған әр халықтың өз ішінде бас қосып, бірігу, ол үшін құрылтайлардың өткізу әрәекеттері қолға алынды. Әрине, бұл әрекеттерді жүзеге асыру сол халықтың көзі ашық, озық ойлы зиялы қауымының мойнында болды. Зерттеуші Б. Қойшыбаевтың жазғандарына қарағанда, Торғай облысының осындай құрылтайын ұйымдастырып, оны 1917-ші жылдың сәуір айында өткізушілердің А. Байтұрсынов болды. Бұл құрылтайда қазақ құрылтайын шақыру керек деген мәселе қойып, оны ұйымдастыратын алқа сайлайды. Қазақ құрылтайы осы оқиғадан бірнеше ай өткен соң 1917-ші жылдың 21-28 шілдесінде өтті. А. Байтұрсынов сол қрылтайды ұйымдастырушылардың бірі болды. Қазақ ішінде саяси партия құру жөнінде тұңғыш рет мәселе осықұрылтайда көтерілді. Петроградта өтетін мұсылман құрылтайына – Құрылтай жиналысында осы партияның делегаттар сайлауы керектігі айтылды. «Қазақ» газеті осы мақсаттй орындау үшін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі ұлт комитеттерінің басын құрап, партия етіп, оған «Алаш» деп ат қойып, делегаттар сайлау найқауынына кірісу керектігін жазды.

А. Байтұрсынов «Алашқа» қызмет ете жүріп, өзге партиялардың да көздейтін мақсаттарына, ұстаған бағыттарына үңілді. Оны қазақ халқы үшін қай

 

партияның бағдарламасы қолайлы деген ой толғандырды. «Алаш» партиясының Қазақ төңкерілісінен кейінгі ұстанған автономия-ұлтшыл платформасы қазақ қоғамының  әрі қарай дамуына қол емес екенін түсінеді. Сондықтан 1919-ші жылдың Наурыз айынан бастап өз қалауымен Кеңес үкіметі жағынан шығарады да,бірден алуан түрлі жауапты мемлекетік істерге араласады. 1919-ші жылы «Алащ» партиясынан шығып, ол 1920-шы жылдың РК(б)П қатарына енеді. Сол жылы ол Коминтерннің РК(Б)П 2-ші конгресінде Ленин бастаған делегация құрамында болып, қатысады. А. Байтұрсынов халық ағарту комиссары, Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің мүшесі лауазымдарын атқара жүріп, Қазақстанда автономиялық мемлекет құру ісіне жаңа әлеуметтік қатынастар орнату ісіне зор үлес қосты. Оның қазақтың автономиялық мемлекетін құруды қалай түсінетінін 1920-шы дылжың 17 мамырында Ленинге жазған хатынан анық көреміз. Онда ол, біріншіден, қазақ өлкесін басқаруға халықтың күйін жақсы білетін, халық сенетін адал коммунист қазақтардан қою керектігін дұрыс дейді; екіншіден, аралас ұлт өкілдерінен тұратын аймақтарды басқару орындарында езілген ұлт өкілдері кемінде үштен екісін құрау керек дейді; үшіншіден, қазақ өлкесінің шаруашылық-экономиялық мекемелерін басқару ортақтандырылуына немесе ортақтандырылмауына қарай ешбір бөліске түспей немесе басқа губернялар мен облыстарға бағындырылмай қазақтардың қолында болуға тиісті; төртіншіден, қазақ коммунистері мен интеллингенциясының барлық саяси-мәдени жұмысы кеңес социалистік шаруашылық саясатында негізделіп, жүргізілуі керек; бесіншіден, Қазақстанды, оның астанасы Орынбормен біріктіріп басқаратын әскери округ құру; алтыншыдан, қалалардағы әскери гарнизондар міндетті түрде қазақтардан болуы керек; Ахмет Байтұрсынов шын мәніндегі автономия осылай болу керек деп түйген еді. Әрине, оның ұсыныстары іске асу былай тұрсын, тіпті Қазақстан Одақтас Республика болғанда да оның мемлекет ретінде егемендігі болмады. Қазақ қоғамының дамуы мешеулеп қала берді. Осындай қоғам дамуындағы келеңсіздікті (кемшіліктерді) сынағаны үшін А. Байтұрсынов абақтыға жабылып, 1937-ші жылы атылып кетті

 

 

       Оның ұстанымдары қазақ қоғамы үшін саяси маңызы зор ,әлеуметтік мәні үлкен шешімдер қабылдауға ықпал етті.Ол ұлттық –демократиялық сипаттағы қазақтың тәуелсіз мемлекетінорнату идеясын ұсынды.Бұл қазақ қоғамын дамытуда өркениетті елдердің даму тәжірибесіне негізделген.

   

 

Қорыта келгенде: Бәрімізге мәлім, қазақ елі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында феодалдық қоғамдық қатынастар дәуірінде болды. Қазақ халқы, бір жағынан, жергілікті феодалдардың, екінші жағынан, Ресей Патшасының зор қанауының, езгісінде болды.

 

 

 

Осындай ауыр жағдайлардың нәтижесінде және орыс демократиясының, мәдениеті мен ғылымының игілікті әсерінің негізінде Қазақстанда алдыңғы қатарлы философиялық, әлеуметтік-саяси ой-пікірлер қалыптаса бастады.

 

Қазақ халқы ұлттық мәдениетінің тарихына жаңа жол ашушы бір топ  ұлы ойшылар мен прогрессивті ағартушылар, қоғамдық-саяси қайраткерлері  шықты. Олардың қатарында Шоқан Уәлиханов (1835-1865жж.), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж.), Абай Құнанбаев (1845-1904жж.) сияқты қоғамдық-саяси қайраткерлер, Әлихан Бөкейханов (18870-1937жзж.), Ахмет Байтұрсынов (1873-1937жж.) т.б. оқымыстылар болды.

 

   

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • www.google.ru Әлеуметтанушылар. Қазақстандағы ағартушы ғалымдар.
  • Р.Әбсаттаров, М.Дәкенов Әлеуметтану Алматы 2009ж
  • Қазақ энциклопедиясы.

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстандағы әлеуметтанудың дамуы