Қытайдың сыртқы саясатындағы КХДР және Корея Республикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 19:38, реферат

Описание работы

ҚХР-ның саяси жүйесінің негізі 1949 жылы бұрынғы КСРО үлгісінде Қытайлық ерекшелікке сай құрылған. ҚХР құрылғаннан қазіргі кезеңге дейінгі аралықта Қытай өзінің ішкі және сыртқы саясатында бірнеше кезеңдерді басынан өткізді. Атап айтқанда социалистік қайта құрулар, «ұлы мәдени революция», «әлеуметтік реформалар жүргізу және сыртқа қарай есікті ашық ұстау», нарықтық экономикалық жүйені қалыптастыру сияқты кезеңдерден өтті.

Работа содержит 1 файл

90 жылдардың соңында корей аралық катынастардың реттеуінде жаңа кезең белгіленді.docx

— 160.68 Кб (Скачать)

 

Кіріспе.

 

ҚХР-ның саяси жүйесінің негізі 1949 жылы бұрынғы КСРО үлгісінде Қытайлық ерекшелікке сай құрылған. ҚХР  құрылғаннан қазіргі кезеңге  дейінгі аралықта Қытай өзінің ішкі және сыртқы саясатында бірнеше кезеңдерді басынан өткізді. Атап айтқанда социалистік  қайта құрулар, «ұлы мәдени революция», «әлеуметтік реформалар жүргізу  және сыртқа қарай есікті ашық ұстау», нарықтық экономикалық жүйені қалыптастыру сияқты кезеңдерден өтті.

XX ғ. 90-шы жылдарынан бастап ҚХР  сыртқы саясатының шеңбері кеңейе  түсті. Бұл кезеңде Қытайдың  сыртқы саясатының стратегиялық  маңызды бір бағыты бұрынғы  КСРО кұрамындағы болған Орталық  Азия мемлекеттеріне, оның ішінде  Қазақстан Республикасына ойысты. ҚХР аталмыш өңірдің мемлекеттерімен  бірден дипломатиялық қатынас  орнатып, олармен мемлекеттік  шекарасын айқындап, көп салалы  ынтымақтастық орната отырып, оны  үздіксіз дамыту саясатын колданып  келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          

 

       90 жылдардың соңында корей аралық катынастардың реттеуінде жаңа кезең белгіленді. Оңтүстік Кореядағы билікке Ким Де Чжун келуімен (1997 жылдың желтоқсаны) КХДР - ға қатысты "Күн жарығы" саясаты жариялаған. 1997 жылы АҚШ, екі Корея, Қытай арасында тұрт жақты келісімсөздер басталды, бірақ олар 1998  жылы Жапонияның үстінен ұшып өткен Солтүстік Кореяның "Тэпходон - 2" екi сатылық баллистикалық зымыранның жiбергенінен кейін тоқтады. Бірақ 1999 жылдың қарашасынан Шанхайда Пхеньнмен жасырын келісімсөздер басталды. Оның қорытындысы ретінде 2000 жылы маусымда Пхеньяндағы ҚХР мен КХДР арасындағы кездесу болды. Кездесу барысында дербестік курсын, сыртқы күштердің кірісуінсіз, конфедерация (оңтүстiктiң ұсынысы) немесе еркін федерация (солтүстiктiң ұсынысы) түрінде елдің бірігуін ескеретін , татуласу және істестік туралы келісімге қол қойылды. Сыртқы саясатында қытайландыру қағидасына сүйенген Пекин Солтүстік Кореяны өзінің басым ықпалының саласы ретінде санады, бұл аймақта басқаларға үстемдік орнатуға жол бермеді.

     Қытай мен КХДР арасындағы қатынаста екі жақтың талаптарына сай келмейтін сәттер көбірек кездесетін болды. Пекиннің сыртқы саясатындағы және идеологиялық ымыраласпайтындықтың әлсіреуі прагматизмі, Мао Цзедун табынуда кінәланушылық, Солтүстік Кореяға қатысты экономикалық көмек туралы кейбір уәделерін орындамауы, ауған және басқа халықаралық мәселелр жөніндегі қытай мен корей басшыларының көзқарастағы айырмашылықтары, бұның бәрі ҚХР мен КНДР арасындағы қарама қайшылықтарына  көрсетті.

        Пекиннің корей үкіметінің бұлтарыстарымен қанағаттанбауы, кейбір халықаралық және ішкі мәселелер бойынша позициясы, 1979-1980 жылдарындағы Мәскеу және Пхеньян арасындағы қатынастардың жақсару белгілері және Пхеньянға қысым көрсету талпынысы ҚХР - дің Оңтүстік Кореямен бейресми байланысулардың кеңеюіне әкелді.

       Корей түбегіндегі Пекин саясаты сарабдалдықпен және теңгерімділікпен ерекшеленді, бұл аудандағы Қытайдың ұлттық мүдделерінің қамтамасыз етілуіне бағындырылған. Мұқият талдаудан кейін Қытай Халық Республикасы солтүстіккорей басқаруын хабарлап, онымен тиісті жұмысты өткізіп, Корей Республикасымен дипломатиялық қатынас орнатуды бастады. Мемлекетаралық қатынастардың тұрақтануынан кейін Пекин мен Сеул арасында сауда – экономикалық байланыс қуатты импульс алды. 1992-1995 жылдары тауар айналым 3, 2 миллард доллардан 17 миллиард долларға дейін өсті, Қытайда 7 млрд. доллар капитал жұмсау көлемімен  6514 оңтүстiк корея инвестициялық нысандар тіркелді. Сол уақытта Пекин Пхеньянмен достық қарым қатынасты сақтауда шаралар жүргізді, КХДР - мен ынтымақтастықты нығайтуды қалады, социалистік құрылыста жетістіктеріне жоғары баға берді, корейаралық қатынаста оның бағытын қолдады. 1961 жылы екі ел арасында қабылданған достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Келісімді Пекин де, Пхеньян да бұзуға ниет білдірген жоқ, бірақ социализм ұстану және халықаралық мәселелер жөніндегі позициялар ұқсастығы көрсетілген жүйелі саяси диалогтан бас тартты. 1994 жылы екі ҚХР мен КХДР арасында тауар айналым 600 миллион долларға жетті, сол уақыттан бастап ҚХР жетекші сауда экономикалық серіктесіне айналды. Қытай льготты негізде мұнайды жеткізді, жылына  1, 5 млн. т. , 1993 жылы тегін көмек ретінде 10 млн. долл. берді. Қытайдың Оңтүстікпен кеңейтілген байланысына өкпелеген Пхеньян Пекинге әрқашан жауап қайтарған жоқ. Жеті жылдай (1992-1999) екі ел басшылары бір біріне сапарларға барған жоқ. Оңтүстік Кореяның құрама темір бетон құрылысына жауап ретінде, Пхеньян Тайванмен экономикалық және мәдени байланыс дамытуда қызығушылығын көрсетті. Осы жағдай туралы Вирджинияның тарих профессоры Чхен Чон былай деді: «1993 жылы Халықаралық Олимпиялық комитеттің солтүстіккорей мүшесі Қытайдың 2000 Олимпиялық ойындарына сәтсіз ұсынысына дауысын бермеген оқиғасы үлкен талқыға түсті.»

        Пхеньян қытай қолдауын ұлы державалар арасында санкция енгізу, КХДР – ға қарсы «ирак сценариы» қолдануын қабыл алмау , керек жағдайда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде вето құқығын қодануын дайын екені, АҚШ, Жапония, Ресей елдерін КХДР ға қарсы күш қысымнан қолданудан құтқарған қытай қолдауын сезді. Сонымен бірге Қытай КХДР мен Оңтүстік Кореяның ядросыз елдер жағдайын сақтау және корей түбегінің толық денуклеризациялау туралы айтты.

        Қытайдың ядролық сұрақ бойынша байсалды, реалистік бағыты оңтүстіккорей үкіметіне әсер етіп, екіжақты қатынастың дамуына талпыныс болды. 1992 жылы Корея президенті Ро Дэ У, 1994 жылы президент Ким Енсам Пекинге, Мемлекеттік Кеңестің премьері Ли Пэн Сеулға сапар шекті. ҚХР төрағасы Цзян Цзэминнің Кореяға бірінші іс сапарында түбек пен регионда кернеуліктің әлсіреуінің сұрақтары, Кореяның бейбіт бірігу ісінде екі корей жақтарының талпынысын, кейбір мемлекеттік қайраткерлердің колониалды кезеңде Корей мен Қытайға бағытталған Жапония ролін ақтауды қатаң сынау ісінде қолдау сияқты ортақшылықтар білінді.

        Қытай – оңтүстіккорей келіссөздері Қытайдың Корей Республикасымен ынтымақтастығын дамытып, КХДР мен достық қатынасын сақтау ниетін жоғары деңгейде көрсетті. 1995 жылы мамырда Корей Республикасының премьері Ли Хонгудың Пекинге сапары кезінде Ли Пэн қонақтың  корейаралық диалогтың оңтүстіккорей сценариы бойынша өтуде табанды өтініштеріне үн қатқан жоқ. Бірақ оңтүстіккорей үкіметі өзінің сыртқы саяси мақсаттарының орындалуда Пекиннің Пхеньянға ықпалын пайдалануға талпынысын әлсіретпейді. 1996 жылы ҚХР-да солтүстіккорей су асты қайығы оқиғасынан кейін, Оңтүстік Корей мен КХДР арасындағы қатынастардың толық тоқтатылуы жағдайында өткен үшінші жыл сайын корей – қытай форумында Корей Республикасының бұрынғы премьер – министрі Нам Дук У солтүстік және оңтүстік корейдің БҰҰ – ға кіруі мен солтістіккорей ядролық мәселесі шешімі кезіндегіндей, Қытайды Солтүстік Кореяда экономокалық реформалар жүргізу,  Оңтүстік Кореямен байланысын жақсартып, өзінің экономикасын ашуға шақырды.

     Қытайдың КХДР дың бірігу саясаты бойынша әсерінің деңгейіне баға бере отырып, солтүстіккорей ұлтшылдық қытайға да қарсы бағытта болғанын айтпауға болмайды. Бірақ бұл этапта бағыт салыстырмалы нашар болып, екі жақ пайда болған алауыздықты шеше алды.

       Қорыта айтқанда, Кореяға және оның бірігу мәселелеріне бағытталған қытайлық курс, статус –кво сақталу және Кореяда совет әсерін күшейту талпыныстарын интенсивті  бейтараптандыру кезінде КХДР тарапынан қауіпсіздік бұзуды шектеумен анықталды. Қытайдың ядролық бағдарламасы 2005 жылғы келіссөзде байқалды.  IPS агенттіктің айтқандай: «Солтүстіккорей ядролық келісімдегі кедергілерге қарамастан, Қытай біріккен келісімді пайда болуына сәйкес Азиялық – Тынықмұхит аймағында үстем саяси бірлік саналатын, дипломатиялық сәтті барыс ретінде санайды.» Qinghua университетіндегі Халықаралық қатынастар Институтының оқытушысы Ян Ксуетонгбылай деген: “АҚШ ты қазіргі айырмашылықты сыйлауға көндіре алу Қытай үшін дипломатиялық жетістік.”

 

        

     КХДР дағы соңғы жылдарғы әлеуметтік  экономикалық күйзелістердің бірі- Қытайдың Солтүстік Шығысындағы көптеген астыртын корей эмиграциясы пайда болуы. Солтүстіккорей босқындарының мәселесі аудандағы елдердің арақатынасына әсер ететін маңызды факторларлың біреуіне айналды. КХДР мен Оңтүстік Корея  шекарасы мұқият қорғалса, Қытаймен шекарасын қорғауға қаражат жоқ. Кейбір жағдайларда шекараны саяси босқындар өтеді. 1956 жылы солтүстіккорей жетекшілер тобы, Ким Ир Сенге қарсы сәтсіз қастандықтан кейін, шекараны өтіп, саяси баспана алды. 1960 жылдың соңында «мәдени төңкеріс» кезінде, Қытайдың көптеген этникалық корейлер, керісінше, КХДР ға қашты. Себебі сол уақытта КХДР да саяси режим ҚХР ға қарағанда жұмсақ, өмір деңгейі жоғары болды. КХДР азаматтарының Қытайға қашулары 1980 жылдары қайта басталды. Адамдардың бейресми қозғалысынан басқа, жартылай ресми сауда да жүрді. Оған қытай Манчжурия аймағында біраз корей азшылдары тұрғаны себеп болды. 1997 жылы ҚХР – дағы этникалық корейлер саны 1 миллион 960 мыңға жетті, олардың көбінің Солтүстік Кореяда туысқандары бар, ал кейберулері ҚХР да тұрақты мекендеуде болған, солтүстіккорей азаматтары болып табылады. КХДР- да да «хуацяо» деп аталатын этникалық қытайлар өмір сүреді. Әрине, ҚХР – дың корейлер және  КХДР – дың қытайлары бұл ерекше жағдайды пайдалана бастады, 1980 жылдардың ортасынан бастап корей хуацяо мен қытай кепхолар қайықтық саудамен айналысты. 1990 жылдан бастап қытай – корей шекаралас жерлерде жағдай шиеленісе бастады. КХДР – дағы экономикалық күйзеліс мемлекеттің халықтың қоныс аударуына, экономикалық белсенділігіне бақылауын жеңілдетуіне әкелді. ҚХР мен Оңтүстік Корея арасында дипломатиялық қатынас орнағаннан, ҚХР – дағы реформалардан кейін, шекаралас аймақтарда оңтүстіккорей турист, іскер, миссионерлер саны көбейіп, оңтүстіккорей инвестицияларымен байланысты ҚХР – дағы корейлердің өмір жағдайлары күрт өсті. Солай корей – қытай шекарасы арқылы заңды және заңсыз қозғалыс өсе бастады. Бірақ  1995 жылдан бастап Солтүстік Кореядағы апатты су тасқыны болып көрмеген құрғақшылыққа әкеліп, содан кейін ірі масштабты ашаршылық ілескеннен кейін жағдай күрт өзгерді. Нәтижесінде 1996 жылы Қытайда алғашқы қашқындар пайда болды. Аз уақыт ішінде олардың саны он мың, содан кейін жүз мыңдарға жақындады. 1998 жылыдың қарашасынан 1999 жылдың сәуіріне дейін ірімасштабты зерттеулер жүргізген оңтүстіккорей социологтардың деректері бойынша, 1999 жылы көктемде қашқындар саны 143 мыңнан 195 мыңға жетті, олардың үштен төрті әйелдер (75,5 %), ал      85,5 % 20 – дан 50 –ге дейінгі адамдар. Қашқындарды арасында әйелдер басым болатындықтан, олардың үлкен бөлігі келуімен жергілікті тұрғындармен некеге тұрады. Жоғарыда айтылған зерттеулер бойынша барлық қашқындардың 51, 9 % жергілікті күйеулерімен тұрады. Әдетте қыздар ерікті шешіммен некеге тұрады, бірақ көп жағдайларда олар неке дәнекершілердің алдауының құрбанына айналады. Дәнекершілер өзінің тауарын жергілікті тұрғындарға әйел ретінде сатады. Бірақ қашқын қыздардың жезөкшелер үйіне сататын жағдайлар да кездеседі. Әрине, қытай өкіметімн  мұндай некелер мойындалмайды. Оған орай корей әйелі мен олардың күйеулеріне депортация және штраф қаупі төніп тұр. Бұл олардың балаларының заңдық жағдайына да әсер етеді, оларды формальді тіркеуге мүмкіндік жоқ. Бірақ қытай өкіметі қалыптасқан жағдайды ескеріп, қашқындардың депортациясы кезінде балаларын күйеулерімен қалдыруға немесе өзімен алып кетуге мүмкіндік береді. Кейбір қашқындар Оңтүстік Кореяның жақсы экономикалық жағдайы туралы естігендер Қытай арқылы көршілес Кореяға қоныс аудағысы келді. Алайда Сеул өзін өзі жариялаған КНДР дің азаматтарын өзінің азаматы деп санағанын жарияласа да, оңтүстіккорей үкіметі оларды келуін қалаған жоқ. Сол уақытта қытай жағы уақыт сайын корей ауылдарын тексеріп, қашқындарды табы және қоныс аудару операцияларды жүзеге асырады. Соның ішінде, 2000 жылдың көктемінде аталған операция өтті, соның ішінде 15 наурыз 15 маусым ішінде 10 мыңдай адам жер аударылды. Сыртқы саяси көзқарастар бойынша босқындар мүдделес жақтар үшін аз емес мәселелер туғызады. Пхеньян үшін олардың бар екндігі «чучхей экономикасының» толық күйреуі және халықтың басым көпшілігінің  мүшкіл жағдайда болуының дәлелі болып отыр. Сонымен бірге босқындар Солтүстік Кореяға оралғанда өзімен бірге жағымсыз, потенциалды қауіпті мағлұматты әкеледі, оңтүстіккорей арнайы қызметтері де пайда болған жағдайды өздерінің мақсаттарына пайдаланады. Қытай үшін оның территориясындағы жүздеген мың заңсыз иммигранттардың болуы экономикалық, әлеуметтік мәселелерді туғызады. Олардың болуы Қытайдың екі Корея арасында орағытпасына кедергі жасайды. Оңтүстік Корея да ыңғайсыз жағдайда болып тұр. Бір жағынан, олар отандастар, теория жағынан азаматтары болып табылатын босқындар үшін бірдеңе жасау керек. Екінші жағынан, оңтүстіккорей үкіметі блашақта бұл гуманизм әрекеті қымбатқа келетінін біліп, өзінде босқындарды кабыл еткісі  келмейді. Сонымен қатар Сеул  ҚХР маңызды сауда және саяси әріптесімен қатынасында керексіз мәселелерді қаламайды. Босқындардың бар болуы дегенмен маңызды болып тұр. КХДР дың азаматтарының едәуір бөлігі  тұңғыш рет елден шығуға мүмкіншілік алды. Қытайда болып, олар оңтүстіккорей туристерін, фильмдерін көріп, Оңтүстік Кореяда болған таныстарының әңгімелерін естіп, босқындар пхеньян насихаттаудың постулаттарына сенімін жоғалтады. Кореяға оралғанда туыс -  таныстарымен мағлұматтарымен бөліседі. Осының бәрі солтүстіккорей режимінің негізін біртіндеп бұзады, адамдарда күмәндік туғызады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

 

1.Кіріспе.

2.Негізгі бөлім.

а) Қытайдың Корей Республикасы мен  КХДР – мен ара қатынасы.

 б) Қытайдағы босқындар мәслесі.

3. Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиет:

 

  1. Воронцов А.Г. Корейская проблема в системе международных отношений с середины 80-х до середины 90-х годов 20 века.// Тихомиров В.Д. Корейская проблема и международные факторы(1945-начало 80-х).—М.: Международные отношения, 2000.— с. 259-277
  2. Гельбрас В. Куда идет Китай. // МЭ и МО. 1998. № 4.
  3. Говоров Ю.Л. История стран Азии и Африки в новейшее время. Основь| 
    лекционного курса. - Кемерово: Кузбассвузиздат, 1997
  4. Денисов В.И. Корейская проблема: пути урегулирования; 70-80-е годы.-М.: МО., 1988.- 139 с.
  5. Корея: расчленение, война, объединение.- М., 1995.
  6. Ланьков А.Н. КНДР вчера и сегодня.— М.: Восток-Запад, 2005.— 445 с.
  7. Савельев Р. Перспективы объединения Кореи: Взгляд из России//Проблемы Дальнего Востока.-1997.- № 2.
  8. Тихомиров В.Д. Корейская проблема и международные факторы(1945-начало 80-х).—М.: Международные отношения, 2000.— 325 с.
  9. Торкунов А.В..Уфимцев Е.П. Корейская проблема: новый взгляд.- М.: Изд. центр "Алкил", 1995

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

 

     Жоғары айтылғанды  қорытындылай, Кәріс түбегіндегі  екі кәріс елдерінде өз үстемдігін  орнату мен нығайтуға негізделген  Қытайдың саясаты қаралатын мерзімде  нәтижелілігін растады. Пекин  болашақта да Оңтүстік Корея  мен  АҚШ тан бөлетін буфер  ретіндегі КХДР - ды қолдайды және дестабилизация мен өз одақтасына қарсы күш әрекет  кеселге ұшырататын  беталасына қарсыласады. Кәріс түбегінде тұрақтылық сақтау басымдылығынан ҚХР басшылары Сеулдың күйреуді тездетуде КХДР - ді оқшаулау және бірігуді өзінің сценариы бойынша жүргізу шамшыл жоспарын  тежеуде. Мұндай пікірді беделді оңтүстік корея сарапшылары да ұстананып жүр. «Чунъан ильбо» ірі газеттің редакторы Ким Енхве «Қытай Солтүстік Кореяны Солтүстік Шығыс Азиядағы күштер балансында басты элемент ретінде қарастырады, ал Солтүстік Кореяның коллапсы немесе Оңтүстік Кореямен сіңіруі Пекин үшін Кәріс түбегінде проамерикалық біріккен режимі  және  Солтүстік Шығыстағы азшылықтардың мәселелерін туғызатын, солтүстіккорей босқындар үлкен қаптап кетуінің пайда болуын білдіреді. » Сонымен бірге  қытай Шығыс Азия , Жапония мен Оңтүстік Кореядағы американдық әскери кеңсесін қарсы болмай тұр. Себебі бұл аймақта орналасқан АҚШ тың қазіргі қаруланған күштерден қарағанда Қытайға үлкен қауіп төндіретін Токионы маңызды әскери инциативалардан ұстау маңыздырақ болып тұр.  Америкалық аналитиктер  аймақтағы Қытай позицияларның күшеюін көріп тұр: «Қытай солтүстік кореяның маңызды одақтасы болып, бұл мақсаттарды оңай қолға жетерлік етіп, Пхеньян бойынша маңызды тетіктерге ие. Бірақ Ким бұл тетіктердің АҚШ тың өлкедегі билігімен салыстырғанда өте шағын деп айтып отыр.»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еуразиялық Ұлттық Университет.

Халықаралық қатынастар факультеті.

Шығыстану кафедрасы.

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

 

 

Тақырыбы:     Қытайдың сыртқы саясатындағы КХДР және Корея Республикасы.

Орындаған:  Копжасарова А. К.

Тексерген:     Қайыркен Т. С.

 

 

 

 

 

 

                                        Астана қ. 2012 жыл.


Информация о работе Қытайдың сыртқы саясатындағы КХДР және Корея Республикасы