Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 15:38, реферат

Описание работы

Iшкi iстер органдарындағы қызмет — Қазақстан Республикасы азаматтарының өз қызметтiк мiндеттерi мен мемлекет пен халық алдындағы қызметтiк борышын атқарумен байланысты мемлекеттiк қызметтiң айрықша түрi. Қызмет өкеру олардң тарапынанбiлдiрiлген ерекше сенiм болып табылады және IIО қызметкерiнiң адамгершiлiгi мен моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды.
Қоғам IIО қызметкерi жүзеге асыратын кәсiби қызметiне өзiнiң барлық күшжiгерiң бiлiмi мен тәжiрибесiн жұмсайды және қоғамға әдiл әрi қаптқысыз қызмет етедi деп есептейд

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары.doc

— 56.50 Кб (Скачать)


Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары.

      Iшкi iстер органдарындағы қызмет — Қазақстан Республикасы азаматтарының өз қызметтiк мiндеттерi мен мемлекет пен халық алдындағы қызметтiк борышын атқарумен байланысты мемлекеттiк қызметтiң айрықша түрi. Қызмет өкеру олардң тарапынанбiлдiрiлген ерекше сенiм болып табылады және IIО қызметкерiнiң адамгершiлiгi мен моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды.

Қоғам IIО қызметкерi жүзеге асыратын кәсiби қызметiне өзiнiң барлық күшжiгерiң бiлiмi мен тәжiрибесiн жұмсайды және қоғамға әдiл әрi қаптқысыз қызмет етедi деп есептейдi.

Қазақстан Республикасының IIО қызметкерелiнiң осы ар-намыс кодексi (Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң қызметтiк этикасы ережесi) (бұдан әрi — Кодекс) «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заныңа, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заныңа, Қазақстан РеспубликасыПрезидентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы Жарлығымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасы қызметтiк этикасы ережесi) және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес iшкi iстер органдары қызметкерлерi мiнез-құлқының негiзгi стандартарын белгiлейдi.

IIО қызметкерi осы Кодекстi сақтау жөнiндегi барлық қажеттi шараларды қабылдауға мiндеттi.

1.       IIО қызметкерлерi өз қызметiнде:

        Қазақстан Республикасы Президентiнiң саясатын жақтауға және оны дәйектi жүзеге асыруға, өзiнiң iс-әрекетiмен мемлекеттiк биiлiктiң беделiн нығайтуға, мемлекет мүдделерiн қорғауға; Қазақстанның беделiн түсiретiн iс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;

        Конституцияны бұлжытпай сақтай және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне және Қазақстан Республикасының өзге де құқықтық актiлерiне сүйене отырып, заңдылықтар қағидаттарын басшылыққа алуға;

        азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, адамның және азаматтаң құқықтары мен бостандықтарын бұзұға бастайтын iс-әрекеттерге жол бермеуге;

        Қазақстан халқының бiрлiгi мен елдегi ұлтаралық татулықты нығайтуға жердемдесуге;

        мемлекеттiк, әскери және қызметтiк тәртiптi бұлжытпай сақтауға, Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының Антының талаптарын бұлжытпай сақтауға, өзiнiң азаматтық және қызметтiк борышын қалтқысыз және адал орындауға, қылмысқа қарсы күресте табандылық пен батылдық танытуға, қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi қызметтi өткеру, қылмыстарды ашу және тергеу кезiнде тиiмдi және кәсiби тұрғыдан iс-қимыл жасауға;

        жоғары кәсiби жұмыс үшiн барлық күш-жiгерiн жұмсауға, сенiп тапсырылған мемлекеттiк мүлiктерге ұқыппен қарап, оны ұтымды әрi тиiмдi пайдалануға; бекiтiлiп берiлген қарудың, басқа да қару-жарақ пен арнайы техниканың, қызметтiк құжаттардың және куәлiгiнiң сақталуын қамтамасыз етуге; дене күшi мен арнайы құралдарды мәжбүрлi және заңды түрде қолданған кезде ұстамдылық танытуға, бұл ретте қызметкердiң iс-әрекетi маңайындағыларға түсiнiктi боолуы тиiс;

        сыбайлыс жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұруға;

        IIО қызметкерiнiң жеке мүдделерiн қозғайтын мәселелер жөнiнде шешiмдер қабылдауға қатысы бар адамдардың қызметiне араласпауға;

        кәсiпкерлiк қызметке негiзсiз араласу фактiлерiне және жекелеген шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мүдделерiн сүйемелдеу жағдай-ларына жол бермеуi тиiс;

        қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде белгiлi болған құпия ақпараттарды, мемлекеттiк құпияларды және басқа заңмен қорғалатын құпияларды пайдакүнемдiк мақсатта жария етпеуге және пайдалануға жол бермеуге;

        қызметi жоғары немесе темен тұрған не өзiмен қызмет немесе жұмыс бойынша өзге де тәуелдiлiктегi адамдармен ақшалай немесе өзге де мүлтiк сипаттағы құмар ойындарға қатыспауға;

        қызметтiк мiндеттерi орындаумен байланысты жеке және заңды тұлғалардың сыйлықтар қабылдау және қызметiн пайдалану фактiлерiне жол бермеуге;

        заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, қазақстандық немесе шетелдiк жеке және заңды тұлғалар есебiнен мемлекетiшiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақырулардан бас тартуға;

        өзiнiң iске көзқарасымен және жеке мiнез-құлқымен ұжымда орнықты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай тұғызуға ықпал етуге;

        мемлекеттiк органдардың тиiмдi жұмыс жасауына және олардың қызметкерлерiнiң қызметтiк мiндеттерiн тиiсiнше орындауына бөгет болатын iс-әрекеттерге қарсы тұруға; өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн қалқысыз және адал орындауға, адамдардың өмiрiн құтқаруға, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жолын кесудi талап ететiн жағдайда қауiп төнiп тұрған адамның алдында батылдық танытуға;

        кадрларды жерлестiк және өзiне берiлгендiк белгiлерi бойынша iрiктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;

        қызметтегi әрiптестер тарапынан осы Кодекстiң талаптарын бұзу фактiлерiне жол бермеуге және олардың жолын кесуге;

        нысандық киiм кию ережелерiн бұлжытпай сақтауға, оны кадiр-құрметпен киюге, әрқашан жинақы және ұқыпты болуға;

        қызметте, тұрмыста өзiн қоршаған адамдармен қарым-қатынаста жоғары парасаттылық пен әдептiлiк танытуға және қоғамда әдiлетке деген сенiмнiң нығаюына ықпал етуге мiндеттi.

2.       Азаматтармен және заңды тұлғылармен қарым-қатынастарда мемлекеттiк билiктiң өкiлi ретiнде iшкi iстер органдарының қызметкерлерi:

        азаматтардың мемлекет институттарына сенiмiн нығайтуға ықпал ету;

        қарапайымдылық танытуы, өзiнiң лауазымдық жағдайың оның iшiнде көлiк, сервис және өзге де қызметтердi алу кезiнде баса көрсетпеуге және пайдаланбауы;

        өзiнiң iс-әрекеттермен және шешiмдерiмен қоғам тарапынан негiздi сынға ұшырамауға сынағаны үшiн қудалауға жол бермеуi, оған төзiмдiлiкпен қарауы, оң сын-ескертпелердi, көмшiлiктердi жою мен өзiнiң кәсiби қызметiн жақсарту үшiн пайдалануы;

        өтiнiштердi қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеуi, олар бойнша заңда белгiленген мерзiмде қажеттi шаралар қолдануы;

        шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайларына жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне дiнге, қарым-қатынасына, сенiмiне, тұрғылықты жерiне немесе кез-келген өзге де жағдайларға қарамастан адамның және азаматтың ар-намысы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуi;

        жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, мемлекеттiк тiлге және басқа тiлдерге, Қазақстан халқының салттары дәстүрлерiне құрметпен қарауы;

        сыпайы және әдептi болуы тиiс.

3.       Өзiне бағынысты қызметкерлерi болатын қызметкерлер:

        бағынысты қызметкерлердiң мiндеттерi мен қызметтiк өкiлеттiктерiнiң көлемiн олардың атқаратын лауазымдарына сәйкес дәл айқындауы, бағынысты қызметкерлерге анық орындай алмайтын өкiмдер бермеуi және олардан қызметтiк мiндеттерiнiң шеңберiнен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуi;

        бығынысты қызметкерлерiне қатысты негiзсiз айыптауларға, дерекiлiк фактiлерiне, адамдық қадiр-қасиетiн кемсiтуге, жөнсiздiкке жол бермеуi;

        қарамағындағы қызметкерлердi құқыққа қайшы iс-қылықтар немесе жалпы жұрт қабылдаған этика нормаларына жат iс-қылықтар жасауға мәжбүр етпеуi;

        iшкi iстер органдарының жас қызметкерлерiне жинақтаған бiлiмi мен практикалық жұмыс тәжiрибесiн үйретуi; күнделiктi қарамағындағыларды Конституцияны; Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтау, ымыраға келмейтiн өрескелдiк пен мейiрiмсiздiкке дұрыс қарау рухында тәрбиелеуi;

        қарамағындағылардың әлеуметтiк-құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуi, ардагерлерге, қызметкерлердiң, оның iшiнде қызмет бабында қаза болған қызметкерлердiң отбасыларына қамқорлық көрсетуi;

        қарамағындағы қызметкерлердiң осы Кодекстiң нормаларын сақтауын қамтамасыз етуi;

        осы Кодекстi бұзу фактiлерiне принциппен көңiл аударуы, кiнәлi адамдарды жауапкершiлiкке тартуы;

        қарамағындағы қызметкерлерге осы Кодекстiң нормаларын сақтауын жеке үлгi көрсетуi тиiс.

4.       IIО қызметiнiң мәселелерi бойынша көпшiлiк алдында оның басшысы немесе органның бұған уәкiлеттiк берiлген лауазымды тұлғалары сөйлейдi.

Қызметкерлер IIО беделiне ңұқсан келтiрмей, пiкiрталасты әдептi түрде жүргiзуi тиiс.

5.       IIО қызметкерлерi мемлекеттiк саясат және қызметтiк iсiнiң мәселелерi жөнiндегi өз пiкiрiн, егер ол:

        мемлекет саясатының негiзгi бағыттарына сәйкес келмесе;

        жариялауға рұқсат етiлмеген қызметтiк ақпараттарды ашатын болса;

        мемлекеттiң лауазымды тұлғаларының атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшiлiк алдында бiлдiрмеуi тиiс.

6.       IIО қызметкерiнiң атына коммерциялық ұйымдарды басқаруы және/немесе кәсiкерлiк қызметпен айналасуы, бiреудiң мүдделерiн сүйемелдеуi жөнiнде көпшiлiк алдында негiзсiз айыптау болған жағдайда, ол тиiстi түрде мұндай айыптауларды терiске шығаратын ақпаратты жариялауы тиiс.

7.       IIО қызметкерiн сыбайлас жемқорлық жасады деп көпшiлiк алдында айыптаған жағдайда, ол бұл айыптауларды терiске шығару, оның iшiнде сот арқылы терiске шараларын қабылдауы керек.

8.       IIО қызметкерелерiнiң осы Кодекстi сақтауы олардың қызметтiк борышы болып табылады.

9.       Осы Кодексте көзделген талаптарды бұзғаны үшiн IIО қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн.

10.   Мемлекеттiк органдардың ұжымдары мемлекеттiк қызметкерлердiң осы Кодекстi орындамауы фактiсiн басшысының шешiмi бойынша қарай алады және қоғамдық талқылаудың қорытындысын шығарады.

 



Информация о работе Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары