Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 15:49, реферат
Қорыта келгенде түзеткіштер қазіргі техниканың дамуына байланысты, индустрияда зор орын алады. Кез келген аспап жасау үшін оның құрамына кіретін элементтерді білуіміз керек. Ал егер кез келген , қолға түскен аспап болсын, не құрал болсын, олардың барлығының ішінде түзеткіштер бар деп айтуымызға болады. Болашақта , заман талабына сай түзеткіштердің де неше түрлері шығуы мүмкін. Олай болатын болса жаңа заман аспаптары мен құрылғылары өте жетілген және қолдануға өте ыңғайлы болатынына сенімдімін.
КІРІСПЕ ------------------------------------------------------------------------------------ 3
1 ТҮЗЕТКІШТЕР
1.1 Түзеткіштер туралы түсінік --------------------------------------------------- 4
1.2 Трансформатордан орта нүктесі бар екі
жартылай периодты түзеткіш ---------------------------------------------- 5
ҚОРЫТЫНДЫ ---------------------------------------------------------------------------- 8
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ------------------------------------------- 9
1 ТҮЗЕТКІШТЕР 4
1.1 Түзеткіштер туралы түсінік
Электрондық құрылғыларда, аппараттарды қоректендіруге қажетті тұрақты тоқ көзін алу үшін түзеткіштік құрылғылар қолданылады. Осындай айнымалы тоқ энергиясынтұрақты тоқ энергиясына түрлендіретін құрылғылар қоректену көздері деп аталады. Осы қоректену көзінің структуралық схемасы 1- суретте көрсетілген.
1-сурет. Қоректену көзінің
Күштік төмендеткіш трансформатор 1- түзеткіштің кіріс (торабтық) және шығыс (түзетілген) кернеулерін бірімен- бірін үйлестіруге, түзеткіштің кірісінде керекті шамадағы (тораптық кернеуден кіші) кернеуді алуға арналған. Түзеткіш 2 айнымалы тоқты түзетуге керек. Түзетілген тоқтың пульсациясын (лүпілдеуін) азайту үшін тегістегіш сүзгілер (3) қолданылады. Тегістегіш сүзгі мен жүктеменің (5) арасына электрондық стабилизатор 4 қосылады, ол тораб кернеуі мен жүктеме тоғының өзгеруіне тәуелсіз түрде шығыс кернеуді тұрақты етіп ұстап тұрады.
Қоректену көзініің негізгі түйіні болып, айнымалы тоқты немесе керенуді тұрақты шамаға түрлендіретін түзеткіш есептелінеді. Түзеткіштерде вентильдердің, яғни өткізгіш диодтардың, вакумдық диодтардың (кенотрондардың) , селендік түзеткіштердің және т.б. біржақты өткізгіштіктері пайдаланылады. Электрондық және радиотехникалық аппаратура көбінесе бірнеше ондаған және жүздеген вольт кенреулердегі бірнеше жүз милиамперге дейінгі тоқтармен қоректенеді. Оларды алу үшін көп жағдайда бір фазалы кішкене қуатты түзеткіштер схемалары қолданылады. Ал аса қуатты тұрақты тоқ қондырғыларын қоректендіру үшін қуатты үш фазалы тоқ түзеткіштері қолданылады.
Түзеткіштік схемалар бір периодты, екі периодты және кернеулерді екі еселеп көбейту схемалары болып бөлінеді. Бір периодты түзеткішті трансформатордыңекінші реттік орамасында тоқ импульсі түзетілген тоқтың бір периодында ғана өтіп, ал екі периодты түзеткіште – екі периодында да .
1.2 Трансформатордан орта нүктесі бар екі жартылай периодты түзеткіш 5
Түзеткіш схемасы 2- суретте көрсетілген. Айнымалы тоқ торабына трансформатордың бірінші реттік орамасын қосқанда, екінші ретті орамада w2 айнымалы электр қозғаушы күші қозады, яғни (а) және (в) нүктелерінде оң және теріс потенциалдар пайда болады. Егерде бірінші жартылай периодта а- нүктесінде оң потенциал болса, в – нүктесінде теріс потенциал болады.
2-сурет. Екі жартылай
Бұл жағдайда тоқ оң потенциалдан бірінші вентиль В1 (диодтар жиынтығы), жүктеме Rж арқылы ноль потенциалы бар орта нүкте 0-ге қарай жүреді, осы бағыт суретте тұтас сызық үшкірліктермен көрсетілген. Екінші жартылай периодта а-нүктесінде теріс потенциал, ал в-нүктесінде оң потенциал болады, сондықтан тоқ екінші вентиль В2 және жүктеме арқылы орта нүкте 0-ге келеді. Бұл бағыт үздік сызық үшкірліктермен көрсетілген.
Сөйтіп, айнымалы бірінші және екінші жартылай периодтарында жүктеме арқылы тоқ бір бағытты өтеді де,осының нәтижесінде түзетілген тоқ аламыз. Трансформатордың екінші орамындағы және жүктемедегі кернеу өзгерістері 3- суретте бейнеленген.
6
3-сурет. Трансформатордың екінші орамындағы және жүктемедегі кернеулер.
Түзетілген керенудің орташа мәні:
Түзеткііштің бір иығында бір ғана диод емес біренеше диод тізбектеліп қосылуы мүмкін немесе селендік түзеткіш болуы мүмкін, сондықтан осындай біржақты өткізетін аспаптар тізбегін вентиль деп атайды. Трансформатордың екінші реттік орамасындағы кернеу :
U2= 1.11 U0
Түзетілген тоқ:
Тоқтың әрекеттестік мәні:
Диодтағы кері кернеу:
Трансформатордың бірінші реттік орамасындағы қуат:
7
мұнда: Р0- түзеткіштің шығысындағы қуат.
Трансформатордың екінші реттік орамасындағы қуат:
Сонда типтік қуат:
Осы схеманың лүпілдеу коэфициенті :
Осы айтылған схеманың бір жартылай периодты схемаға қарағанда мынандай жақсы ерекшеліктері бар:
Схеманың келесі кемшіліктері бар:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ------------------------------
1 ТҮЗЕТКІШТЕР
1.1 Түзеткіштер
туралы түсінік ---------------
1.2 Трансформатордан орта нүктесі бар екі
жартылай периодты түзеткіш ------------------------------
ҚОРЫТЫНДЫ ------------------------------
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ------------------------------
КІРІСПЕ 3
Электрондық құрылғыларда, аппараттарды қоректендіруге қажетті тұрақты тоқ көзін алу үшін түзеткіштік құрылғылар қолданылады. Осындай айнымалы тоқ энергиясынтұрақты тоқ энергиясына түрлендіретін құрылғылар қоректену көздері деп аталады. Қоректену көзініің негізгі түйіні болып, айнымалы тоқты немесе керенуді тұрақты шамаға түрлендіретін түзеткіш есептелінеді. Түзеткіштерде вентильдердің, яғни өткізгіш диодтардың, вакумдық диодтардың (кенотрондардың) , селендік түзеткіштердің және т.б. біржақты өткізгіштіктері пайдаланылады. Электрондық және радиотехникалық аппаратура көбінесе бірнеше ондаған және жүздеген вольт кенреулердегі бірнеше жүз милиамперге дейінгі тоқтармен қоректенеді. Оларды алу үшін көп жағдайда бір фазалы кішкене қуатты түзеткіштер схемалары қолданылады. Ал аса қуатты тұрақты тоқ қондырғыларын қоректендіру үшін қуатты үш фазалы тоқ түзеткіштері қолданылады.
ҚОРЫТЫНДЫ 8
Қорыта келгенде түзеткіштер қазіргі техниканың дамуына байланысты, индустрияда зор орын алады. Кез келген аспап жасау үшін оның құрамына кіретін элементтерді білуіміз керек. Ал егер кез келген , қолға түскен аспап болсын, не құрал болсын, олардың барлығының ішінде түзеткіштер бар деп айтуымызға болады. Болашақта , заман талабына сай түзеткіштердің де неше түрлері шығуы мүмкін. Олай болатын болса жаңа заман аспаптары мен құрылғылары өте жетілген және қолдануға өте ыңғайлы болатынына сенімдімін.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 9