Қазақстан Республикасы: Экономикалық маңызы бар қалалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 20:01, доклад

Описание работы

Зерттеудің өзектілігіне негіздеме: Инфляция термині (латын сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды. Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.

Работа содержит 1 файл

багдарлама.docx

— 114.21 Кб (Скачать)

ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ  БАРЛАМАСЫ

Зерттеудің атауы: Қазақстандағы инфляция жағдайы және оған қарсы саясат

Регион/ Зерттелу территориясы: Қазақстан Республикасы: Экономикалық маңызы бар қалалар

Жауапты орындаушы: Нұрғалиев Әміржан

Іске асыру  мерзімі: 2011 жыл 2 рейтинг

Зерттеудің өзектілігіне негіздеме: Инфляция термині (латын сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды. Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.                                                                                          

1997-2000-жылдар республикада  экономиканың тұрақтануы және дағдарыстан шығуда бетбұрыс кезеңінің басы болып саналады. 1997 жылы ЖІӨ-нің нақты өсімі 2%-ды құрады (1-сурет), орташа айлық инфляция деңгейі 0,9%, ал жылдық деңгейі - 111,2% болды. Өнеркәсіптің және кұрылыстың ЖІӨ-дегі үлесі 0,4 және 0,3%-ға өсті, бұл айтылған салалардың осыған сәйкес 4%-ға және 10%-ға өскенін көрсетеді. Өнеркәсіп өнімдерінің өсуі қара және түсті металлургия кәсіпорындарындағы өнімнің көлемі 24 және 15,2%-ға, газ, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінде осыған сәйкес 20,3, 5,3 және 28%-ға өсуінен болды. Тек мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 11,3%-ға төмендеуіне байланысты жалпы ауыл шаруашылығыңда өнім 1,9 %-ға төмендеді.

           2007 жылдың аяғы мен 2008 жылдың басында ҚР- да тоқырау болды.Бұл тоқыраудың себебі азық-түлік, жеміс жидектің бағасы бір сәтте өсіп кеткені. Мұндай жағдай әлемдік рынокта болып жатқан құбылыстар, Қазақстанға да әсер етпей қоймайтыны анық. Міне осы жағдайда Қазақстан бірнеше шаралар қолданып инфляция деңгейін төмендетті. Алдыңғы жылдары инфляция деңгейі 8,4 пайызды құраған, ал сол дағдарыс кезінде 80,2 пайызды құраған. 
Инфляцияның өрістеп, күшеюі эканомикалық және қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберетіндігінен мемлекет инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды. 
Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылының екі нұсқасы болады: 
1. Бейімделу саясат жүргізу немесе инфляцияға бейімделу; бұл кезде табыстарды, жалақыны, компаниялар мен фирмаларды қысқа мерзімде жобаларды өткізеді. 
2. Инфляцияны төмендету немесе басу жөнініде инфляцияға қарсы шаралардың кешенін жүргізу. 
         Инфляцияға қарсы саясат - инфляциямен күрес бағытталған эканомиканы мемелекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені.

         2001 жылы қаңтарда Үкімет қаулысымен Қазақстанда әлемнің көптеген елдеріндегі мұнай қорларына және басқа да қорларға ұқсас Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құрылды. Мұндай қор құру идеясы XX ғасырдың 80-жылдарында Норвегия елінде мұнай өндіру саласының серпілісі кезінде пайда болған. Мұнай сатудан түскен шектен тыс коп ақша ағымы ішкі нарықта инфляцияның жоғарылауына әкелді. Нәтижесінде мұнайға қатысы жоқ барлық өндіріс салалары (балық аулаудан басқа), инфляцияның қарқынын көтере алмай және сыртқы нарықта өнімдерінің бәсекелестік қабілетінің төмендігінен күйзеліске ұшырап, көбісі банкротқа түсті. Сол кезде экономиканың мұнай секторының табысынан аударымдар жасап, қор құру идеясы пайда болды. 
Қазақстанда Норвегия тәжірибесін негізге алға асырып, бастапқыда Ұлттық қор мемлекеттік бюджеттің кірісін тұрақтандырады, инфрақұрылымдарды дамыту бағдарламаларын қаржыландырады, болашақ ұрпақ үшін ақша жинайды деген мақсатта құрылды. Кейіннен, 2004 жылы 24 сәуірде ҚР Бюджет кодексінде «ҚР Ұлттық қордың негізгі мақсаты: мемлекеттің тұрақты әлеуметтік - экономикалық дамуын қамтамасыз ету, қаржы активтерін және басқа мүліктерді жинақтау (материалдық емес активтерден басқа), экономиканың шикізат секторына және жағымсыз сыртқы факторларға тәуелділігін жою» деп анықтады. 
      

.

Ұлттық банктің болжамы бойынша, инфляция 2011-2015 жылдары 6,0-8,0 пайыздық дәлізде болады. 2011 жылдың мамырында өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 4,8%-ды құрады.

 

Әлеуметтік зерттеу  келесі тараулар бойынша ақпараттар алуға бағытталған:  

1)Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы

2)Қазақстан Республикасындағы тауар айналымы

3)Инфляцияға қарсы күрес

 

Зерттеудің объектісі  мен пәні: Қазақстандағы экономиканың инфляция жағдайы.

Зерттеудің мақсаты: Қазақстандағы инфляция жағдайы туралы нақты әлеуметтік ақпарат алу және оны өткен жылғы зерттеу нәтижелерімен салыстыру

Зерттеудің міндеттері: Қазақстандағы инфляцияның негізгі себептерін айқын көрсету

Зерттеудің болжамы: Қазақстандағы инфляция деңгейі тәуелсіздік алғаннан бері жыл сайын төмендеп отырды, бірақ  2007 жылдың соңымен 2008 жылдың басында инфляцияның көтерілуіне тоқырау басты себеп болды. Сол дағдарыс кезінде инфляция деңгейі 80,2%-ды құрады. Статистика бойынша соңғы жылдары инфляция деңгейі төмендеуде.

Ақпарат жинау  әдісі: ғаламтор арқылы

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасы: Экономикалық маңызы бар қалалар