Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:17, реферат
Ағартушылық бағыт сол дәуірдегі жас буржуазия мен халық бұқарасының феодалдық құрылыс пен оның идеологиясына қарсы күрестегі құрамды бөліктерінің бірінен саналды. Ағартушылықтың басты мазмұны әлеуметтік адамгершілік идеалдар мен оны іске асырудың жолдарын іздестірумен сипатталады. Адам қасиеттерін құрметтеуді, қараңғылық пен бойкүйездікті жеңуді, рационалды білімді халык арасына кең таратуды басты мақсат еткен ағартушылар ең алдымен, феодалдық тәртіптер мен шіркеу үстемдігін жоюды талап етті.
Франциядағы ағартушылық
Орта ғасырларда католик шіркеуі абсолютизмді және феодалды
тәртіптерді қызғыштай қорғады. Монархиялық шексіз билік пен әлеуметтік теңсіздіктің бәрін құдай жаратты, бұлар құдай ісі деген соқыр сенімді халық арасында кеңінен таратты және қолдады. Қайта өрлеу мен Реформациядан кейін Еуропаның көптеген елдерінде алдыңғы қатарлы жазушылар мен ойшылдар феодалдық құрылыс пен оның орнатқан тәртіптерін сынай бастады. Олар ғылым мен оқуды дінге қарсы қойды, бас көтеріп келе жатқан буржуазия мен халықтың басқа да топтарының мүдделерін қорғады. Феодализмнен капитализмге өту дәуіріндегі осындай жалпы ықпалды мәдени-гуманистік қозғалыс Ағарту деп аталып, оның өкілдері тарихқа XVIII ғасырдың ағартушылары деген атпен енді. Ағартушылық бағыттың кең өркен жаюына ағылшын және американ буржуазиялық революцияларының идеялары да едәуір ықпал етті.
Ағартушылық
бағыт сол дәуірдегі жас
Ағартушылық әр елдің қоғамдық-тарихи ерекшеліктеріне қарай әртүрлі мазмұнда және сипатта көрінді. Франциядағы ағартушылықтың көрнекті өкілдері Ф. Вольтер, И. Монтескье, Ж. Руссо, Дидро, Мелье, Г. Морелли, Г. Бабеф және тағы басқалар болды. Олар өз заманы үшін озық идеялар ұсынды, бұл идеялар күні өткен дәстүрлерді жойып, неғүрлым прогресшіл тәртіптерді енгізуге бағытталды.
Европадағы ағартушылықтың басты идеяларының бірі адам құндылықтарын қадірлеумен қатар, социалистік идеялар да ұлы ойшылдар қозғаған тақырыптардың біріне айналды. XVIII ғасырдың өң бойында социалистік мұратты білдіретін әдеби шығармалар оған дейінгі бүкіл дәуірге қарағанда көбірек жазылды. Бұлардың қатарына француз ағартушылары Г. Мореллидің "Табиғат кодексі немесе оның заңдарының нағыз рухы", Г. Маблидің "Азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы", Г. Бабефтің "Теңдік" және тағы басқа еңбектерді қосуға болады.
Жеке меншікке жан-тәнімен қарсы болған Бабеф сол кезде өмір сүріп тұрған халықтық емес мемлекеттік құрылысты құлатып, "халықтық мемлекет орнықтыру" идеясын батыл жақтады. Оның ойы бойынша, мұндай мемлекетті қастандық жолымен өзінің жақтастарының — яғни тендікті жақтаушылардың шағын тобы мен революционерлер дайындаған халық көтерілісі орнатады. Оның "Теңдік" манифесінде көрстілген "біз қоғамдық меншікке немесе дүние-мүліктің ортақтығына ұмтыламыз. Мұнан былай жерге жеке меншік жоқ, жер ешкімнің де меншігі емес. Біз жердің жемісін бәріміз де пайдалануды талап етеміз, солай еткіміз келеді және жердің жемісі ортақ" болуы адамдардың барлығын тұрпайы теңестіруге әкеліп соғатын қоғамдык құрылысты білдірді.
Ағартушылық ойдың дамуына энциклопедистердің де қосқан үлесі аз болған жоқ. Энциклопедистер атауының пайда болуына жазушы әрі философ Дени Дидро бастаған бір топ ағартушылардың 1751 жылдан бастап "Ғылым, өнер және кәсіп энциклопедиясын" шығаруы себеп болды. Оның авторлары қатарында Вольтер, Руссо және басқа да белгілі ойшылдар болды. Олар сол дәуірдегі ғылыми білімдер мен алдыңғы қатарлы озық идеяларды бір жүйеге келтіруді және мазмұндауды, оны оқырманға көптеп таратуды мақсат етіп қойды.
Озық идеялар ретінде феодалдық-абсолюттік тәртіптер мен шіркеу үстемдігін сынайтын ойларды негізге алған олар, адамның бүкіл өмір әрекетінің негізінде дін емес, парасаттылық, оқу-ағарту және ғылым жататынына ерекше назар аударды. Олар дін мен шіркеуді сынады, монархтардың жеке билігін, сословиелік артықшылықтарды, шаруалардың феодалдық міндеткерліктерін, басқа да ескірген тәртіптерді айыптады. Адамзат үшін мәдениет құндылығын баса көрсеткен олар сөз, баспасөз және ар-ождан бостандықтарының берілуін талап етті. Адамдардың заң алдында ғана тең болуы мүмкін екендігін ескерген олар заңның күштілігі мен әділеттілігіне ерекше назар аударды. Энциклопедияның басшысы Дидро "заңдар жақсы болса, мінез де жақсы, ал зандар кесапатты болса мінез де кесапатты" деп жазды.
Энциклопедистер халықтың табиғи құқықтарын жүзеге асыру үшін мемлекеттік басқару тәсілін өзгертуге, заңдарды реттеуге көп көңіл бөлді. Олар бүкіл француз қоғамы (ұлты) сословиеге бөлінген артықшылығы мен құқықтары шектелген "азаматтардан" емес, заң алдында тең құқылы, тең міндеттері бар ерікті азаматтардан тұруға тиіс деп жариялады.
Француз ағартушылары
өз еңбектерінде қоғам мен табиғаттың
арақатынасы, қоғамның қозғаушы күші,
теңсіздіктің себептері, діни наным, адам
құндылықтары сияқты сұрақтарға жауап
іздеді. Олар қоғам дамуының нәрін
парасаттылық пен саналылық, білімділік
пен адамның жан-жақты
Ағартушылық идеялары Франциямен қатар Италия, Англия, Германия, Ресей, Голландия, Солтүстік Америка және тағы басқа елдерде кең қанат жайды. Ағартушылықтың гуманистік-адамгершілік идеялары мемлекет пен құқық туралы ғылымның даму бағыттарына, әдістеріне және мазмұнына зор ықпалын тигізді. Олардың озық ойлы идеялары ұлы француз революциясын дайындауда және оның барысында маңызды роль атқарумен қатар, оның идеологиялық алғы шарты қызметін де абыроймен атқара білді.
Француздың ұлы ойшылы және әдебиетшісі Франсуа Мари Аруэ Вольтер европалық Ағартудың жұрт таныған дем берушісі және көсемі болып табылды. Ол арнайы саяси-құқықтық еңбектер жазған жоқ. Бірақ оның шығармаларында мемлекет, саясат, құқық және заң туралы көзқарастар көрініс танытты. Сол дәуірдегі феодалдық қоғамның әлеуметтік-құқықтық және идеологиялық қайшылықтарын батыл сынға алған Вольтердің сол қоғамға дейінгі ойшылдардың көзқарастарынан басты ерекшелігі — бостандық рухы, гуманизм және әділдік болды. Оның пікірі бойынша әлеуметтік зорлық түп-тамырымен жойылуы тиіс, ал оның ең басты көріністері адамгершілікке жатпайтын күштеу әрекеттері, үстемдік, қараңғылық және сананы тұншықтыру.
Әлеуметтік зорлық пен қараңғылықтың басты тірегі мен жауапкершілігін Вольтер шіркеуден іздеді. Оның шығармашылық еңбегінің көп бөлігі де шіркеуге қарсы аяусыз күреске арналған. Өзінің соқыр сенімі мен жауыздық әрекеттерін жүргізген құдайды ол тиранға теңейді. Шіркеу қызметкерлерін арам-тамақтар мен қаңғыбастар ретінде қарғайды, діни қуғындау мен фанатизмді аяусыз сынға алады. Ол католиктік шіркеуге қарсы "сұмырайды таптаңдар" деген ұран көтерді және құдайдың барлық уақытта табиғат құбылысы мен адамның әрекетіне араласу жөніндегі шіркеу ілімін әшкереледі, дегенмен ол атеист болған жоқ. Ол дінді халық үшін, халықты бағынышты жағдайда ұстау үшін қажет деп есептеді. Вольтер барлық бостандықтың өмірлік бастауы болып табылатын ар-ождан және сөз бостандығын діни қараңғылық пен сенім тұншықтыруда деп есептеді. Ол католик шіркеуіне дұшпандық көзқараста және онымен аяусыз күресте болғанымен, дін мен діншілдікті жоққа шығармайды. Вольтердің "егер құдай болмаса, оны ойлап табу қажет болар еді" деген қанатты сөзі де бар.
Вольтер сонымен бірге демократиялық идеяларды да жақтай қойган жоқ. Бостандық пен білімді және адамгершілікті жоғары бағалаған ол еңбекші халықтың ауыр тұрмысы мен оны жақсартудың жолдарын және қоғамды демократиялық негізде қайта қүру мәсслелерін қарастырмады. Демократия мен халық билігін тобыр билігі ретінде есептеді. Бірақ табиғи құқықтар, бостандық, тендік оның қызу қолдаған мәселелері болды.
Вольтердің ойынша жеке түлғаның бостандығы қоғам бостандығы ретінде емес, оның өзіне тиесілі бостандығы ретінде ғана қарастырылды. Жеке бас бостандығының негізгі кілті ретінде сөз және баспасөз бостандығын аддыңғы орынға қояды. Оның католик шіркеуі тұншықтырған ар-ождан бостандығы туралы идеясы да осы қатардан орын алған. Жаңа заман сипатының негізгі ерекшелігінің бірі еңбек бостандығы да Вольтер көзқарасынан тыс қалмаған. Яғни, еңбек бостандығы "әркімнің оз қалауы бойынша неғүрлым жоғары бағаға өз еңбегін сата алуы, өйткені еңбек те әр адамның жеке меншігі болып саналады". Вольтер нағыз бостандықты адамдар бір-бірінен тәуелсіз болғанда, олар автономды субьектілер болып қалыптасқан кезде ғана көреді. Бұл жағдай автономды еріктердің бейберекет қақтығысы мен қоғамдағы тәртіпсіздікті туғыза қоймайды. Өйткені, адамдардың белгілі бір әрскетінде бір-біріне деген тәуелділігі сақталады және осы қатынастар бұл кезде басқаша сипат алады. Вольтердің ілімі бойынша, "Бостандық тек заңға тәуелді болуды білдіреді". Оның бұл сөзі кейіннен "құқық үстемдігі" идеясы ретінде бүкіл Батысқа белгілі болды. Кейбір ойшылдар сияқты Вольтер бостандық пен еркіндікті бір-біріне қарама-қарсы қоймайды. Ол еркіндікті саяси-құқықтық мәннің шеңберінде, яғни барлық адамдардың тең дәрежедегі азаматтығы және заң арқылы өзін қорғай алуы ұғымында түсінеді. Алайда, Вольтер мүліктік теңдікгі жақтай қоймайды, оның көзқарасы бойынша қоғамдық игіліктер мәселелері жағынан дауыс беруге кезкелген адам емес, тек меншік иелері ғана құқылы. Ол әсіресе, жеке меншіктің мызғымастығына, жеке адамның бас бостандыгына және заңмен тиым салынбаған іс-әрекеттің барлығымен айналысу мүмкіндігіне көбірек мән берді.
Бостандық және еркіндік туралы
ойларын Вольтер феодалдық
Мемлекеттік басқару формасында абсолютті монархияға бүйрегі бүрған Вольтер революциялық сілкіністер қажеттігін жоққа шығармайды. Бірақ ол абсолютті монархияның "ағартушылық" болғанын қалайды. Король тағында "ағартушы монарх" отырғанда ғана саяси қүрылыс игілікті болып табылады. Білімді және ақылды патшаға, сонымен бірге, қайырымды, кешірімді және жомарттық қасиеттер де қажет. Терең білімді, адамгершілігі мол билеуші ғана елдегі әлеумсттік-экономикалық және құқықтық қайшылықтарды жоюға қабілетті, яғни Вольтердің ойынша абсолюттік монархиялы билік өз күшін әлі де әлеуметтік игілік үшін жұмсай алады. Вольтер философ билеген абсолютті монархияның осындай әрекеттер жасай алатынына сенді.
Ол мемлекеттік басқару формалары мен билік институттарын және оның ісқимылдарын маңызды деп таппады. Яғни, оның пікірінше мемлекет құрылысының ең жақсы түрі Англиядағы сияқты тежеулі конституциялық монархия болып табылады. Вольтер үшін әлеуметтік-саяси және құқықтық принцинтердің ең маңыздысы бостандық, меншік, заңдылық және адамгершілік болып саналды. Оның саяси-құқықтық және ағартушылық идеялары бүкіл Европа мен Америкаға кеңінен таралды.
Шарль Луи
Монтескье — француз
Францияның феодалдық-
Монтескьенің саяси-құқықтық теориясының басты тақырыбы және онда қорғайтын басты құндылығы — саяси бостандық. Оның аталған шығармасында бостандықты қамтамасыз етудің қажетті шарттары ретінде әділ заң мен мемлекеттік құрылымның тиімді жұмыс істей алуын қамтамасыз ете алатын зандар қарастырылады.
Монтескье барлық
заңның бастауы жеке оқиғалардан
туындайды, соның салдарынан жеке заңдар
басқа заңдармен байланысады
және жалпы заңдармен өзара
Француз ойшылы Гоббстың адамдардың әуелгі кезден-ақ бір-біріне дұшпандық ниетте және бірін-бірі билеуге ұмтылғандығы туралы қателігін арнайы атап көрсетеді. Монтескьенің ойынша адамдар алғашқы кезде әлсіз, қорғансыз, батылдығы жеткіліксіз болған және басқалармен бейбіт қарымқатынаста болуға, тең өмір сүруге ұмтылған. Адамдар қоғамға біріккен кезден бастап қана өздерінің әлсіздігі туралы ойларды ұмыта бастаған, олардың арасындағы тендік жойылып, жеке адамдар және халықтар арасында соғыс әрекеттері басталған. "Осындай соғыстардың пайда болуы деп жазды ол, адамдар арасында заң шығаруды қажет етті".
Халықтар арасындағы қарым-қатынасты белгілейтін, (халықаралық құқық) билеушілер мен басқарушылар арасындағы қатынасты айқындайтын (саяси құқық) және барлық азаматтар арасындағы қатынастарды белгілейтін (азаматтық құқық) зандар пайда болды. Бір қоғамда және сол қоғамдағы заңдармен өмір сүретін адамдардың қажет етуі себепті мемлекет құру қажеттілігі туыңдайды.
Заңдардың шығуына қажетті қатынастарға әр халықтың өзіндік сипаты мен ерекшелігінің ықпалы бар екендігіне де Монтескье назар аударады. Сирек жағдайда болмаса бір халықтың заңы екінші халыққа жарай бермейді. Бұл туралы кейіннен қазақтың ағартушы-ғалымы Шоқан Уәлиханов та "Сот реформасының жазбасы" туралы еңбегінде айтады.
Монтескье, сонымен бірге, мемлекет белгілеген заңдардың табиғаты мен принципі оның географиялық жағдайы мен ерекшелігіне, жер көлемі мен табиғатына (ыстық, суық, шөл, тропиктік), топырақ құрамына, тұрғындардың өмір салтына (егіншілер, малшылар, көшпелілер т.б.), халықтың санына, елдің байлығына, әдет-ғүрыптарына сәйкес келу қажеттігін атап көрсетеді. Монтескье зандардың шығуына азаматтық жағдайда құрылған үкіметтің билік етуі мен табиғаты шешуші ықпал ететіндігін айтады.
Монтескье басқарудың республикалық, монархиялық және деспоттық формасын көрсетеді. Басқарудың аталған түрлеріндегі заң шығару принциптері мен бұл заңдардың кімге тиімді екендігін, сондай-ақ бұл заңдар жағдайында халықтың теңдігі мен бостандығы қандай дәрежеде болатындығын дәлелдеуге тырысады. Басқарудың әр формасы өз құрылысын сақтауға қабілетті заңдар шығаратындығына назар аударады. Монтескьенің пікірінше, басқару түрінің өзі мемлекеттің жер көлеміне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Ол биліктің үлкен мемлекеттер үшін деспоттық, орта мемлекеттер үшін монархиялық, шағын елдер үшін демократиялық түрі тиімді деп есептейді. Монтескье заң мен бостандық қатынасы мәселесіне арнайы көңіл бөледі, ол саяси бостандық туралы заңның екі түрін атап көрсетеді. Біріншісі — мемлекеттік құрылымдағы саяси бостандықты қамтамасыз ететін зандар, екіншісі -азаматтардың саяси бостандығын қамтамасыз ететін заңдар. Бұл жерде әңгіме саяси бостандықтың заң жүзінде бекітілуі мен оның жүзеге асу мүмкіндігі туралы болып отыр. Саяси бостандық бұл аспектілерсіз жарым-жартылай, қауқарсыз және қорғансыз болып шығады. Бұл туралы Монтескье "...еркін мемлекеттік құрылымда азамат бостандық ала алмаса немесе азаматтың бостандығы сақталмаса, яки қорғалмаса, мемлекеттік құрылысты бостандығы бар құрылым деп атауға болмайды" деп жазды.