Африкалық одақтың проблемалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2012 в 15:15, реферат

Описание работы

АО өзінің өмір сүруінің алғашқы күнінен бастап, объективті қиыншылықтар мен субъективті сипаттағы проблемаларға қақтығысты.

Работа содержит 1 файл

Африка аймағындағы интеграциялық үрдістер.docx

— 24.74 Кб (Скачать)

Африкалық одақтың  проблемалары

 

Қазіргі экономикалық сөздік анықтамасы бойынша, интеграция (латын  тілінен «integer» - толық) – экономикалық тұлғалардың бірігуі,олардың өзара  әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция жеке елдердің ұлттық шаруашылығы деңгейінде және де кәсіпорындар, фирмалар, корпорациялар, компаниялар арасында да жүреді. Экономикалық интеграция өндірістік–технологиялық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуді, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сол сияқты, бір-біріне қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара «кедергілерді» жою бағыттарында айқын көрінеді.

Тарихи интеграция эволюциялық  дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады және оның әрқайсысы интеграцияның  жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып  есептеледі.

Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы қадамы ретінде преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде немесе қалыптасқан интеграциялық топ пен мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін.

Келісімге сәйкес мемлекеттер  бір-біріне үшінші мемлекеттерге қарағанда  қолайлырақ режим ұсынады. Бұл интеграцялық процестің дайындық кезеңі.

Интеграцияның екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты саудада кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді. Басым көпшілік жағдайда еркін сауда аумағының шарттары ауыл шаруашылық өнімдерінен басқа барлық тауарларға қолднылады.

Интеграцияның үшінші деңгейі кедендік одақ (КО) құруға негізделген. Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифті енгізу және біріңғай тарифтік емес жүйесін қолдану болып табылады.

 Әдетте кедендік одақ  үйлестірілген сыртқы сауда саясатын  қалыптастыратын мемлекетаралық  органдардың дамыған жүйесін  құруды талап етеді. 

Интеграциялық процестің төртінші деңгейі –ортақ нарыққа жеткенде интеграцияланатын мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс факторларының – капитал және жұмыс күші – қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Бұл экономикалық саясатты үйлестіру кезеңі.

Ең жоғарғы бесінші деңгейде интеграция ортақ кедендік тариф және тауарлар мен өндіріс факторлар қозғалысының еркіндігімен қатар, макроэкономикалық саясатты, валюта, бюджет, ақша сияқты негізгі салаларда үйлестіруді, заң шығарушылықты үйлестіруді көздейтін экономикалық одаққа айналады. Үкіметтер келісілген түрде өз қызметтерінің біршама бөлігінен бас тартады, яғни мемлекттік суверенитеттің бір бөлігін мемлекеттер үстіндегі органдар пайдасына береді. Бұндай қызметтерге ие болған мемлекеттер үстіндегі органдар бірлестікке қатысты мәселелерді мүше-мемлекеттер үкіметтерінің келісімінсіз шешуге құқы бар. Мысалы, ЕО – ғы (Еуропа одағы) шеңберінде – бұл ЕО комиссиясы.

Интеграцияның алтыншы деңгейінің де болуы мүмкін – бұл Саяси одақ (СО). Ол ұлттық үкіметтердің үшінші елдермен қатынасын қамтитын қызметтерінің басым көпшілігін мемлекеттер үстіндегі органдарға беруді көздейді. Іс жүзінде бұл жекемемлекеттердің егемендігін жоғалтып, халықаралық конфедерация құруды талап етеді.

Бірақ интеграциялық топтардың  бірде-біреуі дамудың бұл деңгейіне  жеткен жоқ, тіпті өз алдына бұндай мақсаттар қойған жоқ.

Интеграция дамуындағы проблемалар:

  1. Тілдік проблема;
  2. Өркениеттік проблема;
  3. Экономикалық даму деңгейінің әртүрлілігі;
  4. Амбициялы проблема;
  5. Лидерлік үшін күрес;

Интеграция дамуына кері әсер ететін факторлар:

  1. Саяси тұрақсыздық;
  2. Ұлттық мүдденің жоғары тұруы;
  3. Сыртқы фактор.

         XXI ғасырда адамзат халықаралық қатынастардың дамуының жаңа фазасына кірісті. Ол саяси-мәдени қауымдастықтардың, халықаралық экономиканың кеңеюімен сипаталады. Әлем қоғамдастығы үлкен интеграцияға ұмтылуда.

        Халықаралық  қатынастардың демократиялану үрдісі  аймақтық ұйымдардың құрылуына  жол беруде. Соның ішінде Африкалық  Одақ –аймақтық халықаралық үкіметаралық  ұйым, Африканың 52 мемлекетін біріктіреді.  Ол  2001 жылы 26 мамырда Африкалық  бірлестік ұйымының негізінде  құрылды. Қазіргі кезде Африкалық  одақ   Африка континенттіндегі  барлық мемлекеттерді біріктіретін  ірі аймақтық ұйым.

      АБҰ-н алмастырған, АО –тың құрылуының объективті себептері, оның өмір сүру кезінде (1963-2001) әлемде саяси күштердің кардиналбды өзгеруі және жаңа мыңжылдықта АБҰ-ның алдына қойылған мәселелерді шешу. Африкалық мемлекеттерінің қазіргі саяси экономикалық дамуының мәселелері жаңа қолайлы құралдар мен механизмдерді қажет етеді.

    АО-тың құрылуы жөніндегі шешім 1999 жылдың қыркүйегінде Сирта (Ливия) қаласында АБҰ-ның жоғарғы деңгейдегі төтенше кездесуінде қабылданды. Бұл африкалық көшбасшыларының АБҰ-ның шеңберіне қарағанда, бірліктің жоғарғы деңгейіне талпынуымен көрініс тапты. Континенттің мемлекет басшылары Африкалық одақтың Мекемелік Акттін АБҰ-ның саммитінде 2000 жылы шілдеде Ломе (Того) қаласында мақұлдады,осы кезде АО-тың құрылуын ресми түрде хабарлады. Осы уақытта Актті 51 африкалық мемлекеттер ратифицикалады. АО-тың төрағасы болып Оңтүстік-Африкалық Республиканың президенті  Табо Мбеки сайланды. Жаңадан құрылған жалпыафрикалық ұйымның оперативті экономикалық бағдарламасы НЕПАД (New Partnership for Africa’s Development)  деп аталды. Ол –Африка дамуының жаңа масштабы бағдарламасы, яғнм қазіргі әлемдегі оның орнын анықтайды және мемлекеттердің экономика саласында жиынтық шараларынан тұрады, сонымен бірге оның іске асуы үрдісінде жаһандық деңгейде әріптестікке қол жеткізу үмітті. АО-тың штаб-пәтері  Аддис-Абебе (Эфиопия)  қаласында орналасқан.

      АБҰ-ның АО-тан негізгі айырмашылығы, жаңа ұйымның негізгі приоритеті экономикалық интеграция болып табылады. Ал АБҰ болса, африкалық жас мемлекеттердің саяси интеграциясын қарастырды.

Құрылымы: Африкалық одақтың Жоғарғы органы –үкімет пен мемлекет басшыларының Ассамблеясы. Жоғарғы атқарушы орган АО-ның Комиссиясы болып табылады. АО төрағалары мен АО Комиссиялары 1 жылдық мерзімге сайланады. Сонымен бірге АО құрылымына Африкалық валюталық фонд, Африкалық орталық банк, африкалық инвестициялық банк,  және де мамандандырылған комитеттер экономика, әлеуметтік саяси және мәдени салалар бойынша.

 Африкалық  одақтың проблемалары:

   АО өзінің алқашқы қалыптасуынан белгілі бір проблемаларға соқтығысты: Лусакедегі саммитте лидерлердің келіссөз барысында АБҰ-ның Бас хатшысына жаңа кандидатураны  (ол АО-тың да жұмысын басқару ) қарама-қайшылықтардың болуы.

     АО- дағы күрделі проблема - қаржылық қаражаттың жетіспеушілігі. 2003 жылдың қазанында ұйымға мүше 11 елдің мүшелік салым қарызы 11 млн.АҚШ доллар құрды, сондықтан олар Одақтың жиналыстарына қатысу құқығынан айырылды. Осындай жағдай АО –ты сыртқы қаржыландыруға тәуелді етеді,еркін қозғалыстарды шектейді, және бейбітшілік миссиялардың жүзеге асу мүмкіндіктеріне де кедергі болуда.  Жалппыафрикалық парламент  инаугурация уақыты Эфиопия астанасы Аддис-Абебеде 2004 жылдың 31 қаңтарына бегіленген еді, ол 2004 жылдың 18 наурызына ауыстырылды (оның билігі, функциясы мен құрамы жөніндегі протокол бірауыздан қабылданса да,алі мүше-елдердің жартысы ратификацаламады). Қазіргі уақытқа шейін бейбітшілік пен қауіпсіздік Кеңесі жөніндегі протокол өз күшіне енбеді. Сонымен бірге Африкалық соттың құрылу процесі де ұзаққа созылып жатыр. Осындай кедергілер кейбір африкалық мемлекеттердің көшбасшыларының қаламайтындығын дәлелдейді.

 Африканың аймақтық және халықаралық интеграциясының проблемалары:

     Африка континенттіндегі саяси процестер африкадағы аймақтық интеграцияның проблемаларына себеп болуда. Н.Д. Косухин айтқандай саяси билік мемлекеттік биліктің құралдары  яғни экономикалық, саяси және идеологиялық  мүдделердің басқаруында жүзеге асады. Африкадағы дамушы мемлекеттердің саяси билігі әлеуметтік түрде негізделмеген және діни, дәстүрлі,этникалық қатынастар орнаған. Биліктің саяси негізі әр түрлі күштердің блоктары өкілдік етеді, яғни жетекшілік рөл саяси элитаға тиесілі. Билік функцияларын жүзеге асыруда тек қана мемлекеттік партиялар емес, сонымен бірге қоғамдық ұйымдар мен дәстүрлі институттар да араласады.

    1. Мемлекеттің дамуының әр түрлі деңгейде болуы;
    2. Кедейшілік, экономикалық артта қалушылық;
    3. Саяси жүйелердің жетілмегендігі және әр түрлілігі;
    4. Мемлекет юасшыларының амбицияларының жоғарлығы;
    5. Мемлекеттердің бір-біріне сенімсіздігі;
    6. Өмір сүру деңгейінің төмендігі;
    7. Сауатсыздық;
    8. Инфляция деңгейінің жоғарлығы;
    9. Саяси тұрақсыздық;
    10. Конфликтік жағдайлардың жиі-жиі орын алуы;
    11. Коррупция деңгейінің жоғарлығы;
    12. Азаматтық бірліктің болмауы;
    13. Әр түрлі топтардың билікке таласуы;
    14. Авторитарлық саяси режимдердің орын алуы.

Африкадағы  интеграцияның мақсаты:

    1. Аймақтық кедейшіліктен және экономикалық артта қалушылықтан құтылу, тұрақты экономикалық даму;
    2. Аймақтың табиғи байлықтарын бірлесе пайдалану;
    3. Аймақтық саяси жүйелерді жетілдіру;
    4. Мүше –елдердің мемлекеттік шекараларын сыйлау;
    5. Африка мәдениетін қалпына келтіру.

 

 

                                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

       АО өзінің өмір сүруінің алғашқы күнінен бастап, объективті қиыншылықтар мен субъективті сипаттағы проблемаларға қақтығысты. Алайда оның құрылуы Африкалық континентті тарихының жаңа тармағын ашты.  АО-тың құрылуы  сөз жоқ африкалық интеграция мен идеяның дамуының алға жылжуы және мемлекеттердің қазіргі жаһандану үрдісінің  алдында бірлік  ұстанымын шығару.

      Африкалық  одақтың құрылымының институттық  қайраткерлігінің қалыпты жұмыс  істеуіне қаржылық қамтамасыз  етілуі мен басқа да қаражаттар  және функциялардың жүзеге асуы  үшін көп уақыт пен күш қажет  етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. Аваков Р. Новое мышление и проблемы изучения развивающихся стран // Международная жизнь. 1987. N 11.
  2. Алимов Ю.И. Движение африканского единства на современном этапе. //Народы Азии и Африки, 1964, № 2.
  3. Алимов Ю.И. Организация Африканского Единства. М., 1969.
  4. Киселева В. П. Африка. Интеграция и проблемы внешнеэкономической деятельности. М.. 1972.
  5. Косухин Н.Д. Политическая власть и политический процесс в Африке. // Вестник Российского университета дружбы народов. – Cерия: Политология. – 2001. – № 3.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Халықаралық қатынастар факультеті

Аймақтану кафедрасы

 

 

 

 

 

          СӨЖ

Тақырыбы: Интеграциялық бірлестіктер мен ұйымдардың қалыптасуы мен дамуындағы проблемалар мен кедергілер (АО)

 

 

 

Орындаған: Ишанбек Зере

Тобы: 311 топ

Қабылдаған: Қаргаев Қайрат

 

 

 

                                          

Алматы 2011

 


Информация о работе Африкалық одақтың проблемалары