Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 14:21, реферат
Исламиятта фундаментализм, экстремизм, терроризм деген нәрселер жоқ. Бұл Исламияттың өзегіне сәйкес келмейді, өйткені, Ислам дегеннің өзі бейбітшілік, тыныштық деген сөз. Исламның басты мұраты адамдар арасында бейбітшіліктің болғаны. Сондықтан, экстремист, террорист деп аталған топтардан діннен басқа себептерді, мақсаттарды іздеу керек. Олардың саяси, экономикалық, әскери т.т. мақсаттары, ойлары болғанын тексеру керек. Екінші мәселе, сондай саяси-экономикалық топтар туралы айтқанда не жазғанда міндетті түрде «Исламдық террористер» деген тіркеуді қосатындардың ойы бөтен.
Ислам деген сөздiң өзi араб тiлiндегi «силм» – бейбiтшiлiк, тыныштық, берілу деген сөзден, жә, мұсылман деген мағнаны бiлдiретұғын «мұслим» сөзі – бейбiтшiлiкке берiлген, тәсiлiм болған һәм оны сақтаушы деген мағынадан шыққан. Демек, фундаменталист секiлдi дөрекi де кертартпа сөздер мұсылмандыққа әсте жараспайтынын, әлбетте, оңайлықпен аңдауға болады. Мұсылмандар амандасқанда-ақ «Әс-саламұ алайкұм!» яғни «Саған бейбiтшiлiк болғай!» деп, біріне-бірі татулық, тыныштық тілейді ғой. Ал, хақ дiн Исламның пайғамбары Әз Мұхаммед Ғалайһиссалам бір хадисінде «хайрұн нас, ман йанфағұн нас!», яғни «адамзаттың ең жақсысы, ең хайырлысы, адамзатқа ең пайдалысы!» деген. Пайғамбарымыз тағы да бiр сөзiнде «әс-салату ғимад-ұд-дин», яғни «дұға дiннiң дiңгегi, негiзi!» деген. Ислам ұғымындағы бейбiтшiлiк Аллаһ Тағаланың ризалығына ие болумен, яғни, жақсы ғамалдар iстеумен ғана пайда болады. Он төрт ғасырлық тарихында ғылымның, мәдениеттiң, әдебиеттiң ең озық және пайдалы үлгiлерiн мұралатқан хақ дiн Исламға және мұсылмандар хақында батыс өлшемдерiндегi атаулардың мағналары мен шығу тегіне мән берiлместен қолданылуы, бұл ғажайып байлық пен пәктікті жете түсiнбегендiктiң салдарынан дер едiм!