Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2012 в 10:38, контрольная работа
Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді "риторика" деген атпен жеке пән ретінде оқыған.
Кіріспе
1 Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері
2. Сөйлеу тілі және сөз мәдениеті
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Бақылау жұмыс
Пәні: Халықаралық жария құқығы
.
Жоспар
Кіріспе
1 Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері
2. Сөйлеу тілі және сөз мәдениеті
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді "риторика" деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. "Риторика" ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан "Шешендікке қысқаша басшылық" атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды. Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті. Шалгез, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді. Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең-жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқалары – жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше. Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: "Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын", – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.
1 Қазақ
сөз мәдениетінің теориялық
Қазақ сөз мәдениетінің
теориялық негіздері “Ғылыми
дискурс және сөз мәдениеті” тараушасында
ғылыми қарым-қатынас тілінің
Көптеген сөз күнделікті тұрмыста кәдімгі лексикалық мағынасында жұмсалса, ғылыми қарым-қатынаста (ғылыми дискурста) арнайы ұғымды білдіру қызметіне төселіп, яғни терминдік мәртебеге ие болады. Қазіргі қазақ әдеби тілінің жаратылыстану, табиғат ғылымы мен қоғамдық ғылым салаларында мамандандырылған лексемалардың саны жүздеп, мыңдап саналады.
Жаңа пайда
болған білімді атау үшін
Ғылым тілі
ағылшын, неміс, орыс тіл
Ұлттық тілдің
функционалдық саласы болып
Арнаулы
кәсіби тіл – көпфункционалды
сипаттағы тіл. Ал арнаулы тіл
кемел әдеби тілдің
Арнаулы
кәсіби тілдің лексика-
Кәсіби тілде стильдік нышаны бар сөздер (эмоционалды, экспресоид сөздер) мүлде кездеспейді деуге болмайды. Эмоционалды бағалауыш сөздердің қолданылу мүмкіндігі шектеулі. Олар деңгейі жоғары, көлемі тым үлкен, сирек кездесетін, ұшырасатын жайтты, аса ірі, тым ұсақ, қызғылықты көрініс т.б. Сондай-ақ айқын, анық, бұлдыр, құнды, құнсыз, тұрақты, тұрақсыз, мүмкін, мүмкін емес, жеткілікті, жеткіліксіз т.б. тәрізді субъективті бағалауыштар. Бұлар арнаулы емес, жалпылама лексикаға жатады. Қызметі жағынан полифункционалды элементтер деп аталады. Бұлардың қайсыбірі белгілі бір кәсіптік салада терминдік мағынада да қолданылуы мүмкін.
Ғылыми дискурс
негізінен қарым-қатынастың
Ғылыми мәтінде сөз желісі логикалық жүйеге бағынады, өзара бірімен бірі байланысты арнаулы ақпараттар баяндалады, сөз сипаттау түрінде болып, дәлдікке ерекше мән берілді. Мұның өзі ғылыми дискурстың мамандандырылған ақпарат беру//қабылдау жағынан өзге де коммуникацияның түрінен (көркем дискурс, публицистикалық дискурстан) ерекше екенін көрсетеді.
Бірінші жақтық тұлға бейтараптанады, баяндауыш көбіне ырықсыз етіс тұлғасында болады: жасалды, көрсетілді, анықталды, айқындалды т.б. Бұлай болу себебі, ғылыми мәтіндегі сөз нақты ситуациядағы сөзден, я болмаса жалпы тілдік мағынасынан дерексіздену арқылы өзгешеленуге тырысады. Құбылыстың, заңдылықтың объективтілігін көрсету, өзінің ой-пікірін субъективті етіп көрсете үшін автор ғылыми мәтінде өзін-өзі шеттету тәсілін жоғарыда айтылған тілдік-прагматикалық құралдардың көмегімен жүзеге асырады. Сондай-ақ деп айтуға болады, деп бағаланады, осылай деуге негіз бар т.б. тәрізді тілдік құралдар автордың “тасада тұруының” өзін салғырт субъект ретінде көрсетуінің ғылыми дискурс прагматикасына тән тәсілдердің бірі.
«Іскери
дискурс және сөз мәдениеті”
тараушасында іскери қарым-қаты
Олай болса,
іскери дискурс – мәтін және
мәдени-әлеуметтік, психологиялық факторлардың
жиынтығы деген ұғымды
Кез келген
тілдік коммуникацияда
Ал ресми
дискурста морфологиялық
Сөз актісінде
стандарт, клишелер хабарлау, бұйыру,
өтіну, уәж айту тәрізді
Ісқағаз стилінде объекті жұмыс істеді деудің орнына объекті іске қосылды, жәрдемдесті-нің орнын жәрдем көрсетеді, газ құбырларын ауыстырды деудің орнына ауыстырылды деп пассив субъекті формасына беріледі. Бұлайша белсенді субъектілер орнына салғырт субъектіні қолдану құқықтық ақпараттың ресмилік мәнін баса көрсетудің прагматикалық құралы.
Бір сөйлемге мүмкіндігінше молырақ ақпарат сыйғызуға тырысушылық ісқағаз тілінің нормасына тән сипат, сондықтан сөйлем әдеттегіден аса күрделі болуы мүмкін. Мысалы: Қаладағы ұзындығы 50 км ескірген суқұбырды ауыстыру жұмыстарына кеткен шығынға байланысты су бағасының тарифін 20%-ға көтеруге мәжбүр болып отырмыз. Функционалдық стильдердің басқа түрлерінде мұндай күрделі құрылымдағы тиісті ақпаратты күрделі емес бірнеше сөйлеммен беруге болады: Қалада суқұбыры ескіріп кетті. Оның 50 км жуығын ауыстыру керек. Бұл жұмысқа едәуір қаржы қажет. Оны қайдан аламыз? Сондықтан суық судың бағасын 20 пайызға амалсыз көтеріп отырмыз. Күрделі құрылымдарды синтаксистік жаймалау тәсілі БАҚ тілінің, сөйлеу тілінің синтаксистік нормасына жат емес. Ал ісқағаз стилінің синтаксистік нормасы тиісті ақпаратты барынша күрделі бір құрылымға жинақтауға тырысады. Нормамен байланысты бұл ерекшелікті синтаксистік жинақтау тәсілі деп аталады. Мұндай қолданыстар ісқағаз дискурсының прагматикасына жатады. Синтаксистік жаймалау тәсілі мен синтаксистік жинақтау тәсілі бір-біріне қарама-қарсы қойылатын стильдік айырым белгілер.
Ісқағаз дискурсында мысалы, сот үкімі қайта қарауға жатпайды (қайта қаралмайды емес), …жауапты мекеме басшысы болып табылады (жауапты мекеме басшысы емес) деген штамптар құқықтық мәнді күшейтудің прагматикалық тәсілі.
Сөзді барынша ықшамдап,
мазмұнды барынша сығымдап
Сонымен іскери дискурс (әңгіме ресми қатынаста ұйымдық, ұжымдық ортада қызмет бабында қолданылатын сөздің ерекше түрі. Іскери сөздің тілдік, психологиялық тәсілдерін меңгеру, оның функционалдық ерекшеліктерін білу іскери коммуникация тиімді болуына сөз ахуалының ұнамды, жайлы жағдайда өтуіне әсер ететін алғышарттар болып табылады.
Іскери адам өзінің
кәсіби құзыретімен ғана