Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 19:57, контрольная работа
Эстетика — философиялық ғылым. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. "Эстетика" ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканы грек тіліндегі "айстетикос" сөзінен құрас- тырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда "айстетикос" — сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие. Этимологиялық түбір өлі күнге дейін "анестезия" сезінде кездеседі.
А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік деп білген, әсемдіктің бірден-бір керініс табатын саласы өнер деп қарастырған.
Эстетика — философиялық ғылым. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. "Эстетика" ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканы грек тіліндегі "айстетикос" сөзінен құрас- тырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда "айстетикос" — сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие. Этимологиялық түбір өлі күнге дейін "анестезия" сезінде кездеседі.
А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік деп білген, әсемдіктің бірден-бір керініс табатын саласы өнер деп қарастырған.
Сөйтіп, неміс философы эстетикаға әсемдікті және оның өнерде көрініс табуын зерттейтін ілім деген анықтама берген.
Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені
игеруге деген талпынысы А.
Бізге белгісіз, бұлыңғыр ондаған мың жыл бұрын да өнердің бастапқы белгілері байқала бастаған. Атап айтсақ, тас дәуірінің алғашқы кезендерінің өзінде-ақ адамдар өнердің алғашқы нышандарын тудырып, оны өрі қарай дамытып отырған.
«Өнер» терминін
екі мағынада анықтауға болады. Кең
мағынасында өнер адам баласының
жасампаздығын білдіреді де, "ендіру",
"жасау", "құру" деген негізден
өрбиді. Мысалы, көне гректердің өнерді білдіретін
ұғымы "poiesis" — адам қолынан шыққан,
өндірілген заттар әлемі ретінде табиғи
әлем — "physiske" қарама-қарсы қойылған.
Tap мағынасында "өнер" деп көркем
шығармашылық үдерісін және оның нәтижелерін
(бейнелеу, поэзия, әуен, би жә
Өнер және мәдениет.Өнер арқылы мәдениет өзінің тұңғиық тереңінде болып жатқан
құбылыстарын дәп бір айнаға қарап көргендей,
байқап отырады. Сондықтан да өнерді "мәдениеттің
айнасы" деп анықтауға негіз бар. Нақты
тарихи жағдайлар шеңберінде белгілі
бір ұлттың,этностың мәдениетін
Сұлулық, әсемдік, әдемілік сынды бірдеңгейлік ұғымдар мазмұнына негізделген өнер туындысы үшін адам мен қоғамның еркіндік туралы түсінігінің мәні зор. Өнерді көп ойшылдар өз ләззаты, өз рақаты өзінде, еш нәрсеге тәуелсіз "мақсатсыз" мақсаткөздегіштік деп анықтайды. Бірақ, бұл сипаттамалардан өнерді беталды, тізгінсіз әрекет деп түсінуге болмайды.
Таза өнер мен
кәсіби өнер.Бұл тұста таза өнер мен кәсіби өнерді ажырата білген абзал.
Мысалы, неміс философы И.Кант
Дәстүрлі эстетика.Дін мен өнердің бір-біріне
ұқсастығы олардың сезімдік-бағалық табиғатының
танымдық-акпараттық табиғатынан басымдылығында.
Өнер мен діннің; ұзақ тарихи дамуы мен
өзара байланысы барысында, әрбір әлемдік
дінде соның жүйесінде басым дамыған өнер
түрлері қалыптасты. Мысалы, буддизм үшін мүсіндеу өнері мен әшекей-безендіру
қолөнері, ислам үшінсәулет өнері мен қолөнері, каллиграфи
«Инь» және «ян».Болмыстық әр түрлі салаларының бірін-бірі толықтырып отыратындығын танытатын ғарыштық өз-өзіне айналу, қайта айналып келіп отыру идеялары қытайлықтардың "инь" және "ян" туралы көзқарастарында айқын көрінеді. "Ян", "инь" деп бастапқы мағынасында тау бөктерінің жарық және қараңғы беттері аталған болатын. Бірақ сол ежелден бастап-ақ "ян", "инь" ғарыштық рәміздерге айналып кетті.
"Ян" аспанмен, Күнмен, жылумен
Инь және ян комбинациясы қытай мәдениеті мен тұрмысының барлығын түгелдей қамтыған. Қытай колөнершісі әлемдік құрылымның қарама-қарсы бастауларының теңдесуін өзінің тұрмысқа қажетті бұйымдарының пішіні, материалы және түсі арқылы, аспазшы — дайындаған тағамының дәмі арқылы, емші алдына келген сырқат жанның тәніндегі бұзылған үйлесімдікті (гармонияны) орнына келтіру арқылы жүзеге асыратын.
Қытай мәдениетінде адам ғарыштық үйлесімділіктің бір бөлшегі, яғни микрокосм (микроғарыш). Ендеше, қытайлық пейзажды көркемсуретте адамның әлем элементтерінің бірі іспетті айрықша бөлінбей бейнеленуінің өзі де соның куәсі.
Буддизм.Буддизмнің негізгі идеялары — зұлымдық жасамау, қандай да болсын тіршілік түріне қиянат келтірмеу және күш көрсетпеу —будда мәдениеті туындатқан өнер түрлерінде өз көрінісін тапты. Көнеден келе жатқан Будданың мүсіні дәстүрлі түрде мыңқолды адам бейнесінде. Әрбір қолдың алақанында адам көзі орналасқан. Бұл эстетикалық бейненің әлеуметтік мәні Будданың мың кезінің әлемде болып жатқанның бәрін көретіндігін, ал мың қолының қайырымға зар болған бейшараларға көмекке келетіндігін білдіру.
Көне үнділік наным-сенімдерге
— Ведаларға, брахманизмге және т.б. негізделген буддизм өмірдің,
рухтың мөңгілік идеясын жасайды. Өлім дегеніміз жоқ болу емес, өлім дегеніміз
тек бір күйден екінші күйге өту, бір түрден
екінші түрге ауысу болып табылады. Ендеше,
өнерде де толығымен аяқталғандықтың,
тамамдалғандықтың болмауы заңды. Сөйтіп,
буддизм өнерге еуропалық терминологияда
"поп finite" деп аталатын тамамдалмағандықтық
"ашық сұрак" ұстанымын әкелді. Әсіресе
бұл ұстаным храмдар, ғибадатханала
Ислам діні.Ислам дініне келетін болсақ, онда Құдай тұрмақ, Құдай жараткан пендені, хайуан-мақұлықты бейнелеуге тыйым
салынады. Кемелділік бір Құдайға ғана
тән қасиет болса, сол кемелдің қолынан
жаратылған әлемді жұмыр басты пенденің
қайталау мүмкіндігі жоқ деп есептелінеді.
Бұл тыйым, бір жағынан, халықты толығымен пұтқа табынушылықтан бездірудің
жолы болған. Екінші жағынан, Құдайды оймен,
ақылмен, рухпен ғана пікірі дұрыс деп
білген. Соның нәтижесінде бейнелеу өнері
ислам өркениетінде саналы түрде қалыптаспады.
Оның есесіне сәулет өнері, қолөнері, безендірушілі
Каллиграфия — әсем жазу, нақышты жазу өнері жазуды әсемдік объектісіне айналдырды. Ислам әлемінде жазу заттар жүйесінің ішінде үшінші орында тұрады. Егер бірінші болып ақыл-ойдағы идеялар, екінші болып сол идеялардың тілде сөз арқылы көрініс табуы тұрса, үшінші болып сөздің тұрақты кейіпке айналуы — жазу түр. Сөз өнерінің исламда маңызды орын алғандығына араб-парсы классикалық поэзиясының ғажайып үлгілері куә.
Қазақстан Республикасының ғылым және білім минстрлігі.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті.
СӨЖ
Тақырыбы: « Эстетика және діни өнер »
Астана-2013