Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 13:27, реферат
Үндіс аттары ел аймақтарына байланысты әр түрлі атау жүйелеріне негізделген. Аттар адамның діни көз-қарастарына және қоғамдық орнына байланысты. Үндістан халқы әлем діндерінің барлығын дерлік қамтып, түрлі тілдерде сөйлейді. Бұл кейбір түсініксіздіктерге әкеп соқтырады. Қазіргі құқықтың енгізілуімен екінші ат қолдана бастап, бұл кемшіліктер азайды. Сонда да Үндістанның оңтүстігінде екінші ат ретінде тек Атасының аты ғана емес Әкесінің не Жұбайының аты да қолданылады.
Реферат
«Үндіс аттары»
ҮНДІС АТТАРЫ

Шығу тегі бойынша үнді аттарының көбі үнді діни жазбаларынан бастау алады. Балаларға көбінесе 3ат қойылады. Оның ішінде біреуі құдай құрметіне беріледі: ұлдарға Кришна, Шива, Индра; қыздарға Лакшми және Сита. Бала өзі аталған құдайдың қамқорлығында болады деп саналады. Басқа аттар көбінесе киелі зат не әрекет аттарын білдіреді, мысалы Ганг - өзен атауына байланысты.
Тамил аттары
Тамилдерде әдетте фамилия болмайды. Көп тараған тамил атын жазу үлгісі: — «Әкесі Өзі» (мысалы Вишванатан Ананд), бірақ басқа да көптеген түрлері кездеседі, мысалы «Өзі Әкесі». Тұрмысқа шыққан әйелдер Әкесінің атын Күйеуінің атына ауыстырады. Күнделікті өмірде атының өз атынан басқа бөліктері буын не әріпке дейін қысқарады. Мысалы: Селлапан Раманатан көпшілікке С. Р. Натан (S. R. Nathan) атымен таныс.
Кейде бірнеше сөзден тұратын аттар кездеседі: атақты физик Чандрасекара Венката Рамананың аты — Венката Раман.
Көп кездесетін тамил атын жазу тәсілдері:
«Әкесі Өзі» — ең көп тарағаны.
«Өзі Әкесі»
«Өзі S/O Әкесі» немесе «Өзі D/O Әкесі» — негізінен Сингапурде ресми ісқағаздар жүргізуде қолданылады. S/O «ұлы» (ағыл. son of), D/O — «қызы» (англ. daughter of) дегенді білдіреді.
«Өзі A/L Әкесі» немесе «Аты A/P Әкесі» — Малайзиядағы құжаттарда. A/L «ұлы» (малайз. anak lelaki), A/P — «қызы» (малайз. anak perempuan) дегенді білдіреді.
«Әкесі Өзі Атасы»
«Әкесі Өзі Қаласы» - өзі не бабасы туған қала.
«Қаласы Әкесі Аты»
«Қаласы Өзі ҚоғамдықТобы» немесе «Әкесі Өзі ҚоғамдықТобы» —XIX ғасырда көп қолданылған түрі.
«Қаласы Атасы Әкесі Өзі»
«ТолықШежіресі Өзі». Мысалы — Erode Venkata Krishnasamy Sampath Elangovan: Erode (Эрод) — қаласы; Venkata Krishnasamy Sampath — ұлы атасы, атасы, әкесінің аттары; Elangovan — өзі).
Қолданылған мағлұмат:
Dhruv Dev Sharma Panorama of Indian anthroponomy — Mittal Publications, 2005. — С. 211—215. — 306 б