Ақын-жыраулар мұрасындағы ислам

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 13:57, реферат

Описание работы

Қазақ халқының рухани мәдениеті тарихында ақын – жыраулар мұрасының алатын орны ерекше. Ұлттық поэзиямыздың, сондай ақ философиялық ой мен дүниетанымның қалыптасуына ақындық, жыраулық дәстүр ерекше ықпалын тигізді. XV-XVIII ғасырларды туып, қалыптасқан жыраулық поэзия ұлтымыздың табиғатына тән шешендік қасиет пен философиялық терең даналықты бойына сіңірді.
Қазақ жыраулары өздері өмір сүріп отырған қоғамның белсенді қайраткерлері болды. Олар қазақ қауымының әлеуметтік-саяси өміріне тікелей араласып, өз дәуірінің ойшылы, философы бола білді. Қоғамдық-әлеуметтік ұғымдарға анықтама беріп, олар туралы салмақты тұжырымдар жасады.

Работа содержит 1 файл

Қазақ халқының ақын-жыраулары.doc

— 66.00 Кб (Скачать)

 

Жыраулар поэзиясының құндылығы  неде? «Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің, - дейді М. Әуезов, - ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп, алғаш рет қалың ел қамын ойлап, күңіренген қария – Асан. [1]

Қазақ халқының рухани мәдениеті тарихында  ақын – жыраулар мұрасының алатын орны ерекше. Ұлттық поэзиямыздың, сондай ақ философиялық ой мен дүниетанымның қалыптасуына ақындық, жыраулық дәстүр ерекше ықпалын тигізді. XV-XVIII ғасырларды туып, қалыптасқан жыраулық поэзия ұлтымыздың табиғатына тән шешендік қасиет пен философиялық терең даналықты бойына сіңірді.

Қазақ жыраулары өздері өмір сүріп отырған қоғамның белсенді қайраткерлері болды. Олар қазақ  қауымының әлеуметтік-саяси өміріне  тікелей араласып, өз дәуірінің ойшылы, философы бола білді. Қоғамдық-әлеуметтік ұғымдарға анықтама беріп, олар туралы салмақты тұжырымдар жасады. Жыраулардың соңына ала рухани өмірдің жүгін көтере келген ақындар поэзиясы да белгілі дәрежеде өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, жаратылыс туралы ұғымдарды пайымдаған поэтикалық құнды дүниелер ретінде рухани қазынамызды байытты.

Адам баласының танымындағы  ең басты мәселе – дүниені тану. Ақын - жыраулар осы мәселеге ерекше назар аударып, ондағы түрлі заңдылықтарды поэтикалық тұрғыда бейнелеуге ұмтылады. Олардың жыр толғауларында дүниенің, әлемнің жаралуы туралы ұғым діни түсініктермен және адамзат санасының сәбилік кезеңіне тән пайымдаулармен өрнектеледі. Жаратылыс бейнесіне қатысты поэтикалық тіл ең әуелі ғаламның бейнесін жасады, сол поэтикалық тілдің өзі жыраудың дүние бейнесі туралы танымын қалыптастырады. Жыраулар толғауларында дүниенің жаралуы, оның құрылымы туралы танымдық ая бірнеше сатыдан түзелетінін көреміз. Олардың біріншісі – дүниені жататушы туралы болса, келесісі дүниенің заттық, рухтық тірегі болып табылады. Ақын – жыраулар дүниетанымында дүниені жаратушы күш – Алла:

 

Жаратып он сегіз мың ғалам етті,

Бірісін ғылым, бірісін надан етті.

 Жаратып жын-періні от пен  судан

                                                 Жаратып топырақтан адам етті,-

деген Шал ақын өлеңіндегі таным жыраулар поэзиясында тұрақты түрде айтылған мәселе. Шал ақыннан біраз бұрын ғұмыр кешкен Шалкиіз жырауда бұл таным былайша өрнектелген:

                                                Еділден аққан сызашық

                                                 Бір көргенде тебінгіге жетер-жетпес су еді,-

                                                 Телегейдей сайқалдатып,

                                                 Жарқыраған беренді

                                                 Теңіз етсе Тәңірі етті;

                                                 Жағасына қыршын біткен тал еді,-

                                                 Жапырағын жайқалтып,

                                                 Терек етсе, Тәңірі етті! [2]

 

Алла тағала Адамды топырақтан жаратты. Ол адамға жанмен бірге тіл берді. Жан мен тілді қатар қою арқылы ақын-жыраулар тілге үлкен философиялық мән жүктейді. Сөйтіп поэтикалық тілде ғаламның бейнесін қалыптастырады. Дүниенің рухани тірегі жан, сөзбен тіл болса, заттық тірегі аспан мен жер, ай мен күн, жарық нұр күллі табиғат, ел деп таныды. Олар үшін дүние кең, шексіз.

Ақын жыраулар поэтикасында сөз  бен тілдің мағыналық аясы өте  кең. Тіл – дүниені танудың  кілті болса, тілдің деректік негіздері  сана. Ақын-жыраулар толғауларында  дүниенің мәні, ең әуелі, Алланың барлығына һәм бірлігіне ден қою. Содан соң, сол дүниенің баянсыздығына, өткіншілігіне мойынсұну. Өмірдің баянсыздығы аясында қозғалатын өмірмен өлім оппозициясы ақын-жыраулар дүниетанымында ерекше мәнге ие. Адам атты болмыс жан мен тәннің бірлігінен тұрса, жан құдайлық болмысқа, яғни ғарыш әлеміне тиесілі. Тән топырақтан жаралғандықтан төменге, яғни жер әлеміне тәуелді. Жанның тынысы – рух, тәннің нәр алары – нәпсі. Ақындар мен жыраулар поэтикасында жан – кеудеге қонақ. Шал ақын:

                                                     

                                                      Дүние деген шолақ депті,

                                                       Жан кеудеге қонақ депті.

                                                       Ақырет деген бір киім,-

Алып қайтар сол ақ депті,-

 

деп жырласа, бұл ұғым басқа да шығармаларда тұрақты түрде қайталанып отырады. Дүниенің өткіншілігі ұшып өткен құсқа теңеледі:

                                                  

                                                       Бұл дүниенің мысалы

                                                       Ұшып еткен құспен тең.

 

Өлімнен қырық жыл қашқан Қорқыт та сол өлімге тұтылған. Өлмесе бұрынғылар қайда кетті дейді халық нақылы. Бұл да жыраулар танымының бір мысалы.

                                                     

                                                       Өлмей тірі кім жүрер – ажал  жетсе.

                                                       Өлімнен құтылмассың қашсаң дағы,

                                                       Атаңнан арыстандай ассаңдағы.

                                                       Алладан шыныменен жарлық келсе,

                                                       Жұлдыз да жерге түсер аспандағы.

 

Алла пендесін ажалды етіп жаратты. Бұйрықты күн болғанда кеудедегі  қонақ жан өзінің мәңгілік тұрағы – бақиға аттанады. Ақын – жыраулардың  поэтикалық ұғымында жан – Алланың  аманаты. ХІХ ғасырда өмір сүрген Кемпірбай ақынның Әсетпен қоштасу, жырындағы «Алланың аманатын берем білсең» деуінің, Нұрым ақынның «Бұл дүниеге келген жан, бір құдайдың мүлкі-ді» - деп толғануының сыры осында. Жыраулар толғауларының поэтикалық  құрылымында «Өлім» концептісі ұшып кеткен рух, кеудені тастап кеткен шыбын жан, ажал оғының тиюі, ұша бару, фәнидан көшу сияқты бейнелі тіркестермен түзіледі.

 

                                                       Кеудедегі шыбын жан

                                                       Шырқыраумен ол шығар,-

 

деген Ізбас ақын сол шыбын жанның ажалдың айбатын көріп қорқатынында жыр етеді.

Жыраулар тіліндегі ғалам бейнесі туралы философиялық қисындар қисынды түрде шыдайы адам болмысының өлшемдерімен сабақтасады.

Шынайы адам болмысын сөз  еткенде жыраулар еі алдымен «жақсы», «жаман» деген адамгершілік өлшемдер аясында ой қозғайды:

 

         Жақсының  жақсылығы сол болар-

                                                        Жаманменен бас қосып,

         Сөйлемекке  ар етер;

         Жаманның жамандығы сол болар-

         Сөйлесе,  дәйім бетін қара етер,-

 

деген Доспамбет жырау;

       Жаманмен жолдас болсаңыз,

       Көрінгенге күлкі етер.

       Жақсымен жолдас болсаңыз,

       Айырылмасқа серт етер,-

 

деген Бұқар жыраулар шынайы адамның бірінші сипаты – жақсы болу деп пайымдап, жақсы болуды адамгершілік, адалдық, тереңдік, ақылдылық, имандылық, жан тазалығы сияқты қасиеттерден іздейді. Бұл күллі ақын-жыраулар поэтикасында тұрақты түрде жырланатын тақырып. Жыраулар дүниетанымында рухани тазалық мәселесіне ерекше мән беріледі. Рухани тазалықты сақтау үшін адамгершілік қасиет парыз болса, сол адамгершілік ұғымы имандылықпен біріктіріледі. Иманды сақтайтын рухани сауыт – жақсы мінез, саналы ой мен ізгі ақыл. Сондай-ақ, Шал ақын жырлағандай, «иман - қой, ақыл – қойшы, нәпсі – бөрі». «Бөріге» яғни нәпсіге ердің ері ғана «қойды» яғни иманды алдырмайды. «Қойшы – ақыл» қырағы, сақ болса, иманға ешбір шайтан кері жолай алмайды. Ақын-жыраулар дүниетанымындағы «шынайы адам» болмысы көшпелі қазақ ұлтының сан ғасырлар бойы қалыптасқан кісілік, адами қағидалармен тығыз сабақтасады. Бұл поэтикалық таным кейіннен Абай поэзиясындағы «толық адам» бейнесімен жалғасын тауып, барынша терең философиялық ойлармен толықтырыла түсті. [3]     

АСАН ҚАЙҒЫ. «Көшпенді қазақ ұлысының философы» алты алаштың қамқор атасы атанған Асан қайғы тарихи тұлға. Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы[4](14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) –мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы Шиелі ауданы «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі Асан Қайғы мазары делінеді. Ол атақты Сыпыра жыраудың дәстүрін жалғастырушы. Асан - өз заманының асқан ақылгөйі. Одан қалған «таза мінсіз асыл сөз» аз болмаса керек, бірақ олардың бәрі біздің заманымызға жетпеген.

Асан қайғы әлемге деген бар  ықыласын, көзқарасын білдіріп отырған. Ол «Адам» деген ұғымды, оның «Ақылымен», «Зердесімен», «Парасаттылығымен» байланыстырып, зердені мәнге айналдырған. Өйткені адам ақылын жер бетіндегі әділдік пен адалдық, бақыт пен қуаныштың орнауына негіз болатын құбылыс деп атаған; адамның ақыл-парасат күшін тәрбие мәселесіне, рухани тазалыққа бағыттайды және көпшілікті әдепке, тәртіпке, осындай адамгершілік қажетін өтеуге шақырған.

Асан қайғы моралінің іргетасы «Жан ашу» «Махаббат» деген ұғымдардан қаланған. Асан қайғы тіршілік атаулының  бәріне «жан ашу – сүйіспеншілікпен қарау» принципі арқылы ең биік игіліктер  жүйесіне көтерілу мүмкіндігін ашты.

Асан қайғы әрбір адамның жанына жақсылықты, махаббатты ұялатып қана бұл әлемді кемелдіндіруге, дамытуға болатындығы бар ынтасымен сенеді. Өзіндік жетілуді – моральдық құндылықтың көзі екенін, адамның барлық іс-қимылының қорғаушы күші екенін ескеріп отырады.

    Мінезі жаман адамға

    Енді қайтіп жуыспа,

    Жалған айтып, суыспа.

    Өлетұғын тай үшін,

    Көметұғын сай үшін

    Желке терің құрысып,

    Әркімменен ұрыспа.

    Ашу – дұшпан артыңнан

    Түсіп кетсең қайтесің

    Түбі терең қуысқа. [5]

 

ҚАЗТУҒАН ЖЫРАУ. Қазтуған Сүйінішұлының туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазақтың XV ғасырдағы айтулы жорық жырауы. Әскербасы, батыр болған.Еділдің Ақтума, Бозан бойларында туып-өскен. XV ғасырдың орта шенінде іргесі жаңадан қаланған Қазақ хандығына қоныс аударған.[6]

Қазтуған жыраудың толғаулары көлемі жағынан шағын болса да, ішкі мазмұны  жағынан толғау түрін өзге бір  қырынан танытады.

Оның көшпелі өмірді түсіндіруінде  Құдайдың, Тәңірінің алдында барлығы  тең және бірдей құндылыққа ие деген ой айтылады. Оның парасат, жомарттық, өтірік, достық, отан туралы, жалпы адамзаттық ойлары оның этикалық ізденістерінің лейтлотиві болып табылады. [7]

 

ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ. ХV ғасырдың 90-жылдарының орта шенінде Азау қаласында дүниеге келген. Сол кезде Донның төменгі ағысын, Азау маңын мекендеген Кіші Орданы билеуші әскери ақсүйектер тұқымынан шыққан болашақ жырау заманы мен ортасының талабына сай тамаша тәрбие алып өскен сияқты.

Доспамбеттің бүкіл Дәшті-Қыпшақты жақсы білгені, Стамбұл мен Бақшасарайда да болғаны, сахара тұрмысымен қатар мұсылман кенттерінің жайына да қаныққаны аңғарылады. 

Доспамбет жыраудан бастап ақын-жыраулар поэзиясында исламдық және мұсылмандық  әсер, араб классикалық әдебиетінің  әсері көбірек байқала бастады.

Өйткені жырау үшін, адамның барлығына ортақ бақыт пен өмірдің мағынасы да, сонымен бірдей адамның қылықтары, мінез-құлқы, ақын-жыраулардың дәуірі өкілдерінің түсінігіне сәйкес құдіретті Тәңірдің басқаруында болды.

     Тәңірінің - өзі берген  күнінде

     Хан ұлынан артық еді менің нәсібім!

     Азаулыда аға болған  ерлер көп еді,

     Әйтсе де алмаға  ат байлағаны жоқ еді!

 

Бұндай көзқарастар сол тарихи уақытта өмір сүрген барлық ақын-жырауларға тән. Олар өз бойында тәңіршілдік, зорастризм, басқа да пұтқа табынушылық ықпалдар элементтерінің басын қосады. [8]

 

БҰҚАР ЖЫРАУ. Қалқаманұлы, Бұқар жырау (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.

Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен.

Жыраудың ақыл-ой таразысынан өткізілген өмір тәжірибесі мен тарихи санасының  қорытындысы, адамгершіліктің ереже-қағидасы көбінесе нақыл-ғибратқа ұқсайды.

Әділетпен жүрген ғана, әдепті іске жақын  болады. Күшін ізгілікке жұмсады. Адам өз елінің перзенті болса, нағыз  ұл болып өссе, имандының ісіне  қарап бет берген болса, онда айтқан серттен қайтпаған.

     Алла деген ар болмас,

     Ақтың жолы тар  болмас.

     Тар пейілді кеңімес

     Кең пейілді  кемімес.

     Берем деген құтылмас,

     Берік байлаған шешілмес...[9]

 

Бұқар Жырау шығармаларының тақырыптық аясы, шеңбері — Жақсылық пен  Жамандық, Елдік пен Ерлік, Ізгілік  пен Зұлымдық, Әділдік пен Әдептілік, Жастық пен Кәрілік, Татулық пен Араздық, Достық пен Дұшпандық, Адалдық пен Арамдық, Тектілік пен Азғындық, Тұтастық пен Бірлік. “Бұхарекең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар. Бізге келіп жеткен тамыры ғана, — деп жазады жыраудың тұңғыш библиографы Мәшїүр Жүсіп Көпеев — бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нұқтың өмірі, Айыптың сабыры, Аплатонның ақылы керек”. Болашақта ұлы жырау мұралары жаңаша көзқарас, дүниетаным тұрғысынан (ислам құндылықтарымен сабақтастығы, мораль философиясы, мемлекет мүддесі, поэтикасы) тексерілуге тиіс.[10]

Информация о работе Ақын-жыраулар мұрасындағы ислам