Ахмет Ясауи кесенесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:05, реферат

Описание работы

1389, 1391, 1394 және 1395 жылдардағы қантөгіс ұрыстарда Әмір Темір Алтын Орданың өктемдігін жойып, астанасы — Сарай-Беркені өртеп жібереді. Міне, осы жеңістің құрметіне Қожа Ахмет Ясауидің ескі мазарының орнына жаңа, зор кесене орнатуды ұйғарады.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (4).doc

— 1.39 Мб (Скачать)


Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды.

 

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің салыну тарихы

 

 

Әмір Темір, кесенені салдырған әмірші

 

1389, 1391, 1394 және 1395 жылдардағы қантөгіс ұрыстарда Әмір Темір Алтын Орданың өктемдігін жойып, астанасы — Сарай-Беркені өртеп жібереді. Міне, осы жеңістің құрметіне Қожа Ахмет Ясауидің ескі мазарының орнына жаңа, зор кесене орнатуды ұйғарады.

Осы тұрғыда Әмір Темір тек діни мақсат-мүддені ғана көздеген еді деу қиын. Бұл оның беделін көтеруге, үстемдігінің мызғымас берік екендігін көрсетуге және дала жақ ту сыртының сенімді болуы үшін де қажет еді. Бұл кезде Әмір Темір Моғолстан әміршісі Хазыр Қожа ханның қызы — Тукел ханымды алмақ болып, той қамына кірісіп жатқан. Қалыңдықты қарсы алу үшін Әмір Темірдің өмірімен Самарқанда "Ділкүш" ("Гул атқан жүрек") бағын салу аяқталды. Қалыңдығының алдынан шығуға аттанған Әмір Темір жолшыбай Шатас елді мекеніне таяу мандаты Ахангеран қойнауында біраз аялдайды. Қыркүйек айында ол осы арадан Ясы шаһарына соғып, Қожа Ахмет Ясауи зиратының басында құлшылық ету ырымын жасайды, мазар жанында тұратын шырақшы мен діни қызметшілерге бағалы сыйлықтар береді. Деректерде Қожа Ахмет Ясауидің XII ғасырда салынған, құлауға жақын тұрған мазарын көрген Әмір Темір мұны бұзып, орнына жаңасын салуға әмір еткендігі айтылады. Әмір Темірдің ұсақ- түйекке дейін есептеп барып берген нұсқауында кесененің негіздері алдын ала анықталып көрсетілген-ді. Жамағатхана күмбезінің 41 кезге (кез — ұзындық өлшемі, 1 кез 60,6 см-ге тең), ал айналасы 130 кезге тең болуға тиісті. Басфасады қос мұнаралы биік порталмен көмкерілуі керек еді. Пештақтың мұнараларға дейінгі ені — 60 кезге, пештақ арқасының биіктігі — 30 кезге жетуі қажет болатын. Бұдан әрі қабырғаларының ұзындығы — 30 кезге тең, бірнеше металдың қоспасынан құйылған қазан орнатылатын төртбұрышты, күмбезді бөлме — жамағатхана орналаспақ еді. Оған кабырғалары 12 кезге тең, әр кабырғасында төрт қуысы бар, төбесі қосарлы күмбезбен көмкерілген төртбұрышты бөлме — көрхана жайғасуы керек еді. Бұл бөлменің еденіне Тавриз мәрмары төселуі тиіе болатын. Көрхананың оң және сол жағынан ауданы 16,5x13,5 кез бөлмелер салынуы қажет болатын. Бұлардан басқа да бөлмелер болуы көзделген. Әмір Темірдің жарлығы бойынша Ясы шаһарының төңірегінен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне пайда түсіріп тұратын жерлер мен арықтар атап көрсетілген. "Вакфнаме" жасалды. Мұнда әкімшілік ететіндер де, оларды ұстауға кететін шығындар да, жөндеу жұмысын жүргізу жайлы да аталынып көрсетіліп, тұңғыш мутевали болып Қожа Ахмет Ясауидің ағасының ұрпағыMip Әли Қожа тағайындалды. Құрылысты жүргізуші Әмір Темір өз дуанында игілікті істермен шұғылданатын Мәулен Убайдулла Садырға жүктеді. Кесенені салу жедел колға алынып, сол заманғы деңгейден қарағанда, аса қарқынды жүргізілді. Негізгі және қосалқы бөлмелерді салу кезінде құрылысшылар қолдарындағы архитектуралық сызбалар мен ғимарат жобасына сүйеніп отырды. Архитектуралық көлемдер мен олардың бөлшектерінің асқан шеберлікпен салынғандығының себебін тек осылай ғана түсіндіруге болады. Әмір Темірдің болашақ кесене жобасын жасауға тікелей қатысып, құрылысшыларға нақтылы нұсқау бергендігін әр түрлі жазба деректер де дәлелдейді. Қытайға қарсы жорығын жүзеге асыра алмаған Әмір Темір 1405 ж. ақпанда Отырарда дүние салды. Ол қайтыс болған соң, кесене құрылысы да тоқтап қалды. [1]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ерекшеліктері

 

 

Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің сызбасы

 

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені — 46,5 м, ұзындығы — 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені — 50 метрге жуық, порталдық аркасының ұзындығы — 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Жамағатхана (мұнда қазан тұруы себепті қазандық деп аталған) күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі — 37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы — 1,8—2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы — 3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері — ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады:

1.    Қазандық;

2.    Үлкен Ақсарай;

3.    Кіші Ақсарай;

4.    Құдықхана;

5.    Кітапхана;

6.    Асхана;

7.    Көрхана;

8.    Мешіт;

 

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің негізгі және қосалқы бөлмелері

Ол порталы оңтүстік-шығысқа, ал бүйір беттері тиісінше оңтүстік-батыс пен солтүстік-шығысқа қарайтын етіп салынған. Келген адам орталық залға бас порталдың сәнді есігі арқылы кіреді. Қазандық Қазақстан мен Орта Азиядағы кірпіштен өрген күмбездердің ішіндегі ең үлкені, диаметрі 18,3 метрлік күмбезбен көмкерілген. Бұл бөлмеден өткен соң оюмен өрнектелген ағаш есік арқылы Қожа Ахмет Ясауи мүрдесі жатқан бөлмеге кіруге болады. Көрхананың қос қабат күмбезін кейде Мұхаммед Ханафия порталы деп те атайды. Қазандықтан өзге бөлмелерге қарай қос қатарлы сегіз дәліз тарайды. Бұл дәліздер ғимаратты сегіз дара блокқа бөледі. Әр блокта архитектурасы да, пайдаланатын мақсаты да әр қилы бөлмелер бар. Оңтүстік-батыс блокта мешіт орналасқан. Ал оңтүстік- шығыс блокта халимкана бар. Халимканада дүйсенбі мен жұма күндері кедей-кепшік пен дәруіштерге тегін үлестірілетін тағам — халим әзірленетін болған. Солтүстік-шығыс блокта құдықхана, ал солтүстік-батыс блокта Үлкен Ақсарай орналасқан. Оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жақтарының орта тұсында өзінің архитектуралық тұрқы жағынан біртектес, қабатты залдар — Кіші Ақсарай мен кітапхана бар. Кесенедегі сегіз дәліздің алтауы өтпелі де, екеуі — тұйық. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі тек зират болумен шектелмей, мешіт-медреселік қызметтерді де атқарған. Түрлі мақсаттағы бөлмелердің басын осылайша біріктіру өз заманының тамаша үлгісі болып табылады. Кітапхана мен Ақсарай бөлмелері көлденең аркалармен жабылған. Төбені осылайша жабу түрлі пошымдағы күмбездерге, тұрқы шаңырақ тәрізді иықтар мен жаппаларға негіз болып тұр. Бұл жаппаларда көтеруші аркалардың өзара қиылысу элементтері Орталық Азия архитектурасында сол кезге дейін кездеспеген елеулі жаңалық болып табылады. Негізгі бөлмелер — қазандықта, көрхана мен мешітте қос қабатты арқалар жоқ, олардың әрқайсысының қабырғаларынан төрт- төрттен ойықшалар жасалған. Күмбездердің ішкі беті алуан тұрпаттағы сталакиттермен көмкерілген. Бұлар арша ағашынан жасалған білезіктермен бекітілген. Кесененің сырт қабырғаларының көмкерілуі үш бөлікке жіктеледі.

 

Өрнектелген жазулар

Оның орта бөлігіне үлкен көлемдегі өрнектелген жазулар түсірілген, жоғары жағына — эпиграфтық фриз, төменгі жағына (ірге бөлігіне) биіктігі — 1,85 м тас кенере жүргізілген. Ӏрге бөлігі қашалған тас тақталармен дәнекерленген. Кесененің үш қабырғасының үстіңгі жағымен өтетін эпиграфтық фризде Құраннан алынған сөздер жазылған. Эпиграфтық фриздің жазулары терракоталық фонда құйма кірпіштермен өрнектелген. Фриздің биіктігі — 2,37 м. Жазулар көгілдір қышпен өрнектеліп, қара көк түсті кірпіш¬термен көлеңке түсірілген. Ғимараттың солтүстік бетіндегі екі бұрыштың екеуінде циллиндр түріндегі діңгектер бар. Бұл діңгектерге де куфа қарпымен жазылған жазулар мен ою- өрнектер түсірілген. Жазулардың арасынан "Алла", "Мұхаммед", "О, жарылқаушы", "Билік Аллада", "Алла менің әміршім" деген секілді, т.б. сөздерді оқуға болады. Кесененің солтүстік-шығыс бетінде Ӏлияс хан ойығының үстіндегі фриз соңында "Шираздық Қожа Хасан" деген сөз және "һиджраның 800 жылы" деп жазылған. Көрхананың қатпарлы күмбезінің жоғары жақтауы мен алты бұрышты тақтайшада куфалық стильмен шираздық мозаикашы Шемс Әбд әл-Уақабтың есімі жазылған. Ол күмбездің қатпарлы қабырғаларына өрнектер жасаған шебер еді. Бас порталдың екі жағы биік мұнарамен жиектелген зәулім аркасы бар. Оның ені — 50 метрге, ішінің ұзындығы — 18,2 метрге, биіктігі — 37,5 метрге тең. Порталдың салынып бітпей қалған қос қанаты үстінен арка үш бұрыш тәрізденіп көрінеді. Әмір Темірдің кезінде бас порталдың тек нұсқасы ғана бар-ды, оның құрылысын 1583—98 ж. Бұхарды билеген Абдолла ханаяқтады. Абдолла хан заманындағы жөндеу жұмыстарына арналған ағаш діңгектер бүгінге дейін сақталған. XIX ғасырда Қоқан билігі тұсында мұнаралар мен порталға қарабайыр корғану орындары салынып, қам кесекпен қоршалып, кесене қамалға айналдырылған.

 

                           Тайқазан (Қазандықта(Орталық зал) орналасқан)

 

Орталық зал — қазандық төбесі жалаң қабат күмбезбен көмкерілген төртбұрышты бөлме. Қазандық күмбезі сегіз қырлы, діңгек үстіндегі желкенге табан тірейді. Қазандық күмбезінің ішкі жағы — 18,2 метрге , сырты — 20,5 метрге тең. Қазандық көрхана және мешіт кабырғаларының теменгі жағы алты бұрышты көгілдір тақтайлардан тұратын биіктігі — 1,5 метрлік майолика тыстамамен қапталып, мозаикалық өрнектермен әшекейленген. Әрі мозаикалық бедермен көлеңкелендірілген. Ал еденге жанасар тұста бетіне өсімдік өрнегі салынып, тастан қашалған белдеушелер жүргізілген. Қоладан соғылып,алтын, күміс жалатылған есік тұтқалары мен алты шырағдан да халық өнерінің лағыл-маржандарының қатарына жатады. Бұларда да оны жасаушы исфаһандық шебер Тадж әд-Дин Изеддиннің есімі жазылған. Қола шырағдандағы жазулар һиджраның 799 жылы 20 рамазанында жасалғандығын көрсетеді. Бүкіл құрылыстың мағыналық кіндігі — әулиенің көрханасы болып табылады. Бұл — қабырғаларының ұзындығы — 7,15 метрлік төртбұрышты бөлме. Қабырғаларындасталактиттермен әшекейленген тайыздау ойықтары бар. Көрхананың төбесі қос қабатты күмбезбен көмкерілген. Ішкі күмбезі — құрылыстық, сыртқы күмбезі — көркемдік міндет атқарады. Көрхана күмбезі бұрыш-бұрыштағы төрт білікке тіреліп, биік мойындықпен көтерілген. Сыртқы күмбезі қатпарлы. Бұл қатпарлар өсімдік өрнекті пішіндес мозаикамен қапталған. Солтүстік портал қабырғаларының көркемдігі көрген жанды таң қалдырады. Үш ширектік діңгекшелері алты қырлы тақталармен қапталған, көгілдір түсті бояулармен айшықталған. Көрхананың дәл ортасында Қожа Ахмет Ясауидің сағана-құлпытасы орнатылған. Ол жасыл түсті яшмадан жасалған, ернеуіне нәзік өрнектер салынған. Қазандықпен көрханадағы Сафар шебер өрнектеп жасалған ағаш есіктер көркемдігімен көз жауын алады. Көрхана есігінің ою-өрнектері сүйекпен ерекше нақышталған. Есік жұқа темірмен қақталып, оған алтынмен жазулар түсірілген. Есіктің үстіндегі тас тақтайға көрхана Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылғандығы жайында жазылған. Кесененің мешіті де аса бір тамаша архитектуралық құрылыс.

 

 

Кесене ішіндегі Құдықхана

 

Ол мойындығында 16 терезесі бар, шағындау қос қабат күмбезді сопақшалау келген зал. Оған қазандық бөлмесінен Жолбарыс хан дәлізіарқылы өтуге болады. Мешіттің батыс жақ кабырғасына Меккедегі Қағба сияқтандырып 3,5x2,5 метрлік мозаикалық михраб орнатылған.Михраб мешітке ерекше көрік беріп тұр. Оның беті мозаикамен және өсімдік суретімен әшекейленген. Михраб — жебе ұшты арқасы бар ойық. Бұл ойық көгілдір түсті мозаикамен көркемделген, тік бұрышты сәндік белдеумен қоршалған, оған ақ әріптермен Құран сөздері жазылған. Әр жерден әсемдік үшін жалатылған алтынның сілемі көзге шалынады. Кесененің оңтүстік-батыс жағында діншілдердің ораза ұстауына және Құдайға құлшылық етуіне арналған жер асты мінажатханалары Қожа Ахмет Ясауидің көзі тірі кезінде жасалып, қайта жаңғыртылған. XVI ғасырда мешітке іргелес қосалқы бөлмелер тұрғызылған. Бұлар: батыс беткейдегі дәрет алатын тахаратхана мен Үлкен Ақсарайдың солтүстік- шығысындағы "балхи" тәсіліндегі иықпен көмкерілген жер асты зираты. XVI ғасырдан кесененің жекелеген бөлмелеріне әйгілі адамдардың сүйектері қойыла бастады. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде және оның төңірегінде Жолбарыс хан, Есім хан, Абылай хан, Әмір Темірдің шөбересі Бабыр хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Жәнібек батыр, т.б. белгілі адамдар жерленген.

 

Есім хан кесенесі

 

1864 ж. Черняев бастаған Ресей әскерлері Түркістан қаласын алған кезде полковник Веревкин қала қорғаушылары бас сауғалаған Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зеңбірекпен атқылады. Оның снарядтары кесенені 11 жерден опырып кетті.1871—72 жылдары А. Кун 7 дана фотосуретті "Түркістан" альбомын құрастырды. Бұл әлем жұртшылығының пікірін Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне бұруға белгілі дәрежеде әсер етті. Соның нәтижесінде Ресей өкімет орындары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне көңіл бөле бастады. 1884 ж. патша үкіметі кесенені жөндеуге 15 мың сом қаржы бөлді. XIX ғасырдың соңына қарай ғалымдар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі— эпиграфикасын зерттеуге ден қоя бастады.

 

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі "Мәдени мұра" тізімінде

1907 ж. Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жөндеуге мұсылман бұқарасынан ерікті түрде жәрдем жинауға әрекет жасалды. 1910 ж. Түркістандажергілікті орыс әкімшілігінің бақылауымен кесенені жөндеуге қаражат жинайтын арнайы комитет құрылып, мұсылмандар жинаған 12 мың сомға ғимараттың төбесі мен қабырғаларының бір бөлігіне азды-көпті жөндеу жүргізілді. Қожа Ахмет Ясауи кесенесін исламныңҚазақстандағы басты орталығы ретіндегі діни қызметіне тосқауыл қоюға ұмтылған кеңестік тоталитаризмнің әрекеттері діттеген жеріне жете алмады. 1978 ж. қыркүйекте Қожа Ахмет Ясауи республикалық мұражайы, 1989 ж. 28 тамызда Қазақстан Үкіметінің шешімімен "Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы "ашылды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіЮНЕСКО-ның 27-сессиясында кесене дүние жүзіндегі "Мәдени мұра" тізіміне енді (Париж, 23 маусым, 2003).

 

Қожа Ахмет Йассауи кесенесі әртүрлі монеталарда

                                                  

                       ҚР-ның күміс монетасы "Әлемнің үздік мешіттері"

 

                                         

                                            Ресей Банкінің монетасы

 

                                                  

 

                              Қожа Ахмет Йассауи кесенесі және Тайқазан

 

       

                                                               КСРО пошта маркасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер галереясы

 

      

                   Түркістан қаласының ескі суреті, алғаш 1879 жылы жарық көрген

 

                                                     Кесене қабырғасы

 

 

         

 

Кесененің шығыс жақтан көрінісі

 

                                   Кесененің оңтүстік жақтан көрінісі

                                               Өрнектелген жазулар

 

                  

                Шілдехана(кесенеден 22 метр арақашықтықта орналасқан)

 

      

                                           Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі

       

                                             Есім хан кесенесі 

         

                    Шығыс моншасы(кесенеден 150 метр арақашықтықта орналасқан)

 



Информация о работе Ахмет Ясауи кесенесі