Адамгершілік тәрбиесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 10:20, реферат

Описание работы

Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңсе, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.
Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.
Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.

Содержание

1. Ы.Алтынсарин, әл-Фараби, т.б. ұлы адамдар мен педагогтардың адамгершілік тәрбиесі туралы ойлары.
2. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны, бағыттары.
3. Діни-рухтың тәрбие.
4. Қыздар тәрбиесі. Жастарды отбасы өміріне даярлау.

Работа содержит 1 файл

Адамгершілік тәрбиесі.docx

— 26.87 Кб (Скачать)

Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл, абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ету үшін, әрбір тәрбиелі ұстаз, халық педагогикасын, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білуі қажет. Жетілген мінез-құлық үш нерсенің - жүректің, ақылдық және қолдық бірлігі мен келісімі. Бала өз жүрегін тыңдауға үйренсе, жүрегінің айтқанын істейтін болса, өмірден өз орнын табады. Адам баласының өмір тәжірибесінде қалыптасқан үлкендерге құрмет көрсету ізеті өшпес дәстүрге айналған. Қорыта келе, адамгершілік тәрбиесін мына сызбадағы құрамды бөліктерден көруге болады:

Адамгершілік тәрбиесі

Міндеттері.   Мазмұны мен  негізгі бағыттары.

1. Халықты азаматтық, гуманистік  рухта тәрбиелеу. "Ел боламын  десең, бесігіңді түзе". М.Әуезов.

3. Діни — рухтық тәрбие

Дінге көзқарас өзгеруіне байланысты елімізде жер-жерлерде діни медреселер ашылып, балаларды имандылыққа баулуда игілікті іс-шаралар іске аса бастады. Жалпы білім беретін орта мектептерде діни-рухтық тәрбиеден хабардар ете бастауға болады. Балалардың жасына, білім дәрежесіне қарай діни-моральдық ахуалмен таныстыратын, балалар бойына адамгершілік, мейірімділік, болашаққа сенім, тазалық пен пәктік сияқты қасиеттерді түсіндіретін хадистерді үйрете беруге болады. Мұхаммед пайғамбардың хадистерін, мұсылмандықтың бес парызын, Халифа Алтайдық "ғылымхалін", Абайдың "Қара сөздеріндегі" дінирухтық идеяларды және қасиетті Құранның сүрелерінен бала қабылдасауына лайықтарын үйрете беру артық емес. Мұғалім молда не діни лауазымды кісілермен кездесулер ұйымдастырып, діни-рухтық тәрбие сағаттарын жүргізе беруіне болады. Діни-рухтық тәрбиенің ең негізгі мақсаты - баланың өзіне сенімін қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.

4. Қыздар тәрбиесі

Қыз бала қай халықта болмасын әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкерліктің символы. Халқымыз қыз психологиясы ерекшелігін түсіне білген. Отбасы, әке-шешесі, аға-жеңгелері, бойжеткен қызын жібектей мінезімен, уыздай тәтті қылығымен, іскерлік-ұқыптылығымен, сыпайы-салмақтылығымен, әдепті-ізеттілігімен көргісі келген. Оларды кішкентайынан көздің қарашығындай сақтап, жаны мен арының таза, мінезінің жайсаң болуын қадағалап отырған, олардың мінездерінің өзгертіндігін ескере отырып, "қырық үйден тыю" керектігін үнемі (ескеріп отырған.

Сұлулық пен сымбаттылықты, шеберлік пен іскерлікті қажетсінетін үй ішілік еңбекке (кесте тігу, өрнек, кілем тоқу) көркем сөз, ән-күй, айтыс секілді өнерге баулуды-бойжеткен тәрбиесінің басты міндеті санаған.

Xалқымыздың ұлттық дәстүрінің бір ерекшелігі - ақыл-кеңесті жас ұрпақ санасына, әсіресе қыз балаға түспалдап,астарлап жеткізу. Мысалы, "Келінім саған айтам, қызым сен тыңда".Қыз тәрбиесінде-күш көрсету, қорқыту тәсілдерінен бойды аулақ ұстап, мәпелеу, сендіру,үлгі өнеге әдістеріне ерекше мән берген.

Әдепті қыз үсті-басын таза ұстап, сәнді киінуге, айналадағыларға қарап бой түзеуге тырысады, шаш күтімі, тіс күтімі сияқты кісіге ажар беретін косметикалық-гигиеналық талаптарды сақтайды.

Жақсы мінезге қыз бала жастайынан үйренсе ғана ол бойға қонымды болады. Мінез-құлық тәлімі, бойжеткеннің мінез-құлқы, психологиясы туралы жазылған, жақсы ақыл-кеңестер беретін кітаптар: Ж.Байжанова "Қызым саған айтам"(Алматы, 1985 жыл); А.Хрипкова, Д.Колесов "Ұл өссе, қыз өссе"(Алматы 1988 жыл); И.Қарақұлов "Қырық сұрақ" (Алматы, 1985 жыл).

Қыз абыройы - болашақ отбасының, босағаның  беріктігіне қатысты мәселе. "Қыздық жолы жіңішке" деп, оның абыройын сақтауын қатаң қадағалап отырған. Қыз  баланың абыройы оның ақыл-парасатына, инабаттылығына, махаббатты жоғары бағалауына байланысты. Әр әке-шеше, туған-туысқан, бауыр өз қыздарының абыройлы болуына ерекше мән беріп, қадағалайды, әсіресе қыз тәрбиесіне анасы жауапты. Халқымыз бойжеткен қыздың алдына келешектегі өмірлік міндеттерін қойып, орындап отыруды қыздық абыройы деп санаған.

Олар: ізетті болу, әсем киіну, әкені  күту, шешені сыйлау, дөрекі сөйлемеу, қабаң шытпай жүру, үлкендердің алдынан  кесіп өтпеу, ұқыпты болу, өсек айтпау, ұрпақ тәрбиесінен хабардар болу, ұлт дәстүрлерін құрметтеу, ана тілін ардақтау, орынсыз сөз айтпау, арқан, жіп есе білу, сиыр сауа білу, кілем тоқып, кесте тіге білу, т.б. секілді мінез-құлықтық қасиеттер мен дағды икемділіктері. Отбасында, бала бақшасында, мектепте, көпшілік орындарда қыз абыройын тәрбиелеу баршамыздық міндетіміз.

Отбасы өміріне даярлау

Әр халықтардың дәстүр-салтындағы келін түсіріп, қыз ұзату, баланы үйлендіріп, ұрпақ жалғастыру мәңгілік құбылыс.

Осы заманға лайықтап, өткеннің мұрасын  байыптап жастардыі жұбайлық өмірінің дұрыс басталуына бағыт-бағдар беру -қоғам мен мектептің, ата-ананың, бүгінгі тыныс-тіршілігіміздің маңызды шаруасы.

Бұл мәселеде халықтың ақыл-ойын, болмысын, арманын, тәлім-тәрбиесін Абайдан терең ұғындырған ақын болған емес. Сондықтан да Абай идеясына тоқталғанды жөн көрдік.

Абай бозбала мен бойжеткенді  жұбайлық өмірге баулуда мына мәселелерге  назар аударды.

• Адам өмірінің сыңары, бір бүтіннің жартысы болатын өмір серік жар таңдауда тәрбиелі, ақылы ажарына сай, еңбексүйгіш адамгершілігі мол таза жүректі адаммен бас қосу. Жастың шақ -адам өмірінің ең қызың ең мағыналы, ең жауапты шағы, оның басты ерекшелігі, алданғыш көңіл, албырт сезім, сенгіш жүрек, батыл әрекет, қызыққа құмар, қызылға өш, өткінші дәурен екендігі.

•  Жастық шақта отбасын құру, білім алу, еңбек қаракетіне төселу - адамшылықтың басталу шағы, оны дұрыс бастау қажет. Отбасын құру бақыты екі адамның тілек-мүддесінің бірлігі, жастар өз бақытының қожасы, мұны берік дәстүрге айналдыру олардың өз қолдарында.

Абай келешегіне үміт еткен жастарды жұбайлық өмірге алдын ала даярлықпен баруына ерекше мән береді. Отбасындағы  тіршіліктің барлық жай-жапсарын, жетістік-кемістігін олардың алдарына жайып салып, жақсысын үйреніп, жаманынан жиренуге шақырды.

 

Әдебиеттер:

1. Т.А.Ильина. Педагогика. - Алматы, 1977.

2. Қ.Б.Сейталиев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1976.

3.  И.А.Қайров Адамгершілікке  тәрбиелеу әліппесі. Алматы, 1980.

4. К.А.Оразбекова. Иман және инабат. - Алматы, 1993.

5. Қ.Жарықбаев. Аталар сөзі, ақылдық-көзі. - А., 1980.

6. А.Қүнанбаев шығармаларының толық  жинағы. - Алматы, 1954.

7. Ш.Құдайбердиев шығармалары. - Алматы, 1988.

8. Ы.Алтынсарин. Таңдамалы шығармалары.

9. Ыбырай тағылымы. - Алматы, 1955.

10. А.Байтұрсынов. Ақ жол. - Алматы, 1991.

11. Жүсіп Баласағүн. Құтты білік. - Алматы, 1986.

12. А.Көбесов. Әл-Фараби. -Алматы, 1971.

13. А.Э.Измайлов. Орта Азия. Қазақстан халықтарының халық педагогикасы. - Москва, 1991.

14. Ғылыми практикалық конференция  материалдары. - Алматы, 1992.

15. Ел аузынан. - Алматы, 1989.

16. Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы/Қазақстан  мұғалімі. 5 ақпан,1993.

17.  М.М.Тілеужанов. Қазақ халықтық  педагогикасының кейбір мәселелері. - Орал, 1992.

18. В.А.Сухомлинский. Мектептің жас  директорымен сырласу. - Алматы, 1984.

19. В.А.Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. - Алматы, 1976.

20. В.А.Сухомлинский. Коллективтің  қүдіретті күші. - А.: Мектеп, 1979.

21. "Атамекен" бағдарламасы.

22. Мұхтасар. - Алматы, 1992.

23. Ж.Дөуренбеков. Мектептегі айт  мерекесі. - А., 1993.

24. Құран хикаялары.

25. Наурыз. Жаңарған салт-дәстүрлері. - Алматы, 1990.

26. Ж.Байжанова. Қызым саған айтам. - Алматы, 1990.

27. Ж.Байжанова. Ұлым саған айтам. - Алматы, 1990.

28. Г.Исаева. Шаңырақ шаттығы. - Алматы, 1992.

29. Ү.Жөнібеков. Уақыт керуені. - Алматы, 1992.


Информация о работе Адамгершілік тәрбиесі