Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 21:11, доклад
АҚШ-тың 1789 жылы қабылданған Конституциясына сәйкес, Шетел жұмыстары бойынша департаменті Мемлекеттік департаментке жаңғыртылып, Президентке бағынатын болды. Америка Құрама Штаттарында кәсіби дипломатиялық кадрлар сыртқы саясатты жүзеге асыруда негізгі рөл атқарды. Әдетте, жаңадан сайланған ел Президенті орталық дипломатиялық ведомствоның басшысын қайта тағайындайды.
Америка Құрама Штаттарының сыртқы істер ведомствосы
АҚШ-тың 1789 жылы қабылданған Конституциясына сәйкес, Шетел жұмыстары бойынша департаменті Мемлекеттік департаментке жаңғыртылып, Президентке бағынатын болды. Америка Құрама Штаттарында кәсіби дипломатиялық кадрлар сыртқы саясатты жүзеге асыруда негізгі рөл атқарды. Әдетте, жаңадан сайланған ел Президенті орталық дипломатиялық ведомствоның басшысын қайта тағайындайды. АҚШ-тың сыртқы саясат ведомствосын «Мемлекеттік департамент» деп атайды және оны Мемлекеттік хатшы басқарады. Оның жалпы министрлік мәселелері бойынша 5 бірінші орынбасары (жаһандық мәселелермен айналысады), 16 орынбасары (нақты мемлекеттер және аймақтар бойынша мәселелер шешеді) және оннан астам директорлық орындары бар. Басқармаларда жедел жұмыстар жүргізіледі, оны кәсіби дипломаттар, мемлекеттік хатшының орынбасары не директор басқарады. Ал жоғары қызмет орындарында «сырттан келген адамдар», яғни үкіметте отырған билеуші партия белсенділері отырады.
Қазіргі кезде АҚШ-тың 170-тен аса мемлекетте 260 дипломатиялық миссиясы және консулдық мекемелері бар. Мемлекеттік департаменттің штат құрамы 14 мыңға, ал кадрлы дипломатиялық мамандардың саны 4 мыңға жуық. Департаменттің басқаруымен басқа министрліктер, агенттіктердің қызметкерлері жұмыс істейді.
Көп жылдар бойы американдық саясаткерлер кәсіби дипломатиялық қызмет құру қажетсіз деп санады. Өз ұстанымдарында олар АҚШ-тың Республикалық құрылымы, кәрі Еуропадағы монархиялық дипломатиялық институттар және олардың дәстүрлері қолайсыз деген себепті желеу етті. Сондай-ақ, Президент Э.Джексонның «мемлекеттік қызметкерлердің міндеттері соншалықты қарапайым, оны кез келген саналы адам орындай алады», деген пікірі де аргумент болды. Бұл идея тағайындаулар жүйесін енгізуге, соның ішінде дипломатиялық қызметке де өз әсерін тигізді. Атап айтқанда, жаңа сайланған Президент басты билік орындарына өз одақтастары мен достарын тағайындап, олардың кәсіби жарамдылығы ескерілмеді.
Мемлекеттік департаменттің өз оқу орталығы - Шетелде қызмет ету институты бар. Дипломаттар осы институтта үш рет даярлау және қайта даярлаудан өтеді: бірінші рет - мемлекеттік қызметке алынғаннан кейін, екінші рет - қызметінің орта кезінде, үшінші рет - дипломаттардың кәсіби деңгейін жоғарлату мақсатындағы арнайы тәжірибе семинарында. Әр дипломат кәсіби деңгейін көтеріп отыруға міндетті. «АҚШ-тың шетелдегі қызметі туралы» Заңына сәйкес, дипломат өзінің 15 жыл қызметінің 3 жылын Отанында, яғни мемлекеттік департаментте, шетелде қызмет ету институтында, басқа да университеттерде стажировкада өткізуге тиіс.
АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті - басты сыртқы саяси ведомствосы, ал Мемлекеттік хатшы АҚШ Президентінің сыртқы істер жөніндегі бас кеңесшісі болып табылады. Мемлекеттік департамент шет елдердегі дипломатиялық миссиялары арқылы АҚШ-тың мақсаты мен мүдделерін алға жылжытады. Ол Сауда министрлігі мен Халықаралық даму агенттігінің және басқа ведомстволарының сыртқы саяси қызметін үйлестіреді. Департаменттің сыртқы саяси іс-әрекеттері, атап айтқанда, шет елдерде АҚШ-тың мүддесін қорғау, шетел үкіметтеріне ықпал ету, халықаралық қылмыспен күрес, азаматтарының мүдделерін қорғаушы және әлемдегі АҚШ лидерлігін сақтау болып табылады.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің негізгі рөлі:
- сыртқы саясатты жүргізу;
- сыртқы істер және басқа да сыртқы саяси шараларға бөлінген бюджет-тік қаржыны басқару;
- шетелдегі АҚШ өкілдіктерін басқару, өз елшіліктері мен консулдық-тары, дипломатиялық миссиялары арқылы халықаралық ұйымдарда Американың сыртқы саясатын жүргізу;
- сыртқы саудадан бастап ядролық қарулануға дейінгі көптеген мәселелер бойынша келіссөздер өткізу мен келісім-шарттар жасасу;
- халықаралық деңгейде басқа американдық ведомстволар мен мекемелердің іс-әрекеттерін үйлестіру және қолдау болып табылады.
Мемлекеттік департамент келесі қызметтерді жүзеге асырады:
- шет елдерде тұратын немесе саяхатта жүрген АҚШ азаматтарын қорғау және жәрдемдесу;
- әлемдік рынокта американдық бизнеске жәрдем ету;
- Америка жұртшылығын елдің сыртқы саясаты және басқа елдермен қатынастары туралы хабардар ету.
Шетелде дипломаттар Құрама Штаттар атынан өкілдік етіп, болмыш мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік үрдістері жөнінде талдайды және баяндайды.
Мемлекеттік хатшының кеңсесі штаб бастығы, орынбасары, орындаушы көмекшісі, екі арнайы көмекші, жұмысты жоспарлау бойынша қызметкер, кадрлар бойынша және екі дербес көмекшіден тұрады. Кеңсе Мемлекеттік хатшының кездесулерін, оның ресми сапарларын ұйымдастыруды қоса алғанда, күнделікті жұмыстармен айналысады. Мемлекеттік хатшының орынбасары оның «дублері» болып табылады, ол жоқ кезде Хатшының міндетін атқарады. Атқарушы Хатшылық жауапты хатшы мен оның үш орынбасарынан тұрады.
Мемлекеттік хатшыға төмендегі бюро мен офис басшылары тікелей жұмыс бабымен шыға алады:
- БҰҰ-дағы Тұрақты өкілі;
- заң шығару мәселелері бюросының бастығы;
- барлау қызметі және зерттеу бюросының бастығы;
- ревизор;
- заң бойынша консультант.
Хатшының орынбасарлары саяси, экономика, бизнес, қару-жарақты бақылау, халықаралық қауіпсіздік, демократия, жаһандық мәселелер (экология, адам құқығы, денсаулық сақтау) салалары бойынша тікелей Мемлекеттік хатшыға баяндайды.
Саяси мәселелер жөніндегі хатшының орынбасары дағдарыс ахуалдарының менеджері және АҚШ-тың екіжақты қатынастарында саясат, экономика, жаһандану және қауіпсіздік мәселелерін интеграциялауға жауапты болып табылады.
Мемлекеттік департамент әлем елдерін 6 бюро және 1 офиске топтайды:
- Африка істері жөніндегі бюро;
- Шығыс Азия және Тынық мұхит аймағы істері жөніндегі бюро;
- Еуропа және Еуразия істері жөніндегі бюро;
- Таяу Шығыс істері жөніндегі бюро;
- Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі бюро;
- Шығыс Жарты шары істері жөніндегі бюро;
- Халықаралық ұйымдар істері жөніндегі бюро.
Мемлекеттік хатшының арнайы экономика, энергетика және ауыл шаруашылығы істері жөніндегі орынбасары қосымша авиация мәселелері бойынша жұмыстарды да жүргізеді.
Хатшының қару-жарақ пен халықаралық қауіпсіздікті бақылау жөніндегі орынбасары АҚШ-тың әлемдегі қауіпсіздігі саясатына, атап айтқанда, қару-жарақты таратпау, оны бақылау, аймақтық қауіпсіздік пен қорғаныс істеріне жетекшілік етеді.
Демократия істері және жаһандық мәселелер жөніндегі орынбасары АҚШ-тың түрлі жаһандық мәселелері бойынша сыртқы саясатын, демократия, азаматтық құқық, қоршаған орта, ғылым, есірткіге қарсы күрес, босқындар мен миграция мәселелерін бақылайды. Қоғамдық дипломатия және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі орынбасары Мемлекеттік департаменттің қоғамдық дипломатия бойынша мәдениет, білім, халықаралық ақпараттық бағдарламалар және АҚШ азаматтарына ақпарат беру, қоғаммен байланыс жасау қызметімен шұғылданады.
Информация о работе Америка Құрама Штаттарының сыртқы істер ведомствосы