Қазақстан республикасында балалар құқықтарына қатысты ұлттық саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 22:09, реферат

Описание работы

Балалардың құқықтарын ең үздік қамтамасыз ету қағидаты, оны балаларға қатысты іс-шараларда бірінші кезекте есепке алу қажеттігі Қазақстан Респбликасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Қазақстан Республикасының Еңбек» Кодекстерінде және «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары туралы», «Білім туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзетуді қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында, бекітіліп берілді, оларда балалар мүддесіндегі мемлекеттік саясат мемлекеттік билік органдары қызметінің басым саласы болып танылады.

Работа содержит 1 файл

БАЛАЛЫК ШАҚ РЕФЕРАТ.docx

— 203.82 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА  БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫНА ҚАТЫСТЫ  ҰЛТТЫҚ САЯСАТ

 

Балалардың құқықтарын ең үздік қамтамасыз ету қағидаты, оны балаларға қатысты іс-шараларда  бірінші кезекте есепке алу қажеттігі  Қазақстан Респбликасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Қазақстан Республикасының Еңбек» Кодекстерінде және «Қазақстан Республикасындағы  балалардың құқықтары туралы», «Білім туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды  әлеуметтік-медициналық-педагогикалық  түзетуді қолдау туралы» Қазақстан  Республикасының заңдарында, бекітіліп  берілді, оларда балалар мүддесіндегі мемлекеттік саясат мемлекеттік  билік органдары қызметінің басым  саласы болып танылады.

Балалардың заңды құқықтары  мен мүдделерiн сақтауға қатысты  ұлттық саясатты iске асыруға бiлiм  беру, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы балалар  құқықтары қорғалуының мәселелері бойынша мемлекеттік салалық  бағдарламалары:

    • Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
    • Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы;
    • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы қаулысымен бекітілген Құқық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған бағдарлама және т.б. бағытталған.
    • Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен                ЮНИСЕФ-тің елдік бағдарламасының 2010-2015 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына қол қойды.

Елдік бағдарлама балалардың, әсіресе осал топтардың өмір сүру сапасын жақсартуда, сондай-ақ қатар  өңірлік және гендерлік теңсіздікті  азайтуда Қазақстан Үкіметіне ықпал  етуге бағытталған.

Елдегі экономикалық өсуге  байланысты балалар мүддесiндегi: оқыту, тәрбиелеу, денсаулық сақтау, адамгершілік және рухани даму, әлеуметтiк қамтамасыз ету және отбасы мен балаларды  қорғау саласындағы мемлекеттiк  саясатты іске асыру үшін басым қаржыландыру белгіленген.

2010 жылы халықтың жан  басына шаққандағы ЖІӨ 9000 АҚШ  долларын құрады, бұл 2007 жылғы  деңгеймен салыстырғанда 25%-ға  артық(6 мың 772 АҚШ доллары).Елдегі әлеуметтік салаға арналған шығыстар жыл сайын ұлғаюда.Егер 2006 жылы мемлекеттік бюджеттің жалпы көлеміндегі шығыстар үлесі 41,34%-ды құраса, 2011 жыл қорытындысы бойынша 50%-дан артық.

 

 

 

БАЛАЛАРДЫҢ БІЛІМ  БЕРУГЕ ҚҰҚЫҒЫН 

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ  САЯСАТЫ

 

Мемлекет балалық  шақты адам өмірінің маңызды кезеңі деп таниды және балалардың қоғамдағы  толыққанды өмірге құқықтарының басымды ұстанымдарын көздейді.

Мемлекеттік бюджеттің білім  беруге шығысы жыл сайын артуда.2010 жылы білім беру бюджетінің шығынының  үлесі 797,0 млрд. теңге, 2011 жылы - 900,0 млрд. теңгеге жуық.

Қазақстан Республикасының  білім беру жүйесінде және білім  беру оқу бағдарламасының үздіксіз және ауыспалық негізінде мынадай  білім беру деңгейін қамтиды:

  1. мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;
  2. бастауыш білім (бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқыту бағдарламасын меңгеру мерзімі – 4жыл);
  3. негізгі орта білім (Негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқыту бағдарламасын меңгеру мерзімі – 6 жыл);
  4. орта білім (жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік білім) (Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқыту бағдарламасын меңгеру мерзімі – 2 жыл);
  5. орта білімнен кейінгі (Орта білімнен кейін кәсіптік білім бағдарламаларын игеру (медицина мамандығынан басқасы) жалпы орта білімі бар тұлғаларға 2 жылдан, ал техникалық және кәсіптік білімді – 1 жылдан аспайды);
  6. жоғарғы білім;
  7. жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

 

 

 

 

Мектепке дейінгі  тәрбие және оқыту

 

Отбасыларының әл-ауқатына немесе тұрғылықты жеріне қарамастан балалар үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді құру оларды одан әрі сапалы біліммен қамтамасыз ету үшін басты шарт болып  табылады.

Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың  мемлекеттік бағдарламасында мектепке дейінгі тәрбиеге үлкен назар  аударылады.

Қазіргі уақытта мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға шығыстардың  үлесі 2007 жылмен салыстырғанда екі  есеге таяу өсті және білім беруге жалпы шығыстардан 7,9%-ды құрады.

Мемлекеттік балалар бақшаларына  орын алу үшін кезектілік туралы деректердің  динамикасы халықтың мектепке дейінгі  ұйымдардың қызметіне сұранысы жыл  сайын артып отырғаны туралы қорытынды  жасауға мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы  орын тапшылығын жою мақсатында 2010-2014 жылдарға арнайы салалық «Балапан» бағдарламасы әзірленді.

Бағдарламаның мақсаты - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында  сапалы қызмет көрсету бойынша халықтың сұранысын қанағаттандыру.

Қазақстанда қойылған мақсаттарға  жету үшін мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттарына арналған бюджеттік  және бюджеттен тыс қаржыға салынған, сатып алынған және коммуналды меншікке берілген, мектепке дейінгі ұйымдарды  жөндеу және қайта құру арқылы мектепке дейінгі ұйымдарға 300 мыңнан астам  орын енгізу жоспарлануда.

2011 жылы республикада 7 591 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді (2010 ж.- 6446 бірлік), оларда 538,5 мың бала тәрбиеленеді (2010 ж. - 446,4 мың).

3-6 жастағы балалардың  қамтылуы 65,4%-ды (2010 ж. - 55%) құрайды. Мектепке  дейінгі мекемелермен қамтудың  жоғарғы көрсеткіштері Қарағанды  (97,1%), Қостанай (93,1%), Шығыс Қазақстан  облыстарында (92,3%).

Мектепке дейінгі мекемелермен қамтудың төмен көрсеткіштері Оңтүстік Қазақстан (35,4%), Алматы (46,8%) облыстарында байқалады, бұл демографиялық және көші-қон үрдістеріне байланысты мектепке дейінгі жастағы (1-6 жас) балалар  санының өсуінен туындайды.

«Балапан» бағдарламасын  іске асыру шеңберінде 2010 жылмен салыстырғанда  жүйе 1 145 бірлікке көбейді (330 балабақша, 815 шағын орталықтар). Жүйенің өсуі:

-53 балабақша (11,9 мың орын) құрылысы;

-815 шағын орталықтың (36,9 мың  орын) және 102 жекеменшік балабақшаның (10,7 мың орын) ашылуы;

-бұрын жекеменшіктендірілген  175 балабақшаның қайтарылуы, тұрғын  үйлердің 1-қабаттарында ашылуы, мектепке  дейінгі мекемелерді ашуға жарамды  коммуналды меншікті бөлек орналасқан  ғимараттарды босату, жалға алынған,  басқа ғимараттар мен бөлмелерді  беру (32,4 мың орын) есебінен қамтамасыз  етілді.

«Балапан» бағдарламасы аясында  республикалық бюджет қаражатынан  жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда  мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастару жекеменшік балабақшалардың  желісін 102 бірлікке немесе 22,7%-ға арттыруға  мүмкіндік берді және олардың  саны 449 бірлікті құрады.

Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың  мемлекеттік бағдарламасында мектепке дейінгі тәрбиеге үлкен назар  аударылады.

 

 

Репатрианттар (оралмандар) мен мәжбүрлі

түрде қоныс аударғандардың білім алуы

 

2011-2012 о.ж. республикадағы  білім беру ұйымдарында 24 725 -репатриант-оқушы (оралмандар) оқиды.

Оның ішінде ең көп бала саны Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында тұрады. Қазіргі таңда барлық мектеп жасындағы репатриант балалар (24716), тек балалық шағынан бастап инвалид 9 баладан басқасы, оқумен қамтылған.

Республиканың жалпы орта бiлiм беретін ұйымдарында таяу және алыс шетелдерден келген оралман  оқушылар үшiн олардың бiлiмiндегi кемшіліктерді жою және бiлiм бағдарламаларына бейiмдеу мақсатында қосымша сабақтар, консультациялар өткiзiледi, арнайы көшу бағдарламалары көзделген.

Білім алушылар Қазақстан  Ресупбликасы азаматтарымен тең  барлық жеңілдіктермен және құқықтарымен қамтылған: жатаханада тегін тұру, тамақтану, кітапхана қорын пайдалану, қалаған факультативтер, үйірмелер, секцияларға қатысады, сабақтан тыс іс-шараларға белсене қатысады.Оқытушылар, бөлім меңгерушілері, өндірістік оқыту шеберлері оқитын оралмандарға оқу жағдайы мен өмірге бейімделуге, жұмысқа орналасуға көмектеседі.

Мемлекет Қазақстан Республикасының саны аз халқы мен этникалық топтарына жәрдем көрсетеді, олардың мәдениетін, ұлттық ерекшелікті сақтау мен қалпына келтіру жөніндегі саясатты жүргізеді.Республиканың білім беру ұйымдарында негізгі ережелердің бірі ретінде ана тілін үйренуде ұлттық саны аз топтардың құқықтарын іске асыру орындалуда.Азшылық топ ұлттарына республикада ана тілін оқуға мүмкіндіктер жасалған.Бұдан басқа, олардың оқу-тәрбие процесіне зардапсыз кірігуі, қазақ және орыс тілдерін меңгеруі мақсатында қосымша сабақтар, тілдік үйірмелер, факультативтік сағаттар ұйымдастырылады.Өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерін оқытатын жалпы білім беретін мектептердің түлектері қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) тапсыруға қатыса алады. ҰБТ қорытындылары бойынша бітірушілердің орта мектептен кейінгі және жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсуге құқығы бар.

 

 

Балалардың денсаулық  сақтауға құқықтарының

қорғауды сақталуы туралы

 

Баланың денсаулық  сақтау саласындағы мүдделерін ең үздік  қамтамасыз ету мақсатында балаларға  тегін медициналық қызмет көрсету, педиатриялық қызмет жүйесі сақталып, жетілдірілуде.

Қазақстан Республикасының  Үкіметі жүргізіп отырған қазақстандықтар  өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын  жақсарту бағытының арқасында елде негізгі медициналық-демографиялық  көрсеткіштердің жақсару үрдісі байқалып отыр.Мәселен,  өлімнің  азаюы байқалады, халықтың табиғи өсімі  артты.

Әйелдер мен балаларға  жоғары дәрежеде мамандандырылған медициналық  көмек көрсетудің қолжетімділігі мен  сапасын арттыру мақсатында 2007 жылдан бері Астана қаласында дүниежүзілік стандарттарға сай келетін қазіргі  заманғы 500 төсектік Ұлттық ана мен  бала ғылыми орталығы мен 300 төсектік Республикалық  балалар оңалту орталығы жұмыс істейді.Сонымен бірге Алматы қаласындағы Республикалық «Ақсай» балалар клиникалық ауруханасында балаларға медициналық көмек көрсетіледі. Жыл сайын ем қабылдайтын 5 мың пациентке ортопедиялық, урологиялық-нефрологиялық, неврологиялық көмек көрсетіледі. Сонымен бірге экологиясы жайсыз өңірлердің балаларын тексеру мен емдеу, мүгедек балаларды ұзақ мерзімді кезең-кезеңмен оңалту жүргізіледі.

Алматы қаласының Педиатрия  мен балалар хирургиясы, Астана қаласындағы  Ана мен бала ғылыми орталықтарында онкогематологиялық патологияны емдеу  бөлімдері жұмыс істейді. Балаларға  кардиохирургиялық көмекті дамыту шеңберінде 2011 жылдың аяғында жоғарыда аталған ғылыми орталықтарда балалар  кардохирургиялық бөлімдерін ашу жоспарланып  отыр.

Шалғайдағы ауылдық жерлерде тұратын балалар мен әйелдерге  медициналық көмектің қолжетімділігі үшін республикада бірқатар жылдардан  бері жылжымалы бала-әйел консультациялары ойдағыдай жұмыс істеуде. Сонымен  бірге  2010 жылдың аяғында республиканың  жетекші республикалық клиникаларымен байланыс орнатқан 150 телемедициналық  орталық құрылды.2010 жылы жаңа әлеуметтік жоба іске асырыла бастады – 2 мамандандырылған емдеу-диагностикалық «Денсаулық» пойызы жолға шықты.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының  Денсаулық сақтауын дамытудың «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Онда бастапқы медициналық-санитариялық көмекті жетілдіру және оның қолжетімділігі, ана, балалар мен жасөспірімдер  денсаулығын қорғау жөніндегі басымдылық бағыт одан әрі жалғастырылды, оның шеңберінде 2011 жылдан бастап БМСК ұйымдары деңгейінде арнайы әлеуметтік қызметкерлерді енгізу жоспарлануда, бұл балаларға  көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға жәрдемдесетін  болады.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 50 жылжымалы медициналық кешенді  іске қосы жоспарланып отыр, олардың  қазірдің өзінде 11-і жұмыс істейді, мұнда терапевттер, гинекологтар, педиатрлар, стоматологтар медициналық көмек  көрсетуді қамтамасыз етеді, экспресс-зертханалық диагностика, УЗ-зерттеулер жүргізіледі.

 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 160-бабын іске асыру мақсатында 2011 жылдың өткен кезеңінде Мемлекеттік санитариялық–эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық органдары ЮНИСЕФ-пен және Қазақстан астық өңдеушілері мен наубайханашыларының одағымен бірлесіп ұнды міндетті түрде фортификациялау және ұндағы фортификанттарды анықтау бөлігінде заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинарлар өткізді. Қолданылып жатқан шаралар бидай ұнын фортификациялау жөніндегі іс-шараларды одан әрі жалғастыруға мүмкіндік береді, өйткені олар темір тапшылығы анемиясымен ауруды азайтуға және алдын алуға жәрдемдеседі.

 

 

Әлеуметтік саясат және балалы отбасыларды әлеуметтік қамтамасыз ету

Информация о работе Қазақстан республикасында балалар құқықтарына қатысты ұлттық саясат