Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 20:56, доклад
Қазақ елі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында феодалдық қоғамдық қатынастар дәуірінде болды. Қазақ халқы, бір жағынан жергілікті феодалдардың, екінші жағынан Ресей Патшасының зор қанауының, езгісінде болды. Еңбекші бұқараның хал-жағдайы өте нашар болды, өйткені олар әр уақытта алуан түрлі ауыр салықтар төлеп отыруға мәжбүр болды.
Қазақ елі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында феодалдық қоғамдық қатынастар дәуірінде болды. Қазақ халқы, бір жағынан жергілікті феодалдардың, екінші жағынан Ресей Патшасының зор қанауының, езгісінде болды. Еңбекші бұқараның хал-жағдайы өте нашар болды, өйткені олар әр уақытта алуан түрлі ауыр салықтар төлеп отыруға мәжбүр болды. Қанаушылар олардың құнарлы - шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөл және шөлейт жерлерге ығыстырды. Ресей патшасы байырғы ұлтты одан әрі жаныштап, езуді күшейтті. Ал,жергілікті үстем тап, қалыптасып келе жатқан буржуазия, дін басылары, патшалық ресей үкіметі халықты революциялық күрестен аулақ ұстауға тырысты, қазақ бұқара халқын орыстың жұмысшы-шаруа табынан, алдынғы қатарлы интеллегенциясынан алыс ұстауға әрекет жасады, араға іріткі салды, ұлтаралық дау-дамайды, жанжалды насихаттады. Осылардың салдарынан Қазақстанда бұқара халықтың патшалық ресей үкіметіне, жергілікті хандарға, байларға қарсы әлденеше стихиялық ереуіл-көтерілістері болды, бірақ олардың бәрі күшпен басылып отырды. Осындай ауыр жағдайлардың нәтижесінде және орыс демократиясының, мәдениеті мен ғылымының игілікті әсерінің негізінде Қазақстанда алдыңғы қатарлы философиялық, әлеуметтік-саяси ой-пікірлер қалыптаса бастады.
Қазақ халқы ұлттық мәдениетінің тарихына жаңа жол ашушы бір топ ұлы ойшылар мен прогрессивті ағартушылар, қоғамдық-саяси қайраткерлері шықты. Олардың қатарында Шоқан Уәлиханов (1835-1865жж.), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж.), Абай Құнанбаев (1845-1904жж.) сияқты қоғамдық-саяси қайраткерлер, Әлихан Бөкейханов (18870-1937жзж.), Ахмет Байтұрсынов (1873-1937жж.) т.б. оқымыстылар болды.
Қазақ халқының ұлы ақыны және ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының ағартушылық қызметі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өтті. Оның философиялық-әлеуметтік көзқарастары осы кезде қалыптасты. Ол бағзыдағы кемеңгер ойшылдардың шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып, оларды қазақ өміріндегі аса маңызды әлеуметтік мәселелерді түсіндіруге қолданды. Сол кездегі қазақ қауымын толғандырған басты мәселелерге жауап беруге ұмтылды.
Абай әлеуметтанудан арнаулы еңбектер жазбағанымен шығармаларында алуан түрлі әлеуметтік мәселелерді қозғап отырған. Өзінен бұрын және кейін өмір сүрген ақын – ойшылдармен салыстырғанда Абай қоғамдық құбылыстардың даму қағидалары туралы, оларды басқару, қоғамның құрылымы, адам, тарихтағы бұқара халықтың және тұлғаның қалыптасуы, оның жоғарғы әлеуметтік-моральдық қасиеттері туралы терең ой қозғады. Яғни адамдарды ғылым және біліммен қаруландырып, олардың сана-сезімін, білімін дамыту, қоғамның дамуына байланысты білімнің ерекше маңызды рөлі, т.б. туралы бірінші болып терең ой-пікір айтқан және қоғам құбылыстарының даму қағидаларының бағыты туралы алғаш рет мәселел қозғап, өзінше шешкен. Абай сол кезде қазақ халқының саяси, мәдени, экономикалық жағынан кеш қалу себебін оның көшпенділігінен, бытыраңқылығынан екендігін халыққа түсіндірмекші болды. Қоғам туралы мәселе Абайды терең толғандырған. Оның пікірі бойынша, біртұтас құбылыс ретінде қоғамның табиғи негізін халық құрайды. Қоғамның әлеуметтік құрылымы бірыңғай емес, ол бір-біріне қарсы тұрған жіктерден, яғни байлар мен кедейлерден тұратыны ақиқат, дейді Абай. Қоғамның жіктерге бөлінуі ежелден бар. Сондықтан олардың арасындағы күрес толастаған емес. Қоғам біртұтас, бірыңғай құбылыс ретінде оның ішкі құрылымы алуан түрлі көкейкесті мәселелерді шешуді қажет етеді. Олардың қатарына мүлік арқылы жікке бөлінуі және жеке меншік, таптық құрылым, мемлекеттік басқару және сот ісін жүргізу, қоғамдағы еркіндік, бостандық, теңдік және адамдардың достығы, т.б. жатады.
Абай дүниенің объективтік заңдылығын мойындады, дүние мен адамзат қоғамы бірқалыпты тұрмай өзгеріп отырады деп біледі. Абайды адам проблемасы қатты ойландырғанын байқаймыз. Қырық үшінші нақыл сөзінде, тән азағы ішіп-жеу болмаса ол өсіп қуаттанбайды, ал, адамның жан азығы – білуге құмарлығы, бұл болмаса оның малдан айырмашылығы жоқ. Білмекке құмарлықты қанағаттандыру – дүниенің көзге көрінген және көрінбеген қасиеттерін танып білуі, іздену, сұрап білу, ғылымға ұмтылу, дүние сырын білу, бұлар көкірекке сәуле, көңілге сенім береді деп толғанды ол. Тән азығы мен жан азығының адам өмірінде бір-бірімен байланысты екендігін Абай терең ұғынған: тілек, мақсат, арман сияқты өмірдің күштері адамның денсаулығы, жүйке-жүйелерінің саулығына байланысты қалыптастырылады. Адам бойындағы туа біткен болмысы дамымай ескерусіз қалса, қуаттың (қабілеттің) қайсысы болса да жоғалады, болмаса ешнәрсеге жарамай қалады. Егер оны үнемі ескеріп, күтіп, күнде тексерсе, ол кәдеге асады. Абай қазақ қоғамының болмысына терең үңіле білді.
Жалпы, Абай әлеуметтік мәселелерге моральдық тұрғыдан келеді.
Абайдың әлеуметтік көзқарасында: байлар мен кедейлердің арасындағы айырмашылықтарын, олардың жағдайын, қоғамдағы алар орындарын салыстырып, сауатсыздардың көзін ашып түсіндірмек болған. Абай жалпы билік ұғымына қалай қарады? Абайдың өмірлік шұғылданған кәсібі – билік, кәдімгі дала биі еді. Әрине, әділ би болды. Қандай қоғамда қандай билік үстем құрады, ол неге негізделеді және би мен заңның арақатынасы қалай ажыратылады немесе неге негізделеді. Билердің шешімі Абай үшін тек қана басқару үшін емес, сонымен қатар халықтың дәстүрі мен танымынан тамыр тартқан «толық ұғым» (концепция).Абай үшін бір елдің заңы екінші елге жетекші бола алмайды. Сондықтан да ол қазақ дәстүріне жат патшалық заң – законды жақтырмай, оның отаршыл пиғылына сенімсіздікпен қарап,Ресей заңына сенімсіздік білдіреді,өйткені отарлық билікті қамтамасыз етуге, соны қорғауға арналған заңда тұрақ болмайды. Ол мемлекеттің күнделікті саясатына орай бейімделіп отыратындығын, бір ғана жақтың – отаршыл биліктің ғана мүдесіне қызмет ететінін Абай түсінеді. Сол кездегі билікке, салтқа, заңға қарсы шығуының өзі Абайдың рухани тәуелсіздікке ұмтылғанын байқатады.
Хандықты жою – қазақтың мемлекеттігін жоюға және халықтың санасындағы мемлекеттік тұтастық ойлау жүйесін өшіруге алып келеді. Онда ұлттық үстемдік, мемлкеттік тұтастық, бірлік, мемлекеттік мүдде, идеология және ұлттық мақтаныш жатыр. Мұны Абай түсінген. Ол:
Сәулең болса кеудеңде,
Мына сөзге көңіл бөл:
Егер сәулең болмаса,
Мейлің тіріл, мейлің өл.
Танымассың, көрмессің,
Қаптаған соң көзді шел - деп, қатулана сөйлейді.
Сондағы айтпағы:
Көп шуылдақ не табар,
Билемесе бір кемел? – деген ой.
Абай биліктің жағдайын және оның баптарын жақсы білген, өзі де заң шығаруға қатысқан. Осылайша, Абай әкімшілік және сот мәселелері бойынша өз пікірлерін ашып айтты. Қызметті және басының мүддесіне пайдаланушы жергілікті әкімдердің сайлауларда болатын айла-амалдарын, қулық-сұмдықтарын, алаяқтығын, соттардың әділетсіздігін, сатылғыштығын өлеңдерінде және қара сөздерінде батыл сынады.
Қазақ халқының мешеулігіне қайырған Абай патриархалды-феодалдық әдет-ғұрыптарды, надандықты, артта қалғандықты, кертартпалықты ызамен сынады. Оларды қазақ халқының прогресс жолындағы басты кедергі деп санады. Қазақстанның дамуына жол ашып, оны мешеуліктен құтқарудың негізгі құралы – орыс білімі арқылы халықты ағарту деп білді. Абай халықты оқыту жұмысын бір орталықтан (мемлекет жағынан) басқарып, жас буынды тәрбиелеуде үздіксіз қамқорлықтың керектігін көрсетеді. Абайдың бұл идеясы бір жағынан өз заманында іс жүзінде аспайтын қиял болғанымен, екінші жағынан, болашақта жемісін беретін өте игілікті идея болды. Абай адамдарды көркіне қарап емес, адамгершілік деңгейіне қарап бағалау керектігін ерекше атап көрсетті.
Данышпан Абай қазақ халқының әлеуметтік дамуын еңбекпен бай-ланыстырады. Еңбектің терең әлеуметтік мәнін түсіндіреді. Ғұламаның шығармаларында еңбек қоғамдық прогрестің негізі, материалдық құндылықтарды шығару көзі, халықтың тұрмыс деңгейін түзетудің басты құралы ретінде баяндалады. Сол кезде жұрт арасында еңбекке қатысты қалыптасқан немқұрайлылық, еріншектік, жалқаулық сияқты келеңсіз құбылыстардың әлеуметтік мәнін ашып, олардың қоғамның алға басуына кедергі болып отырғанын, халықтың негізгі бөлігінің материалдық жағдайының төмендігін айта келіп, халықты аянбай жұмыс істеуге шақырды. Кедейліктің мотивін еңбексіздіктен іздеген Абай "Еңбек жоқ, қарекет жоқ қазақ кедей, тамақ аңдып қайтеді тентіремей?" деп қынжыла жазды. Еңбек етуші адамға шаруашылық жүргізгенде "жинақылық керек, әрбір жинақылық түбі кеніш болады" деп, еңбекті ұтымды жүргізуге насихаттайды, өйткені ұтымды еңбек ету әлеуметтік прогреске жеткізудің жолы, кедейліктен шығудың бірден-бір басты құралы еді. Кедейлікпен күресе алмаған, одан шыға алмаған кісі кер келеді. Еңбектің сипаты мен мазмұнына ерекше мән берген Абай:
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оку оқып, білім алған, —
деп, егін салу
мен білім алудың баянды еңбек
екенін қорытады. Баянды еңбекті ол
материалдық игіліктерді
Қазақ қоғамында халықтың бәрі бірдей еңбекке тартылмай, оның белгілі бір бөлігі жұмыссыз болды. Абай оның жағымсыз әлеуметтік салдарын ашып көрсетті.
Жұмысы жоқтық қазақты жаманшылыққа үйір етеді деп ескертті .
"Қарны
аш кісінің көңілінде ақыл, бойында
ар, ғылымға құмарлық қайдан
"Ғылым таппай мақтанба" деген өлеңіңде Абай:
Бес нәрседен кашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеніз...
Өсек, өтірік, мактаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой —
Бес асыл іс, көнсеңіз, —
деп, адамды
тұлға етерлік әлеуметтік қасиеттерді
саралап көрсетеді. Ол тұлға мәселесін
әлеуметтендіру процесімен ұштастырады.
Әлеуметтендірудің негізгі
Қоғамдағы келеңсіз құбылыстармен, әлеуметтік әділетсіздікпен күрескен Абайға:
1) Өмірді өлтірме, қор қылма, сыйла;
2) Ұрлама, тонама, еңбегіңнің пайдасын әркімге тигіз;
3) Арамдықтан сақтан, әйелден аулақ бол;
4) Өтірік
айтпа, шындықты айтуға
5) Жаныңнан
өсек шығарма, біреудің
6) Ант ішпе;
7) Бос
сөзге уақыт бөлме, орынды
8) Мақтан
қума, күндеме, жақыныңның
9) Жүрегіңді ашудан тазарт, дұшпаныңды жек көрме;
10) Сенімсіздіктен
күтіп, хақиқатты ұғуға тырыс
— деген будда нормалары өз
дүние танымындай болды. Бұл
парыздар ойшылдың
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Физика техникалық факультеті
Баяндама
Абай Құнанбаевтың әлеуметтік ойдың дамуына қосқан үлесі
Орындаған: Қалымова Ж.
Тексерген: Омарова Әсем
2013 жыл