Мемлекеттік іс қағаздар

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 00:10, реферат

Описание работы

Тілдік қатынастың қай түрі болмасын мәтін арқылы жүзеге асады. Іс қағаздарының мазмұны, қатынас құралы ретіндегі қоданылу аясы, қолданылу жағдайы, бағыты, өрісі әр түрлі болғандықтан, мәтін құрамындағы тілдік бірліктердің тіркесу, байланысу сипаттары түрліше болады. Бірақ іс қағаз мәтіндерін үлкен бір құрылым ретінде алып қараған кезде, аталған сипаттараның түрлілігіне қарамастан, ол жалпыланған, біртектес жүйе ретінде танылады.

Работа содержит 1 файл

негізгі бөлім.docx

— 35.66 Кб (Скачать)
  1. ҚАЗАҚ РЕСМИ-ІС ҚАҒАЗДАР СТИЛІНІҢ ТІЛІ

 

    1.  Стандарт тілдік бірліктердің ерекшеліктері

 

Тілдік қатынастың қай  түрі болмасын мәтін арқылы жүзеге асады. Іс қағаздарының мазмұны, қатынас  құралы ретіндегі қоданылу аясы, қолданылу  жағдайы, бағыты, өрісі әр түрлі болғандықтан, мәтін құрамындағы тілдік бірліктердің тіркесу, байланысу сипаттары түрліше  болады. Бірақ іс қағаз мәтіндерін үлкен бір құрылым ретінде  алып қараған кезде, аталған сипаттараның түрлілігіне қарамастан, ол жалпыланған, біртектес жүйе ретінде танылады. Сондықтан іс қағаздары мәтіндерін жинақтап, оларды ортақ ерекшеліктеріне  қарай топтап, ол топтардың бір-бірінен  айырмашылықтары мен өздеріне тән  ортақ қасиеттерін тауып, зерттеу  – іс қағаздар тілін зерттеудіңм  басты міндеттерінің бірі болып  табылады. Мұның өзі іс қағаздарының түрлерін, дәлірек айтқанда іс қағаздарындағы типтенген формаларды зерттеу болып шығады.

Тілдік бірліктердің қолданыс кезіндегі ерекше сипатын экстралингвистикалық факторлар айқындайды. Оларға тілдік қолданыстың коммуникативтік міндеттері: іс қағазының мақсаты, айқындамасы, іс қағазының кімге арналғандығы, не үшін қызмет ететіндігі, т.б. жатады. Іс қағаздар мәтінінде қолданылатын тілдік бірліктер мәтіннің жалпы  мазмұнын ашумен бірге іс қағаздары  тілінің жалпы сипаттамасын, стилін анықтайды.

Кез келген мәтінді стилистикалық  талдаудың методологиялық негізі –  мазмұн мен форманың бірлігі. Олар диалектикалық  бірлікте қаралады. Стилистикалық талдау теориясы мазмұн мен форманы шартты түрде бөліп алып қарауды немесе форманың жеке элементтерін зерттеуді жоққа шығармайды. Форманың жеке элементтерін зерттеу нысаны ретінде алғанның өзінде оның мазмұнға қатынасы және форма мен мазмұнның бір-біріне әсері үнемі назарда болуы тиіс.

Іс қағаздар мәтіндерінде стилистикалық талдау жасау –  мазмұнның формалану сипатын  ашу деген сөз. Бұл талдаудың  бір бағыты іс қағаздар тіліне тән  жекелеген тілдік бірліктерді анықтау  тұрғысынан жүргізілсе, енді бір бағыты олардың өзара байланысын, қарым-қатынасын  ашу тұрғысынан бірліктердің жай  қосындысы емес, олар жеке тұрып  емес, бір-бірімен байланысып, белгілі  бір тәсілдер арқылы тұтастық құрғанда ғана мәнді.

Функционалдық стильдерді саралап  көрсетуші ғалымдардың көпшілігі  ресми-іс қағаздар стиліне стандарттылық тән екендігін атап көрсетеді. Көркем әдебиет стилінің басты ерекшеліктерінің бірі оның даралық, жекелік

сипаты,  басқа  сөзбен  айтқанда  әр  шығарманың,   әр   автордың        өзіндік 

қолтаңбасы, өзіндік қолдану  стилі. Бұл жөнінде Г.Я.Солганик былай  деп жазады: «Закон художественной речи – индивидуальность, неповторимость. Каждый крупный писатель создает  свой художественный мир и свою манеру,свой слог»[1,86 б]. Көркем әдебиеттің тілі мен стилін зерттеуші ғалымдардың көпшілігі бұл ерекшелікке үлкен мән береді. Әр шығарманы, әр

-3-

жазушы, ақын тілінің ерекшілігін  талдағанда бұл мәселеге басты назар  аударылады. Мысалы, Б.Шалабай «Көркем  проза тілі» еңбегінде «Ғ.Мүсірепов  стилінде мағыналық жағы бейнелеп отырған  құбылысқа автор қатынасымен  толтырылған, автор ой-сезімін, толғаныс-тебіреністерін беретін күрделі құрылымдық топтар тән.  Оларда жазушы лексикалық және синтаксистік құралдар арқылы өзінің жеке, сонымен қатар халықтық, заман  биігінен қараған көзқарасын береді. Романның қай бетін ашып қарамаңыз, жазушының өз үні, өзі ұстанған мақсат-мұраты анық көрініп тұрады», - деп[2,64 б], Ғ.Мүсіреповтің өзіндік мәнерін көрсетеді. Бұл жазушы шеберлігінің, талантының бір көрінісі ретінде сипатталады. Осы еңбекте: «Ұлы жазушымыз М.Әуезов шығармаларындағы тіл шеберлігі, өзіндік сөз қолданыс үлгілері тың дүние, игерілуге тиіс ұланғайыр байлық десек артық айтқандық болмайды»,  – деп жазып М. Әуезовтың өзіндік сөз қолданыс үлгілерін зерттеу керектігін атап көрсетеді [2,88б]. « XVIII-XIX ғасырдағы қазақ әдеби тілінің тарихы» еңбегінде Р.Сыздықова: «Абай өзіне тән қолтаңбасын танытатын белгілердің және бірі – экспрессивтік бояуы күшті, модальдық реңкі бар сөздерді образ үшін шебер пайдалануы. Мысалы, өз замандастары – болыс пен пысықтар бар ма, «әсемсіп, сәнсіген» кербез, керімдер бар ма, «бойы былғаң, сөзі жылмаң» ауылдастары бар ма, «салақ,олақ», «Масақбайдың қатындары» бар ма – осылардың баршасының образын дәл, әсерлі етіп беру үшін жағымсыз қимылды білдіретін етістіктерді қолданады және бір ерекшілігі оларды көбінесе өткен шақ көсемше тұлғасында пайдаланады», – [3,221 б] деп жазады. Келтірілген сілтемелерден көріп отырғанымыздай көркем әдебиет стиліне тән басты ерекшіліктің бірі – әр жазушының сөз қолданыс ерекшілігі екен. Образды дәл әсерлі етіп беру үшін жекелеген тілдік элементтерді қолдануы ғана емес, оларды қандай формада қолдануы да әр автордың өзіндік қолтаңбасы ретінде көрінеді. Ал ресми-іс қағаздар стилінде керісінше, бұл стильге жекелік, даралық, сипаттағы қолданыс емес, стандарттылық тән. Яғни ресми-іс қағаздар тілінде негізінен тәжірибеден өткізіліп, қалыпқа түскен тілдік бірліктер қолданылады. «С точки зрения индивидуальности речи художественный стиль резко противопоставлен официально-деловому»,  – деп жазады Г.Я.Солганик өз еңбегінде [1,86 б].

Яғни   ресми-іс   қағаздар  стилінің   негізгі   белгісінің   бірі  –  оның

стандарттылығы.  Стандарттылық  ресми-іс қағаздар стилінің басты ерекшілігі болғанымен, әдеби тілдің басқа тармақтарында  да стандарт формалар қолданылады. Мәселен, стандарт тән көркемдеуіш-бейнелеуіш тәсілдердің бірі болып табылады. Бұлар ауыз әдебиеті үлгілерінің бірінен екіншісіне көшіп, жылдар бойы қолданылу барысында әбден тұрақталған, қалыптасқан тілдік бірліктер. Ертегілердің көпшілігі «Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде...» немесе «Баяғыда бір бай болыпты, төрт түлігі сай болыпты...» деп басталса, жырлардың бірқатарында кездесіп отыратын: «Ерлер мінер алаға, көңілім толды санаға...» немесе «Жылқы ішінде ала-ды, қылшық жүнді қарады...» - деген жолдар жаңа оқиғаның бастауы ретінде қолданылған. Р.Сыздықова «ұзақ замандар бойы жиі қолданыла келе белгілі

-4-

бір поэтикалық немесе композициялық  қызмет атқаратын «кезекші» құралдарға айналған формулалар» ретінде буырқанды, бұрсанды, мұздай темір құрсанды... қорамсаққа қол салды, бір салғанда мол салды... қарға жүнді қаттасым, үйрек жүнді  оттасым... т.б. атап көрсетеді[3,37 б].

Ғалым өзінің «XVIII-XIX ғғ.Қазақ әдеби тілінің тарихы» еңбегінде: «Халық ауыз әдебиеті тіліне, әсіресе оның эпос сияқты кесек шығармаларына көптеген дәстүрлі образдар, дайын клишелер, кейбір сөздер мен сөз тіркестері ортақ болып келеді, олар біріне-бірі ауысып жүреді. Ал ақын-жыраулар тілінде  мұндай ортақ элементтер фольклорға қарағанда кемдеу кездеседі, бірақ олар мұнда да бар»,  – деп жазады. Ғалым стандарт тілдік бірліктердің қолданылуын халық ауыз әдебиеті мен ақын-жыраулар творчествосының ұқсас, ортақ белгілерінің бірі ретінде қарастырып, ойын: «Айтыстар мен кейбір тұрмыс-салт жырларында және толғауларда орын алатын импровизация тәсілі ақын-жыраулар тілін халық поэзиясы дәстүрімен берік байланыстырады, өйткені импровизация табиғаты табан аузында табыла қоятын дайын штамптарды қол көреді. Бұл да сөз жоқ, кейбір авторлы айтыстарды, толғауларды, бата-тілектерді фольклор дүниесіне ұқсаттырып жібереді» – деп тұжырымдайды[3,37 б].

Яғни стандарт тілдік бірліктер  тек халық ауыз әдебиеті үлгілерінде  ғана емес, авторлы шығармаларда да кездесіп отырған. Мысалы, Шал ақынның  шығармаларында кездесетін адам образын  әр кезеңдегі жас ерекшілігіне қарай  сомдау үшін қолданылатын «Он бес  деген жасым-ай...», «Қырық деген жасыс-ай...»  сияқты құрылымдар басқа ақындардың шығармаларында да қолданылады. Мұндай құрылымдар кезінде нақты бір образдың көрінісі ретінде тауып, кейін жиі әрі ұтымды қолданыла келе айтылмақ ойды, идеяны, образды күшейте түсу үшін қолданылатын, поэтикалық, поэтикалық немесе композициялық қызмет атқаратын, құралға айналған.

Кез келген тіл ол мейлі  көркем әдебиет тілі болсын, публицистика тілі болсын, ғылым тілі болсын белгілі  бір деңгейде стандартталған тіл. Мәселен, негізгі белгісінің бірі стандарттылық емес, даралық болып табылатын көркем әдебиет тілі мен ауызекі сөйлеу тілінде амандасу, қоштасу, рақмет айтудың қалыптасқан стандарт формалары бар. Оларды жас, жыныс т.б. ерекшілігіне қарай белгілі бір формасын қолданғанмен, әр адам я автор амандасу, қоштасу я рақмет айту формаларын өздері ойлап таппайды. Бірақ стандарттылықтың ең жоғары деңгейі, сипаты функционалдық стильдер ішінде ресми-іс қағаздар стилінде айқын көрінеді. Мұның көрінісі – іс қағаздар мәтіндерінде белгілі бір сөздің, сөз тіркесінің, сөйлемнің дайын тілдік бірлік ретінде қайталанып келуі. Олардың қолданылуы іс қағаздар тілі үшін норма болып саналады.

 

 

 

 

 

 

-5-

    1. Стандарт тілдік бірліктердің қолдануы жайында ғалымдар пікірлері

 

Жалпы адамзат өмірі дара, ерекше, қайталанбас құбылыстармен  қатар, белгілі бір әрекеттің, құбылыстың, оқиғаның қайталанып келіп отыруымен де ерекшеленеді. Себебі кез келген адам белгілі бір салт, дәстүр, әдет, ереже, заңдармен қоршалған ортада, қоғамда өмір сүреді. Қайталанып келетін құбылыстар мен оқиғалар адамзат баласының тілінде де көрініс береді. Жиі қайталанып келетін жағдайлар тілде стандарт құрылымдарды, стандарт сөздер мен сөз тіркестерін қалыптастырады. Бұл тілдік құбылыс та тіл білімінде ғалымдар назарынан тыс қалған жоқ. Көптеген ғалымдар өз еңбектерінде Дж.Ферс [4], В.В.Виноградов[5], Ф.Н.Васильева[6], В.Г.Костомаров[7], Г.В.Колшанский[8] өмірде қайталанып келетін жағдайлардың жоғары жиілігі сөйлеу реакциясында клишеге, формулаға айналған тілдік бірліктер тудыратынын атап көрсетеді. А.Н.Васильева өмірдің түрлі типтік жағдайына байланысты туындаған, құрылымы мен стилі тұрақты, фразеологиялық сипаттағы да, фразеологиялық емес сипаттағы да коммуникативтік бірліктерді клише ретінде қарастырады. Зерттеуші пікірінше жоғары дәрежеде стандартталған мұндай коммуникативті бірліктер «адам санасында дайын блок түрінде жатталады» [6,57 б]. Зерттеуші Г.Л.Пермяков стандарт тілдік бірліктерге идиомалық тіркестерді, құранды терминдерді, мақал-мәтел, қанатты сөздерді, публицистикада және көркем әдебиет тілінде қолданылатын штамтарды жатқызады[9]. Газет тілін зерттеуші В.Г.Костомаров стандарт пен штамптың газет тілінде бар құбылыс екендігін, әрбір сөйлеу жағдайында керекті тілдік құралдарды ойлап табу мүмкін емес, оның қажеті де жоқ, ол тілді қолданушылардың бір-бірін дұрыс

түсінуін қиындатып жібереді, сондықтан көп жағдайда дайын  тілдік стандарттар қолданылады  деп жазады[10]. Тіл білімінде стереотип ретінде танылып жүретін тілдік құбылыс ғалымдар назарына іліккелі біраз уақыт

болғанымен, орыс тіл білімінде  де, қазақ тіл білімінде де оның теориялық 

негізі жасалып, тілдік құбылыс  ретінде түбегейлі, кешенді зерттелген жоқ. Негізінен стилистикаға, фразеологиялық құбылыстарға, ғылым, баспасөз, ресми-іс қағаздар стиліне байланысты жазылған еңбектерде айтылып өтеді. Түрлі жылдарда жазылған ғалымдар еңбектерін сараласақ, ғалымдардың көпшілігі оның тілде бар құбылыс екенін, стильдердің бәрінде дерлік кездесетіндігін атап өткенімен, оның табиғаты қандай, ол стильдердің барлығының ортақ белгісі ме, әлде белгілі бір стильдің даралаушы белгісі ме, белгілі бір стильдің жағымды сипаты ма, әлде жағымсыз тілідк құбылыс па

т.б. осы сияқты мәселелердіңм  өз шешімін таппағандығын байқаймыз.

-6-

Бұл құбылыстың лигвистикадағы терминдік қолданысы да бірізді  емес. Себебі қайталанып, жиі қолданылатын, оңай айтылатын, дайын тілдік бірліктер  түрлі ғылыми әдебиеттердің бірінде  штамп, бірінде шаблон, бірінде стереотип, бірінде стандарт, бірінде клише, бірінде трафарет терминімен беріледі. Тіпті лингвистикалық сөздіктердегі  атауы мен анықтамасының өзі  әр түрлі. Мәселен, В.Н.Ярцевтің редакциясымен шыққан Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте, «Штамп – сөйлеу штампы – стилистикалық бояуы бар сөйлеу құралы, белгілі бір тілді қолданушылардың ұжымдық санасында шартты түрде орныққан, «қолдануға дайын», сондықтан да белгілі бір мазмұнды білдіруге «ыңғайлы» экспрессивті, бейнелі қызметі бар белгі. Штамп ұғымының негізінде функционалдық белгі жатыр: кез келген тілдің жиі қолданылатын құрылымдық және мазмұндық-мағыналық бірлігі – сөз, сөз тіркесі, сөйлем, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер т.б. штамп бола алады. Мысалы, «форум», «жиналыс», «мәжіліс» мағынасында т.б. «Штамп», «шаблон» терминдері жағымсыз бағалау мәніне ие және ең бастысы бұларды көп қолдану тіл мүмкіндігін ойсыз, талғамсыз пайдалануға алып келеді. Штамптың ақпараттық-қажеттілік сипаты бар және дайын формулаларды коммуникативтік талапқа сәйкес мақсатты пайдаланатын бейтарап стандарт, стереотип ұғымдырынан айырмашылығы да осы. Мысалы, «предъявленному верить» кеңсе клишесі мен «два до конца» тұрмыстық стереотипі іс қағаздар және ауызекі сөйлеудің тақырыптық-жағдаятты ерекшілігін бейнелейтін үйреншікті, үнемді формасы. Күші өзіндік ерекшілігі болып табылатын бейнелік экспрессия көпшіліктің сөйлеу жағдайында өзінен-өзі штампқа айналады. Мысалы, «ақ алтын», «қара алтын», «ұлы әдебиет», «ақ халатты жандар» және т.б. Мұндай құбылыс әсіресе бұқаралық қарым-қатынастың үгіттеушілік-насихаттау түріне тән: сондықтан штамптың қайнар көзі

публицистикалық тіл болып  табылады» [11, 588-589 б]. Бұл сөздікте клише терминіне анықтама берілмеген, тек: «Клише – Штамп речевой» деген сілтемені кездестіруге болады[11,229 б].

Информация о работе Мемлекеттік іс қағаздар