Төтенше жағдай

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 18:53, реферат

Описание работы

Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдаршығарылады. Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр болады. Төтенше жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі ел Конституциясындаанықталады.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

1) Халықты қорғаудың негізі принциптері мен қорғау әдістері

2) Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары

3) Қоныстандыру және көшіру

ІІІ. Қорытынды

Работа содержит 1 файл

реферат.docx

— 44.25 Кб (Скачать)

Көшіру мүмкіндігінше  қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты  қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу (шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.

Қауіпті аймақта көшірілетін  халық өз облысының аумағында  орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру  ауданы (пункті) белгіленеді.

Халықты соғыс кезінде  орналастыру аудандары (пунктері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келісіледі, жоне солардың шешімімен (қаулысымен) бекітіледі. Осы шешімдер, (қаулылар) негізінде әрбір ұйымға ордер беріледі, оның көшірмесі тиісті қызметтерде сақталады.

Ішінара көшіру кезінде  халықты орналастыру аудандарын (пункттерін) Республика үкіметі, жергілікті атқарушы органдар белгілейді.

Көшірілетін халықты  бір облыстың қауіпсіз аудандарына толық орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, оның бір бөлігі облыс әкімдерінің келісімі бойынша көрші облыста-рға жеткізілуі мүмкін.

Бытыраңқы орналастыру — соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардан, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.

Категорияланған қалаларда  соғыс кезінде жұмысын тоқтатпаған  ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері қауіпсіз аймаққа орналастырылады. Әр ұйымның жұмыс-шылар ауысымын тасымалдау үшін жұмысшылар ауысымын жұмыс объектілеріне көшіруге және қайта әкетуге кететін уақыттың мейілінше аз жұмсалуын (2—3 сағаттан көп емес) ескере отырып, темір жолға, автомобиль және су жолына жақын орналасқан орналастыру орындары бөлінеді.

Бытыраңқы орналастыру мен көшірілуге жататын барлық халыққа көшіру тізімі жасалады.

Тізімдер ұйымдар  мен пәтерлерді иеленушілердің корперативтері (ПИК) бойынша күні бұрын жасалады және көшіру шараларды жүргізуге арналған өкімді алған уақытта нақтыланады. Жұмысшалар мен қызметшілердің өндірісте және қызмет көрсету саласында істемейтін отбасы мүшелері отбасы қожасының жұмыс істейтін орны бойынша тізімге алынады.

Көшіру тізімдері  үш данада жасалады біреуі —ұйымда немесе пәтерлерді иеленушілер кооперативінде қалады, екіншісі — көшіру шараларды жүргізуге өкім алысымен са-налатын көшіру пункте (тізімді анықтағаннан кейін) жіберіледі, үшіншісі — бытыраңқы орналастыру мен көшіру басталысымен көшіру-қабылдау комиссиясына жіберіледін.

Көшіру шараларын  жоспарлау, даярлау және іске асыру кезінде қамсыздандырудың барлық түрі жан-жақты пысықталып қарастырылады.

Төтенше жағдай кезінде  халықты қорғау үшін мыналар қарастырылады: ЖКП-ке, КҚП-ға түсіру станцияларының нүктелерінің жаны мен жаяу жүру бағыттарының бойындағы қорғаныс ғимараттарына паналау; халықты және қорғаныс құралдарымен қамсыздандыру радиациялық және химиялық барлау жүргізу халыққа басқару және хабарлау құралдарын өз уақытында жеткізу дөзиметрлік, химиялық және бактериологиялық бақылауды санитарлық тазалау мен залалсыздандыруды ұйымдастыру. Қорғаныс ғимараттары жетпеген кезде халықты орналастыру үшін станциялар мен өзге нүктелерде болуы мүмкін қарапайым бассауғалар салу, сондай-ақ табиғи панажайды пайдалану жоспарланады.

Көлікпен қамсыздандыру  халықты, мекемелерді және ма-териалдық  қүндылықтарды қауіпсіз аймаққа  апаруды, жұмыс ауысымдарын қауіпсіз аймақтан қалаға апарып-қайтуды ұйымдастыруды  қамтиды.

Материалдық қамсыздандыру  отынды, жағар және өзге де материалдарды, көшірілетін және қоныстандырылатын  халықты тасымалдау үшін пайдаланылатын көлікпен және азық-түлікпен қамсыздандыруды  қарастырады қауіпсіз аймақта халықты  қамсыздандыру жергілікті органдар сауда және қоғамдық тамақтандыру нүктелері арқылы жүргізеді. 

Қорғаныс шараларын жүргізу сипаты мен көлемін анықтаудағы салыстырмалы көзқарас.

Қорғыныс шараларының  сипаты мен көлемі ТЖ сипатына, сондай-ақ қалалардың, шаруашылық объектілерінің экономикалық және қорғаныстық маңызы мен жергілікті жағдайларға байланысты.

Бірінші кезекте соғыс  уақытындағы жағдайда халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөніндегі шаралар АҚ тобына жатқызылған қалаларда, оларға іргелес елді мекендерде жүргізіледі және мынадай жолдармен іске асырылады:

— қызметтері соғыс  уақытында да тоқтамайтын кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметшілерін, сондай-ақ АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы олардың отбасы мүшелерін қауіпсіз аймаққа таратып қоныстандыру;

— АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы жұммысшылар мен қызметшілерді бұрыннан бар қорғаныс ғимараттары мен осы мақсат үшін ыңғайластырылған және бол-жанған орындарға, сондай-ақ құрылыстары АҚ-ны бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру кезінде салынатын қарапайым панаханаларға жасыру.

Бұл қалаларда халықты  қазіргі қарудың барлық түрінен  қорғау қамтамасыз етілуге тиіс. Қарсылас жақтың ядролық соққы беру ықтималдығы төмен шағын қалаларда, елді ме-кендер мен селолы жерлерде халықты негізінен радиоактивті зақымдаудан қорғау қарастырылады.

Бұл жағдайда тек жергілікті халықты ғана емес сондай-ақ, ірі қалалардан көшірілген халықты да қорғау ескеріледі.

Сөйтіп соғыс қимылдары  кезінде халық пен шаруашылық объектілерін қорғау шаралары бүкіл республика аумағында жүргізілсе де, олардың мазмұны, көлемі мен өткізу мерзімі қандай да бір елді мекеннің қазіргі зақымдау құралдары соққысына ұшырау мүмкіндігі мен болжанған шабуыл сипатына байланысты анықталады.

Басқаша айтқанда, қорғау шаралары ықтимал шабуылдың күтілген сипатына сай келуге тиіс. Демек, бұл ірі елді мекендер мен аса маңызды объектілерде халықты қорғау деңгейінің аса жоғары болуға тиіс екендігін көрсетеді.

Бейбіт уақыттағы  ТЖ жағдайындағы міндеттерді шешу кезіндегі  өткізілген шаралардың сипаты мен көлемін  анықтаудағы салыстырмалы көзқарас ҚР әртүрлі аймақтары үшін тән  зілзала түріне, сондай-ақ аса қауіпті шаруашылық объектілеріндегі ықтимал аварияларға байланысты.

Осылайша, сейсмоқауіпті  аудандар үшін халықты қорғаудың  негізгі міндеті апатты жер сілкінісі  кезінде халық құрбандығы мен  экономикалық залалды азайту бойынша өткізілетін шаралар болып табылады.

Ықтимал су басу, тасқын аймағында орналасқан өңір үшін бұл міндет, ең алдымен, зілзаланы ескертуте байланысты.

Химиялық, радиациялық  жарылу және өрт қауіпі бар объектілердегі ықтимал авария қауіпі кезінде халықты қорғау міндеті аварияны болдырмау және ол пайда болған сәттегі залалды азайтуға байланысты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Өмір-тіршілік қауіпсіздігі» С. Арпабеков, Алматы. 2004 ж.
  2. "Тіршілік қауіпсіздігі" курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы.
  3. Калжигитов Х.С. Безопасность жизнедеятельности. Алматы. 1999 ж.
  4. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық-әдістемелік жинағы. (3(7) шығарылым, 2001 ж.)
  5. http://kk.wikipedia.org
  6. Қазақ Энциклопедиясы

Информация о работе Төтенше жағдай