Құран Кәрім және Қожа Ахмет Ясауи

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 18:17, реферат

Описание работы

Құран (араб тілінен аударғанда – “естіп оқу”, “тақпақтата дауыстап оқу”, “мәнерлеп оқу”) – мұсылмандардың негізгі қасиетті кітабы. Онда “Құдайи аян түрінде” айтылған Мұхаммед пайғамбардың уағыздары бекітілген. Ислам дәстүрі бойынша, Құран дегеніміз – төбеде сақталатын алғашқы кітаптың көшірмесін білдіретін “Құдай сөзі”. Ол аян Мұхаммед пайғамбарға Жебрейіл архангел арқылы түсірілген. Өз кезегінде пайғамбар уағыз тарату арқылы аянның мазмұнын көпшілікке паш еткен. Мұхаммедтің көзі тірісінде Құранның мәтіні көбінде ауыздан-ауызға беріліп отырған. Рас, кейбір аяндардың жазбаша нұсқалары болған көрінеді (құрма ағашы – пальма жапырақтарында, қыш тақтайшаларда, мыс пластиналарда және т.с.с.). Бірақ олар өте аз болды әрі тұрпайы араб графикасында жазылған еді.

Содержание

Кіріспе

Құран Кәрім

Қожа Ахмет Ясауи

Қожа Ахмет Ясауи ескерткіші туралы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

Ясауитану СӨЖ.doc

— 118.50 Кб (Скачать)

Ясауиден бұрын түркі  нәсілдері Тәңірге табынатын  болса, енді олар Аллаға сыйынатын болды. Ясауи сопылығы арқылы бүтін шығыс  философиясымен, әлемдік діни философиямен хабардар боламыз.

Сопылықтың ықпалын, Ясауиден кейін өмір сүрген көптеген ақын, ойшыл  ғұламалардың еңбектерінен кездестіреміз.

Ахмет Ясауи өмірінің ақырғы он жылын жер астында жасалған мінәжатханада өткізеді. Сопы "алпыс  үшке келдім, енді былайғы өмірім күпірлік, пайғамбардан аспақ күнә" деп өзіне бір тоқтам жасайды. Халуетте тіршілік еткен ақын өмірдегі жиған-терген, естіген, көрген, оқыған білгендерін сарапқа салып, қияли күй кешеді. Осы фактінің өзі, нақ сол сопылық Мұхамедті жаратылыстан тыс адам ретінде көрсетіп, оны құдай қатарына қосты және ол Мұхаммед заманына оралуды уағыздады.

Қожа Ахмет Ясауидің қанша жыл жасап, ғұмыр кешкені белгісіз. Бір деректе 73 жас, бірде 85 жасты айтады. Халық аңыздарын негізге ала отырып, Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахмет Ясауиді 125 жыл өмір сүрді дейді.

Қожа Ахмет Ясауи  жаңа санақ бойынша 1041 жылы дүниеге  келген болып шығады. Қожа Ахмет  Ясауидің өмірі мен одан қалған асыл мұралары әлі де көп ізденістерді, ғылыми зерттеулерді керек етеді. Ахмет Ясауи өзінің ұзақ өмір жолын түйіндей келіп:

 

Қожа Ахмет, басыңды елге ие біл,

Ақиқатты таза сүйе біл.    

Дүниеқорлар кетсін бықсып өзімен      

Халық қана дүниеге ие бұл, -

 

-деп, Ахмет Ясауи  тек насихатшысы емес, XII ғасырда өмір сүрген философ, ұлы ғұлама мейірімді кішіпейіл ойшыл акын ретінде түркі жұртына танымал болды.

            Ахмет Ясауи халқымыздың рухани  жебеушісі, кейінгі ұрпақ тәуіп  етер қасиетті әулие. Оның мазараты  мәдениетіміздің мерейі, ұлтымыздың  мақтанышы. 

Сондай-ақ Түркістан қаласынан  ашылған университетке Қожа Ахмет  Ясауи аты берілуі ұлы бабамызға деген үлкен құрметтің белгісі болса керек. Бұл кейінгі ұрпақ парызы.

 

                     Қожа Ахмет Йасауи ескерткіші.

 

XIV ғасыр тудырған ғаламаттардың бірі - Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи ескерткіші.

 

Талай-талай білімпаз асылдарды

Теңескенде келтірмей  иығынан,

Ескерткіш тұр, қаншама  ғасырларды

Ұзатып сап, күлімдеп миығынан.

Жалқау, қиқар түйедей  тартыншақтап,

Жылжыды еміп сүтінен кемел жердің.

Ескерткіш тұр ұлылық қалпын сақтап,

Даңқын сақтап данышпан шеберлердің.

 

Мизам түсіп, күз қызығы қалған кезде азайып,

Түркістанда бір ескерткіш бой көтерді ғажайып.

Күннен-күнге келбеттеніп, күннен-күнге сән құрып 

Нән ескерткіш бой  көтерді жұртты өзінше таң қылып.

 

Сан мыңдаған құл-құтандар ертелі-кеш тынбастан,

Сар даланың кеудесіне жазып жатты бір дастан.

Мерейі асқақ, зарлы  дастан секілді еді ол дегенмен,

Иран, үнді елдерінен  жеткізілді шеберлер.

Жалынынан темір балқып, илеуіне тас көнер,

Хас шеберлер арасында болатын  бір жас шебер.

 

Ол туралы жұрт айтатын: «өнерінің өрті бар»,

Тәңір қалай жарылқайын десе, әрине, еркі бар.

Саусағының салымы бар, сосын, әттең, бөркі бар...

Ал әйтпесе, қызда сирек  кездесетін көркі бар».

 

Қайран шебер калбаң қағып, еркін алып тынысын,

Басқарып жүр ескерткіштің ою-өрнек жұмысын.

Қор бейнеттен жұрт кешкісін дем алғанда болдырып,

Түркістанды түрлендіріп  ән бастайтын сол жігіт.

 

Ол ән салса, қапас, тұйық  кеудесінде жел тұрып,

Бірде жарын, бірде анасын кез алдына келтіріп,

Басыбайлы батпан мұңы сәл  де болса кертіліп,

Құл-құтандар жадырасып, қалатын бір серпіліп.

 

Ол ән салса, ұзақ түнді  кірпік ілмей атырған,

Сәукелелі қыз шығатын  шеттегі алтын шатырдан.

Тілек сайын тізгіндескен неткен іңкәр өмір бұл?

Сол бойжеткен балдызы  еді, қаһарлы Ақсақ Темірдің.

 

Міндет ауыр. Хан бұйрығы мәмілеге қарай ма?

Ғимаратты енді аз күнде  бітірген жөн қалай да.

Шеберлерді ықыластап, ынталамақ ниетпен,

Хан оларға балдызының қызметін сый еткен.

 

Хан балдызы – Мәрзия ару ішке бүгіп мұратын,

Күнде түсте шеберлерге сусын әкеп тұратын.

Сырт көздерді қалдырмайын дейді ме өрттің өтіне,

Паң бойжеткен жұқа ғана перде ұстайтын бетіне.

Гужбан тағдыр иығына нені артса да көнердей

Шебер жігіт Мәрзияға ғашық еді өлердей.

Ғашығының айдай жүзін  бір көруге тамсанды,

Бірде сусын әкелгенде  пердесіне қол салды.

Қыз қымсынып тұрып қалды, тұрып қалды күлімдеп,

Алма беті гүл-гүл толқып, оймақ ерні дірілдеп.

Сосын, ләм деп тіл  қатпастан, еркін басып шеткері,

Өзіне арнап орнатылған ақ шатырға беттеді.

Мосқал шебер күйіп-пісті: «Қарағым-ау, мұның не?

Көпсінгенің осы нұрсыз шабаталы күнің бе?

Сезіміңнің төзім жібін  албырттығың қиды ма?

Енді қайттің? Әлде басың  өкпелі ме иығыңа?

Пітінелі болмақ, енді саған мына атар таң,

Ертең ерте Ақсақ Темір  оралады сапардан.

Болған жайды балдызы оған айтпай, сірә, тұрмайды

Айтты, бітті. Жаның онда жаһаннамға зырлайды.

Солай, ұлым. Әміршіден  енді рақым іздеме,

Бірақ, сенің кесепатың  соқпай кетпес бізге де».

Жігіт боп-боз. Қаны қашып, сөзін зорға бастады,

(Бедерсізін бұрын  қалай сезбей келген достары).

- Туысқандар, қамданайық, амал-айла жасайық,

Біреу айтты:

- Бүгін түнде ұйымдасып  қашайық. 

Келісілді. Бірақ, бірақ,... жөн болды ма қашқаны?

Хан әскері қуып, ұстап, зынданға әкеп тастады.

Енді ненің мәні қалды. Мұңдан, мейлі мұңданба?

Ертеңгілік Мәрзиядан  хат кеп түсті зынданға.

Жігіт жылдам оқып шықты дір-дір етіп қолдары,

Кыздың хаты мынау  еді сондағы:

«Бір күнде ашып мінезіңнің бар қырын,

Тез сөндірдің жігеріңнің жарқылын.

Ұнап еді батылдығың алғашқы,

Тырағайлап қашқаның не, жарқыным?

Жарылардай сондай құштар сезімнен,

Өзімді-өзім тұсаулаушы ем төзіммен.

Өлімнен де қаймықпаған  тілекті,

Қалай оқи алмағансың көзімнен?

Өнерің бар қараған жұрт қанбаған,

Әнің анау аспанымда самғаған.

Құдай саған бәрін  беріп,  Тек қана

Ерлік бермей қойғанына  таң калам 

Енді бәрі өшті, бәрі сөнді. Далбаса.

Амал қанша өз сенімің  алдаса?

Сен өлді деп өкінбеймін.  Әттең-ай,

Бітпей қалған мына ескерткіш  болмаса...

Бұлақ өмір сүргенімен, құрақсыз

Сезім өмір сүре ала ма мұратсыз?

Жүрегенінде ерлігі жоқ  адамның,

Барлығы да махаббатқа тұрақсыз.

 

 

 

 

                                                      Қорытынды

     Мұсылмандардың ойынша, Киелі Құран жаратылмаған, жаратылыстан бұрын мәңгілікке пайда болған. Ол Аллаһтың ғана құзырында және Жаратушы аян етіп, тікелей Мұхаммедке жіберген.

     Хазірет  Мырза Вашируддин Махмұд Ахмад  – исламның Ахмади ағымының  Басшысы, Аңсарлы Мессияның Екінші  халифы “Қасиетті Құранға кіріспе” атта кітабында “Хазірет пайғамбардың Хира туындағы үңгірде алған алғашқы аяндары бар болғаны бірнеше өлең жолдарынан тұратын. Содан түсе бастаған аяндар жиырма үш жыл бойы, пайғамбар өмірінің соңына дейін жалғасты. Сахабаларының айтуы бойынша, Пайғамбар аяндарды әуелі үзік-үзік, аз-аздап алып тұрды, бірте-бірте олар жиі-жиі және көптеп, ақырында, оның өмірінің соңғы жылдары үзіліссіз тасқынмен ағылып келе берді. Құранның ішінара ашылуының бір себебі – оның ілімінің толық мазмұнын халықтың бірден түсіне қоюының жеңіл еместігінде. Бірақ исламның басты қағидалары толық бойға сіңе бастағанда, халық Құранда ұсынылған ілімдер мен басшылық қағидаларды түсіне алатын дәрежеге жетті, соған орай аяндар да үсті-үстіне, топ-тобымен түсетін болды. Тағы да бір себеп – алғашында мұсылмандардың саны өте азтұғын. Аллаһтың еркі Құранның мәтінінің мұқият сақталып, ешбір күмән туғызбауға тиістігінде болды. Құран алғашында ұзақ уақыт бойы үзік-үзік аян түрінде және, тіпті кейде бірнеше ай үзілістермен жіберілгендіктен, мұсылмандардың барлық сүрелерді оңай есте сақтауға мүмкіндіктері болды. Сол себепті мәтіннің дұрыс берілуіне ешбір күмән туғызуға болмайды. Мұсылмандардың қатарының көбеюі, Құран мәтінінің сақталуының сенімділігі аяттардың жиі-жиі түсуіне жеткізді. Киелі Пайғамбардың өмірінің соңына қарай мұсылмандардың қатары жүз мыңнан асып, Құран мәтінін есте сақтау да жеңіл болды. Құранның сөзін Аллаһтың өзі қорғағандықтан да, мәтін тазалығының сақталғаны – күмәнсіз ақиқат.

     Халиф Османның  уақытында Құранның жеті көшірме  данасы бүкіл мұсылман әлемінің  түпкір-түпкіріне таратылып, өз  кезегінде жаңа көшірмелер көбейтуде  үлгі ретінде пайдаланылатын болды. Солар арқылы сан мыңдаған адам ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, Құранның бар мәтінін тұтастай жатқа айтуды өнеге етіп қабылдады”, - деп жазған-ды.

 

 

 

                                 Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Хазірет Мырза Вашируддин Махмуд Ахмад. Қасиетті Құранға кіріспе. Islam International Publikations Itd, 1991 – 378-379 беттер;
  • Ислам: Энциклопедиялық сөздік – 141-144 беттер;
  • Климович Л.И. Ислам. Москва, 1965 – 41-111 беттер;
  • www.kaznamys.com.

 


Информация о работе Құран Кәрім және Қожа Ахмет Ясауи