Халықаралық құқық қағидалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 23:10, лекция

Описание работы

Халық тарихының, ел тағдырының қадау-қадау кезеңдері өзінің маңдайалды біртуар азаматтарының есімдерімен ерекшеленіп отыратыны қашаннан-ақ белгілі. Кеңестік замандағы тоталитарлық жүйенің биік лауазымына ие болса да өз ұлтының мүддесін әсте естен шығармаған, халқының сілтесе семсері, қорғанса қалқаны бола алған ұлтжанды, қайсар азаматы Жұмабек Тәшенев сондай тұлғалардың бірі.
Төл тарихымыздан мәлім республика басшылығында болғандардың бәрі ел арасында, халық аузында бірдей бағаға ие бола бермеген. Олардың кейбіреулері көзі тірісінде мақталып жатса, енді біреулері бақи дүниеге аттанған тұста датталып, шынайы бағасын алып отырған.
Мемлекет басқару, ел тұтқасын ұстау азабы мол, жауапкершілігі зор кәсіп.

Работа содержит 1 файл

тәшен дабыр.docx

— 34.78 Кб (Скачать)

Ал деректердің мәліметтері  казіргі Қонаев пен Қабанбай батыр көше- лерінің қиылысында Ж. Тәшенев үкімет басшысы болған кезде қазақтың шығармашылық өкілдеріне, яғни жазушыларға, әртістерге, ғалымдарға арнайы үй салдырып, бәріне пәтер бөлгізіп бергендігін дәйектейді. Тоталитарлық жүйе жағдайында бұл шетін жағдай болып саналатын. Осыған орай кылышынан кан тамған шовинистер «Ташенов в центре Алматы создает казахский аул» деп талай уақыт, әр жерде шулап, айыптап жүрді.

Айта кетерлік жайт, ұлтжанды қайсар азамат республиканың басшы  қызметтерінің біріне тағайындалған  сәтте 1937 жылы жазықсыз жазаның құрбандарына айналып, қуғын-сүргінге түскен С.Сейфуллин, Т.Рысқүлов, Б.Майлин, С.Қожанов, I.Жансүгіров, X.Досмұхамбетов, М.Жұмабаев, т.с.с. халыктың ақиық абзал азаматтары, Алаш қайраткерлерінің есімдері ақталып, үлттың рухы көтеріліп, болмыс-бітімі байып, дами түскен еді.

Ауыз толтырып айтарлықтай  «кінәсі» болмаған Жүмабек Ахметұлын Оңтүстік Қазақстан облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметіне төмендету туралы жарлық шығарылды. Қазақ халқында батыр бір оқтық деген нақыл сөз бар. Сол сияқты Тәшеневті орталық ұзақ бақылауға алып, оны еш себепсіз қызметтен босатып, Шымкент облысының бірінші хатшысының орынбасары етіп қойды. Сөйтіп, Тәшеневтің мансаптық сатысына балта шабылды.

Оңтүстік еліне келгенде Жұмабек Тәшенев қырықтың ортасында  еді. Абзал азамат жайлы «торға түскен айбарлы арыстан ғой, сабаз» деген  сөздер жиі айтылатын. Осы қызметті 1975 жылға дейін атқарған Жұмабек Ахметұлы еңбекшілердің өтініш-тілектерін ескерусіз қалдырмай, барлығын бірдей қарап отырған. Қала мен даланың тұрғындары оған тоқтаусыз ағылып келген көрінеді. Көзкөргендердің айтуынша Жұмабек Тәшеневтің мінезі жайсаң, жүріс-тұрысынан үнжырғасы түскен, төредей өзін ұстайтын қасиеттері көрінбейтін. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету тұрақты әдеті болған. Сондықтанда ол ел ағасы болып танылып, халық құрметіне бөленді.

Жұмабек Тәшенов 1975 жылдан Қаракөл ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, ғылыми-техникалық орталықтың директоры қызметтерін атқарды.

Соқтықпалы соқпақсыз  өмір жолын бастан кешірген аяулы  азамат 1986 жылы 71 жасында дүниеден өтті. Халық Жұмабек Ахметұлының ерен еңбегін жоғары бағалағанымен, саяси жүйенің алдында ол көзге де ілінбеді. Ұсыныс-тілектер, жазылған хаттар аяқ асты калды. 1966 жылдың наурыз айында КОКП XXIII съезіне, КСРО Жоғарғы Кеңесінің конституциялық комиссиясына жолданған хатта халық тағдыры мен жеке бастарының тағдырын ажыратпаған ардагерлер Ж.А. Тәшенов, Н.Алдабергенов, А. Қанапин, т.б. жөнінде жан-жакты әңгіме көтерілген. Бірақ халық қайраткерлері жөнінде қатыгез жүйенің қаһары қатая түсті. Өш алу, кеміту, мұқату «майданы» өршіді. Саяжайы, мәшинесі болмаған, баюдан бойын аулақ ұстаған ағамыз өз мамандығына сәйкес жүмыска кірісті. Әдеттегідей Жұмекең қызметте әріптестерінің құрметіне бөленді. Себебі оның бойында ең ерекше қасиет даралап айтар болсақ үлкен адамгершілік асыл қасиет бар еді. Айналасындағылар Жұмабек Ахметұлының білгірлігіне де тамсанып, қызығып қарайтын. Ал адамгершілікті абзал азамат өмір бойы ту етіп көтеріп өткен. Оған дәлел ретінде Мәскеуде КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқа төрағасының орынбасары қызметін атқарып отырғанда Украинаның бір белгілі ғалымы жазықсыз жаламен ату жазасына кесілгенде Жұмабек Ахметұлы оның мәселесін әділетті түрде қайта қарап, тексертіп, ақтап шығарған.

Сол жылдары Ақтөбе облысының  шалғай ауданынан келіп, Алматыдағы баласының қазасына кезіккен қарияға  мүрдені алыс ауылына жеткізу  үшін өзінің қызмет ұшағын ұсынған.

Денсаулығының нашарлауына  байланысты мүғалімдіктен заңсыз босатылған азаматты емдетіп, өз жүмысына қайта  орналастыруы тәрізді қамқорлықтары  үлкен жүректі адамгершіліктің  айқын көріністері болып саналады.

Жұмекең Бауыржан Момышұлын  үш рет, Қошқарбаевты бір рет Кеңес  Одағы Батыры атағына ұсынған. Екеуін де өткізе алмаған. Дей тұрғанмен  Б. Момышүлының алғашқы кітаптарының жарыққа шығуына Жұмабек Ахметұлы себепкер болғаны баршаға мәлім. Ол Алматы облысының Талдықорған  ауданындағы колхоз председателі Нұрмолда Алдабергеновке екінші рет Еңбек Ері жұлдызын орталықпен таласып жүріп, алып берген.

1960 жылы Семей облысында  қатты қыс болып, жем-шөп таусылып, мал шығыны орын ала бастайды. Осы кезде Ж. Тәшенов өзінің шешімімен мемлекеттік сақтандыру қорындағы астықты малға бергізген. «Мәскеудің құзырындағы кордан рұқсатсыз астық алдың» деп айыптаған Н. Косыгин Д. А. Қонаевқа телефон соғып, республиканың үкімет басшысын КСРО Министрлер Кеңесі мәжілісінде жауапқа тартатынын айтады. Д.А.Қонаевтың «бұл мәселені өзімізде карайық, астық мал үшін жұмсалды ғой», - деген тілегіне құлақ аспаған орталық Ж. Тәшеновке сөгіс жариялайды.

Айта кетерлік жайт, Жұмабек  Ахметұлы үлкен қызметтен түсірілген бойда араға жыл салып, 1962 жылы Мәскеуде экононмика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғап, кеңес мүшелері тарапынан бірауыздан колдауға ие болды. Алайда оның бекітілуі Жұмекеңе оңайға түспеген. Аяқтан шалып, етектен жармасуға бұл істе де «белсенділер» табылды. Өзімен бірге қызметтес болып, қасында бірге жүргендер «диссертацияға қажетті мәліметтерді үкіметтен ұрлап алды», «кейбір цифрларды ойдан шығарды» деген жалған пікір айтып, Мәскеуге «домалақ» арыз түсірумен болды. Мұнда да Жұмабек Ахметұлы тексеруден өтіп, зерттеу жұмысының дербестілігі, ғылымилығы, жаңалықтарының соңғылығы, деректерінің шынайылығы анықталды. Сөйтіп, Ж. Тәшеновке экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

Аса жауапты, қауырт жұмыстар атқара жүріп, Жұмекең «Казахстан в братской семье дружбы народов СССР», «Резервы повышения эффективности сельскохозяйственного производства» атты еңбектер даярлап, жариялады. Өзінің жеке мүрағатындағы деректерге сүйенсек, Ж.Тәшенев докторлық диссертация да дайындаған. Докторлық диссертациясында аумақтық экономика мәселелеріне талдау жасалып, түғырнамалық көзқарастар танытылған. Ғылыми тәжірибелік ұсыныстарға Оңтүстік Қазақстан аумағының экономикасындағы табыстар және оның мүмкіндіктері арқау болды. Бұған қоса бірқатар еңбектер қолжазба күйінде қалып, жарық көрмеген. Қазір бұл диссертацияның қолжазбасы Жұмекеңнің жеке мүрағатында ұрпақтарының отбасында сақталған. Осылардың барлығы айтарға оңай жайттар болғанымен, терең білімді, жоғары біліктілікті, кажыр-қайратты, парасат пен төзімділікті талап еткен еңбек екендігі өзінен-өзі түсінікті. Осы турасында белгілі кайраткер, қаламгер Ә. Жылқышиев; «Жұмекең ғұлама адам еді. Ел тарихы, өнер мен әдебиет, саясат пен экономика, мәдени құрылыс осылардың бәрі туралы ең кем дегенде әр саланың ғылым кандидатындай мағлұматы болатын» - деп жазған.

Замандастарының айтуына  қарағанда Жұмабек Ахметұлының  сыртқы бейнесі қиссаларда жырланатын батырларға ұқсас болып келген. «Қарсыластары  олай лақтырса да, былай лақтырса да жауырыны жерге тимей, аяғынан тік  тұратын, жығылуды білмеген балуан тәрізді. Жұмекең төртбақ келген, қырғи  қабақты, ақсары кісі болатын. Денесі тұтас  еді. Қой көздері тіктеп қарағанда, кімді болса да жасқандырып тастайтын. Сөйлеген сөзінің анықтығы мен нық  айтылуынан бойында қажымас қайрат, жасымас жігер бәрі айқын сезіліп  тұрушы еді. Содан да оған қарсы сөз  айтуға кез-келгеннің батылы жете бермейтін», - деп әділ бағасын беріпті.

Жұмабек Ахметұлы басшылық қызметі барысында елінің ертеңі жарқын болу үшін ерінбей еңбек етті. Оған төмендегідей тарихи айғақтар дәлел:

1. Республиканың территориялық  біртұтастығын сақтап қалды.

Ұлттық мамандарды басшылық кызметке тартты.

Алматыдағы орталық көшелердің біріне ұлы акын, ойшыл Абайдың есімін беруді жэне оған ескерткіш орнатуды ұсынды.

Медеу мұз айдынының кұрылысын аяктауға орталықтан қаражат алып берді.

Репрессияға ұшырағандарды  реабилитациялау комиссиясын басқарды.

1958-жылы Мәскеуде қазақ  өнері мен әдебиеті декадасын ұйымдастырып, бес бірдей қазақ әртісіне «КСРО Халық әртісі» атағын алып берді.

Бауыржан Момышұлының «Артымызда Мәскеу» еңбегін жарыққа шығартқызды.

М. Әуезовтің «Абай жолы» романын Лениндік сыйлыққа ұсынды.

Нұрмолда Алдабергеновке Социалистік Еңбек Ерінің үшінші алтын жұлдызын, Бауыржан Момышұлы мен Ракымжан Қошкарбаевқа КСРО батыры атағын беруге ұсыныс жасады. Ядролық каруды сынауға түбегейлі қарсы шықты. Бар саналы ғұмырын алты Алаштың аталы жұртының мүддесіне, халқының амандығы мен жерінің тұтастығына арнаған өр тұлғалы азаматгың өмірі, еткен кызметі ұлан-ғайыр. Алайда сол еңбек өзінің шынайы бағасын ала алмай келеді. Өз заманының ірі тұлғасының өмірі мен кызметін жан-жакты зерттеп, ұлтымыздың ұлылығын көрсетуіміз қажет.

Тәуелсіздігімізді нығайтар, жаңарған әлемдегі жаңа Қазақстан болар тұста Ж.Тәшенев сияқты абзал, біртуар, ірі тұлғаларды кемел ұрпаққа өнеге, үлгі етіп көрсетіп, есімін ардақтасақ елдігіміз еселенер еді. Ал осындай аяулы азаматка арнап елдігіміздің белгісіндей ескерткіш орнатсақ, тарих пен халық алдындағы борышымыз өтелер еді.


Информация о работе Халықаралық құқық қағидалары