Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 21:02, реферат
Буддизм - [санскритше - buddha күнәдан арылған, әулие] - дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады.
Буддизм
Буддизм - [санскритше - buddha күнәдан арылған, әулие] - дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам үстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. т. Ол діни шығармалар жинағы "Трипитакада" ("Даналардың үш қат қауашағы") баяндалған. Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекешеліктері бар.Буддизмде дүниені жаратушы қүдай жайындағы идея айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен қүтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен қүтылу керек. Ол үшін төрт хақиқатты білу қажет:
Аһимсаны жүзеге асыру үшін Буддизм Веданы жоққа шығарады. Будда ілімінде этика мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Буддизмнің негізіне қоршаған ортадан бөлінбей қарастырылатын жеке адамды дәріптеу және болмысты бүкіл дүниемен байланысып жатқан ерекше психологиялық процесс ретінде қабылдау принциптері алынған. Буддизмдегі негізгі ең ірі бағыттар - хинаяна және махаяна. Буддизм өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу - өлу ай- налымынан қүтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. V ғ. - б.з. басы); екінші, бодхисаттава - қүтқару- шы көмегімен қүтылу; үшінші, махая- на (б.з. V ғ.-ына дейін) кезі. Махаяна не- гізінде будда (ісөкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (V ғ.-дан кейін). Ол ваджраяна деп аталады. Азияның көптеген елдерінде Буддизм қазіргі кездің өзінде қоғамдық және жалпы мемл. өмірге елеулі ықпал етіп отыр. Бүл елдердің бірқатарында Буддизм мемлекеттік дін болып есептеледі. Империалистер Буддизмнің ықпалын ескере отырып, бүл дінді өзінің реакцияшыл саяси мақ- саттарына пайдалануға тырысады. Соңғы он жылдықта необуддизм неме- се метабуддизмнің бірқатар жаңа ба- ғыттары пайда болды. Қазіргі уақытта будда үйымдары Азия елдерінде эр түрлі әлеуметтік рөл атқарады. Олардың кейбіреулері отаршылдыққа қарсы, үлттық тәуелсіздік үшін күреске белсене қатысуда. Біздің елімізде будда ламаиттердің ізін қуушылардың шағын топтары Қалмақ, Бурят, Тува АССР-лерінде түрады. Буддизмң көзқарасына дүниеден безушілік, жеке даралық тән. Қанаушы қоғамда байлық, күш, өкімет кімнің қолында болса, соған жалбыры- ну жер бетіндегі азап шеккені үшін күнәдан қүтқарады деп түсіндіреді. Сондықтан адам өткінші, жалған өмір сүретін мысал денесін ойламай, мәңгі өмір сүретін жанын қүтқарудың қамын ойлауы керек. Бүл - қанаушылармен келісуді уағыздайтын Буддизм діннің реакциялық жақтарынан бірі. Ол дінді қабылдаған елдердің өміріне едәуір ықпал жасады. Буддизмң таралуы синкретикалық мәдени комплекстердің қүрылуына эсер етті. Бүлардың жиынтығы будда үйымы - 1950 ж. қүрылған буддашылардың дүниежүзілік бауырластығы.
Будда – будда дінінің негізін қалаған әулиенің лақап аты. Шын есімі – Гаутама Сиддһартһа. Солтүстік Үндістанда (бүгінгі Непал жерінде), шак (сақ) халқы патшасының отбасында дүниеге келген. Будда (біздің заманымыздан бұрынғы 623 – 544 жылдары; санскритше Буддһа көкірегі ояу, көзі ашық деген ұғымды білдіреді) сол кездері Үндістанда үстемдік құрған Веда ілімін мойындамай, аһимсаны (тіршілік иелеріне жамандық жасамауды) уағыздаған.[өңдеу] Ұғымның мағынасы
Будда(санскрит тілінен аударғанда"оянған", "көзі ашық" деген мағынаны білдіреді) буддизм іліміндегі - айқындыққа(бодхиге)жеткенді айтады. Сиддхартха Гаутама (айқындыққа жеткен кезден Будда Шакьямуни есім алған),біздің заманымыздан бұрын шамамен 623-543 жылдары өмір сүрген,және бодхиге 588 ж.жеткен болатын, ең алғашқы да,ең соңғы будда да болып саналмайды.Буддизм ілімінің көзқарасы бойынша,будда деп кез келгеннің карманың жақсы,яғни оң санын айтарлықтай мол жинаған және ақиқатқа(дхармаға)көз жеткен тірі жанды айтады.Ғалам тарихында осындай тәріздес көптеген тірі жәндіктер я жандар болатын. Осылайша,Гаутама Будда өтіп кеткен уақыт кезеңде де,әлі болашақта талай көптеген буддалар қатарының бір үзбесі болып табылады. Оның алдында Дипанкара будда болған еді,ал одан кейін келетін будданың есімі - Майтрейя.
Карма (санскрипша – іс-әрекет) – ежелгі үнді философиясы мен дініндегі ұғым. Индуизм ілімінде жеке адамның табиғатпен тікелей байланысы К. заңдары арқылы реттеледі. Атма адам тәніндегі жанға айналып, жақсы, жаман әрекеттерге итермелейді. Карма – осы іс-әрекеттердің нәтижесі, жанның бір денеден екінші денеге көшуіне жағдай жасайтын себеп, сондықтан да адамның туғандағы хал-ахуалы (байлық, кедейлік, құрмет, жәбір, қасірет, тағы басқа) ата-бабаларының өткендегі іс-әрекеттері мен мінез-құлқының шарапаты не кесапатына байланысты.
Бір- біріне белгілі бір қатынастағы әлеуметтік феномендер. Буддизмнің қоғамдық өмірге және адамның өмірлік міндеттерін анықтауы тікелей осы діни сеніммен тығыз байланысты. Оның аса маңызды ережесі түрмыс пен азап шегуді үқсастыруында. Буддизм қоғамдық қатынастарды өзгертуге, оны жақсартуға күш салмайды. Ол адамдарға қауымдастықтың мүшелері ретінде жақсы күйде көрінуі үшін түзелуге міндеттемейді. Буддизм адамды өзі туған, өмір сүріп отырған әлеуметтік шындықтан алшақтатуға тырысады. Осы орайда, буддизмде әлеуметтік док- тринаның барлығын шартты түрде ғана мойындауға болады.
Будда кезеңінің өнері
Бхархуттағы символикалық күмбез
қоршауындағы көп пішінді бейнелер
жазық бедерлі болып келеді. Бұл
қоршаудың бұрыш-бұрыштары мен
қақпасы діңгектеріндегі
Жартастан ойып жасалған ең ежелгі храмдар чайтьялар көлемі мейлінше шағын, оның үстіне ешқандай да әшекейлері болмайды, бұлар Барабарада (Бихарда) орналасқан және, түрлі болжамдарға қарағанда, Маурьялар билеген кезеңге жатады. Бұған мысал ретінде өзінің кіре берістегі әшекейлерімен әйгілі Ломас Риши үңгірін алуға болады. Ол аджвиктер сектасы тұратын және діни ғұрыптармен айналысатын жер болған. Ориссадағы Бхуванешварға жақын орналасқан, джайни монахтары тұрған үңгір-монастырьлар да ең көнелердің қатарына жатады.
Жартастағы храмдар, дәлірек
айтқанда, чайтьялар мен вихарлар
негізінен Батыс Үндістанда орн
Көне будда өнері біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасыр мен біздің дәуіріміздің IV ғасыры аралығында Үндістанның бүкіл территориясына тарады. Бұл кезең ең әуелі Маурьялар мемлекетінің нығаю және бірігу дәуірі болды. Кейінірек жаңа дәуір — Үндістанның түрлі аудандарында мәдениет пен жаңа жергілікті өнердің дамуы және қажымас миссионерлер — кезбе монахтар көмегімен будда өнерінің елдің оңтүстік бөлігіне таралу дәуірі басталды. Олармен бір мезгілде,— кей жерлерде бөлшектеніп бөлінушіліктің де күшейе түскеніне қарамастан,— бүкіл Үндістансубконтинентінің әл-ауқатын арттыруға және біршама бірігуіне жағдай жасаған, сауда-саттық ісінің дамуы басталды.
Осы кезде үнді мәдениеті
мен өнерін сырт елдерге тарату ісі
бастау алды: Кушан мемлекеті мен Ганга жазы
Матхура — Кушан патшалығындағы көркемөнер
орталықтарының бірі болып табылады. Ал
енді бір орталық Гандхарада, оның қазіргі
шекарасынан сырт жерде, солтүстік батысында
болған. Кушан мемлекеті қазіргі Ауғанстанды
алып, Совет Одағының оңтүстік аудандарына
дейін созылып жатқан. Бұл елдің халқы
— сол кезге дейін Қытаймен шекараға жақын жерде тұрган,
қытайша юз-джиб деп аталған тайпалардың
ұрпақтары. Юзджилер Үндістанда буддизмнің
Матхура мектебінің Будда мүсіншелеріме
Матхурада буддалық өнер туындыларымен
бірге көптеген джайндық мүсіндер мен
бедерлер де табылды. Тіпті, джайндық символикалық
күмбездер де болыпты, алайда, олардың
бірде-бірі тұтас сақталмаған. Пластика
туындыларының көпшілігі, мәселен, Матхурада
табылған тас бағандардағы әйелдердің
өте әдемі жартылай жалаңаш денелері,
тіпті де діни мазмұнда жасалмаған. Буддизм мен джайнизмің тақуа ілімдері мұндай
бейнелерге шыдамдылықпен қарайтыны былай
тұрсын, тіпті, оларды әдетте құрылыстарды
әшекейлеудің қажетті құрамды бөлігі
деп есептейтіні таң қалдырады. Мәселен,
Санчидағы қақпаларға ойып салынған якша
әйелдерінің, Бхархутадағы тас қорғандар
сюжеттерінің Карлидағы «митхуна» жұптарының
бейнелерін көріп, осындай қорытындыға келуге әбден болады.
Мұны жаңа дәуірдегі (құбылыс деп) түсіндіруге
тырысушылық кереғар пікірлер туғызады.
Бәлкім, бұл жерде көне заманнан бері үстемдік
алып келе жатқан құнарлылыққа табыну
дегеннің көрініс беруі айқын байқалды
ма екен? Қарапайым халық санасында ол
әрқашан да бай өнімге, материалдық игілікке
және бәрінен бұрын тұқымның берекелі
болып, үздіксіз жалғаса, көбейе беруіне
деген үміттің негізі сол жыныс табиғатына
байланысты деген ұғым орын алған. Әңгіме
монахтар туралы емес, әсіресе, олардың
халықтан шыққан қыруар жолын қуушылары
туралы болғанда жаңа діни ілімдер — буддизм
мен джайнизм — бұл үміттерді ескеруге
тиісті болмағаны ма сонда? Құнарлылыққа
табыну әлі де берік орын алып келе жатқан
село халықтары үшін ғана емес, гүлденіп
тұрған қалалардың халықтары үшін де дәл
осылай болды. Бізге жеткен жазбалар мен
текстер бойынша дәл сол бай көпестер
мен қолөнершілер одақтары осы жаңа діндердің
негізгі қолдаушылары болғаны мәлім. Оларға
брахманизмнің бірбеткейлік табиғатын
бастан өткеруге тура келді ғой, сол себепті
де Будда мен Махавира (
Ашока (шамамен біздің дәуірімізге
дейінгі 273—232 жылдар) бізге дейін
келіп жеткен жазбаларды қалдырған
алғашқы үнді әмірийсі болды. Бұл
жазбалардан Ашоканың Калинганы
қанға бөктіріп талқандағаннан кейін
барлық соғыс жорықтарын мүлдем тоқтатуға
ұйғарғанын және өмірін мемлекетті бейбіт
жолмен басқаруға, өз бағыныштыларына
әкелік қамқорлық жасауға, бұл ретте
осы оқиғалардан екі ғасыр
бұрын Үндістанның солтүстік-