Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 09:39, реферат
Төрт княздықты бағындырған құшан ягбуы Құджула Кадфизұлы иозының бір тайпасының атымен аталған Құшан мемлекетін құрды. Ол туралы “Батыс Өлкенің сипаттамасында”: “... Иозылар үйі бес княздыққа бөлінді: Хюми, Шуанми, Гуйшуан, Хисйе және Думи. Жүз жылдан астам уақыт өткен соң гуйшуан князы Киоцзюкю басқа төрт княздықты бағындырды да, өзін гуйшуан (немесе Құшан) мемлекетінің басшысымын деп жариялады. Ол Аньсиге қарсы соғыс бастады, Гаофуды жаулады, Пуду мен Гибинді жоқ қылып, олардың жерін басып алды. Ол өлгеннен кейін орнын басқан баласы Үндістанды жаулап алып, оны басқаруды әскербасшыларының біріне тапсырды. Одан кейін Иозылар бай да күшті Үйге (мемлекет) айналды. Көрші мемлекеттер оны гуйшуан (Құшан) мемлекеті деп атады, бірақ қытай Сарайында оны бұрынғы аты: Үлкен Иозы деп атады”37 деп жазылған.
Төрт
княздықты бағындырған құшан
ягбуы Құджула Кадфизұлы
Құшан мемлекетінің ішіндегі саяси жағдай бір мезгілде емес, ұзақ уақытта қалыптасты. Алдымен Бактрияның солтүстігіндегі княздық қалыптасып, ол оңтүстікті жаулап алды. Бес княздықтың екеуінің өз ақшалары болды. Құшан иелігі Үлкен иозылар үйінің жоғарғы басшысына тәуелді болды. Яғни, мемлекеттегі әртүрлі княздықтар конфедерация формасындағы тәуелсіздікте болғанымен күшті бір орталықтан басқарған. Бұл мемлекет құрылымы жағынан эфталиттер мен түркі ягбуларының Тохарыстан мемлекетіне ұқсас. Бұларға ортақ ұқсастық – олар жартылай тәуелсіз княздықтардан тұрады және монета шығаратын жерлері орталықтанбаған, сонымен қатар, шығарған монеталарында елбасыларының есімі мен атағы жазылған.
Қытай хроникасына сүйенсек, Қадфиз алдымен иозылардың қалған төрт княздығын бағындырып, өзін құшанның елбасшысымын деп жариялады да, содан кейін сырт елдерді: Аньси үнді-парфян елі, Кабул, Арахозия және Кашмирді жаулап алды. Кадфизден кейін оның орнын басқан баласы Вима Кадфиз Үндістанды жаулап алды. Оның орнына атақты құшан патшасы Канишка келді. Ол басқа тайпадан болуы керек. Оның кезінде Құшан мемлекеті өзінің шарықтау шегіне жетіп, империя аумағы оңтүстігінде Үндістаннан солтүстігінде Орталық Қазақстанға дейін, шығысында Қашғардан батысында Каспий теңізіне дейінгі жерді алып жатты. Көптеген қалалар мен қорғандар, дамыған ирригациялық каналдар салынып суармалы егін мен бау-бақша дамыды. Сол кезде Құшаннан шетке мақта шығарылып, сұлының мәдени түрі Қытайға тарады.
Қытай
жылнамаларында Құшан мемлекетінде
заманындағы ең озық технология –
әйнек шығару өндірістік жолға қойылғаны
жазылған. Ол туралы “Батыс Өңірінің сипаттамасында”
мынадай деректер бар: “...Дай елінің
астанасында сауда жасаған
Құшан дәуірінде осы мемлекеттің провинциясы болған Үндістанда көп сектаның бірі болған буддизм енді дүниежүзілік дінге айналды. Канишка буддизмді Қытай, Орта және Орталық Азияның ондаған елдеріне таратып, миллиондаған адамды соған табындырды. Буддизмнің сонша тез қарқынмен тарауының бір себебі, оны құтқарудың жолын жариялаған жаңа Махаяна “Үлкен Колесница” ілімінің пайда болуы еді. Өз пантеонында басқа дін құдайларына орын таба білген Махаяна жаңа ортаға жатсынбай сіңе білді. Буддизмнің дәстүрі толығымен қалыптасқан Махаянаның ұстанымдары орныққан будда соборын жинау, сонымен қатар ең атақты монастырлар мен буддистерде қасиетті саналатын ғимарат – қалының (ступ) салыну дәстүрін де Канишканың есімімен байланыстырады. Канишка буддизм дінінің реформаторы және әлемге таратушы ретінде тарихта өз орнын алды. Канишканың монеталарында иранның, гректің, үндінің және тағы басқалардың құдайларының суреттері бейнеленген.
Құшан мемлекетінің қоғамдық көзқарасында патшаға табыну айрықша орнықты. Мемлекеттің көптеген жерлерінде статуямен безендірілген зәулім архитектуралық сәулетпен салынған патшаның немесе династияның қасиетті орындары пайда болды. Канишкадан бастап династиямен бірге басқарушы топта үнділену үрдісі күшейіп, соңынан патшалардың есімдері де үндіше аталатын болды.
Құшан-бактрия жазуы сол кезде пайда болды. Ол үшін грек алфавитіне өзгеріс енгізу арқылы бактрий тілін жетілдіріп, жергілікті халық тіліне бейімдеді. Канишка мен оның ізбасарларының монеталарындағы жазулар жаңа алфавитпен жазылды.
Құшан мәдениетін екі кезеңге және бірнеше стильге бөлуге болады. Бірінші кезең б.д.д. I ғасыры мен б.д. I ғасыры аралығындағы жаңа Тұран өнерінің қалыптасуы. Екінші кезең б.д. II ғасырының басы мен IV ғасырдағы өнерде буддизм дәстүрін дамыту. Құшандағы үлкен жетістік мүсін өнері (скульптура). Құшандықтар мазар (храмовый) өнерімен қатар, бейнелеу өнеріндегі ерекше жанр – кейіпкерлері белгілі батырлар, елбасылар, уәзірлер болған сарай-династиялық мүсіндерінің негізін салды. Құшан өнері осыдан басталады. Сухандарияның (Өзбекстан) жағасындағы Халчаян қалашығындағы сарайды зерттегенде ондағы адам бойындай етіп жасалған құшан басшыларының, туысқандарымен, әйелдерімен арақатынасын сол күйінде бейнелеген мүсіндерді көреміз. Онда этникалық ерекшеліктерді сақтай отырып, патшалардың ел басқару өнері мен ерлігін мадақтап, бабалар аруағы мен батырларға табыну бейнеленген. Ондай скульптураның еш жерде ұқсасы кездеспейді. Бұдан Халчаян өнерінде зороастризмнің әсерінің, сонымен қатар, оның грек, үндістанмен байланысының болмағанын көреміз. Ол даланың немесе скифтердің “жануарлар стиліне” де ұқсамайды. Құшандар өз өмірін бейнелеу арқылы, өз тарихына бейімделген көркемсуреттік жүйе - жаңа Тұран өнерінің негізін салды.
Құшан өнерінің, оның ішінде мүсін
мен сәулет өнерінің одан әрі
дамуы буддизм тақырыбымен,
Қазақстан жерінде құшан
Құшандықтар мүсін өнерін тамаша игеріп, Орта Азияда алғашқы болып қабырға живописінің негізін салды. Сонымен қатар, олар қала жоспарын жасауда да, сәулет гармониясын үйлестіруде де жақсы жетістіктерге жетті.
Құшан патшалығы IV ғасырдың соңғы онжылдығында ыдырап кетті. Олардың тамаша қалалары мен сарайлары жер астында мың жарым жыл бойы белгісіз болып жатты. Халчаян, Айыртам, Сурхкотал, Беграмдардың аттары өнер зерттеушілері үшін Микен, Кносстардай болса, біздер үшін көне Отырар мен Есік қорғандарындай бағалы.
Қазірге дейін Құшан мемлекетінің ыдырау себебі туралы ғалымдар мынадай екі түрлі тұжырым айтып жүр. Біреулері оның себебін сасанид әскерінен жеңілуімен және шығыста күшейген үнді державасы Гуптының әсерінен десе, басқалары осы Ұлы империяны жан-жаққа тартқан әртүрлі діндер мен конфессиялардың әсерінен болды дейді. Оған монеталарда Канишка патшаны қоршаған 30 құдайдың суреті мен патша кеңесінде отырған әртүрлі дін өкілдерінің мемлекеттік ортақ мәселені шешудегі немқұрайлы жүзі бейнеленген суреттер дәлел. Үшінші ғасырдың ортасында Қашғарда қытай әскерімен, одан кейінгі IV ғасырдың отызыншы жылдары сасанидтерден жеңіліп қалуы ыдыраудың басты себебі болатындай соғыстар емес еді. Сондықтан, әртүрлі діндер өкілдерінің ел басқаруға араласуы осы мемлекеттің ыдырауының негізгі себебі болды деген ғалымдардың дәлелдері ақиқатқа бір табан жақын. Ұлы империяның бұл жағдайы тәуелсіз ел бола тұрып ондаған діні мен конфессиялары бар біздің ел үшін сабақ болатын-ақ жағдай. Жалпы қай уақытта да елдің дамуы мен іргесінің беріктігі ондағы көпдінділіктен емес, керісінше мемлекеттегі азаматтардың бір тілде сөйлеп, бір дінді ұстануына тікелей байланысты. Себебі, ондай халықтың ой-арманы мен мақсаты бір, яғни ортақ ұлттық идеясы болады.
Түркі
тайпалары – кердерілер, мойтұндар
және т.б. атсалысқан Құшан мемлекетінің
жетістігі, түркілердің жалпы
Құшан мемлекеті ыдырағаннан кейін де түркі тайпалары тарихтан ізсіз кетпеді. Оның басында тұрған түркі тайпалары ғұнкидариттер Иран, Ауғаныстан мен Үндістанды қайта басып алып біраз уақыт үстемдік жүргізді.
Елдегі әлем және ортағасыр тарихында Грециямен, Византиямен және Хан империясымен қатар Сақ – Құшандар да өшпес із қалдырды” деп бағалаған.
“Кіші Хан династиясының тарихына” және т.б. деректерге сүйенген ғалымдар Құшан мемлекетінің негізін салған ұлы иозылар екенін, олардың құрамында, кейінірек қазақ пен қарақалпақтың құрамына кірген түркі тайпалары болғанын дәлелдеді. Сондықтан, Құшан мемлекеті түркі халықтары тарихының бір бөлігі болып саналады.