Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:39, реферат
Ежелгі Үнді мәдениетінің діни-рухани пафосының тұлғалығын айқын көрсеткен буддизм (сонымен толассыз күресте индуизмнің өзі қалыптасты) болды. Ол индуизм секілді веда діндерін айтарлықтай өзгерткенімен вела мәдениетінің негізгі тақырыптарына тимеді. Тірі жан иерархиясында адамға ерекше роль атқарғыза отырып және оның өмір жолын негізгі мәселе деп тауып қайғы-қасіреттен құтқаруды мақсат етті.
Кіріспе
Ежелгі Үнді мәдениетінің діни-рухани пафосының тұлғалығын айқын көрсеткен буддизм (сонымен толассыз күресте индуизмнің өзі қалыптасты) болды. Ол индуизм секілді веда діндерін айтарлықтай өзгерткенімен вела мәдениетінің негізгі тақырыптарына тимеді. Тірі жан иерархиясында адамға ерекше роль атқарғыза отырып және оның өмір жолын негізгі мәселе деп тауып қайғы-қасіреттен құтқаруды мақсат етті.
Буддизмнің негізін қалаған, кейіннен Будда («көзі ашылған») атын берген, принц Сиддхартха Гаутама болды. Гаутама (Шакья руынан шыққан дана Шакьямуни) уағыздары нирванаға қол жеткізудің жолдары, немесе мәңгілік қайта түлеудің қасіретінен құтылу және тыныштық пен рахат өмірге қол жеткізуді негіздеген. Ең алдымен «қайғы-қасірет туралы қасиетті ақиқат» жарияланады. Ол дегеніміз тілегенге қол жеткізу. Онда туу мен өлім, тілегенге қол жеткізу және жеткізе алмау туралы сөз болады. Қысқасы: адамның ғұмыры басынан аяғына дейін қайғы-қасіреттен тұрады. Қайғы-қасіреттің қайнар көзі – рахатқа батуға, билікке ие болуға құштарлық, ал, олардың таусылуы – тілектен арылу арқылы құштарлықты жою. Тілектен арылу аданың тікелей өзіне байланысты. Бұл игі сену, игі шешім, игі іс-әрекет, игі ғұмыр, игі талаптану, игі еске алу, игі өзіне-өзі үңілу жолдары. Бұл жол психикалық іс-әрекет мәдениетінің ерекше типін дүниеге деген ерекше қатынасын қалыптастырады және негізгі нәтижесі ретінде қоршаған ортаға залалын тигізбеу мен төзімділікті туындатады. Сөйтіп жаңа, әдеттен тыс діннің өмір жолы басталды. О баста онда сиынудың арнайы дәстүрі болған жоқ. Ең негізгісі оның толыққан өмірдің мәнін шоғырландыратын құдайы да болған емес. Шындығында буддизм бұрынғы құрмет тұтатын әр түрлі құдайлардың, перілердің болғандығын жоққа шығарған жоқ. Алайда, олардың барлығынан да, өзінің әулиелігімен және құрметтілігімен карманың езгісін артқа тастаған, жүрегінің сәулесі бар аскет (тақуа) адамдарды жоғары қойды.
Осы арада нирвана мен болмыссыздық, нирвана мен өлім ұқсастықтары діндар буддистердің ойына да кіріп шықпады. Олардың ойынша бұл ұқсастықтар сырттай ғана еді. Бұл дүниедегі жалмап тұрған өлім, оны одан құтқармады, қайта керісінше оны жаңа қайғы-қасіретке, жаңа іс-әрекеттерге бағыттады.
Нирвана, бұл - әлемнің шырмауығынан нағыз арылу еді. Бірақ оны таныс түсініктер мен образдар арқылы айқындап беруге болмайтын еді, өйткені ол шын мәнінде белгілі бір құбылыстардың сыртында жатты. Сол себептен ол көптеген діни сенушілерге түсініксіздеу еді. Өйткені көп күткен, әрі күнделікті өмірден тым алыс жатқан о дүниедегі Нирвана тыныштық, и
Бұл буддизмнің ерекшеліктері еді. Дегенмен Гаутама ілімі әрі қарай дамуға көптеген мүмкіндіктер қалдырды. Уақыт оза жаңа бағыттар, көптеген әрқилы секталар мен философилық мектептер дүниеге келді. Буддизмнің жалпы бір сипатты белгісі, оның догматикалық жүйесінің ашықтығында, жаңа постулаттарды қосып алуға даяр тұратығында.
Біздің дәуіріміздің І ғ. буддизмнің жаңа түрлері пайда болды. «Махаян» (даңғыл жол), «Хинаян» (тар жол). Махаяна – бұл, махаббат пен қайғы-қасіретті буддизм догматтарының шеңберіне енгізу талпынысы. Махаянаның этикалық идеалы – байыпсыз тұңғиықтағы Нирванаға тән тақуалық емес, қайта ең соңғы шаң-тозаң Буддаға жеткенше бұл дүниені тастап кетпеу үшін серт берген, Будда болған, әулие-Бодхисаттва болды. Бұл енгізілген жаңалық этикалық нормалардың екпінін белгілегенмен де, ең негізгісін өзгерте алмады: нирвананың ең қасиетті түпкі мақсаты махаббат пен жек көрушілік, жақсылық пен жамандық бұрынғыдай арғы бетте қалды.
Махаяна қарапайым адамдардың түсінуіне оңайлау болды, өйткені ол күнделікті қолданыстарына қарапайым діни түсініктерді енгізеді. Олар: нирвананың мәңгілік тыныштану жолындағы өтпелі бөлігі пейіш пен тозақ; жергілікті жердің көптген құдайларын өзіне қамтыған, будда рухының тұрғысында түсіндірілген – ғибадат; дүниедегі тірі жанды түпкілікті азат етуші, болашақ құтқарушы – Будда, Матрейя және т.б.
Буддизмнің жан жақтылығы мен иілгіштігі оның дүние жүзіне тарап кетуінің кепілі болды. Буддизм өзін шығыс философиясының көптеген бағыттарында, өнерде, әр түрлі ұрыс өнерінде көрсете білді. Буддизмнің өзіне тән «Меннен» толық азат ету үшін берген уәдесі, және онымен тығыз байланысты мәселелер оның жақтастарының қатарының қатарын бүгінгі Батыста да көбейтті. Бұл көбінесе мән дағдарысын, өздерінің рухани мәселелерін басқалардың мәдениеті арқылы түбегейлі жеңіл шешуге мүмкін деген адамдардың сағымға ұқсаған үмітінің көрінісіне меңзейді.
1. Буддизм идеясының шығуы. Бұдан шамамен екі жарым мың жыл бұрын Сиддхратхи ілімі ежелгі үнді өркениетінің мәдени-тарихи құрамында пайда болды. Жер мен құм қабаттарының астында ежелгі Хараппа және Мохенджо-Даро қалалары тастан жасалған үйлері мен су құбырларымен ғасырлар бойы мәңгілікке қалған. Осы күнге дейін жұмбақ болып келген жазу өнері бар, қолөнері дамыған бұл жерде негізінен үнді халқы өмір сүрген. Біздің жыл санауымызға дейінгі ІІ мыңжылдықта үнді мәдениетіне солтүстіктен еніп жергілікті халықпен араласқан үнді арийялық тайпаларының мәдениеті келді.
Негізінен «Ведаларды» солар жасаған. Олар жауынгер, бақташы, егінші болған. Олардың қауымдастығын раджалар (әскер басшылары, князьдар, патшалар) басқарды және төрт варнға: брахмандар (абыздар), кшатрилер (әскерилер), вайшьлер (егіншілер), шудрлер (қызмет көрсетушілер) бөлінді. Парилер (құлдар, қуылғандар) варннан тысқары қалды. Варн сөзі португалдық тілден алынған және «ру», «ұрпақ» деген ұғымды білдіреді. Бірақ санскритте бұл ұғым түр, түс деген мағынаны білдіреді, әр түсті адамдардың қауымдастықтағы айырмашылықтарының қатар өмір сүруімен байланысты болуы мүмкін.
Ежелгі ариялық діни мифологиялық көзқарастарын брахманшылар деп атайды. Брахманшылдық қалыпта индустік мәдениетке тән көзқарастар «Ведаларда» берілген:
Атман туралы (немесе брахмандар туралы) - әлемнің негізінде жатқан дүниенің біртұтас жаны және жеке адамдардың жанының сарқылмас бұлағы болып саналуы туралы;
адам жанының өлгеннен кейін басқа адамға көшуі туралы;
тіршіліктегі әрекеттері үшін өлгеннен кейінгі берілетін карма заңы туралы;
өтпелі оқиғалардың шеңберінде және бұлыңғыр сезім, жердегі тіршілікте амалсыз айналыста болатын денеден денеге көшіп жүретін жан сансара туралы;
жоғарғы жетілгендік және жан рахатына жету үшін айналымнан шығып Атманмен қосылдыратын нирвана жағдайы туралы.
2. Будда ілімі. Буддизм әлем туралы түсініктерде дәстүрлі ведалық тұрғыдан шығады. Жоғарыда көрсетілген ұғымдар оның тіліне еніп негізін құрайды. Өзінің Бенаресстік уағызында Сиддхартх буддизмнің негізгі төрт қағидасын баяндайды:
1. «Азап шегу туралы қасиетті ақиқат»: өмір қайғы-қасіретке толыққан. Оларды болдыратын біздің жердегі болмысымызға бес еселік құштарлығымыз: «дүниеге келген – азап, қартаю – азап, науқастану – азап, сүйкімсізбен қосылған – азап, сүйіктіңмен айрылған – азап, тілегеніңе жете алмаған – азап».
2. «Азап шегудің қайнар көзі туралы қасиетті ақиқат»: азап көрудің себебі біздің тілегімізде – «болмысты көксеу, құшырлықты аңсау, құдіреттілікті көксеу». Өлімнің өзі бізді азап шегуден құтқармайды өйткені біздің жанымыз сансараға қайта келеді.
3. «Азап шегуді аяқтаудың қасиетті ақиқаты»: азап шегуден құтылу үшін құштарлықтан босану керек «құштарлықтан толық кету үшін оны толық жою керек».
4. «Азап шегуді тоқтату туралы қасиетті ақиқат»: сегіздік; «көзін ашатын, ақылын да ашатын, тыныштыққа, танымдылыққа, жадырауға әкелетін өздігінен даму жолы». Ол, игеру өнерін қажет етеді.
дұрыс түсіну (қасиетті ақиқаттарға толығынан сену);
дұрыс шешу (шешім қабылдағанда осы сенімді негізге алу);
дұрыс сөйлеу (өтірік айтпау, дөрекілік жасамау);
дұрыс іс істеу (тіріге залал келтірмеу);
дұрыс өмір сүру салтын өткеру (таза еңбегіңмен);
ерікті дұрыс мақсаттандыру (қызықтырушылыққа қарсы күрес үшін);
дұрыс назар салуды бағыттау (рухани кемелденуге, сезімділік пен тіршіліктің бәрінен бас тарту);
өзін-өзі дұрыс тереңдете білу (ақыл-ойын жоғары ақиқатты іштей түсінуге жинақтау).
Буддизмнің ақырғы идеалы – нирвана. Санскритте бұл сөз дәлме-дәл «өшу», «суу» дегенді білдіреді. Бірақ нирвана өлу емес, өлімнен де, өмірден де бөлек жағдай. Бұл жағдайда адам тұлға ретінде, жеке «Мен» түрінде болып бітеді, оның жаны Атманға қайта келіп, араласып жоғары, жалпылыққа, абсолюттік болып жоғалалады. Кімде-кім сегіздік жолдың барлық сатысынан өтіп нирванаға жетсе, ол – будда «жарықтанқан».
Буддалар – буддалық діннің құдайлары. Олар көп. Сиддхартхтан басқа – қазіргі қазіргі уақыттағы, Ұлы Ұстаз (Будда сөзі бас әріппен жазылуы оның өзін білдіреді), бұрынғы уақыттың буддасы Қашба, болашақтың буддасы (8,5 млн. жылдан кейін келетін) Матрейя, будда Эмитабу – пейіштік бақыттың символы «шексіз жарық» және т.б. Сонымен қатар жерде бодисатвалар өмірсүреді. Бұлар нирванаға жетіңкіреп қалған, бірақ оған түспеген, жердегі тіршілікпен өмір сүру үшін қалған қасиеттілер. Олар игілікті жасайтын, будданың көмекшісі.
Брахманшылар нирванаға тек қана варнның өкілдері брахмандар ғана жете алады, ал қалғандары бірнеше рет қайта туудан кейін ақыр соңында брахманға іске асу үшін өздерінің кармаларын, тәнін жансыздандыру және тақуалық арқылы жетілдіру керек дейді. Бұған қарағанда буддизм барлық адамдардың теңдігін бекітіп және қай варнға жатпасын «жарқырауға», бодисатқа не буддаға айналатындығына кез келгенінің мүмкіндігі бар екендігін жария етті.
«Буддизмнің әлемдік-тарихи маңызды, онда адамзаттың жеке тұлғасы алғаш рет рудың, кастаның, ұлттық-саяси одақтардың мүшесі ретінде қарастырылмай, алдамшы тұрмыстық ұйқыдан оянуға қабілеті бар жан, жоғарғы сананың иесі ретінде қарастырды».
Буддизм ең бірінші болып сол уақытқа дейін болмаған рухани идеяның жалпы жүйесіне біріккен әр түрлі халықтар мен касталардың бауырластығын, қайыршылықпен күнелтіп жүрген монахтардың одағын құрды. Будда жолын қуушылар бірлестігінде жеке тұлғаның ар-намысы олардың белгілі бір руға не тайпаға жататындығына, не оның атағына, байлығына немесе билігіне байланысты айқандалмай, рухани идеяларды таңдаудағы ішкі шешіміне және соны іске асыруға деген талпынысымен айқындалды.
Буддистер үшін тіршіліктің қуанышы мен азабы «сезім алдамшысы», сол себептен де оларды байыпсыз қарсы алады. Будда өзінің Бенаресстік уағызында шектен шығып кетушіліктің екеуін де айыптайды. «Біреуі – құмарлық пен рахаттылыққа берілген өмірдің ләззаты, бұл опасыз, арзымайтын, рухқа жиіркенішті, лайықсыз, таяз өмір. Екінші шектен шығушылық - өз еркімен азап шегетін өмір; бұл қапас, көңіл бөлуге тұрмайтын, бейшара өмір. Жетілгендік олардың екеуінен де алшақ тұрады; ол ортасында тұрған жолды таныған».
Буддизм, брахманизмге қарағанда тақуалықты қажет етпейді. Ол тек қана қарапайым адамдардың игілігіне және қиыншылықтарына жәйбарақат қарады талап етеді. Буддалық жақсы әрі дәмді тағамдардан қашпайды, ол сонымен бірге жартылай аш жүрсе де күйінбейді. Ол тек қана тағамды ләззат пен азаптың қайнар көзі деп есептемейді. Буддизмнің негізін қалаушының өзі шошқаның етін шамадан тыс көп жегеннен өлді деген де аңыз бар. Буддизмнің «Орта жолы» кез келген нәрседегі ақырғылықтан алшақ болуға, адамдарға өте қатаң талап коймауға шақырады, талап етеді. Буддашылар тұлғалықты тәрбиелеу жүйесін осыған негіздеген.
Осы уақытқа дейін жеткен аңыздардың бірінде Будда өзінің оқушысына былай деп ақыл береді: «Кез келген лютнде ойнайтындар егер ішекті қатты тартса дыбыстың ырғақты болмайтынын біледі, егер жәй тартылса онда даусының үйлесімдігі де, ғажаптығы да жоқ, бірақ оны қатты да емес жәй да емес тартса, дыбысы үйлесімді шығады. Біздің тәніміз де дәл солай. Егер оған қатаң қараса ол қажиды және біздің ақылымызда енжарлық пайда болады, егер оны өте жұмсақ ұстасаң, онда біздің сезімдеріміз нәуетек келеді және еркіміз әлсірейді».
Алайда Буддизм идеалы ішкі тұрғыда қарама-қайшы. Бір жағынан ол барлық тірі жандыға жанашырлық білдіреді. Буддилік монах байқаусызда әйтеуір бір жәндікті басып кетпес үшін келе жатқан жолын сыпырып жүретін болған. Денесіне қонған масаның өзін залалын тигізбес үшін ақырын ғана үрлеп ұшырып жіберуге тырысқан. Тірі жәндіктерге деген жанашырлығы соншалықты, тіптен солар үшін өзін-өзі құрбан етуге дейін барған. Будда өзін, тіршілік болмысының азабын түсінумен шектеп қоймайды, ол барлық тірі жандылардың қиналысын жеңілдетуге көмектеседі.
Келесі бір жағынан Будда тіршілік болмысының жалған екендігін одан толық қол үзіп, бар құлықты басу керектігін уағыздайды. Басқаларды олардың кармасынан құтқару үшін тұрақты көмектесіп тұру мүмкін емес, сол себептен әркім өз күшімен құтқарылуы керек. Ешқандай да мейірімділік карма заңын бұза алмайды. Сондықтан бөтен біреудің азабын жеңілдету орынсыз нәрсе. Буддистік ілімде «сегіздік жолға» түскендердің әрекеттеріне арналған реттеуліктерінде сәйкессіздіктер де жетеді: «Кез келген тірі жанға қайырымды бол» және «Ешқандай да тірі жан жоқ, кез келген сезім хабарсыздықтың нәтижесі. «Өзін-өзі құрбан қылу қарекетінің» өмірге деген белсенділік идеясы, бос қиялға жататын рахаттылығы мен бақытсыздығы, қуанышы мен азабы бар сансар әлеміне қарама-қайшылық тудырады.
3. Буддизмнің таралуы. Б.з.б. ІІІ ғ. патшалық құрған Маурье әулетінің үнді патшасы Ашока, Будда дінінің таралуына тікелей ықпал жасады. Ол халықты, буддалық монахтарды қолдауға шақырып өзінің империясының ішінде көмектесіп қана қоймай буддизмді уағыздау және Ашоканың өзінің тақуалығын айту үшін басқа да елдерге миссионерлерді жіберді.