Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2012 в 17:55, доклад

Описание работы

Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.Бұл үлкенж ауапкер-шілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығарма-шылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиісті деп ойлаймыз.

Работа содержит 1 файл

Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыт1.doc

— 53.00 Кб (Скачать)

Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Пәні: Бастауыш сынып |

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққұм бекеті 
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің 
бастауыш сынып мұғалімі Қайымова Жанар Әзімханқызы  

Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.Бұл үлкенж ауапкер-шілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып,  әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығарма-шылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиісті деп ойлаймыз.

Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл  адамдар ғана қолынан келеді. Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын

тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Қабілеттер мәселесін  қорытындылай келе, педагогикалық  практика үшін мәні ерекше мына жағдайларға айрықша тоқталу жөн. Қабілеттердің бірдей емес екендігін

сыныпта отырған  оқушылардың әрқайсысының әр пәнге  және әр деңгейде

қабілетті болатындығымен дәлелдеуге болады.Екінші — адамдар бойында қабілеттің бір түрі ғана бола ма,  әлде әр түрлі қабілеттің белгілері бола ма деген сауал төңірегіндегі пікірлер жайлы. Ғалымдар керісінше көзқарастардың бар екен-дігіне қарамастан, адам бойында әрекеттің бірнеше түрін орындай алу мүмкіндік-терін бар екендігін дәлелдейді. Мысалы ақындығымен  қатар музыкаға,суретке қабілетті адамдар.

Бастауыш сынып  оқушыларының қабілеттері екі түрлі  әрекетте дамиды.

Біріншіден, кез-келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының  осы кезге дейінгі жинақталған  тәжірибесін меңгерсе екіншіден, кез-келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады.Бастауыш  мектепте сабақты бірсарындылықпен өткізу оқушыларды жалықтырып, олардың белсенділіктерін төмендетеді және білім деңгейінің құлдырауына  әкеліп соқтырады.

Сондықтан үнемі  сабақты түрлендіру жолдарын қарастырып отырған жөн. Сондықтан дәстүрлі емес сабақтар оқушылардың  оқу еңбегіне қызығушылығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру мақсатын көздейді. Олардың  басты ерекшеліктері

сабақтың дидактикалық мақсатын жүзеге асыру үшін ерекше, дәстүрлі емес

формада жүргізілуі болып табылады.

Дәстүрлі сабақ:  Сабақ мақсаты: а) Мұғалім үшін жаңа материалды беру;

Ә) Оқушы үшін: жаңа білімді меңгеру;

Сабақ құрылымы жоспар бойынша өтілуге міндетті.

Сабақтағы іс-әрекет түрі:

А) Мұғалім үшін жаңа сабақты түсіндіру; Ә) Оқушы үшін: жаңа материалды тыңдау,  есте сақтау

Сабақ тақырыбына көзқарас – кітапта баяндалған идеяға негізделген бір көзқарас.

Шығармашылық  сабақтың ерекшеліктері:

Мұғалім үшін: оқушылардың  жаңа нәтижеге бағытталған  іс-әрекетін ұйымдастыру;

оқушы үшін: шығармашылық “өнім” ойлап табу.

Сабақтағы іс-әрекет түрі:  мұғалім үшін: оқушының  іс-әрекетін ұйымдастыру;

Оқушы үшін: жаңа нысанды зерттеу, құбылысты талдау.

Сабақ құрылымы:  жағдайға байланысты жоспардан  ауытқиды, өзгермелі.

Сабақ тақырыбына көзқарас – мәселеге мамандардың түрлі көзқарасы.

Сайыс сабақ:  Оқушылардың алған  білімдерін пысықтайды, логикалық ойлау

қабілетін дамытады.

Тренинг  дегеніміз- белгілі бір тақырыпта өткізілетін жеке сабақтың бір түрі. Тренингте қатысып отырған  оқушылар өз ойларын айтып, өз еркімен  белсене қатысу керек.

Тренинг сабағының  ерекшеліктері: Оқушылардың  сабаққа  өз еркімен белсене

қатысуы. Тексеру, бағалау. СТАТИСТИКАЛЫҚ  МАҒЛҰМАТТАР ЖИНАҚТАУ. ТАЛДАУ. Айқындау. БОЛЖАУ.

Оқушылардың өз білімдерін көрсете білуі; Оқушылардың есептерді бірігіп, талдап шешу жолдарын іздестіруі; Оқушылардың топпен  жұмыс істеуі; Оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артуы;

Ана тілі сабағында  қолданылатын шығармашылық тапсырмалар:

Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау. Ақын, жазушылардың дайын

мәтіндерін басқаша  аяқтау. Мәтін бойынша мақал құрастыру. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу. Өлең, мақалдар құрастыру. Шығармадағы  әңгімелерге

ұқсас оқиғалар айтқызу. Кейіпкерге мінездеме беру. Рөлге бөліп оқыту. Образға кіру.

Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау,арқылы суреттеу, мүсіндеу.

Образға кіру

Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында  өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен-Гүлмін. (Қасықпын, Шыршамын, Бағдаршаммын, Доппын)  деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме жазғызу. 1 оқушының әңгімесі: Мен-Гүлмін. Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет.

Мен адамдарға  қуаныш сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, мұғалімдеріне

бақыт, қуаныш әкелсін  деп сыйлайды. Мені адамдар төрге қояды.

Мен әр түрлімін. Менің иісім хош, жақсы. Мені адамдар  жақсы көреді.

Мен ешкімге  жамандық істемеймін. Осы арқылы оқушылардың  ой-өрісі кеңейтіліп,

тілдері дамиды.

Бастауыш сынып  оқушыларының ой-санасын, қабілетін, шығармашылығын дамытуда шығарманы, көркем әдебиет үлгілерін талдаудың әсері мол. Талданбаған шығарма бала жүрегіне жетіп, оны тебірентпейді.

«Диалог-ертегі»

Шарты: мұғалім  не оқушы ойдан шығарып, кез келген бір әңгіме-ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме-ертегіні бір-бір сөйлемнен ары қарай жалғастырады. Мысалы, былай бастайды: «Ертеде бір байдың ерке ұлы болыпты…» 1-оқушы: «Сол ұлы көгалда көбелек қуып жүріп, адасып кетіпті…» десе, 2-оқушы: «Қарны ашып, іші шұрқырап келе жатса, алдынан бір ешкі кезігіпті…» — міне осылай ертегі жалғаса береді. Ең соңғы оқушы ертегіні ұшқыр шешіммен аяқтауы тиіс. «Жұмбақтар, мақалдар құрастыру» арқылы оқушылардың ой-өрісі дамиды. «Теледидар», «доп», «гүл», «күнбағыс» сөзіне жұмбақ құрастыру.Суреті бар, хабарлайды, жәшікте тұрып жыбырлайды. 
Ән салады, би билейді, көңіліңді көтереді. (теледидар)

Жерге түсірсең, секіреді. (доп)

Бізге жарық  береді, бассаң, жоқ болып кетеді. (электр шамы)

Өзі әдемі, иісі жұпар, оны туған күніне сыйлар. (гүл)

Өзі гүл сияқты, күн көзін сүйер. Ішінде дәні бар,балалар оны шағып жер. (күнбағыс )

Іс- тәжірбиемізді  қорыта келіп, мынадай түйін түюге  болады.

Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, қызығушылығы артса, оқушылардың білім  сапасы көтеріледі. Әр мұғалім болашақ  үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына көмектеседі.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту