Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 18:58, реферат
Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:
• жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
• азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
а. Еліміздегі халыққа білім беру жүйесінің тарихы. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы.
ә. Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері.
б. 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
в Қазақстандағы білім беру саласының жағдайы
3.Қорытынды
4.Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
а. Еліміздегі халыққа білім беру жүйесінің тарихы. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы.
ә. Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері.
б. 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
в Қазақстандағы білім беру саласының жағдайы
3.Қорытынды
4.Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болып, даму тарихы да өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады. Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдық ерте дәуірінде-ақ (ҮІІ-ҮІП ғ.ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны тарихтан белгілі.Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б. қалаларында көптеген медреселер болған, олардың жалпы саны 84-ке жеткен. Ауылдық жерлерде мектепте молдалар (татар, башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналған. Балалар қыс, күз айларында оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға 7 жастан бастап қабылдаған, жыл аяғында емтихан тапсыру мектеп бітіргені үшін балаға ресми куәлік тапсыру тәртібі сақталмаған. Медреселер мұсылмандық рәсімдерін таратушы оқу орны болып қана қоймай, ірі мәдениет орталығы ретінде де қызмет атқарған. Бұл оқу орындарында заңтану, тарих, логика, философия, математика, астрономия, медицина, т.б. пәндер енгізілген. Медреселердің жанында салиқалы кітапханалар болған.Патша үкіметінің 150 жылға созылған отарлау саясаты халқымыздық егемендік жолындағы ғасырлар бойғы күресіне зор нұқсан келтіргенімен, Батыс пен Шығыстың рухани өмірдегі қарым-қатынасына жол ашты. Мысалы, Змеиногорскіде (Шығыс Қазақстан) қорғасын-мырыш кен орнында 1761 жылы тау-кен жұмысшыларының балаларына арнап мектеп ашты, 1786 жылы Омбы қаласында "Азиялықтар мектебі" ірге көтерді. Осындай мектеп 1789 жылы Орынбор қаласында да ашылды.Қазақ феодалдарының (сұлтан, би, бай, старшин) балаларына Неплюев кадет корпусына (1825), Омбы кадет корпусына (1848) түсіп оқуына рұқсат етілді. Алғашқы қазақ мектебі Бөкей хан ордасында (1841), 1850 жылы Орынбордағы шекара комиссиясының жанынан ашылған болатын.Ресей Халық ағарту министрлігі 1870 жылы бұратана халықтарға білім беру шаралары туралы арнаулы заң қабылдады. Осы заң бойынша шет аймақтағыларды орыстандыруды көздеген миссионерлік педагогика жүйесі енгізілді. Мәскеуде құрылған арнайы миссионерлік қоғамның негізгі принциптерінде былай делінген: мұсылман елдерін ыдырату, арасына от жағу, яғни, пантүркішілдік пен панисламдыққа қарсы күресу; бұратана халықтарды провославие дініне көшіріп, шоғындыру, халықты ата-баба тарихынан, ұлттық мәдениетінен қол үздіру, орыс алфавитін енгізу; мұсылмандық мектептер мен медреселерді біртіндеп жою, олардың орнына орыс-түзем, орыс-қазақ мектептерін ашу, кейін бұлардың бәрін таза орыс тіліне көшіру, шет аймақтардағы отаршылдық саясатты жүзеге асыру үшін миссионер ғалымдар, оқытушылар кадрларын көптеп даярлау. Омскідегі "Азия мектебі", Орынборда Неплюев кадет корпусы, Омскідегі кадет корпустары құжатта көрсетілген шаралардың жүзеге асуының нақты көрінісі болатын.[4]
Ұлы ұстаз, мәдениет қайраткері Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептер Қазақстан жеріндегі алғашқы білім және мәдениет ошақтары болды. Сонау XIX ғасыр соңында балаларды ғана емес, бүкіл қазақты көшпенділіктен отаршылыққа бейімдеп, сауатын ашып, білім мен мәдениет жолына сүрлеу салған Алтынсариннің инновациялық қызметі төл мәдениетіміздің өркендеу тарихынан үлкен орын алады [9].
Кеңес үкіметі кезеңінде республикада білімнің тиімді жүйесі қабылданған болатын. Күндізгі оқу бөлімінен басқа сырттай және кешкі оқу түрлері болған, жастар жағы жұмыс істеп жүріп толық орта білім алуға болатын.
Қазақстан Республикасын әлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретiнде таныды. Тәуелсiздігінiң қысқа тарихи кезеңiнде елiмiз әлемдiк қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткiздi.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейiнiң, елдiң экономикалық қуаты мен ұлттық қауiпсiздігiнiң өлшемдерi ретiнде бiлiм беру жүйесiнiң, адам ресурстарының рөлi мен маңызы арта түседi. Қоғамдық қатынастар жүйесiндегi өзгерiстер бiлiм беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнiң болмысына барабар әрекет етудi және экономиканың даму қажеттiктерiне сай болуды талап ете отырып әсерiн тигiзедi.[7]
Білім беру ісінің мәні, міндеттері және принциптері. Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту — қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі.Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:
• жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
• азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
• Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
• жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;
• қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.[1]
Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордық да әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларды тиісті дайындқпен мектепте оқуға дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасын және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден, ата-аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етед і. Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:
1) Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі:
2) Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық фиииологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі тұрғындарының білімге қол жеткізуі;
3) білім берудің зайырлы сипаты;
4) жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту;
5) білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқу мен тәрбиенің бірлігі;
6) білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы;
7) білім беруді басқарудық демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту;
8) білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты;
9) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы;
10) оқушыларды кәсіптік бағдарлау;
11) білім беру жүйесін ақпараттандыру;[2]
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
Бағдарламаның мақсаты:
білім беру қызметтеріне бірдей қол жетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған қаржыландыру жүйесін жетілдіру;
Білім беру жүйесін жоғары санатты кадрлармен қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдауды нығайту және педагог кадрлардың еңбегін көтермелеу;
Білім беру басқармасымен мемлекеттік-қоғамдық жүйені қалыптастыру;
озық білім беру ресурстары мен технологияларына білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының бірдей қол жетімділігін қамтамасыз ету ;
балаларға толық мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен білім беруді қамтамасыз ету, оларды мектепке дайындау үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың түрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуін қамту;
жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының саналы, күш-қайраты толысқан, рухани жетілген азаматын қалыптастырып, құбылмалы әлемде табысқа жеткізетін, білім алу қажеттілігін қанағаттандырып, елдің экономикалық жайлылығы үшін бәсекеге қабілетті адам капиталын жетілдіру. 12-жылдық білім беру үлгісіне көшу;
қоғамның сұранымына сәйкес ТжКБ жүйесін жаңарту мен экономиканы индустриальды-инновациялық дамыту, әлемдік білім беру кеңестігінде ықпалдасу;
елдің индустриальды-инновациялық даму міндетіне, жеке бас қажеттілігіне және білім беру саласында әлемдік озық тәжірибелерге сәйкес келетін еңбек нарығы талабын қанағаттандыратын жоғары білім берудің жоғары сапасына қол жеткізу;
жастардың бойында, белсенді азаматтық ұстаным, әлеуметтік жауапкершілік, отансүйгістік сезім, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттер қалыптастыру.
Міндеттер:
білім беруді қаржыландырудың сапалы білім беру қол деткізудің мүмкіндіктеріне бағатталған жаңа тетіктерін әзірлеу;
педагог мамандығының беделін арттыру;
білім берудегі менеджментті жетілдіру;
оқу үдерісін автоматтандыру;
мектепке дейінгі ұйымдардың желісін кеңейту, мазмұнын жаңартып, кадрлармен қамтамасыз ету;
12-жылдық білім беру жүйесіне көшуді жүзеге асыру;
аз жиынтықты мектептердің мәселесін шешу;
мектептерде инклюзивтік білім беру жүйесін жетілдіру;
экономиканың индустриальды-инновациялық даму сауалдарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі – ТжКБ) құрылымы мазмұнын жаңарту;
экономика саласын үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын жетілдіру;
ТжКБ-да оқыту беделі арттыру;
білім – баршаға, өмір бойы білімін жетілдіру үшін жағдайлар жасау;
еліміздің индустриальды-инновациялық даму жобаларына сәйкес жоғары білімді және жоғары білімнен кейінгі білімді кадрлармен қамтамасыз ету;
еуропа аймағындағы жоғары білімнің ықпалдастығымен қамтамасыз ету;
білім, ғылым және өндіріс ықпалдастығын қамтамасыз етіп, зияткерлік меншік пен технологиялар өнімдерін коммерциализациялау үшін жағдайлар туғызу;
партриоттық тәрбие беру, жастардың бойында азаматтық белсенділікті, әлеуметтік жауапкершілік пен әлеуеттік қабілеттерін арттыру жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру.
Жүзеге асыру мерзімдері (кезеңдері): 2011 – 2020 жылдар. Бағдарлама екі кезеңде жүзеге асырылады: Бірінші кезең - 2011 – 2015 жылдар, екінші кезең - 2016 – 2020 жылдар.
Мақсатты индикаторлары: аз жиынтықты мектептерден (бұдан әрі – МКШ) басқа, білім берудің барлық ұйымдарында жан басына қаржыландыру тетіктері енгізілген; жоғары және бірінші санатты жоғары білікті педагогтердің үлесі жалпы педагогтердің 52%-ын құрайды; білім беру ұйымдарының 90%-ында қамқорлық кеңесі құрылған; білім беру ұйымдарының басшылары менеджмент саласында 100% қайта дайындаудан өтті; 90% орта білім беру ұйымдарында электронды оқыту жүйесі қолданылады; 100% балалар мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен қамтамасыз етілген; 12-жылдық білім беру үлгісіне толық көшу жүзеге асырылуда; «Назарбаев Зияткерлік мектебі» жобасы аясында Қазақстанның барлық аймақтарында – 20 мектептер; табиғи-математика пәндері бойынша оқу білім бағдарламасын табысты үлгеріп жүрген оқушылардың үлесі – 65%; халықаралық салыстыру зерттеулеріндегі қазақстандық жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың нәтижелері: халықаралық бағдарлама бойынша оқушылардың білім жетістіктерінің бағасы (PISA)–40-50 орын, математика және табиғиғылым сауаттылығы бойынша 4 және 8-ші сынып оқушыларын бағалау (TIMSS)–5-7 орын, «Мәтінді оқу және түсіну сапасын оқып-үйрену» халықаралық зерттеуі (PIRLS)–10-15 орын; инклюзивтік білім беруге жағдай туғызған мектептер үлесі жалпы санының - 70%-ы; жұмыс берушілер қауымдастығында тәуелсіз біліктілігін тексеру бағасынан өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесі бірінші реттен - 80%; мемлекеттік тапсырыс бойынша оқытылған ТжКБ оқу орындарын бітірушілерінің жұмысқа орналасу үлесі -80%; жұмыс берушілер қауымдастығында тәуелсіз біліктілігін тексеру бағасынан өткен жоғары оқу орындарын бітірушілерінің үлесі бірінші реттен қатысушылырдың жалпы санының - 80%; 80% жоғары оқу орнын бітірушілер мамандығы бойынша оқу орнын бітірген жылы жұмысқа орналастырылды; әлемнің озық университеттері–2 рейтингінде белгіленген Қазақстанның оқу орны саны; халықаралық стандарттар бойынша, тәуелсіз, ұлттық институциялық аккредитациядан өткен жоғары оқу орындары үлесі – 65%; отандық ғылыми зерттеуді өндіріске енгізу нәтижесі негізінде білім мен ғылымды ықпалдастыру жолымен инновациялық қызметтерді жүзеге асырушы жоғары оқу орындырының үлесі – 5%; соңғы бес жылдың ішінде ғылыми журналдарда жоғары импакт-факторы бар басылымдар жариялаған профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлер үлесі - 7%; 55% жастар жастар саясаты саласындағы іс-шараларды жүзеге асыруға белсенді қатысатын болады.[8]
Елімізде сауаттылық деңгейі жоғары көрсеткіштерге ие екені белгілі. Халықтың 99,5 пайызы сауатты, осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 177 елдің ішінен 14-орынды алады. Қазақстан соңғы 12 жылда адамның даму индексінің орнықты артуы нәтижесінде 20 тұғырға алға басып, әлем бойынша 73-орында тұр. Ал білімді сипаттайтын жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің 11 құрамдас бөлігінің тек бір ғана “Жоғары оқу орындарына қабылданған студенттер саны” индикаторы бойынша еліміз елу үздік ел қатарына кіріп отырмыз. Бір парадокс бар. Философия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есім айтқандай, «еліміздегі адамдардың сауаттылық деңгейі экономикаға, әлеуметтік жағдайға, рухани өмірге әсер етпей отыр» [4]. Салыстыру үшін, Түркияда сауаттылық көлемі 0,1 пайызға артса, жалпы өнім бір пайызға артады екен. Түркияда халықтың 76 пайызы ғана сауатты. Ал американдықтардың 52,5 ғана жоғары толық білім алса, 27,3 пайызының бакалавр дәрежесінде ғана білімі бар. Ал Қазақстанда жоғары білімді адамдар көп болғанымен, әлі күнге дейін техникалық, медициналық салаларды айтпағанның өзінде, барлық салаларда кәсіби, білікті мамандар тапшылығы айқын білінеді. Мәселен еңбек нарығында, нақтырақ айтар болсақ, құрылыста – 9,9 мың адам, ауыл шаруашылығында – 9,6 мың адам, машина және жабдықтар технологиясында – 7,6 мың адам, қызмет көрсету саласында – 6,8 мың адам жетпейді. Жыл сайын 12-14 мың университет түлегі жұмыссыз қалуына қарамастан, экономика техникалық қызмет көрсету еңбегінде қосымша жүз мың жұмысшыны талап етеді. Демек, мақсатты бағдарланған түрде сапалы білім алу бүгінгі жастар алдындағы негізгі міндеттердің біріне айналып отыр.[10]
Қорытындылай айтқанда, ХХІ ғасыр-жаһандық жаналықтар ғасыры ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры да, өйткені, ол қазіргі кезде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ әлемдік нарықтағы, әлемдік қоғамдастықтағы орнын айқындап, халықтың өмір сүру сапасымен деңгейін көтеруде айрықша маңызды рөл атқарады Қазіргі таңда Егеменді еліміз оқу-ағарту ісіне, білім беру мен білім сапасын көтеру жұмыстарына, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға ерекше мән беруде. Білім берудің жаңа моделі жасалынды,білім жүйесңнде жаңа бағыттар қаплыптаса бастады Мемлекеттік стандарттар жаңартылып,оқу бағдарламалары жетілдіріліп,жаңа типтегі оқу орындары ашыла бастады. Сонымен қатар,білім сапасына қатаң талаптар қойылып, оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңa формалары мен әдістері, оқытудың жаңа технологиялары кең көлемде практикалық қолданысқа ие болуда.Мемлекет басшысы отандық білім беру жүйесін бәсекеге бейімдеп құру жөніндегі нақты тапсырма беріп, ұлттың өресі білім нәрімен сусындағанда ғана өсетінін, білім сапасын халықаралақ дәрежеге көтеру мен әлемдік білім тайталасында дамыған мемлекеттермен деңгейлес болу мәселесін батырып айтты.Жастардың құндылықты дұрыс бағдарлануы біршама әлеуметтік мәселелердің шешім табуына көмектеседі. Әсіресе, білім, бәсекеге қабілеттілік, кәсібилік, іскерлік, креатив, еңбек, денсаулық сақтау секілді маңызды дүниелерді ұстаным еткен жастар өздерінің өмірін дұрыс ұйымдастырумен қатар, мемлекет дамуына елеулі үлес қосатыны анық. Осылайша, сәтті әлеуметтену үдерісіне қол жеткізген кез келген жас өмірде өз жолын тауып, Абай айтқандай, «өмірге кірпіш болып қаланады».