Национализм

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 19:55, статья

Описание работы

Біз бәріміз де «ұлтшылдық» деген сөзді білеміз. Түсіндірме сөздіктерде ұлтшылдықты ұлт мүддесін, ұлт ерекшелігін қорғау ұранын пайдаланып ұлттар арасына іріткі салушы буржуазиялық кертартпа саясат пен идеология деп түсіндіреді.
Тарихымызда ұлтшылдықтың көп мысалдары бар. Мысал үшін «варварлық» ұлттарды жаншуға және оларға империялық идеологияны күштеп танытуға бағытталған Ежелгі Римнің саясатын алуға болады.

Работа содержит 1 файл

национализм.docx

— 15.95 Кб (Скачать)

Біз бәріміз де «ұлтшылдық» деген сөзді білеміз. Түсіндірме сөздіктерде ұлтшылдықты ұлт мүддесін, ұлт ерекшелігін қорғау ұранын пайдаланып ұлттар арасына іріткі салушы буржуазиялық кертартпа саясат пен идеология деп түсіндіреді.

Тарихымызда ұлтшылдықтың көп мысалдары бар. Мысал үшін «варварлық» ұлттарды жаншуға және оларға империялық идеологияны  күштеп танытуға бағытталған Ежелгі Римнің саясатын алуға болады. Римдік мәдени, рухани жне саяси құндылықтар  жоғарғы, ең маңызды болып жариланып, оларды мойындамағандарды өз деңгейінен төмен деп санап, оларға қарсы  соғыстар жүргізілді. Рим империясы  жойылғаннан кейін, оның орнына жаңа мемлекеттер пайда болды. Этникалық  құрамы жағынан олардың халқы әр алуан болып, империялық ұлтшылдық жойылып кетті.

Одан  жарқынырақ және бізге жақын тарихи мысал – ұлтшылдықтың ақырғы көрінісі, неміс нацизмі болды. Күйреген экономика, апатия, жұмыссыздық – Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліс тапқан Германияны осылайша сипаттауға болады. Бұндай жағдайдағы елді не құтқара алатын еді? Билікке немістерге олардың басқа ұлттардан үстемдігі туралы ойға сендірген Гитлер келді. Бүгінгі күні бұл идея ерсі көрінгендігімен, сол кезеңде Германияда да, одан тыс та көптеген жақтаушыларын тапты. Нацизм Үшінші рейхтің билеуші идеологиясына айналды. Алайда, рейхтің өзі он жылдан сәл көбірек өмір сүрді. Менің ойымша, тек бұл фактор Еуропаны қаза болудан сақтады.

Герман нацизмінің мәні неде болды? Үшінші рейхтің идеологиясы  неміс ұлтын ең жоғарғы құндылық және оның игілігі үшін бәріне баруға болады деп жариялады.

Немістер назизммен ауыра  бастады. Бұл эпидемияға тең болды. Ұлт үшін маңызды қызметпен айналысудың  орнына «фюрерлер» ел азаматтарры арасында «сенімсіздерді» іздеді, олардың  көбісі тек ата-бабаларының арасында таза немістер болмағанына айыпты болды.

Ұлтшылдық Германияны құртты. Үшінші рейх идеологиясының қисынды  салдары кеңістікті жаулап алу болды, бұл Шығыстағы ауыр соғысқа айналды.

Бұгінгі күні біз нацизмнің  жаңаруын – неонацизмді байқаймыз. Бұл жағдайда нацистік идеологияның қайта қалыптасуы үрей туғызады.

Кеңес Одағының бұрынғы территориясының  кейбір аймақтарында ұлтшылдық жанжалдар  тууда. Мысалы, Украинадағы Жеңіс күнін тойлау. Бүл мерейтойда ұлтшылдар майдангерлерді қорлап, кемсітіп, оларға жазалаумен қорқытты. Бұл әрекет ызалану сезімінен басқа ешқандай сезім қозғай алмайды. Тек Украинада ғана емес, ТМД-нің басқа да елдерінде ұлттық ерекшелік идеяларын жариялайтын саясаткерлер мен ұйымдар бар. Олар ұлтшылдық пен патриоттықтың орнын ауыстырып, қарапайым азаматтарды шатастырады.

Менің ойымша, қазір нацизмнің  қалыптасу қаупі жоғары. Бұл адамгеошіліксіз  доктрина бар және өз күшін жинауда. Және оны жақтаушылар санының  көп болуы жағымсыз ойларға алып келеді. Неліктен адамзат баласы өткеннен сабақ алмайды? Біз тек тарихтың қайталануына жол бермеу керекпіз. Себебі, осы соғыста жеңімпаздар да, жеңілушілер де болмайды.


Информация о работе Национализм